|  | 

Шоу-бизнис

Қолөнер көрмесі өтеді.

 3053a37c-a2fe-46da-9bc4-0c01fcac5a8eҚолөнері дамыған қазақтың тұрмыстық заттарының тарихы өте тереңде. Ел арасындағы шеберлердің шын ықыласының арқасында бабадан қалған асыл мұрамыз көпке қайта таныла бастады. Рухнаи жаңғыруда жадыға сақтап, Ұлттық кодымызды айшықтайтын, өзгеде жоқ ерекше дүние, ол – қолдану кезінде пайдасы көп, ағаштан ойылып, ою салып сапалы жасалған қазақтың көнеден келе жатқан тұрмыстық заттары. Сан түрлі заттардың түрін тұрмақ, атауында ұмытқалы қашан? Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында оқушылар, студент жастарға, жалпы жұртқа үш күндік көрме көрсетілмек. Аяқ, Аяққап, Астау, Бақыраш немесе жолаушы жанында жүретін, Жанторсық, май шайқайтын Жуаз, күміспен, сүйекпен шекетулеген Зерен, Күбі – талдан, аршадан қиып жасалатын, айран, қымыз пісуге арналған іші кең ыдысты, болмаса теріден қатырып жасалынған бие сауатын шелек – Зерен ыдысын, Кеспек, Керсен, Кесекқап, одан бөлек, ағаш астаудың алпыстан астам түрімен таныса аласыз.

 Мәселен, Ожау – сұйық құятын сапты ыдыс.

Мес – ас құятын, сақтайтын тері ыдыс.

Саба – жылқы терісінен тігілетін, қымыз құятын кәделі ыдыс.

Самаурын – шай қайнататын ыдыс.

Табақ – ет тартатын, кәделі, жиекті ағаш ыдыс.

Таба – отқа салып нан көметін екі бетті ыдыс.

Торсық – су, сусын құятын шағын тері ыдыс.

Тостаған – ағаш аяқтың шағын түрі.

Тегеш – металдан жасалған мескенің бір түрі.

Тегене – ағаштан жасалған шұңғыл тік жиек ыдыс.

Топатай – су, сүт құятын кішкене ыдыс.

Түйемойнақ – түйенің мойын терісінен жасалған, су құятын тозбайтын үлкен ыдыс.

Піспек – сабадағы, күбідегі асты шайқайтын дөңгелек басты сапты құрал. Шөген – шойыннан жасалған шұңғыл, қазан тәрізді ыдыс.

Шелек – су таситын, мал сауатын қаңылтыр не ағаш ыдыс.

Бие – шелек тек бие сауатын шелек.

Шәугім – құманның бір түрі.

Шара – ағаштан ойып жасаған қымыз немесе сұйық ас құятын шұңғыл тік жиек ыдыс.

Шанаш – тұз сақтайтын тері қапшық.

Қауға – құдықтан су тартатын шелек.

Табақ – тағам сақтайтын.

Керсен – ағаш табақтың үлкені.

Зағыма – түбі таяз үлкен табақ.

Сарқым – сусын құятын тұтқалы ыдыс.

Ожау – сұйық құюға арналған шөміш.

Тегене – жиектелген тік ыдыс.

Тостаған – шағын ағаш аяқ.

Самар – етсалатын үлкен астау.

Күбі – қымыз, шұбат пісетін, май шайқайтын ыдыс. Жылқының, өгіздің мойын терісінен жасалатын, қымыз қүюға арналған түрлі торсықтар. Сүйретпе – қымыз сақтайтын ыдыс.

Бөрдек – қымыз ашытатын торсық. Бұлқыншақ, меске,

шанақ – сұйық ас құятын ыдыстар.

Көнек – бие саууға арналған шүмекті ыдыс.

Шанаш – тұз сақтайтын тері қапшық. Қыштан жасалынған ыдыстар: Құмыра – ұзын мойынды тұтқалы ыдыс.

Көзе – су қүюға арналған шағын ыдыс.

Кереңке – сүт құю үшін жасалған құмыра. Халқымыз келген қонаққа қандай ыдыспен ас тартуына да ерекше мән берген. Көрме кезінде өзгеде дүниелермен жақын танысуға, атадан қалған ағаш аяққа ас құйып, ауқаттануға да болады.

Related Articles

  • Төреғали Батырханұлы:Жақсының жақсылығын айту парыз

    Армысыз Төреғали аға! Сізді елге белгілі психолог маман ретінде жақсы білеміз.Соңғы кездері ән шығарумен де айналысып жүр екенсіз. -Иә шабытым ашылып оншақты ән жаздым.Соның ішінде “Бумын қаған” “Көкжал ” “Дариға” әндері сәтті шықты. -Әндеріңіздің сөзі мен тарихын айтып өтсеңіз -Бумын қаған ең алғаш түркілердің басын қосып мемілекет құрған тұлға.Ал “Көкжалға” келсек қасқырларға арналған.Соңғы кездері қасқыр атуды сәнге айналдырған аңшы байлар көбейді.Көкжал бөрі ежелгі түркілердің төтемі.Қасқырларды қыруға тиым салу керек.Бұл ән гумманистік ой сананы көздейді.Үшінші сәтті шыққан ән белгілі қоғам қайраткері,әнші,саясаткер Дариға Нұрсұлтанқызына арналды.Дариғаның қоғамдық белсенділігінің арқасында күрделі талай мәселе шешімін тапты.Медицина,қорғаныс саласы,әлеуметтік мәселелердің басы қасында Дариға Нұрсұлтанқызы жүреді.7 ші Мамыр Дариға Нұрсұлтанқызының туған күні.Ол кісіге мықты денсаулық,баянды бақыт,таусылмас қуаныш тілейік.Бұл

  • ВЕНГРИЯ – ҚАЗАҚСТАН 2:3

    Ғалым БОҚАШ Будапеште Қазақстан ұлттық құрамасының ең жақсы ойындарының бірін көрдік. Еркебұлан (Сейдахмет) мен Бақтиор команданың бойына он шақты жыл бойы көрінбей кеткен батылдық пен шеберлік бітірді. Болашағы зор жас футболшылар. Стоилов “Астананы” жаттықтырып жүріп, жергілікті ойыншыларды әбден зерттегенін, өздеріне шақ техникасы мен қуатын сарқа жұмсатуды үйренгенін көрсетті. Қазақстандықтар допты ұзақ ұстауды, дәл әрі алысқа пас беруді меңгеріпті. Ненад тәжірибесін танытты. Роман жеңіс үшін көп еңбек сіңірді. Бауыржан нағыз диспетчер ретінде көрінді. Дмитрий мен Евгений бірнеше мәрте жоқ жерден доптан айырылып жатты. Соңғы жиырма шақты жыл ішінде Еуропада ортадан төмен құрамаға айналған венгриялықтар көп қателесті, өте сапасыз, сылбыр ойнады. “Групама Аренаға” жиналған аз санды жергілікті жанкүйерлер ызаға булығып, ысқырып жатты.

  • “Қиярға да пиар керек”: Танымал тележүргізуші елді шулатқан бағдарламасы туралы ашып айтты

    Жыл басында Youtube желісінде жарыққа шыққан “TalkLike” жобасының алғашқы санын көпішілік қызу талқылап, жүргізушісі Аман Тасығанды бейәдеп сұрақтары үшін сөккен еді. Қалаулым жобасының “атышулы жұлдызы” Замирамен сұхбаттасып, сынға ілккен танымал журналист NUR.KZ порталына эксклюзивті сұхбат берді. “Қиярға да пиар керек”: Танымал тележүргізуші елді шулатқан бағдарламасы туралы ашып айтты Расказать ВконтактеРасказать в Facebook – Аман мырза, сізді халық осыған дейін тәрбиелік мәні зор, салмақты бағдарламалар жүрзізушісі ретінде жақсы танитын еді. Енді осы “TalkLike” жобасын бастаймын деп, жиған абыройыңызға нұқсан келтіріп алдым деп ойламайсыз ба? – Бұл жобаның соңғы санында Тұңғышбай Жаманқұлов ағамызбен сұхбат көрермен назарына жол тартты. Өнерде жүрген үлкен ағамыздың жан дүниесіндегі күйзеліс, бүгінгі жағдайы – аса маңызды шаруа деп ойлаймын. Сондықтан да оны салмақсыз деп

  • М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жаңа басшысы тағайындалды

    12 ақпан, 2018. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен танымал қазақстандық режиссер Асхат Маемиров М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директоры болып тағайындалды. Асхат Маемиров – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы (PhD), «Болашақ» Президент стипендиясының иегері. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын драма театр режиссері мамандығы бойынша аяқтаған. 2008 жылы Францияның танымал Université Sorbonne Nouvelle Paris 3 университетінде білім алып, Драма өнерінің Париж ұлттық консерваториясында тағылымдамадан өткен болатын. 2010 жылы Ресей театр өнер академиясында (ГИТИС) театр өнері магистрі дәрежесін қорғады. Еңбек жолын Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында режиссер болып бастады. Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжінде «Актерлік өнер» бөлімінің меңгерушісі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының

  • Айтайын дегенім…

    Күршім ауданы жұртшылығы үшін бүгінде үлкен мерекеге  айналған  айтулы шара –өмірден ерте озған дарынды сазгер жерлесіміз Оралхан Көшеровтің творчествосына арналған, екі жылда бір өтіп келе жатқан «Оралхан көктемі» атты ән конкурсы. Бастабында аудандық деңгейде өткенімен, келе-келе ұйымдастырушылар  мен меценаттардың үлкен еңбектерінің арқасында  алдымен облыстық, соңынан республикалық масштабтағы ән байқауларының біріне айнала бастаған «Оралхан көктеміне» биыл «фестиваль» мәртебесі беріліп, өз еліміздің әншілерінен басқа, Қытай, Ресей, Моңғолия үміткерлері қызығушылық танытып отырған сыңайлы.Артына елу шақты ән қалдырған, бергенінен берері көп шағында бақилық болған Оралхан марқұмның  ән-ғұмыры осылай жалғасып келе жатқаны-оның тыңдармандары үшін көңілге медеу,қуаныш әкелсе, екінші жағынан талай әншінің бағын ашқан дүбірлі дода болғаны күршімдіктердің көңілінде орынды мақтаныш туғызады.Біздің көп ретте осындай игілікті іс қалай дүниеге келді, оның бастауына

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: