|  |  |  | 

Көз қарас Спорт Шоу-бизнис

“Астана” – “Вильярреал” 2:3

Стоилов өзімен бірге қартайып бара жатқан командасына екі нәрсені әлі үйрете алмай келеді. Бірінші, доптан айырылмай қатарынан төрт мәрте пастасу (ең құрығанда алаңның өз жартысында). Екінші, командадағы еуропалық деңгейде ойнайтын екі шебер – Твумаси мен Кабанангаға дер кезінде доп асыру. Испанияның тәуір командасымен тартысты матч өткізді деп мақтауға, тоқмейілсіп отыра беруге болар еді. Бірақ алдағы трансфер маусымында қос мергенді Еуропа клубтары қағып әкеткесін не болмақ? Олардың да заманы өтіп барады, дұрысырақ алаңда доп тепкілері келеді. Ал қалған өкпесі өшкен, физикасы отырған, тек төрешімен тәжікелесуді қатыратын, дені Балқан түбегінен жиналған “астаналықтар” жасанды алаңдарында не нәтижеге қол жеткізбек? Ішкі чемпионатты күшейтпей тұрып, балалар мен жасөспірімдер футболына жағдай жасамай жатып, бюджеттің ақшасын шашып, мұндай құрғақ күшену кімге абырой? “Астананың” ойынын көрген сайын осыны ойлап дал болам.

Ғалым БОҚАШтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Тәңір тағалам бар ісін сауапқа жазып, иманын мәңгі жолдас қылып, нұры пейіште шалқығай!

    Бүгін Прага уақытымен таңғы сағат төрт шамасында жаны жайсаң, мінезі жайдары, көңілі сәулелі, ісі мұқият Рахат Мамырбек бауырымыздың бақилық болғаны туралы хабар жетті. Желтоқсанның 11-інде кенет ауырып, Алматыдағы төртінші аурухананың жансақтау бөліміне түскен әзиз әріптесіміздің тілеуін тілеп, сыр бермей жүрген едік. Туған-туысы мен жақын дос-жараны небәрі 39 жастағы жігіттің сауығып кететініне сеніп, дерті туралы көпке жария қылмауды өтінген. Тоғыз күн бойы Рақаштың беті бері қарайды деп үмітін үзбеген отбасына, барша ағайыны мен жолдас-жораларына қайғырып көңіл айтам. Алла алдынан жарылқап, артын қайырлы етіп, жасамаған ғұмырын ұл-қыздарына нәсіп қылсын! 2001 жылғы желтоқсанда, осыдан дәл 16 жыл бұрын Рахаттың журналистикаға бет бұруына себепші болып едім. “Қазақстан” телеарнасына “Мезгіл” хабарын енді шығарғалы жатқанда бір

  • Қытайдағы қазақ мәселесі және Жарқын7

      Қытайдағы қазақ мәселесі бүгінде ушығып тұр. Бірақ, ол өртті үрлеп отырғандар да бар. Иә, мақсаттары отты үрлеп өшіру, бірақ, ол үрлегенге өшетін емес, асқына жанатын өрт. Сол өртке өртенетін мына жақта отырған үрлеушілер емес, ана жақта жатқан қарапайым қазағымыз. Сол үшін отты үрлемейік, үрлеп, асқындырушыларға (өздерін ел үшін еңіреп жүргендер деп атайды тағы) тоқтау айтпасақ ертең сол екі миллион қазақтың бүгін 200-і, деп отырғанда бәрінен айырламыз. Екі жақта әкелі балалы, ер әйел бөлінеді. Жаутаңдап тірі жетімдер қалады. Қытайдың шетелмен қарым қатынасында ішкі мәселеге араласпау деген өте қатты ұстанатын заңы бар. Қазақ мәселесін мемлекеттік дипломатия арқылы ғана шеше аламыз, әйтпесе, бес қазақ емес бес мың қазақ шулағаннан Қытайдың тас керең

  • Айтайын дегенім…

    Күршім ауданы жұртшылығы үшін бүгінде үлкен мерекеге  айналған  айтулы шара –өмірден ерте озған дарынды сазгер жерлесіміз Оралхан Көшеровтің творчествосына арналған, екі жылда бір өтіп келе жатқан «Оралхан көктемі» атты ән конкурсы. Бастабында аудандық деңгейде өткенімен, келе-келе ұйымдастырушылар  мен меценаттардың үлкен еңбектерінің арқасында  алдымен облыстық, соңынан республикалық масштабтағы ән байқауларының біріне айнала бастаған «Оралхан көктеміне» биыл «фестиваль» мәртебесі беріліп, өз еліміздің әншілерінен басқа, Қытай, Ресей, Моңғолия үміткерлері қызығушылық танытып отырған сыңайлы.Артына елу шақты ән қалдырған, бергенінен берері көп шағында бақилық болған Оралхан марқұмның  ән-ғұмыры осылай жалғасып келе жатқаны-оның тыңдармандары үшін көңілге медеу,қуаныш әкелсе, екінші жағынан талай әншінің бағын ашқан дүбірлі дода болғаны күршімдіктердің көңілінде орынды мақтаныш туғызады.Біздің көп ретте осындай игілікті іс қалай дүниеге келді, оның бастауына

  • ӘЙЕЛДЕ ҚАЙЫН ЖҰРТ БОЛМАЙДЫ!

    Қазақ Ұлттық Әдет-ғұрып, салт-дәстүр Академиясы түсіндіреді: ӘЙЕЛДЕ ҚАЙЫН ЖҰРТ БОЛМАЙДЫ! Бүгін, 22-қараша күні таңертең «Шалқар» радиосынан «Әйелдің қанша жұрты болады?» деген тақырыпта жүргізілген пікірталас кезінде сауалға жауап бергендердің бірқатары дұрыс ой айтқанмен көпшілігі жаңылыс ұғымда жүргендігі байқалды. Осы себепті бұл сауалға түбегейлі жауап беру ұйғарылды. Ер адамның да, әйел адамның да үш жұрты болады. Ер адамның өз жұрты (әкесі жағынан), нағашы жұрты (анасы жағынан), үйленген соң қайын жұрты (әйелі жағынан) болады. Әйел адамның да үш жұрты: өз жұрты (келген жері, күйеуінің елі), төркін жұрты (әкесі жағынан), нағашы жұрты (анасы жағынан) болады! Бұл жерде қыз бала мен әйел деген ұғымдарды шатастырмау керек. Қыз – әлі тұрмысқа шықпаған оң жақта отырған қыз

  • БҰҰ комитеті Семей өңірі бойынша қарарды мақұлдады

    Семей қаласы орналасқан Шығыс Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет). БҰҰ Бас ассамбелясының экономика және қаржылық мәселелер бойынша комитеті Семей өңірінің халқын сауықтыру, қоршаған ортасы мен экономикалық дамуын қалпына келтіру мақсатындағы іс-қимылдарды үйлестіру және халықаралық ынтымақтастық туралы қарар жобасына келісті. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, құжат 23 мемлекеттің демеушілігімен және өзара уағдаластығымен мақұлданған. Министрлік ақпаратына қарағанда, қарарда Қазақстан үкіметінің Семей өңірін сауықтыру және дамытудағы рөлі атап өтіледі. Сонымен қатар құжат халықаралық қауымдастықты “Қазақстанның зардап шеккен тұрғындарды емдеу және оларға қызмет көрсетудің арнайы жобалары мен бағдарламаларын дайындап, іске асыруына және аймақты орнықты дамытып, экономикалық өсімге қол жеткізудегі жұмыстарына көмектесуге шақырады. Министрлік бұл қарарды БҰҰ Бас ассамблеясы Семей өңірі бойынша 1997 жылдан

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: