|  | 

Тарих

“НАМЫСҚА” — 25 ЖЫЛ! Биыл елімізде ҰЛТТЫҚ КӘСІПҚОЙ “НАМЫС”

ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ құрылғанына тура 25 жыл толды! Сонау Кеңес Одағының кезінде футбол секілді миллиондар ойынында қазақтың кегі кетті деген патриоттық оймен,намыспен қолға алған бұл Қозғалыс,бұл Жоба жарияланған жылдар бар қазақтың арманы орындалғандай кезең болғаны жасырын емес. …Табиғатымызда да бар болар,дегенмен,Қазақ университетін бітірген жылы қызметке келген республикалық “ЛЕНИНШІЛ ЖАС” газетінің бас редакторы,ғұмыры жүзіне шаң түсірмес ұстазым СЕЙДАХМЕТ БЕРДІҚҰЛОВТЫҢ Ұлтжандылық тәрбиесінен ұлы сабақ алған басым, 1991 жылдың қаңтар айында еліміздегі тұңғыш әрі жалғыз “СПОРТ” газетіне бас редактор болып тағайындалғаннан кейін ұзамай,1 тамыз күні газеттің бірінші бетінде ҰЛТТЫҚ КӘСІПҚОЙ “НАМЫС” ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ құрылатындығы жайлы республика жұртына ҮНДЕУ жарияладым! Онан арғы оқиғалар көрген түстей… Бүкіл республика болып бұл ИДЕЯНЫ тік көтеріп әкетті. Әсіресе қазақ халқының қуанышы мен толғанысында шек болған жоқ. Редакцияға ой арқалаған,ұсыныс айтқан,жоспар ұсынған хаттар мыңдап келіп жатты. Ұйымдастыру комитетін құрдық. Ол топта қазақ футболының марқасқалары – Тимур аға Сегізбаев пен Сергей Квочкин,Құралбек Ордабаев,Сейілда Байшақов,Евгений Кузнецов,Құрбан Бердыев,тағы басқа да айтулы мамандар болды. Топ құрып,футбол білермендерін республиканың 19 облысына(ол кезде елімізде 19 облыс болатын. – Н.Ж.) іріктеу жасауға жібердік. Өзім бас болып,5-6 ауданға да соғып өттік. Сөйтіп,1992 жылы көктемнің аяғына қарай Алматыға 300 бала келді, Соңғы іріктеуден өтуге! Алматыдағы АДК стадионында соңғы іріктеу өтті. Бұл жауапты сәтке сол кезде “Жеңіс” футбол клубын құрып,ардагерлер жарысында топ жарып жүрген команданың мұрындығы,тамаша футболшы,ғажап азамат,марқұм Шәріп Омаров жетекшілік етті. Шәкеңнің маңында республика футболының ең таңдаулы мамандарының бәрі болды. Сөйтіп,екі күнгі іріктеуден соң “Намыс” футбол клубына 100 бала таңдап алдық.

“Намыс” клубының ресми ТҰСАУКЕСЕРІ Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Ту көтерілді,Әнұран ойналды,клуб мүшелері АНТ қабылдады. Клуб мүшелерінің антын Ғани Бапанов оқыды. Сол жүз бала төрт классқа бөлініп оқыды. Оның екеуі Алматыда,екеуі Ұзынағаш ауылында тұрып оқыды. Кезең қиын болатын. Мемлекет Тәуелсіздігін жаңа алып жатқан,экономика төмен,қоғам не боларын білмеген ауыр уақыт еді. Балаларды киіндіруге,ішіндіруге,жарысқа жіберуге қаржы тапшы болды. “НАМЫСТЫ” қолдау қорын аштық. Күреп ақша берген ешкім болған жоқ. Халық 500-1000 рубльден жіберетін қорға. “Мен ұрлық қылғанда ай жарық болды!” дегендей,1993 жылы ақша ауысты. Бүкіл халық боп жинаған бір уыс қаржымыз тиын боп қалды. Берілмедік,күрестік… Өз басым сол кезде болған үш вице-премьерге кірдім. Бәрі де қолымды қысып,құшағына алып,”Жарайсың!” дегеннен аспады. Материалдық көмек бермеді.Ұлттық идеядан жасқанды-ау деп ойлаймын бүгін. Сол кезде үлкен бір компанияға тели салса клубты… Жан-жағымызды сипалап,тірлік еттік. Амангелді Ермегияев,Кенжебек Омарбаев,Серік Қонақбаев,сол кездегі министрлерден Қаратай аға Тұрысов,аудан әкімі Әбдіманап Көпбергеновтер қол ұшын берді. Балаларды тәрбиелеуде Ақселеу аға Сейдімбеков,Шәріп Омаровтар үлгі көрсетті. “Досмұқасан” ансамблі,Майра Ильясова,Құрманай Омарова.Әбүйірбек Тіналиев,”Тамаша” ойын-сауық отауының тарландары,Сәуле Жанпейісова,Рамазан Стамғазиевтер өз өнерлерімен қолдау көрсетті. 1993 жылы “Намыстың” ересек командасын құрдық. Осы қадамымыз дұрыс па,бұрыс па ,осы күнге дейін жауабын тапқан жоқпын. “Намыс” ҚР чемпионатында алғашқы ойынын өткен жылы жүлдегер болған Екібастұздың “Батыр” командасымен Орталық стадионда ойнап,3;2 есебімен жеңді! “Намыстың” тұңғыш добын Сейтжан Байбосынов соқты.Осы ойынға өзі ауырып жүрсе де ұстазым Сейдахмет Бердіқұлов қасына досы,ақиық ақын Тұманбай Молддағалиевті ертіп,Орталық стадионға барды. Ойын соңынан жеңіске жеткенімізге шәй іштік. Сонда ауырып жүрген Сейдахмет аға; “Мына Несібім бүкіл қазақтың арманын орындады, Бүгін 50 грамм коньяк ішпесем болмайды!” деп толғана сөлегенін әлі ұмытқан жоқпын. Бұл жайлы Тұманбай аға естелігінде талай айтты да. “Намыс”- командадан гөрі ИДЕЯ,ЖОБА еді. Балалар тобынан небір таланттар өсіп шықты. Нұрбол Жұмасқалиев,Айдар Күмісбеков,Мұрат Тілешов,Диас Кемалов,Әлібек Бөлешов сынды футболшылар Қазақстанның құрама командасында ойнады! Бүгін осының бәрі көз алдымнан кинодай көлбеп өтіп жатыр. Рас,қаржылай қолдау болғанда “НАМЫС” ҰЛТТЫҚ КӘСІПҚОЙ ФУТБОЛ КЛУБЫ ел футболының Ақжелкені болар еді. Бірақ бәрі зая кетті дегендер де қателеседі! Бұл қазақтың мына жаңа заман тұрғанда мәңгілік алға қояр АРМАНЫ болып қалатынына менің еш күманым жоқ! “Тауларды аласартпай Даланы биіктету” жайлы Олжас оғланның жырындағыдай,республикада тұратын өзге ұлт өкілдерінің біріне тосқауыл болмай-ақ,бұл идеяға қазақ халқының Ұлтжанды ұрпағы әлі соғатыны сөзсіз!!! Кезіндегі біздің де АРМАН сол болатын! 25 жылыңмен,таза ҰЛТЖАНДЫ ЖОБА! Намысы бар халық саған әлі-ақ оралады!24775018_1871759116467510_207004061818956709_n

Суретте: Клубты құрушы Несіп Жүнісбайұлы Айдар Күмісбеков, Нұрбол Жұмасқалиев,Əлібек Бөлешов, Диас Кемаловтермен бірге Азия Ойындарында!

Несип Жунусбаевтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қытайдағы экономикалық крезис

      Қытай экономикасының тарихы Біздің ерамыздың 138жылы Қытай елшісі жаң циан батыста ферғанаға дейін келіп қайтады.Бұл кезде Қытайдың Хань империясымен көшпенді Ғұн империясының арасында бітпес соғыстар етек алған болатын.Бұл соғыста тек қана жер територия таласы ғана емес үлкен экономикалық мүдделерде жатқаны анық,олай дейтініміз ол заманда Қытай халқы негізі егіншілікпен қосымша тоқымашылық,аздап қолонеркасыппен айналысты.Басты өндіріс өнімі саналатын фарфор мен жібекті сату үшін ұлкен базар керек еді.Хан уди патшаның тұсына дейінгі империяторлар тұсына дейін халықтан тек1/30 салық жиналып тұрдыда халықтың әл -аухаты жақсарды,бұны сол кездегі деректерде:«дала мыңғырған малға ,қамбалар астыққа толып,қазына алтын,күміс ақшаларға толып кетті,тіпті санын алудың өзі мүмкін емес еді»деген деректен көруге болады.Хань патшалығы алғаш құрылған кездері Ғұндардан ойсырай жеңіліп жылына

  • Алаш астанасының үкімет ғимараттары

    Орынборда 1917 жылы желтоқсанның 5-і мен 13-інің аралығында өткен Екінші Жалпықазақ құрылтайының қаулысында Семей қаласы Алаш аутономиясының астанасы, Алаш Орда халық кеңесінің орнатылатын жері болып жарияланды. Нақты айтқанда, Алаш үкіметінің ғимараттары Ертістің сол жағасындағы Жаңа Семейде орналасқан. Жаңа Семейді ол кезде орысша Заречная слобода деп атаған, ал қазақша халық оны аталмыш тарихи оқиғаларына байланысты Алаш қаласы деп жүрген. Сол кездегі Жаңа Семей Тінібай, Тарақты және Жоламан қалашықтарынан құрастырылған еді. Ал Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романының екінші томында Бер жақ, Бас жатақ деген атаулары да кездеседі.         Ресей империясының заманында Семей ірі бір аймақтың әкімшілік орталығыеді, Семей қаласына қазіргі Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары, Қарағанды облысының бір шеті қараған. Сонымен қатар, қала ірі

  • СӘТБАЕВ НЕГЕ ҚУҒЫНДАЛДЫ?

           Қазақ жеріндегі ұлттық Ғылым академиясын құру идеясы Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан уақытта пайда болған еді. Көрнекті ғалым соғыстың қиыншылығына мойынсұнбай, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыру ісін табанды түрде қолға алды. Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы республикамыздың ғылыми тұрғыда дәлелді шешімдерін тұжырымдауға, ел экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің өркендеуіне үлкен мүмкіндіктер ашты. Ғылым академиясының құрамына зерттеу институттары, кітапханалар мен мұражайлар, лабораториялар, сонымен бірге базалар мен филиалдар қарайды, сондай-ақ, бұл мекемелердегі тиісті салаларды жоғары білімді мамандар және қызметкерлермен қамтамасыз етеді.        Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылғаннан кейін дербес ғылым салаларында зерттеу институттарының ашылуы етек ала бастайды. Қоғамдық және жаратылыстану ғылым салаларында көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының ашылуы, олардың дамуына

  • Християн Миссионерлерінің Қашқариядағы Іздері

    Eldeç Orda Шамамен он жылдың алдында Үрімжіде, Құлжада xристиян дінін уағыздайтын ұйымдар бар екен, ұйымға қазақтарда қатысып жүр екен деп естіген едім. Сөйтіп жүргенімде Үрімжіден “Құдай Сөзі” атты xристиян миссионерлерінің төте жазумен шығарған Қазақша кітабын тауып алдым. Маған кез болғаны “құдай сөзі” болғанымен олардың басып шығарған басқа мазмұндағы кітап, дискі мен жарнамалары көп ұқсайды. Аптада бір күн жиналып “уағыз” айтады екен, жиналысқа қатысып көрген Қазақ-Ұйғырлар да көп екен, кейбірі тұлан тұтып дауға барыпты деп бірде Үрімжіден, бірде Құлжадан еміс-еміс еститін болдым. Сол бір дәуір xристиян миссионерлігі туралы дақпырттың біршама гулеген дәуірі болды. Сондағы естіген әңгімелерімді теріп жазу мүмкін емес. Өте көп… Жалпы, xристиян миссионерлерінің Ұйғыр-Қазаққа “ауыз салуы” бұл жолы ғана

  • Газетте қытай қазақтарының 1950-54 жж арасындағы күрделі саяси кезеңі бұғып жатыр…

    Eldeç Orda 1950-1951 жылдар қытай қазақтары үшін өте қым-қуыт жыл болды. Оспан-Жанымқан ұсталып артынан атылды, Оразбай әкім бастаған (Құтыби әкімі) Құтыби-Манас-Санжы көтерілісі бастықтырылды, қорғаныс саласының меңгерушісі Закәрия бас қолбасшы Уаң Жінмен ерегесіп мерт болды, Сауан-Үрімжі қазақтары Қалибек-Тәкіман мен Қамзаға ілесіп көкілікті асып, Тибетті басып жеті реткі қоршауды бұзып Кашмирге тақады, Манас бойындағы Шарқи Түркістанның қазақ әскерлері азаматтық соғыс бастап соңы Іледе жалғасып сәтсіз көтеріліс кесірінен Қарашәрі асып Пәкістан, Ауғаныстан аспақ болғанда коммунист армия жағынан қоршауда қап дерліктей жойылады. Өлкелік үкіметтің орынбасар xатшысы Сәліс Әмірелер Тибетте қастандықпен өлтірілді. Сіздерге әр оқиғаның басын бір шалып жылт-жылт шолып өтіп отырғаныммен жалпы ол дәуірдегі Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік xал-аxуалы өте күрделі болды. Үйекке жіктеліп

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: