|  | 

Жаһан жаңалықтары

Өзі басқарған партия Мугабеге биліктен кетуге бір күн берді

Зимбабве президенті Роберт Мугабе әскери және жай киімдегі адамдардың ортасында. Хараре, 17 қараша 2017 жыл.

Зимбабве президенті Роберт Мугабе әскери және жай киімдегі адамдардың ортасында. Хараре, 17 қараша 2017 жыл.

Зимбабвенің биліктегі “Зимбабвенің африкалық ұлттық одағы – Патриоттық майдан” партиясы Роберт Мугабеге ел президенті қызметінен өз еркімен кетуге дүйсенбіге дейін мұрсат беріп, әйтпесе оған импичмент жарияланатыны туралы ескерткен. Бұл туралы қауіпсіздік министрі Патрик Чинамасқа сілтеме жасап Reuters хабарлады. Ол жексенбіде билік партиясы арнайы отырысында Мугабені партия басшылығынан кетіргеннен кейін баспасөз мәслихатында сөйлеген.

Британдық Daily Mail басылымы 93 жастағы Роберт Мугабенің өзін үйқамақта ұстауға наразылық білдіріп, аштық жариялағаны туралы хабарлады. Мугабенің отбасы мүшелерінің бірінің айтуынша, ол сенбіден бері ас ішуден бас тартып, “шындық үшін өлуге” бар екенін мәлімдеген.

Мугабенің аштық жариялағаны туралы ақпаратты билік партиясының мүшелерінің бірі басылымға растаған. “Өткен тәулік ішінде қария түрлі амалдар істеп бақты: аштық жариялады, қорқытпақ болды, сөйлесуден бас тартты”, – дейді ол.

Бұған дейін биліктегі “Зимбабвенің африкалық ұлттық одағы – Патриоттық майдан” партиясының орталық комитеті 19 қарашада өткізген арнайы отырысында Роберт Мугабені партия басшылығынан алғаны туралы хабарланған. Билік партиясының жаңа басшысы болып бұрынғы вице-президент Эммерсон Мнангагва сайланған.

Бұл хабардан кейін “Зимбабвенің африкалық ұлттық одағы – Патриоттық майдан” партиясы орталық комитетінің жексенбідегі арнайы отырысына қатысушылардың шаттанып ән салып, би билеп жатқан видеосы әлеуметтік желілерде тараған.

18 қарашада ел астанасы Хараре қаласында ондаған мың адам көшеге шығып, Мугабені биліктен шеттеткен әскерилерге қолдау білдірген. Сенбінің кешінде Мугабенің кортежі Хараредегі мемлекет басшысының “Көгілдір шатыр” резиденциясынан шығып кеткен. Кей бұқаралық ақпарат құралдары Мугабе елден кетіп қалды деп хабарлады. Әзірше ресми орындар ол ақпаратты растаған жоқ.

Сәрсенбі күні Зимбабве қарулы күштері елде төңкеріс жасағаннан кейін Мугабе мен оның әйелі “Көгілдір шатыр” резиденциясында әскерилердің бақылауында болған. 17 қарашада Роберт Мугабе Хараредегі Ашық университет түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысқан. Бұл шараға әскерилермен бірге келген ол елдегі жағдай туралы ештеңе айтпаған.

93 жастағы Роберт Мугабе Зимбабве Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған 1980 жылдан бері билік басында отырған.

 

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • БАҚ: Сирияда Ресей базасы атқыланып, әскери ұшақтар қирады

    Сирияның Хмеймим әуе базасында тұрған ұшақтар мен әскери көлік. Сириядағы Ресейдің Хмеймим әуе базасында 31 желтоқсан күні минометтен атқылаудан кем дегенде жеті әскери ұшақ зақымданып, істен шыққан. Он шақты әскери қызметкер жараланған. Бұл туралы әскери және дипломатиялық ортадағы дереккөздеріне сілтеме жасаған ресейлік «Коммерсантъ» газеті хабарлады. Жараланғандардың сириялық, я ресейлік әскерилер екені айтылмайды. Ресей қорғаныс министрлігі әзірге бұл ақпаратқа комментарий бермеді. Басылым ақпаратына қарағанда, атқылаудан төрт Су-24 бомбалаушы ұшағы, екі Су-35С истребителі мен бір Ан-72 әскери жүк ұшағы істен шыққан. Базаны радикалдық исламшылдар атқылады деген болжам бар. Хмеймим базасы Сирия үкімет әскерінің тылында орналасқан. Ресейлік БАҚ пен ресми тұлғалар бұған дейін базаның 31 желтоқсан емес, 27 желтоқсан күні атқыланғанын хабарлаған. Ол

  • АҚШ Украинаға қорғаныс қаруын бермек

    Танкіге қарсы қолданатын Javelin зымыраны. АҚШ Украинаға “егемендігі мен территориясының тұтастығын қорғауға және агрессияның өрістеуін тежеуге” көмектесу үшін қорғаныс мақсатындағы қару-жарақ береді. Бұл туралы Вашингтонда АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хизер Нойерт мәлімдеген. Ол Украинаға көмек “тек қана қорғаныс сипатында” және АҚШ-тың Украинаның шығысындағы жанжалды Минск келісіміне сай реттеуге бейіл екені туралы айтқан. Украинаға қару-жарақтың қандай түрі берілетінін Нойерт нақтылаған жоқ. Бұған дейін АВС телеарнасы АҚШ мемлекеттік департаментіндегі дерек көздеріне сілтеме жасап, Украинаға берілетін қару-жарақтың арасында танкіге қарсы қолданатын 210 Javelin зымыраны және 35 іске қосу қондырғысы бар деп хабарлаған. Әскери көмектің жалпы көлемі 47 миллион долларға бағаланады. АВС телеарнасының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға қару-жарақ беру туралы ұсынысын

  • АҚШ НАТО-дағы одақтастарын Ресейге қысым жасауға шақырды

    “Батыс-2017″ әскери жаттығуы барысында ұшырылған Ресейдің “Искандер-М” зымыраны. Ленинград облысы, 18 қыркүйек 2017 жыл. АҚШ НАТО бойынша одақтастарына Ресейдің орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімді бұзып отыруы ықтимал екеніне дәлел ұсынған. Германиялық Der Spiegel басылымының жазуынша, АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис НАТО-ның ядролық жоспарлау жөніндегі тобының жабық отырысында солтүстікатлантикалық одаққа мүше елдерден Мәскеуді келісімді сақтауға мәжбүр ететін іс-қимыл жоспар әзірлеуін сұраған. Бұл жоспар 2018 жылы жазда өтетін НАТО саммитіне дейін дайын болуы тиіс деп жазады басылым. Қажет болған жағдайда НАТО Ресейге қарсы санкциялар енгізуге дайын болуы тиіс деп мәлімдеген Мэттис. Пентагон басшысы “егер НАТО бойынша әріптестерімен ортақ келісімге келе алмаса, онда АҚШ жеке іс-әрекет етуге әзір болады” деп

  • Трамп Пхеньянға “төзімін сынай бермеуді” ескертті

    АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Корея парламентінде сөйлеп тұр. Сеул, 8 қараша 2017 жыл. АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынге АҚШ-тың “төзімділігімен ойнамауға” кеңес беріп, “әлем өзін ядролық қарумен қоқан-лоқы көсетіп отырған аластатылған режимнің қаупіне төзе алмайтынын” мәлімдеді. 8 қарашада Оңтүстік Корея парламентінде сөйлеге Трамп Пхеньян иеленгісі келіп отырған ядролық қару Солтүстік Кореяның қауіпсіздігін арттыра алмайтынын, керісінше ол елдің режиміне “үлкен қауіп тудыратынын” мәлімдеді. “Бізді жете бағалай алмай қалып жүрмеңдер және сынай бермеңдер” деді Трамп. Дегенмен ол Пхеньян егер баллистикалық зымыран жасауын тоқтатып, “ядролық әрекеттерін тоқтатуға және толық тексеруге келіссе” онда Солтүстік Кореяның болашағы жарқын болатынына уәде берді. Трамп 8 қараша күні таңертең ауа-райының қолайсыздығына байланысты

  • Ресей СІМ: Латын графикасына өту – Қазақстанның ішкі ісі

    Григорий Карасин, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары. Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин ресми Мәскеу Қазақстанның латын әліпбиіне көшу туралы шешіміне “байыппен қарайтынын және оны Қазақстанның ішкі мәселесі деп білетінін” мәлімдеді. Бұл жайында ол “Россия-24″ телеарнасына берген сұхбатында айтты. “Меніңше, бұл жағдайда біздің ұстанымымыз байсалды, түптеп келгенде, қай тілді қандай деңгейде қолдану – бұл Қазақстанның ішкі ісі” деді Карасин. Оның сөзіне қарағанда, жаңа әліпбиге көшуге қатысты жаңа жағдайға бейімделу біраз уақытты алады және айтарлықтай проблема туындамайды. Бұған дейін Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников та Мәскеу Қазақстанның қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру шешіміне “түсіністікпен және құрметпен қарайтынын” мәлімдеген. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 26 қазанда қазақ тілі әліпбиінің латын графикасындағы жаңа нұсқасын

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: