|  |  | 

Жаңалықтар Саясат

СІМ Қытай қазақтарының ісіне “араласа алмайды”


Ардақ Мәдиев, Қазақстан сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаментінің директоры. Астана, 14 желтоқсан 2017 жыл.

Ардақ Мәдиев, Қазақстан сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаментінің директоры. Астана, 14 желтоқсан 2017 жыл.

Желтоқсанның 14-інде Қазақстанның сыртқы істері министрлігі Астанада өткен баспасөз жиынында Қытайдан көшіп келген, Қазақстан азаматтығын алған этникалық қазақтардың “туыстарымыз Қытайда негізсіз қылмыстық қудалауға ұшырап жатыр” деген шағымына байланысты жауап берді. СІМ-нің консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиевтің айтуынша, Қазақстан билігінен көмек сұраған репатриант қазақтардың шағымдары министрлікке түскен.

- Оларда проблема жоқ емес, бар. Жағдайды бақылап отырмыз. Мұнымен қоса әңгіме өзге мемлекеттің қарамағындағы басқа елдің азаматтары туралы екенін түсіну керек. Барлық мәселені келісе отырып шешу қажет және ондай жұмысты атқарып отырмыз. Қытай халық республикасымен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Бірақ Вена конвенциясына сәйкес өзге елдің юрисдикциясына араласа алмаймыз, – деді Ардақ Мәдиев.

Желтоқсанның 7-сінде Астанада Қазақстан азаматтығын алған бір топ репатриант Қазақстан билігінен Қытайдағы қазақтардың жағдайына араласуды сұраған. Олар Қытай үкіметі Қазақстан азаматтығын алған қазақтарды “туыстарына қысым жасау арқылы Қытайға келіп, тіркеуін өшіртуге мәжбүрлеп жатқанын” айтқан.

Қытайдағы қазақтардың қысым көретіні туралы шағым бірінші рет айтылып жатқан жоқ.

Бұл мәселе биыл маусымда Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында көтерілген.omirhn

Германия қазағы Өмірхан Алтын

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Тоқаев: Билік халықтың талабын естіді, жұмыс істейміз

    Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау күні дауыс берген сәт. Нұр-Сұлтан, 9 маусым 2019 жыл. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews телеарнасына берген сұхбатында елдегі митингілер мен халықтың талабы жайлы айтты. Оның сөзінше, билік наразылыққа шыққандардың талабына қатысты жұмыс жасап жатыр. “Наразылар әлеуметтік мәселелер бойынша талаптар қойды. Мәселелер барын жоққа шығармаймын. Халық кедейленді. Олар биліктен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді талап етеді. Билік естіді. Жұмыс істейміз” деді ол. Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі сайлау әділ өтті деп санайды. “Әрине, олар (сайлау әділ емес деп наразылыққа шыққандар – ред.) босатылады. Олар сайлау әділ өтпеді деп ойлайды. Ал менің ойымша, сайлау жалпы әділ өтті” деді Қазақстан президенті телеарнаға. Тоқаев Euronews арнасына берген сұхбатында митинг кезінде кездейсоқ ұсталғандардан кешірім сұрады. Қазақстан басшысы ұсталғандар

  • Досым Сәтпаев: “Ескі кадрлармен жүйені жаңарту мүмкін емес”

    Пётр ТРОЦЕНКО Саясаттанушы Досым Сәтпаев. Алматы, 5 маусым 2019 жыл. Тәуекелді бағалау тобының жетекшісі Досым Сәтпаев Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанда сайлауалды насихаттың қалай өткені және жаңа президентті ішкі және сыртқы саясатта қандай сынақ күтіп тұрғаны туралы айтты. Азаттық: Қазақстандағы сайлауалды насихаты түрліше бағаланып жатыр. Бір жақ бәсеке мен саяси балама бар дейді. ЕҚЫҰ миссиясы бастаған екінші жақ сайлауалды насихатын сүреңсіз, азын-аулақ ұран мен билбордтан аспайтын науқан деп сипаттайды. Бұл сайлауалды насихатын тартысты бәсеке деуге келе ме? Досым Сәтпаев: Бұл сайлау бақылау тізгінін уысынан шығармаған бірінші президенттің (Нұрсұлтан Назарбаев – ред.) билікті мұрагерге тапсыру процесін заңдастыру әрекеті екенін негізге алу керек. Сондықтан сайлау ойыншылардың бәрі өздеріне берілген рөлі мен орнын жақсы білетін спектакльге

  • Қастандықпен өлтірілген белсенді Ғалы Бақтыбаевтың ауылы

    Елена ВЕБЕР Ғалы Бақтыбаевтың туыстары белсенді атып өлтірілген үйдің алдында отыр. Қарағанды облысы, Атасу ауылы, 1 маусым 2019 жыл. Атасу ауылы тұрғындарын қоғам белсендісі Ғалы Бақтыбаевтың қатыгездікпен өлтірілуі шошытты. Жергілікті жұрт марқұмды “батыл, шыншыл” әрі “ауыл тұрғындарының мәселесі жайлы жиі шағым жазатын адам еді” деп еске алады. Азаттық тілшісі Атасуда болып, белсендінің туыстары және ауылдастарымен сөйлесіп қайтты. АТАСУ ТҰРҒЫНДАРЫН ДҮРЛІКТІРГЕН ОҚИҒА Қарағандыдан екі жүз шақырым жерде орналасқан Атасу ауылында 14 мыңнан астам адам тұрады. Азаттық тілшісіне мамырдың 28-іне қараған түні осы ауылда атып өлтірілген жергілікті белсенді Ғалы Бақтыбаев тұрған үйді бірден табу мүмкін болмады. Көшеде кездескен адамдар белсендінің үйіне қалай баруға болатынын түсіндіре алмағанымен, Ғалы Бақтыбаевты жақсы білетінін, оның ауылдастарына

  • Тоқаев: “Жер шетелдіктерге сатылмайды”

    Қостанай облысы  Жер туралы ойын Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен кездесуінде айтты. – Басқа облыстардағыдай мұнда да белгілі бір мәселелер бар. Бірақ, Үкіметтің көмегімен бұл проблемаларды шешу жұмыстары күшейтіледі. Ал, жер мәселесіне келер болсақ, кім жұмыс істейді, жер соған тиесілі. Екіншіден, жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретінде түбегейлі ұстанымым, – деді Мемлекет басшысы. Кездесуге қатысушылар ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне мемлекеттік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

  • Марғұлан Сейсембаев: Сайлауды байкоттау арқылы сіздер ештеңе дәлелдей алмайсыздар

      Танымал бизнесмен, азаматтық белсенді Марғұлан Сейсембаев алда келе жатқан кезектен тыс президент сайлауына өзінің «Instagram» парақшасында талдау жасады. Көптеген адамдардың сұрақтарына жауап беру үшін және көптеген бос сөз бен өтіріктен тазалау үшін мен мына сайлау науқаны жөнінде кішігірім талдау жасадым. Сонымен, бізде төрт жол бар: 1. Дауысты Тоқаевқа беру. Онда сіздер барлығы қалыптасқан күйде қала бергенді таңдайсыңдар. Өйткені Тоқаев өзін Елбасының саясатын жалғастырушы ретінде көреді. Тоқаев пен Қосановтан басқа үміткерлер жәй қыдырып жүрген жандар, сондықтан оларды мүлдем қарастырмаймын. 2. Дауысты Қосановқа беру. Ол кісі туралы билік пен радикалды оппозиция әртүрлі сөз айтуда. Біреулер оны Ақорданікі дейді, біреулер оппозиция дейді. Сіздің бұл жөнінде білу керек нәрсеңіз, ол Қосановтың тұлғасы емес,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: