|  |  | 

Руханият Тарих

Уахабизм идеясын таратамын деп, Үрімшіде ұсталып, Пекин түрмесіне түскен Ливандық Шами дамолла

Sanjar Kerimbay суреті.

Sanjar Kerimbay

facebook парақшасынан

1924 жылы Ленин өлді. Билік Сталиннің қолына өтті. Осыдан соң біз ғана емес жалпы Совет жұртының ішкені ірің, жегені желім болды. Орта Азия халқы да ГУЛАГ-тарға тоб-тобымен кетіп жатты. Артынша ашаршылық та басталды. Атажұрттан жаппай безу белең алды. Бірақ ел құлағдар болған ақпаратты індетіп жазбаймыз. Бұл жолы мәселеге басқа қырынан келеміз. Ілім ше, ілім? Оның жайы не болды? Елді ұйыстырып ұстап тұратын, кісінің көкірек көзін ашатын, қарапайым пендеден арына ғана құлақ түретін рухани тұлғаны жасап шығатын ілім иелерінің тағдыры не болды? Қазақтың рухани платформасы қалай қирады? Енді сол жайлы тарата кетелік. Құдай қаласа, осылайша рухани жаңғырып та қалуымыз мүмкін. Ал, Тәңірім, өзің жар бола көр!Sanjar Kerimbay суреті.

Большевиктер қазақ жұртын жаппай қырып жатты. Ілім иелерін сөзге келмей Сібірге жөнелтіп, арлы адамды сотсыз-ақ атып тастап, ойына келгенді істеді. Бірақ соның өзінде Яссауи мәдениетінің мәні тірі қалған кез келген қазақтың менталитетінде сақталып қалды. Мысалы, әулиеге тіл тигізбеу, әруақтарға Құран бағыштау, жұма сайын жеті шелпек пісіріп иіс шығару, Құран, хадис мазмұнын қазақша мақал-мәтелмен жеткізу, астан соң бата қайыру, келін түсірсе беташар жасау, марқұмдарды еске алып құдайы тамақ беру, кез келген дінге толерантты болу, мән-мағынасы трансцендентті әлеммен біте қайнасып кеткен ырым-тыйымдарды күнделікті тұрмыста тұтыну. Осы феномендер барша қазақтың Яссауи мәдениетінің өкілі екенін әйгілеп тұрды. Тұтас бір нәсілдің өмір сүру формасына айналып, тамыры тым тереңдеп кеткен мұндай сапалы мәдениетті құртып жіберу коммунистерге кәдімгідей ауыр жұмыс болды. Тіпті бұл СССР-дің ішкі саясатында ең ауыр міндеттің бірі саналды. Әзірет Сұлтанның салған жолын құрту үшін большевиктер сайтанмен де ауыз жаласуға дайын еді. Соның айқын белгісі мына оқиға: Уахабизм идеясын таратамын деп, Үрімшіде ұсталып, Пекин түрмесіне түскен Ливандық Шами дамолланы коммунистер 1919 жылы Ташкентке алдырып, медресе ашып берді. Совет билігі оны «прогрессивті» (таракки пәруар) ғұлама ретінде шебер қолданды. Шами дамолла ортағасырлық ғұламалардың мұрасын тұтастай жоққа шығаратын нағыз фундаменталист болатын. Советтік заңнан гөрі шариғатқа көбірек құлақ түретін мұсылман үмбетін Шами дамолланың қолымен адастырды. Сол кездің өзінде-ақ ол Құран мен хадиске сүйеніп, пәтуалар шығаратын. Керек десеңіз, оны халықтық соттарды (шариғат, қазылар соты) қайта құру жұмыстарына араластырды. 1922 жылы шілдеде оның Дегрез кварталындағы медресесінде заң мекемелері қызметкерлерінің құрылтайы ұйымдастырылды. Сол жиында Шами дамолла «Ислам социализмі» рухында баяндама жасап, байлардың дүние-мүлкін кедейлерге теңдей тарату туралы уағыз айтады. НКВД жендеттері өздеріне керекті діни кадрларды дайындап алған соң, Шами дамолланы атып тастады. Советтік исламда тәрбиеленген имамдарды кейін академиялық ғылымда «қызыл молдалар» деп атап кетті. (Төменді суреті бар. Сәлде киген, түсі суық, аса ұстаған жалғыз сол)Sanjar Kerimbay суреті.

Антисопылық науқан сәтімен жүзеге асқан соң, қазақ жұртының эпикалық кодын оятатын Яссауимен байланысты барлық киелі феномен түгелдей профанизацияға ұшырады. Оның айқын дәлелі мынау. Яссауи хикметінде көп айтылатын кілт сөздің бірі – зікір ғибадаты. Әзірет Сұлтан зікірді «Хақ сыпырасы» деп атаған. Мағынасы «Құдайдың дастарқаны» деген сөз. Зікір алқасы құрылғанда ол жерге періштелер жиналып, Тәңірдің берекеті мен шарапаты, тыныштығы мен құт-киесі енеді деп сенген. Тәртіп бойынша зікірден соң дәруіштер дастарқан басында рухани сұхбат құратын. Осылайша жүрек көзін ашып, хикмет кеудесін Хақ сәулесімен байытуды мұрат тұтқан. «Өнер алды – қызыл тіл» қағидасы өмірлік кредосына айналды. Сопылық жолды таңдаған дәруіштер бірінші бос сөз, мағынасыз әңгімеден тыйылатын. Адамның жүрегін тастай қатайтып, безбүйрек зұлымға айналдыратын қауіпті фактор Алланы еске салмайтын бос сөз, бос әңгіме, бос күлкі деп білетін. СССР-дің жалдамалы ғалымдары үлкен соққыны зікір құлшылығына берген. Мына қызыққа назар аударыңыз. НКВД өкілдері Яссауидің классикалық зікірлерін салуға түбегейлі тыйым салды. Жасырын жиналып, алқа құрған сопыларды сотсыз атып тастайтын. Есесіне шаманизм қалдығы саналатын бақсы-балгерлердің жын-ойнағына зікір деген жаңа атау берілді. Демидов бұл туралы: «Некоторые исследователи не без основания считают, что проникновение шаманистских элементов в суфизм началось именно с ордена ясавийя» деп жазады. Бұдан соң бақсы-балгердің ел арасында шоқ жалап, қазық тістейтін есалаң әрекеттеріне барынша жағдай жасалды. Дінді қатаң бақылауда ұстаса да, бақсылардың зікіріне кедергі болған емес. Олардың ел арасында емін-еркін жүріп-тұруын КГБ өкілдері жасырын қамтамасыз етті. 1960 жылдан бастап ел-жұрт Яссауидің зікірі дегенді ұмыта бастады. Құран аяттарымен, Яссауидің хикметтерімен санаға сіңген қасиетті зікір сөзі бақсы-құшнаштың ритуалымен ассоцацияланып кетті. Осы қауіпті тенденцияны 1930 жылдары-ақ сауатты қазақтар байқаған. Мысалы, Ахмет Жұбановтың туған ағасы профессор Құдайберген Жұбанов бүй деп жазады. «Сопылардың алқасының күні кешеге дейін қазақ, қарақалпақ халықтары арасында кең тараған бақсылардың алқасынан айырмасы болды.Бақсылар жын шақырады, əруақ шақырады. Олар алқада ауру адамды емдеп, мал табу мақсатын көздейтін еді. Ал Қожа Ахметтің толғауларына жиналатын алқада құдайға ғашықтық сезімін білдіру, діни тəрбие арқылы қоғам арасындағы əлеуметтік қатынастарды тəртіптеу, адамдардың мінез-құлқын жөнге салу ниеттері сөз болып отырады».23622108_2068453746774121_9088948320075482788_n
Советтер бұл науқанда айтарлықтай жеңіске жетті. 1970 жылдан былай қарай қазақтарға төл мәдениетін ислам өркениетінен емес, шамандықпен байланыстыратын надан көзқарас сіңді. Сауатты қазақтардың өзі Кремльдің цензурасынан сүзіліп шыққан әдебиеттерді талғамай оқуға бауыр басып алды. Шоқан Уәлихановтың «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген 20 беттік мақаласы СССР кезінде киелі кітаптай насихатталды. Қазақтың діні сөз болғанда ғалымдар түгелдей Шоқанға сілтеме жасайтын ауруға шалдықты. «Қазақ мұсылмандықты толық қабылдамаған», «Біз жартылай шаман, жартылай жабайы тайпа болдық», «Совет өкіметінің, ұлы орыс халқының арқасында көзіміз ашылып, адам болдық» деп кез келген мінберде баяндама жасады. Осы ойға қосымша тағы бір факті. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң, Яссауи феноменін алғаш академиялық тұрғыда зерттеген ғалымның бірі америкалық Брюс Привратский. 1992 жылы Түркістанға келіп, қазақ тілін үйреніп, жеті жыл Яссауи мәдениетін тыңғылықты зерттеген. Ол да қазақ ғалымдар арасынан Шоқан Уәлиханов «синдромын» анық байқаған. Советтік идеология сүйегінен өтіп, кемігіне сіңіп кеткен қазақ ғалымдары ата-бабасы ислам шарттары мен парызын өтеп келсе де, Шоқан Уәлихановқа сілтеме жасап, түп-төркінін, идентификациясын шамандықтан тарқатты. Осы көзқарасты Совет этнографтары қазақ жұртына зорлап таңды. Әйтпесе Совет өкіметі орнағанға дейін шамандық қалдығы там-тұмдап әр жерде қалғаны болмаса, қазақ арасында мәдениет ретінде өліп біткен еді. Тіпті бақсы-құшынаштар алаш жұртының құрметіне бөленген де емес. Халық бақсының басына мазар тұрғызып, арнайы Құран оқымайды. Керек десең, мүрдесін қорымға қоспай бөлек жерлейтін. Абайдың «Моласындай бақсының, Жалғыз қалдым тап шыным» дейтіні сол. Қазірдің өзінде көп қазақ Совет кезінде атасы не әжесінің тығылып намаз оқып, жасырын ораза ұстап, сандығында Құранды құпия сақтағаны жайлы естелікті көп айтады. Сірескен стереотиптің сынуы қиын екен. Ата-бабасының ғұмыр баянында ислам өркениеті айқын көрініп тұрса да, талай қазақ өзін жартылай жабайы сезінетін комплекстен ақыры арыла алмады. Бұрын орыс болып тумағанына қорланатын мәңгүрттер қазір араб болып тумағанына қайғыратын күнге жетті. Осының бәрі 1925 жылғы науқаннан басталған нәубет еді. СССР көсемдері түркі халықтарына сопылық әдебиет оқуына титтей де мүмкіндік берген жоқ. Ресейдің ірі қалаларында білім алған, рухани танымы терең санаулы тұлғалар болмаса, былайғы жұрт сопы деген сөзді ұмытып та қалды.

“Яссауи Феномені” кітабынан алынды. Жалғасы кітапта.Sanjar Kerimbay суреті.

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: