|  |  | 

Мәдениет Шоу-бизнис

Айтайын дегенім…

0101-300x220

Күршім ауданы жұртшылығы үшін бүгінде үлкен мерекеге  айналған  айтулы шара –өмірден ерте озған дарынды сазгер жерлесіміз Оралхан Көшеровтің творчествосына арналған, екі жылда бір өтіп келе жатқан «Оралхан көктемі» атты ән конкурсы. Бастабында аудандық деңгейде өткенімен, келе-келе ұйымдастырушылар  мен меценаттардың үлкен еңбектерінің арқасында  алдымен облыстық, соңынан республикалық масштабтағы ән байқауларының біріне айнала бастаған «Оралхан көктеміне» биыл «фестиваль» мәртебесі беріліп, өз еліміздің әншілерінен басқа, Қытай, Ресей, Моңғолия үміткерлері қызығушылық танытып отырған сыңайлы.Артына елу шақты ән қалдырған, бергенінен берері көп шағында бақилық болған Оралхан марқұмның  ән-ғұмыры осылай жалғасып келе жатқаны-оның тыңдармандары үшін көңілге медеу,қуаныш әкелсе, екінші жағынан талай әншінің бағын ашқан дүбірлі дода болғаны күршімдіктердің көңілінде орынды мақтаныш туғызады.Біздің көп ретте осындай игілікті іс қалай дүниеге келді, оның бастауына ықпал еткен кім, оны кімдер жүзеге асырды деген сұрақтарға енжар қарайтынымыз бар. Ал, шындығында, кешегі шаруа-бү гінгі тарих. Сонанда, ерен еңбектерімен ел есінде қалатын біртуар азаматтар жайлы кейінгі буынға жеткізіп отыру-ұрпақтар сабақтастығының бір парасы болар. Осы мақсатта «Оралхан көктеміне» қатысты өзім куә болған бір жәйтті әңгімелеп беруді жөн көрдім.

2003 жылы сәуір айының басында мені сол кездегі аудан әкімі Қ.Төлеубеков қабылдауына шақыртыпты. Ол кезде Күршім өндірістік-жол бөлімшесін басқарып жүргенмін.Көктемгі су тасқыны қаупі күшейіп тұрған мезгіл, жолдардың жайы да қай кездегідей, мәз емес.Әрине, басшы шақыртуына қуана қоймағаным рас-ты. Күткенімдей, Қонысбай Қойшыбайұлы әңгімені жұмыстан бастап,мені біраз тығырыққа тіреп терлетіп алған соң:

-Мақалаңызды оқыдым, маған ұнады,өте қажетті мәселені уақытында көтергенсіз.Мені бұрыннан  осы сұрақ мазалап жүрген-ді, енді бір шешімге  келгендеймін.-деді.

Мен, шыны керек,абдырап қалдым. Аудандық газетпен тығыз байланыста екенім рас, жазғандарымның редакцияда жатқандары да баршылық,оның қайсысы қажетті болғанын қайдан білейін?.. Әкім бетіме бажайлап қарап, менің ештеңе ұқпағанымды байқады-ау деймін, сөзін әрі жалғады:

-Мен Абай ауданында әкім боп тұрғанымда, марқұм Жәнібек Кәрменовті есте қалдыру мақсатында, «Жәнібектің көктемі.., жазы.., күзі..,қысы…»-деп жылдың төрт кезеңінде Жәкең орындаған Арқа әндерінің байқауын өткізіп тұрдым. Жұртшылықтың да,әншілердің де ынтасы керемет болды, өкінішке орай, менен кейін бұл үрдіс жалғасын таппады-Біраз  уақыт столға тесіліп отырды да кенет орнынан атып тұрды-Мен Оралханға да сондай байқау жасаймын. Әлі шешкем  жоқ қалай аталатынын, бірақ, көріңіз де тұрыңыз, осы жоба жүзеге асады. Ал, Сізге менің ойымды дөп басқан мақалаңыз үшін көп рахмет!-Жылдам басып кеп маған қолын берді…

Мен кабинеттен шыққан соң барып, өткен жылдың аяғына таман өзімнің Оралхан Көшеров туралы мақала жазғанымды, оның әлдебір себептермен жарты жылдай уақыт жарияланбағанын, ал, Қонысбай Қойшыбайұлының жаңағы айтып отырғаны, өзім әлі көрмеген сол мақала екенін ұққандай болдым. Шынында, оны жазуға себеп болғаны-сол кезде  Ошан жарықтықтың аты ұмытыла бастаған сыңайлы еді, бірер рет оны еске алу кештері өткізілгенімен, одан әріге тереңдей қоймаған  шақ болатын. Мен өз өремде оқушылар мен көркемөнерпаздардың  аудандық байқауларында О. Көшеровтің әндері айтылса, мектептерде оның творчествосына арналған факультативтер өткізілсе.., т.с.с. ұсақ ұсыныстар айтқанмын-ды. Және менің ойым-менің жазғанымды кейбір оқырмандар қолдап өз ұсыныстарын жарияласа, сөйтіп көпшілік арасында резонанс туса, ол жоғарғы билікке жетсе, содан әлдебір шаралар жүзеге асса деген шамада еді…  Ал, мақалаға елдің алдымен аудан әкімі үн қатады, ол мынандай үлкен шараны жобалайды деген ой менде болған емес. Шынын айтқанда, онша сеніңкіремегенім де рас.

…Кейіннен білсем, бұл мақаланы «Рауанның» жауапты хатшысы Кәдірбек Айдарханұлы  Оралханның туған күніне орайлап өткен жылдан биылғы сәуір айына дейін ұстап келген екен. Ал, газетті бірінші болып Қонысбай Қойшыбайұлы оқиды екен. Мені қайран қалдырғаны-бұл адамның өте шапшаң шешім қабылдайтындығы болды. Оны айтып отырғаным-бұл әңгіме таңертеңгілік жұмыс басталғаннан кейін болған-ды. Сол күні түстен кейінгі әкімдіктің кеңейтілген отырысында алдағы мамырдың ортасында «Оралхан көктемі» атты ән байқауы өтетіні, соған әр ауылдық округтен  екі әншіден сазгердің әндерін дайындауын бақылауға алу тапсырылды…

Бұрынғыдан жеткен «Жүйрікте де жүйрік бар-қазанаты бір басқа, жігітте де жігіт бар-азаматы бір басқа»-атты аталы сөз кезінде  Мақаншы,Абай, Күршім аудандарының әкімі, облыстық жер қатынастары басқармасы мен ауылшаруашылық басқармасының басшысы болған Қонысбай Қойшыбайұлы Төлеубеков сынды,  бірегей жандарға арналған сияқты.Оның тек қана Жәнібек Кәрменов, Оралхан Көшеров сияқты таланттардың рухын халық көңілінде жаңғыртып, олардың  айшықты өнерін ғұмырлы еткен осы еңбегінің өзі ғана қай мақтауға лайық-ау…

 

Құмарбек  ҚАЛИЕВ

Күршім ауылы

kerey.kz

Related Articles

  • Назарбаев енді апострофты әліпбидің жаңа нұсқасын бекітті

    Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 19 ақпандағы қаулысына сай ұсынылған латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы. Сурет Ақорданың ресми сайтындағы қаулыға тіркелген қосамшадан алынды. 20 ақпан 2018 жыл. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің кезекті рет жаңа нұсқасын бекітті. Ақорда баспасөз қызметінің 20 ақпан күні хабарлауынша, Назарбаев 19 ақпанда 2017 жылдың 26 қазанында шығарған «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлығына өзгеріс енгізу туралы қаулы қабылдаған. Ол қаулыда бұған дейін бекітілген латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне аздаған өзгеріс енгізілген. Бұған дейінгі нұсқа бойынша, қазақ тіліне тән кейбір дыбыстар және тағы бірнеше әріп апастрофпен (дәйекше) белгіленген еді. Соңғы нұсқадағы әліпби де негізінен апострофты әліпбиге ұқсас

  • Бүгін – Литваның тәуелсіздік күні екен

    Бүгін – Литваның тәуелсіздік күні екен. Бірде Стамбул әуежайында литвалық бір қыз жол сұрап, танысып қалдық. Норман Дэвистен оқып алған бір факт сарт етіп есіме түсті. “Литва тілі Батыстағы ең көне үнді-еуропалық тіл екен, “сәуле” деген сөз сақталып қалыпты ғой?” десем, “Иә, Сәуле (Saule) – Күн құдайы” дейді. “Ендеше ол ең көне үнді-еуропа сөзі түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде де бар” деп едім, таң-тамаша болды. “Аталарымыз: “Литва ілкіде қуатты ел болған, бір шетіміз Балтық болса, екінші шетіміз Қара теңізге жеткен” деп айтушы еді” деп қалды. “Бәлкім сол заманда “сәуле” сөзін қазақтар бізден алған шығар” демеді. Бірақ ол ойды көзінен оқып қойдым. Дереу қорғану тактикасына көшіп, “Сәуле” сөзі қазақша сақталып

  • М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жаңа басшысы тағайындалды

    12 ақпан, 2018. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен танымал қазақстандық режиссер Асхат Маемиров М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директоры болып тағайындалды. Асхат Маемиров – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы (PhD), «Болашақ» Президент стипендиясының иегері. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын драма театр режиссері мамандығы бойынша аяқтаған. 2008 жылы Францияның танымал Université Sorbonne Nouvelle Paris 3 университетінде білім алып, Драма өнерінің Париж ұлттық консерваториясында тағылымдамадан өткен болатын. 2010 жылы Ресей театр өнер академиясында (ГИТИС) театр өнері магистрі дәрежесін қорғады. Еңбек жолын Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында режиссер болып бастады. Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжінде «Актерлік өнер» бөлімінің меңгерушісі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының

  • Текес ауданының қала құрлысын “ШАҢЫРАҚ” формасында жобалап ұсыныс жасаған Әлімжан Ақалақшы.

    Жалпы Шығыс Түркістан қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне дейінгі (1939-1944жж арасы) мәдени, әдеби, экономикалық һәм ағартушылық тариxы ғылми тұрғыда зерттелмей келеді. Бір xалық үшін қолына қару алып жанын шүперекке түйіп, басын қауіпке тігу- сол xалық шыдамының ең соңғы талғамы деп есептеймін, оған дейін ол xалық руxани, мәдени һәм әлеуметтік жаңғырумен тіресіп бағады. Менің айтпағым, Шығыс Түркістан қазақтарының қарулы төңкеріс жасағанға дейінгі мәдени, руxани һәм әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы туралы болмақ.  20-жылдардың басы үлкен руxани жаңғырудың бастауы саналды. Әлемдік деңгейде жүріліп жатқан мәдени толқуларды күні бұртын сезініп өз xалқын байырғының қараңқы қапталында ұйықтап, ұялап қалмасын деп шамшыраққа, жарық көкжиекке сүйреген көсемдер пайда бола бастады. Сондай жаңалықтың шағын мысалына бүгін тоқталмақпын. Алтайда, Үрімжіде, Құлжада, Шәуешекте қазақтар

  • “Астана” – “Вильярреал” 2:3

    Стоилов өзімен бірге қартайып бара жатқан командасына екі нәрсені әлі үйрете алмай келеді. Бірінші, доптан айырылмай қатарынан төрт мәрте пастасу (ең құрығанда алаңның өз жартысында). Екінші, командадағы еуропалық деңгейде ойнайтын екі шебер – Твумаси мен Кабанангаға дер кезінде доп асыру. Испанияның тәуір командасымен тартысты матч өткізді деп мақтауға, тоқмейілсіп отыра беруге болар еді. Бірақ алдағы трансфер маусымында қос мергенді Еуропа клубтары қағып әкеткесін не болмақ? Олардың да заманы өтіп барады, дұрысырақ алаңда доп тепкілері келеді. Ал қалған өкпесі өшкен, физикасы отырған, тек төрешімен тәжікелесуді қатыратын, дені Балқан түбегінен жиналған “астаналықтар” жасанды алаңдарында не нәтижеге қол жеткізбек? Ішкі чемпионатты күшейтпей тұрып, балалар мен жасөспірімдер футболына жағдай жасамай жатып, бюджеттің ақшасын шашып,

1 пікір

  1. көзкөрген

    Күршім ауылының шетінде жол бойында жайқалып тұрған тал-теректі Юбилейный мөлтек ауданының тұрғындары “Қонысбай тоғай”-деп атайды.Оны осыдан он бес жылдай бұрын сол кездегі аудан әкімі Қонысбай Қойшыбайұлы Төлеубеков сенбілік жасап ектірген. Ісі тұлғасына сай кесек адам ғой ол, қайда жүрсе де!

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: