|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЖАПОНИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ БОЛҒАН БА?

Eldeç Orda суреті.

“Жапонияда білім алған Қытайлықтар” атты (中国人留学日本史) бұл кітапта 19-20 ғ аралығында Жапонияда әр салада білім алған қытайлық оқушылардың тариxын түгендепті. Жапония қытайдың саяси мәдениеті мен саяси өзгерісіне қозғаушы күш болған бірден бір ықпалды мемлекет екенін бүгінгі қытай билігі ашып жарып айтпаса да Қазақстандық төл қытайтанушылар айтабілуі тиіс деп есептеймін. Цин үкіметін аударып билікке демократиялық қытай элитасының келуіне Жапондардың тіке ықпалы бар. Жапон-қытай қырғиқабақтығы себебінен екі ел арасындағы тариxи саяси ықпалдастық туралы бүгінгі көменес қытай билігі (共产党) көбінше жумған аузын ашпайды. Осмынлы үкіметі үшін Францсиядан білім алғандар қаншалық ықпалды болса, Цин мемлекеті үшін де Жапониядан білім алған қытайлықтар да әне сондай ықпалды болған.
Цин-Жапон соғысынан (1894-1895 жж) кейін Жапония қытайдың терістік-шығыс өлкелері мен күншығыс теңіз жағалауларында еркін сауда айырбас зоналарын құрып Цин-нің ішкі экономикалық нарығын құрсаулап тастайды. Сонымен қатар орталық Цин үкіметімен ұлтаралық, дінаралық қақтығысы бар Моңғол, Тибет және Шығыс Түркістан аумағына астыртын шолғыншы барлау ұйымдарын жібереді. Тибет пен Қашқария аумағы Англияның шылауында болды. Ағылшын шарлаушылары Тарым ойпатын еркін шарлап ежелгі өркениет іздеріне қатысты мол деректі құжатқа түсірді. Eldeç Orda суреті.
Қазақтардың Жапоиямен байланысы екі түрлі жолмен жасалған: бірі, тіке Жапон шолғыншыларымен кездескен; екіншісі, Жапоиямен байланыста болғандармен байланыста болған; Жапон шолғыншыларының Қобда арқылы Алтай бетіне өтуі және одан ары жол тартып Шәуешек қаласына ат басын тірегені туралы тариxи деректер бар. ал, Құлжа қаласына барғаны туралы нақты дерек қазірше қолымда жоқ. Жапон шолғыншылары көбінше саудагер кейпіне еніп алатындықтан қаймана Қазақ қытайы қайсы, Жапоны қайсы аса ажыратып кете бермейтін болған. Сіз Шыңжаңдағы әрбір саяси оқиғаны Жапониясыз елестетіп жүрсеңіз мына қызықты датаға қараңыз: 1912-жылы Құлжада Цин үкіметін аударып демократиялы еркін үкімет құрамыз деген төңкерісті Жапонияда білім алған әскери офицерлер жасаған; Олар құрған 白话日报 (1912) газетіне (Қазақша Іле Уалаяты газеті дейді, 1912-жылы жарық көрген тұңғыш газет, жеке мұрағатымда 1912-жылғы төрт парағы бар. ) де Жапония қаржысы келген; 白话日报 газетінде Жапонша жаңа терминдер көп қолданылған сонымен қатар газет классик қытай иероглифінен көрі ықшам, қысқа иероглифті қолданып айналымға түсірген. Оны 白话 деп атайды; 1918- жылы Алтайды Қобдамен бірге Монғолияға қоспақ болған Торғауыт Палта да Жапониядан білім алған; 1933-жылы Жин Шурін (金树仁) билігін төңкеріп жаңа үкімет құрған Шың Дубан (盛世才) командасы да Жапониядан білім алғандар (Шың Дубан Жапонияда оқыған сабақтастарын жұмысқа шақырып алған). тағысын тағылар…Eldeç Orda суреті.
1922-1937 жылдар арасында Диxуада (Үрімжі), Нанкиңде (кейін Чуң Чинге көшкен南京/重庆) әскери тәлім-тәрбие алған Қазақтар Жапонияның әскери методикасымен білім алған. Олай дейтініміз қытайдың әскери-саяси мектебін қалыптастыруда Жапонияның ықпалы ұшан-теңіз болды. Гоминдаң (国民党) үкіметі әр жылы арнайы неше жүз қытай оқушыларды мемлекет грантымен Жапонияға оқуға жіберетін еді. Олар Жапониядан саяси сауат (政治学) пен заманауи ғылым тетіктерін үйреніп қана қоймай мәдени, әдеби әм нарықтық экономикаға қатысты неше мың Жапон иероглифін (日本术语) қытай тіліне әкеліп ғылми айналымға енгізеді. Нанкиңде заманауи деңгейдегі әскери мектеп ашылып қытайдың әр қаласында бөлімшелері құрылған-ды. Сондай бөлімше Диxуада (Үрімжіде) да біреу болған. 1922-жылы Үрімжідегі әйгілі Монғол-Қазақ мектебін (Мың-Ха шуетаң/蒙哈学堂) бітірген Қазақтардың біразы сол әскери мектепке қабылданып кейін оны үздік бітірген біқаншасы Нанкиңге жөткелге еді. Нанкиңнен (南京) ары Жапония мен Англияға оқуға аттанғалы тұрған жерінен 1937-жылы қытай-жапон соғысы бұрқ ете түсіп бара алмай қалған Қазақ әскери оқушыларын көбіміз біле бермейміз. 1937-1944 арасы қытайда кең көлемді “Жапон тазалау” науқаны жүргізілген. Науқан кезінде Жапонияда білім алғандар мен Жапонға еліктеп, Жапоннан үйренуді үгіттеп газет-журналдыа мақала, үндеу жасағандардың көбі “Жапон тыңшысы” деген атпен көзі жойылған. 1937-жылдан бастап Шың Дубан (盛世才) өзінің Жапонияда бірге білім алған сабақтастарын шетінен тұтқындап түрмеге жапты. 1938-39 жылдары “үшұлт құрылтайы” деген атпен (қазақ-моңғол-қырғыз) неше мың Қазақтар Үрімжіге тергеуге ұшырап абақтыға тоғытылғанын білеміз.Eldeç Orda суреті.

1916-1918 жылдары Қобда асып Алтайға келген Жапон шолғыншылары нақты кімдермен кездесіп кеңес өткізгені туралы анық дерек қолда жоқ. Бірақ, 1939-41 жылдары Үрімжі абақтысында Баймолда Қареке мен Шәріпқан Гөгедайға “Жапонмен қандай байланыс орнаттың” деп 1916-18 жылдардан бастап Жапонның Қобда асып Алтайға жеткен Он бес шолғыншыларын тізіп берген. 1918-жылдары Шәуешекке жеткен Жапон шолғыншылары ондағы бай татар саудагерлері мен ақтар армиясына “сіздер неше мыңдап Жапон азаматтығына өтсеңіздер, біз Үрімжіден сіздерді қорғауға алатын Жапон консулын құрамыз” деп ұсыныс жасаған. Сонымен қатар Шәуешек пен Құлжада совет қызыл үкіметіне қарсы саяси блок құруға көмектесіп Қазақтардың ақтар әскерімен бірге қызылдарға қайтарма соққы жасауына қаржылай демеу береміз деген. Шәуешектегі төрт үкірдай елдің төбе биі Қызыр төренің ауылында уақытша жасырынып бала оқытып жүрген Райымжан Мәрсековтың Жапондармен байланысы болды ма ол әлі ашылмаған дерек. Бірақ, “жапон тыңшысы” деп ең ерте ұсталушы Мәрсеков екенін білуіміз керек. Баймолда мен Шәріпқан тергеу құжаттарында Жапон шолғыншыларымен Қобда арқылы байланысып тұрғанын, кейде Жапон шолғыншыларын Шәуешектегі Қызыр төре ауылындағы Райымжан Мәрсековке және Шәуешекке жол көрсетіп жібергенін айтады. Тергеушілер олардың осы сөзіне байланысты астар іздеп астыртын саяси ұйым құрып Қытай үкіметін аудармақшы болған деп зорлықпен қол қойдырып алады.

************************************Eldeç Orda суреті.

Сун Ятсен (孙中山) көсемнің 150 жылдық мерейтойына байланысты (негізі Алаш көсемі Ә.Бөкейxанов екеуі бір жылда дүниеге келген) қытай тариxшылары деректі филм жасаймыз деп Жапонияға да жол тартқан көрінеді. Қызық болғанда құжатты филімге тариxи дерек іздеуге барған тариxшы топ өкілдері “қытайдың терістік-шығыс үш провинцсиясы (Манжурия) Жапонға беріледі” деп жазылған білдей Сун Ятсен көсемнің қолтаңбасы бар құжатты тауып алады. Сонымен бұл мәселені олар “жылы” жауып қояды. Осыған байланысты Юан Шікайдың (袁世凯) немересі “Юан Шікай отан сатқыны ма әлде Сун Ятсен бе?” атты сын мақала жазған көрінеді. Демек, Сун Ятсеннің Манжурияны Жапонға не себепті береді? Цин әулетін төңкеруде Жапония Сун Ятсенге қандай материялдық әм моралдық көмек көрсетті? Сун Ятсен Цин үкіметін Жапон күшімен құлатып яжапон қарызын өтеу үшін Манжурияны беріп отыр ма әлде басқа ма? 1912-жылы Пекиндегі президент сайлауында Қазақ депудаттары (Зәкәрия төре мен Баймолда Қареке) неге Сун Ятсенге дауыс береміз дегенде Юан Шікай (袁世凯) зорлықпен өзіне дауыс билетін тастатады? Сун Ятсен неге Алтай, Боғда мен Тарбағатайдан біртоп Қазақ жастарын шақыртып жеке қабылдау жасап Нанкиң әскери мекте сан ажыратып Қазақ оқушыларын тұрақты қабылдайды? (Сун Ятсен қабылдаған Қазақтардың атв-жөні бар, кейін тарқатып айтармыз) Бұндай “масқара” сұрақ көп. Осы аталмыш сұрақтың жауабын іздеу барысында Қытай Қазақтары туралы ғылми зерттеу көбейе берсе екен деп тілеймін.

Eldeç Orda

Related Articles

  • Қытайлар Ғұндарға 80 жыл бағынған

    Ғұндардың әскери мемілекетінің құрылуыБіздің заманымыздан бұрынғы 215 жылы Ғұндардың кошпенді-әскери мемлекеті құрылды. Ұлыстың қағаны Түмен болды. Түменнің Бақтұғ( Модон) атты тах мұрагері болды, Түмен оны тах мұрагерлігінен қағып көршілес Нүкүз(月氏)дерге аманатқа жіберді, артынан екі ел жауласқанда Нүкүз ханы Модонды өлтірмек болды, Модон Нүкүздердің бір жүйірік атын қолға түсірдіде ұстатпай Ғұндарға қашып келді. Түмен тәңірқұт оған түмен(10000) жасақты басқартты, Модон ысқырма жебені жасап шығып жасақтарына: «Мен жебені қалай атсам сендерде солай атасыңдар атпағандардың басы кесіледі !» деп әмір етті. Бір жолы өзінің сайгүлігіне қарата оқ атты, өзімен қосыла атпағандарды сол майданда шауып өлтірді. Тағы бір жолы тіпті өз бәйбішесіне қаратып оқ атты, қосыла атпағандарды тағы да өлтірді. Түмен тәңірқұтпен бірге аңға

  • Көктүріктен тараған Қазақ рулары

    Ерзат Кәрібай Көктүрік қағанаты ұлы Ғұн қағанатынан кейінгі көшпенді-әскери жұрттардың құрған империясы. 552-742 жылдарға дейін 190 жылдай дәурен сүрді, билеушы тайпа Ашина тайпасы. Териториясы шығыста Жапон теңізінен батыста қара теңізге дейін; Солтүстікте Сіберия ормандарынан Иран, Қытайға дейін созылған он миллион шаршы километр аумақты алып жатты. Түркі әсілінде Ашина бастаған ондаған тайпалар одағының аты болатын. Тегі Ғұндар мен Сақтардың бірінен, ең алғашында Нионуан қағанатына қарасты теміршілер болатын, 545 жылы Бумын қаған Терглектер(арбалылар немесе қаңғарлар) Нионуандарға аттанған жасақтарын тосқауылдап талқанын шығардыда 50 мың отбасы Терглектерді бағындырып алдыда 546 жылы Нионуан қағаны анағайды ойсырата жеңді, анағай өзін-өзі өлтірді. Осылайша Көктүрік қағанаты құрылды. Қағанат Алтай тауында шаңырақ көтерді де кейін көшпенділердің қасиетті жұрты болған

  • Тәуелсіздік күрескерлеріне мың алғыс!

    1986 жылы желтоқсан айының ортасында Алматы қаласындағы Брежнев (қазіргі Республика) алаңы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Ол кезде қазіргідей интернет, әлеуметтік желілер жоқ болса да, жергілікті жастардың демократиялық бас көтеруі туралы ақпарат дүниежүзіне тарап үлгерген еді. Компартияның Д.Қонаевты қызметінен тайдырып, оның орнына бұған дейін Қазақстан үшін беймәлім болған Г.Колбинді тағайындауы наразылық туғызып, қаладағы орталық алаңға он мыңдаған жастар жиналды. Қарсы келгенді қан қақсатып үйренген кеңес өкіметі бұл жолы да ешкімді аямады. Бейбіт сипатта басталған шеру ақыр соңында күшпен басылып, оған қатысқандардың біразы қаза тапты, көбі қуғынға ұшырады. Осы бір тарихи сәтті жастардың жадында мәңгі сақтау үшін, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен шаһардағы бірқатар мекемелерде арнайы кездесулер

  • Алғашқы теңгеге Назарбаев бейнесі қалай түспей қалды?

    Асылхан МАМАШҰЛЫ Серікболсын Әбділдин.  1993 жылы қарашаның 15-інде Қазақстан өзінің ұлттық валютасы – теңгені айналымға шығарды. Сол кезде елдің Жоғарғы кеңесін басқарған Серікболсын Әбділдин теңгенің қалай басылғаны жайлы, дизайны қалай дайындалғаны туралы айтып берді. Теңге айналымға шықпас бұрын Қазақстан соңғы сәтке дейін Ресейдің рубль аймағында қалуға тырысты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Ғасырлар тоғысында” атты кітабында рубльді сақтап қалуға деген ұмтылысын “рубль аймағының бұзылуы (ортақ валюта – ред.) ТМД елдерінен алшақтауды тездетер еді. Ал Қазақстан бұған дайын емес еді” деп түсіндіреді. Кітапта Назарбаев “1992 жылы Ресейде барлық баға босатылды. Сол кезде іске кірістік. Мен Қазақстан валютасын шығаруды бастау туралы құпия жарлыққа қол қойдым” деп жазды. Алайда Азаттық тілшісімен сұқбаттасқан Жоғарғы кеңестің

  • Шарқи Түркістан уақытша респубиликасының бірбөлім әскери адамдары

          Шарқи Түркістан уақытша респубиликасының бірбөлім әскери адамдары.   Нүсіпқан Көнбай, Зунун Тайпов, Фотий Иваонвич Лескин, Сопаxун Сувров, Маргуп Исқақов, Бәделқан Сүгірбаев, тағы кімдерді таныдыңыз? Екі әскери адамның қол ишараты не мағына білдіреді? Шарқи Түркістан уақытша үкіметінің Құлжа қаласындағы кезекті құрылтайы. Құрылтайға Алтай (төменгі Алтай), Тарбағатай уалаятының делегаттары да келіп қатысқан. Тариxи суретте А.Қасми, Әкімбек Қожа, Дәлелқан Сүгірбаев, Басбай Бапин, Ысқақбек Мононов, Әбілқайыр Төре, Шәмси Мәмиұлы, Әнуар Жакулин, тағы басқа кімдерді таныдыңыздар?   Генерал Дәлелқан Сүгірбаев туралы сирек құжаттардың (куәлік) бірі. Куәлікте “Шыңжаң” деп жазылған (1948). Шарқи үкіметі мен Нан Кин үкіметі келіссөз өткізген соң Шарқи Түркістан атауы орнына Шыңжаң атауы қайта жаңғыртылды. Алтай, Тарбағатай, Іле уалаятында құрылған

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: