|  | 

Әдеби әлем

“Жирен шашты әйел” туралы бір сөз


Осы уикенд (сенбі-жексенбі) іс арасында Қарабұлақтан әжем беріп жіберген сықпа құртты сорып отырып һәм Астанадан бір досым әкеп берген шоколад жаққан кесек жентпен шай сораптап отырып, Орхан Памуктың “Жирен шашты әйел” романын оқып шықтым. Дәлірек айтқанда Экин Оклаптың ағылшынға қотарған тәржімесін. Көз сүрінетін кедір-бұдыры жоқ, тез оқылатын шағын шығарма. Берісі Түркия, арысы адамзат баласына белгілі әкелер мен балалар арасындағы күрделі қарым-қатынасты сипаттайтын әлеуметтік роман. Үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – солшыл саяси көзқарасты, оппозицияшыл белсенді әкесі тастап кетіп, жалғыз шешесі ер жеткізген бозбаланың 1980 жылдардың ортасында колледж ақысын табу үшін құдық қазушы шебердің көмекшісі болып Стамбулдың шетіндегі шағын станцияның маңында бір ай еңбек етуі. Әкесінің махаббатына қанбай өскен балаң табиғаттың құдықшының қамқорлығына бір еріп, қатаңдығына бір қорлануы. Сол станцияға келген көшпелі театрдың өзінен 16 жас үлкен жирен шашты актрисасына ғашық болып, бір-ақ түн көңіл қосуы. Ғашық дерті меңдеп, алғаш көрген махаббат пен алғаш татқан арақтан көзі тұманданып жүріп, 25 метр шыңыраудың түбінде су шығара алмай жер қазып жатқан құдықшының үстіне топырақ шығаратын үлкен шелекті байқаусызда түсіріп алып, мертіккен шеберге жәрдем етуге жарамай бас сауғалай Стамбулға қашып кетуі. Екінші бөлім – бас кейіпкердің өмір бойы “әкемдей адамды өлтірдім” деген ой мен “қай күні полиция ұстап әкетеді” деген қайғы жанын жегідей жеп жүріп, мықты геолог-инженерге кейін ірі жер иеленуші һәм құрылыс компаниясының басшысына айналуы. Үйленген жарының бедеу болып, баласыз қалуы. Жанына жұбанышты өнерден табуға тырысуы. Әкесін өлтірген бала мен баласын өлтірген әке туралы, әсіресе өзі білмей әкесін өлтіріп, анасына үйленген Эдип патша туралы көне мифтердің көркемсуретке айналған нұсқаларын жинап жүріп, жирен шашты әйелдің кезінде туған әкесімен ашына болғанын білуі. Құдықшының жирен шашты әйел көмектесіп тірі қалғанын, майып болса да, шыңыраудан су шығарғанын, туған қаласы әулие тұтып, қартайып қайтыс болғанын анықтауы. Жаны жай таппай 30 жылдан соң адам танымастай өзгерген станцияға қайта баруы. Әлгі әйел тапқан жалғыз ұлдың өз перзенті болып шығуы һәм дәл сол ызалы жігіттің қолынан құдық басында қаза табуы. Үшінші бөлім – жирен шашты әйелдің өз тағдыры туралы баяны һәм бас кейіпкер өлген соң не болғанын тарқатып айтуы. Шашының жасанды түсінен бастап ұлының шынайы мінезіне дейін сипаттауы. Бірінші және екінші бөлім бас кейіпкердің атынан, бірінші жақтан жазылған. Фабуласы мен құрылымынан таң қаларлық ештеңе таппадым. Біріншіден, автор әсіре схематизмге әдейі ұрынған сияқты. “Әкесіндей адамды өлтіріп, күнәсінен қашқан” бозбаланың күндердің бір күнінде өзі де “перзентінің қолынан қаза табатыны” бірден аңғарылады. Екіншіден, (гәп түпнұсқада ма, я ағылшынша аудармада ма білмедім) жирен шашты әйелдің түр-тұлғасын: көз тартқан көркемдігін, қанық бояулы образы мен портретін көре алмадым. Үшіншіден, қазіргі Ultra HD сапалы анимациялық фильмдердегі кейіпкердің терісіндегі түгіне дейін көргісі келетін талғампаз аудитория өкілі сияқты заманауи кітап нарқының оқырманы ретінде құдықшы кәсібі мен жылжымайтын мүлік саласындағы детальдарды және сонымен байланысты қандай да бір ұтымды параллелизмдерді ашқарақтана іздеп таба алмадым. Тым жалпылама түрде суреттеліпті. Орташа тұтынушы арасында кеңірек тарап, аз уақытта көбірек қаржы түсіруші, ірі шығарманың алдындағы дайындық кезеңіне жағдай жасаушы “тіскебасар” жоба ретінде қабылдадым. Бірақ сөйте тұра Орхан Памуктың мынадай ортақол дүниесінің өзі түрік қоғамында соңғы 30 жылда болған қаншама әлеуметтік өзгерістен хабар беретінін байқап, шынайылығына еріксіз тамсандым. Ойдан шығарылған кейіпкерлер мен оқиғалар оқырман ойындағы шынайы естеліктерді тірілтіп жіберсе ғана ол жазба – көркем әдебиет. Бір-ақ жайтқа қарным ашыңқырап қалды. Памук заманауи ұлдардың “әкесін, я оның орнын басатын адам іздеуін” аксиома сияқты көрсетеді. Негізі 21-ғасырдағы отбасы институты (іштей мойындамасақ та) орасан зор өзгеріске ұшырап үлгерді. Тура және ауыспалы мағынасында әкесіз өсіп жатқан һәм “әке” тұлғасын іздемейтін перзенттер баяғыда шындыққа айналған, және бұл әлеуметтік категорияның қай тарапта болсын қарасы қалыңдап барады. Бәлкім бұл – келесі бір романның тақырыбы шығар.

Galym Bokash facebook парақшасынан алынды

 

 

Related Articles

  • «Сендер семіре тұрыңдар» (мысал)

    Жұмат ӘНЕСҰЛЫ (КҮЛДІР- ДҮЛДІР , Жұматтың әзіл қалжыңдары, мысалдар) «Сендер семіре тұрыңдар» (мысал) Ымырт түсе бастаған кез. Бір жерге сары шегіртке, далашегіртке, қоңыршегіртке, қалашегіртке, бидайшегіртке, шөпшегіртке бас қосып, әңгіме шертісіп отырыпты. Сол кезде қастарына қараторғай келіп қонады. Сол кезде шегірткелер қорқып кетіп, ұшып кетейін деп жатқанда Қараторғай “Қорықпаңдар! Мен сендерге жақсы пиғылмен келдім. Араларыңда домбыра тартатын, ұйқас құрай алатындарың бар ма?” -деп сұрайды. Шегірткелердің көңілдері орнына түсіп, арасынан бір ересегі: “Енді керемет болмағанмен қамысты шертіп, ән айтамыз, сосын ұйқас құрудегенде бізге жат емес”- депті.Қараторғай: “Онда тамаша! Сендердің араларыңда Айтыс ұйымдастырамыз! Бірінші орынға10-мың Биткоин!Екінші, үшінші орындарға да бәйгеміз жаман емес! Шегірткелер шексіз қуанып:, “Біз бұрын айтысып көрген жоқпыз, сол жағы қалай

  • Нұр Аға

    Ассалаумағалейкум қалың елім қазағым менің ,тұңғыш президент кұні құтты болсын ! Елміз аман ,жұртымыз тыныш болсын ,тәуелсіздігіміз маңгілік болсын , егемен еліміздің тұңғыш президентіні Елбасымыз Нұрсолтан Назарбаев ағамызға зор денсаулық ,ұзақ ғұмыр тілейміз! Ел тұтқасы менің Нұрлы ағам -ай,Қате демен халық айтқан бағаны-ай.Өз ағамды ала алмасам ағалай-Басқа ағаны ала алмаспын жағалай.Атбегілер жақсы білсе Ат сынын,Халық білер әр қадамын басшының.Менің дағы азаматтық парызым,Жақсылығын бетіне айту жақсының.Қас қырандай биік құзға өрлеп тың,Тебінгіңді Елің үшін терлеттің.Дана болып жүз отыз алты үлытты,Бейбіт өмір бесігінде тербеттің.Ел өмірін болжап қарап алыс тым,Жолын жасап алс,келіс ,барыстың.Екі алыптың ортасында тұрып -ақ, Тілын таптың Ресей,Қытай,Ақш-тың .Кейбір елдер күнін көріп әреңге-Жатқан кезде, біздің халық әр елде-Қдырып жұр Сайран құрып салдардай,Қазақ атын

  • Бақытқа бөлеген бесік

      Бақытқа бөлеген бесік (ертегі) Көне заманда бір қазақ ұстасы бесік ойлап тауыпты. Бесік жасаймын деген ой оған қажеттіліктен туыпты. Қазақтар мал бағып, көшпелі халық атаныпты. Біздің ата-бабаларымыз көктемде – көктеуге, жазда – жайлауға, күзде – күзеуге, ал қыста қыстауда қыстайды екен. Кейін ағаш шеберлері бесікті қарағай, қайың, талдан иіп жасапты. Нәрестені бөлеуге арналған бұл төсек жеңіл, ықшамды, көшіп- қонуға ыңғайлы болыпты. Сәби бесікте жатқанда таза жатып, алаңсыз ұйықтайды екен. Бесік нәрестені маса, шыбын-шіркей, жел, шаң-тозаң, күннің көзі мен суықтан қорғапты. Күндердің бір күнінде қазақ жерінде аспанмен тілдескен, бастары бұлтқа тиген үлкен қалалар пайда болыпты. Бұл кезде адамдар бесікті қолданбай, балаларға жеке бөлмеге төсек салып беріпті. Олар бесікті ескінің көзі,

  • ҮРКІН

    Сөз басы. Қарттарды аңсау Көзінің құйрығында әжім күліп, Сайратқан қызыл тілді бабын біліп. Жиналып кешкіғұрым төбешікке, Қариялар қылатын әзілді ілік. Аса зілсіз… тек қуып, «алалаған» Болмаса да кінамсыз дара бабаң. Ебін тауып құрдасын еңбектетсе, Қыбы қанып сақалын салаған. Ұрпақ үшін қаракет қам бағары, Оған уайым жаңбырдың тамбағаны. Күрең шайды сораптап сөз қозғаса, Көкірегіңнің көзіне шам жанады. Азаматты ардақтар арыс атын, Қариялар – «қара орман», тоғыс ақыл. Қалт-құлт етіп сүйеніп асасына, Жиын-тойда шұрқырап табысатын. Бұрынғының қарттары-ай сырма шапан, Саңы ауса саяқсып қырға тартар. Басында тақиясы, тұмағы жоқ Бүгінгінің шалдары қырма сақал. Самайынан суыртпақ қылау ұрлап, Сайқал заман тұманыт, тұмау ұрған. Керегенің басында «күні өткен», Айналып кетпеймін бе, тұмағыңнан? Отқа қақтап, дәуірдің

  • Генна батыр

    Ш.Бөкеев (Батыр ұлымыз Геннади Головкинге )Жұгері бидай болмас ақтағанмен,Жабыдан жүйірік шықпас баптағанмен.Біздің Гена жеңімпаз әрқашанда,Жұрыт жабылып Канелоны мақтағанмен.Кім айтат батыр ұлды жеңілді деп,(Түсірмен оған бола көңілді көп).Жеңу мен жеңіліс егіз ұғым,Тұсынбейік жеңіс деп өмірді тек.Сүрінеді тұлпар да тұяғынан,Қырқылады қыран да қяғынан.Өмір жолы тұрмайыт тек сый алудан,Ғалымдар да жаңылат қиялынан.Барын салды аянып қалмады ол,Ақыйқтай алысты шарлады ол.Төрешілер қайырды қанаттарын,Параменен жабылып алдағы жол.Демеймін батыр ұлға сорың қалың,(Кедергілер болып жұр жолыңда мың).Аққа Құдай жақ болар қашандағы,Тұбындағы жеңесің соның бәрін.Жасадың үлкен айқас білек сынар,(Әділетсіздікке қайтып бұл жүрек шыдар).Бір сәтсіздік бір сабақ,жеңіс алда,Қолдайтын қалың елің ,тілекшің бар.Біз мақтан тұтатұғын Генна батыр ,(Қасқайып ,қайыраттанып келе жатыр ).Бұйрса Алла 3-жекпе-жекте,Канелоға орнатарсың заман ақыр.16.09.2018 Kerey.kz

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: