|  | 

Тұлғалар

СЕПОН АҒА

23794767_927886867368641_781005537442899884_nТоқсаныншы жылдардың басы еді. Біз 5-6 оқитын оқушымыз. Ауылдың «Серікболсын Әбділдин келеді екен» деп абың-күбің болып жатқанына он күн өткен. Ол кезде Серікболсын аға – Жоғарғы Кеңестің төрағасы.

Ағамыз келетін күні ел мәдениет үйінің алдына жиналды. Ауданның басшылары қайта-қайта дайындықты пысықтап қояды. Бір уақытта алыстан сүліктей қара көлік көрінді. «Времядан» анда санда байқап қалатын Горбачев мінетін машинаға ұқсайды. Балалар «Чайка» деді. Біреулер «Лимузин» деді. Ел қақ жарылып жол берді.
Қара сұр пальтосын киіп, көліктен түскен Серікболсын аға тіп-тік қалпымен Мәдениет үйіне қарай жалғыз беттеді. Ауылдың әншілері Айтқожин Дүйсен мен Қаржаубаев Сәкен домбыраларын күмбірлете жөнелді.
- Қасиетті, армысың, туған жерім – оу!
Қонақсытып шығардың төрге мені – оу, туған жер!..
Иә. Серікболсын аға туған жеріне келген еді. Кіндік қаны Егіндібұлақтан сегіз шақырым жатқан Қызылкесік ауылы. Қанша жылдан кейін жолы түскенін ешкім дөп басып айта алмады. Ағамыз туралы ол кезде тек қана аңыздар ғана жүретін. Жұмысынан қолы босамайды дейтін. «Талай жылы Мәскеуде өтті емес пе?» деп қосады бірі.
Серікболсын ағаға алдымен ұстазымыз, журналист Бектеміров Шаяхмет амандасты. Екеуі құшақтасып ұзақ тұрды. Біз бәрін алыстан ғана көрдік.
Бір уақытта елдің бәрі клубқа беттеді де, «Чайканың» маңында ешкім қалмады. Жүрексініп тұрмыз. Сонда да ақырын-ақырын жылжып жанына бардық. Артқы әйнектері қап-қара, іші көрінбейді. «Қандай екен?» деп қоямыз. Бой үйренген соң, одан да жақын келдік. Қолды көлегейлеп, терезеден ішке үңілдік. Керемет! Отыратын орындығы мен есігіне дейін қып-қызыл атласпен тысталған сияқты. Ар жағында тамақ ішетін үстеліне дейін бар екен.
Ағамыз келетін күн жақындағанда ол кісімен туыспайтын, ол кісімен жақын араласпаған ешкім қалмағандай. Бәрі бірге өсіпті. «Сепон» дейтінбіз дейді. Мектепті үздікке бітіріпті. Соғыс кезінде қой баққан. Асау үйретудің шебері екен. Өз күшімен оқыған. «Ауылға бір дұрыстап жол да салып бермеді» дейтін өкпе де бар арасында.
Ағамызбен кездесуде не айтылғанын білмейміз. Клубқа бізді кіргізбеді. Біз «Чайканың» маңынан қайтқанбыз…
Бірақ ауылымыз Сепон ағалары президенттікке түскенде дауыстың көбін Назарбаевқа берді. Сөйтіп бергізген де шығар? Энгельс Ғаббасовқа бір дауыс беріпті деп жүретін.
- 100 процент Әбділдинге берсе де, туған ауылы ғой, ешкім ешкімнің басын кесіп алмайтын еді, – дейтін марқұм әкем.
«Жоғары жақ қой» дейтін ел ақталып. «Әйтпесе, Сепон аға Қызылкесіктің жүрегінде ғой!» деп қоштайтын…
Сепон аға! 80 жасыңыз құтты болсын! Сіз шынында да Қызылкесіктің жүрегіндесіз!

Bolat Mursalimның facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Тәңір тағалам бар ісін сауапқа жазып, иманын мәңгі жолдас қылып, нұры пейіште шалқығай!

    Бүгін Прага уақытымен таңғы сағат төрт шамасында жаны жайсаң, мінезі жайдары, көңілі сәулелі, ісі мұқият Рахат Мамырбек бауырымыздың бақилық болғаны туралы хабар жетті. Желтоқсанның 11-інде кенет ауырып, Алматыдағы төртінші аурухананың жансақтау бөліміне түскен әзиз әріптесіміздің тілеуін тілеп, сыр бермей жүрген едік. Туған-туысы мен жақын дос-жараны небәрі 39 жастағы жігіттің сауығып кететініне сеніп, дерті туралы көпке жария қылмауды өтінген. Тоғыз күн бойы Рақаштың беті бері қарайды деп үмітін үзбеген отбасына, барша ағайыны мен жолдас-жораларына қайғырып көңіл айтам. Алла алдынан жарылқап, артын қайырлы етіп, жасамаған ғұмырын ұл-қыздарына нәсіп қылсын! 2001 жылғы желтоқсанда, осыдан дәл 16 жыл бұрын Рахаттың журналистикаға бет бұруына себепші болып едім. “Қазақстан” телеарнасына “Мезгіл” хабарын енді шығарғалы жатқанда бір

  • Оспан батырға соғыс өнерін үйреткен Зуқа батыр

    Годфрей Лиас атты ағылшын дипломаты және журналисті 1956 жылы Лондонда басылып шыққан “Kazakh Exodus” яғный “Қазақ босуы” атты кітабында Оспан батырды жастайынан соғыс өнері мен тактикасына Бөке батырдың баулығанын келтіреді.   Кітапта Оспан батыр туралы жан жақты мәлімет беріледі. Бұл кітапты Оспан батыр туралы шетелдерде көлемді мәлімет берген алғашқы еңбек деп айтуға болады. Онда сонымен қатар Түркиялық көш жетекшілері Қалибек әкім, Хамза Шөмішбайұлы, Сұлтан Шәріп Тәйжі, Құсайын Тәйжі туралы көптеген мәліметтер келтіріледі. Оспан батырды есімін алғаш рет Түркия қазақтарынан естіп білгенін айта келіп Годфрей Лиас Оспан батырдың Түркияның Қайсары қаласына орналасқан Құсайын Тәйжі аулына барғанда ақын Қарамолла Сейітханұлының әңгімелеп бергенін мәлімдейді. Қарамолланың осы кездесуден аз алдын ғана Оспан батыр жайында

  • Санкт-Петербургте Кенесары ханның кісесі сақталғаны анықталды

    Алаш әскері тақырыбын зерттеп жүріп, Сейілбек Жанайдаровтың 1915 жылы Санкт-Петербургтегі Ресей этнографиялық музейіне Кенесары ханның кісесін тапсырғаны туралы дерек кездестірдім. Бұл жәдігер «Ксе – пояс киргизского хана Средней Орды» деген атпен аталған музейдің қорында бүгінгі күнге дейін сақталған екен. Оны мәдениет және спорт министірі Арыстанбек Мұхамедиұлымен Санкт-Петербургтегі музейге барғанда өз көзімізбен көруге мүмкіншілгі туды. Сейілбек Жанайдаров 1918 жылы Атбасар Алаш әскери дивизионын құрған әрі Алашорда үкіметінің кандидат мүшесі болған азамат. Бұл жәдігер Сейілбек Жанайдаровтың қолына қалай түскенін зерттей келе анықтағанымыз – ол кісені Сейілбектің атасы – Кенесары ханның әскери қолбасшыларының бірі Жанайдар Орынбайұлынан қалған мұра екен. Жанайдар батырдың ерліктері туралы Мұса Шормановтың, Мәшһүр Жүсіптің, Доскей ақынның, Жамбылдың, Иманжан Жылқайдарұлының естеліктері

  • Күлтегін жыры

    Күлтегін Құтлық (Елтеріс) қағанның екінші ұлы, Білге қағанның (Могилян) туған інісі. Шешесі Елбілге қатұн. Жеті жасында әкесі Құтлық (680-692 жж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның інісі Қапаған (692-716 жж.) отырады. Күлтегін мен Білге, Қапағанның інісі Бөгүні (716ж.) тақтан тайдырып, қағандық билікті Білге қолына (716-734жж.) алады. Тарихи деректерге қарағанда, Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысы – 694 жылғы Жау жыу және Дин жыу аймақтарында болған соғыс. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген. Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде-біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін аңғартады. Батыр 47 жасқа жетіп, қаза тапқанда, төрткүл дүниеден түгел

  • Ғалым Жайлыбай:Сарсүмбе, Қаракөпір

    Осы көпірдің оң босағасына жауыздар Зуқа батырдың басын бірнеше күн іліп қойған деседі   Боздайды ботасы өлген ғасыр – інген, Сен менің алшы түскен асығым ба ең! Сұлтаным ұлтан болған сонау жылы Зуқаның бұл көпірге басын ілген. Бас мұнда… қайда қалған жансыз дене?! айналса опат дей бер нар сүлдеге. Қартайдым қара көпір саған жетіп Алтайдың алқасындай Сарсүмбеде. Сарысүмбе, Сен не дейсің, Қыран өзен? Сауалға жауап таппай жылады өзен. Жасында жазмышымның тамшысы бар – басыңда тұрса қандай мына кезең. Сарғайған сағым күнге санам өкіл, Қайысып қайғы ойламас қала нөпір. Ғаламның ғазауатын сенен көрдім Бабамның басы ілінген, Қаракөпір! Жартасы, жағалауы жасыл орман, Әр тасы өр Алтайдың асыл арман. Ақынның осы өлкеде шерлі

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: