|  | 

Жаһан жаңалықтары

АҚШ Украинаға қорғаныс қаруын бермек


Танкіге қарсы қолданатын Javelin зымыраны.

Танкіге қарсы қолданатын Javelin зымыраны.

АҚШ Украинаға “егемендігі мен территориясының тұтастығын қорғауға және агрессияның өрістеуін тежеуге” көмектесу үшін қорғаныс мақсатындағы қару-жарақ береді. Бұл туралы Вашингтонда АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хизер Нойерт мәлімдеген.

Ол Украинаға көмек “тек қана қорғаныс сипатында” және АҚШ-тың Украинаның шығысындағы жанжалды Минск келісіміне сай реттеуге бейіл екені туралы айтқан.

Украинаға қару-жарақтың қандай түрі берілетінін Нойерт нақтылаған жоқ. Бұған дейін АВС телеарнасы АҚШ мемлекеттік департаментіндегі дерек көздеріне сілтеме жасап, Украинаға берілетін қару-жарақтың арасында танкіге қарсы қолданатын 210 Javelin зымыраны және 35 іске қосу қондырғысы бар деп хабарлаған. Әскери көмектің жалпы көлемі 47 миллион долларға бағаланады. АВС телеарнасының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға қару-жарақ беру туралы ұсынысын жақын уақытта Конгреске жолдамақ. Конгресс 30 күннің ішінде оны қарап, шешім қабылдайтын болады.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың кезінде Ақ үй әкімшілігі Украинаға Ресеймен жанжалда қолдау танытып, Қырым аннексиясы және Донбастағы қарулы қақтығыстарға байланысты Мәскеуге қарсы санкциялар енгізгенімен Киевке соғыс қаруларын бермеген еді.

Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Украинаға қару-жарақ беру “Донбастағы жағдайды өзгертпейтіні”, бірақ Ресейдің қолдауына сүйенетін сепаратистердің де “оларға проблема тудырып отырғандарға сезінетіндей” етіп “жанжалдың өзге аймақтарына” қару-жарақ тарата бастауына түрткі болуы мүмкін деп мәлімдеген. Алайда Путин нені меңзеп отырғаны туралы ашып айтпаған.

Желтоқсанның 23-іне қараған түні Украинаның шығысындағы жанжал аймағында “жаңа жылдық бітім” күшіне енуі тиіс болатын. Алайда қарсылас тараптар келісімді бұзып отыр деп бір-бірін айыптады.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

 

Tags

Related Articles

  • БАҚ: Сирияда Ресей базасы атқыланып, әскери ұшақтар қирады

    Сирияның Хмеймим әуе базасында тұрған ұшақтар мен әскери көлік. Сириядағы Ресейдің Хмеймим әуе базасында 31 желтоқсан күні минометтен атқылаудан кем дегенде жеті әскери ұшақ зақымданып, істен шыққан. Он шақты әскери қызметкер жараланған. Бұл туралы әскери және дипломатиялық ортадағы дереккөздеріне сілтеме жасаған ресейлік «Коммерсантъ» газеті хабарлады. Жараланғандардың сириялық, я ресейлік әскерилер екені айтылмайды. Ресей қорғаныс министрлігі әзірге бұл ақпаратқа комментарий бермеді. Басылым ақпаратына қарағанда, атқылаудан төрт Су-24 бомбалаушы ұшағы, екі Су-35С истребителі мен бір Ан-72 әскери жүк ұшағы істен шыққан. Базаны радикалдық исламшылдар атқылады деген болжам бар. Хмеймим базасы Сирия үкімет әскерінің тылында орналасқан. Ресейлік БАҚ пен ресми тұлғалар бұған дейін базаның 31 желтоқсан емес, 27 желтоқсан күні атқыланғанын хабарлаған. Ол

  • АҚШ НАТО-дағы одақтастарын Ресейге қысым жасауға шақырды

    “Батыс-2017″ әскери жаттығуы барысында ұшырылған Ресейдің “Искандер-М” зымыраны. Ленинград облысы, 18 қыркүйек 2017 жыл. АҚШ НАТО бойынша одақтастарына Ресейдің орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімді бұзып отыруы ықтимал екеніне дәлел ұсынған. Германиялық Der Spiegel басылымының жазуынша, АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис НАТО-ның ядролық жоспарлау жөніндегі тобының жабық отырысында солтүстікатлантикалық одаққа мүше елдерден Мәскеуді келісімді сақтауға мәжбүр ететін іс-қимыл жоспар әзірлеуін сұраған. Бұл жоспар 2018 жылы жазда өтетін НАТО саммитіне дейін дайын болуы тиіс деп жазады басылым. Қажет болған жағдайда НАТО Ресейге қарсы санкциялар енгізуге дайын болуы тиіс деп мәлімдеген Мэттис. Пентагон басшысы “егер НАТО бойынша әріптестерімен ортақ келісімге келе алмаса, онда АҚШ жеке іс-әрекет етуге әзір болады” деп

  • Өзі басқарған партия Мугабеге биліктен кетуге бір күн берді

    Зимбабве президенті Роберт Мугабе әскери және жай киімдегі адамдардың ортасында. Хараре, 17 қараша 2017 жыл. Зимбабвенің биліктегі “Зимбабвенің африкалық ұлттық одағы – Патриоттық майдан” партиясы Роберт Мугабеге ел президенті қызметінен өз еркімен кетуге дүйсенбіге дейін мұрсат беріп, әйтпесе оған импичмент жарияланатыны туралы ескерткен. Бұл туралы қауіпсіздік министрі Патрик Чинамасқа сілтеме жасап Reuters хабарлады. Ол жексенбіде билік партиясы арнайы отырысында Мугабені партия басшылығынан кетіргеннен кейін баспасөз мәслихатында сөйлеген. Британдық Daily Mail басылымы 93 жастағы Роберт Мугабенің өзін үйқамақта ұстауға наразылық білдіріп, аштық жариялағаны туралы хабарлады. Мугабенің отбасы мүшелерінің бірінің айтуынша, ол сенбіден бері ас ішуден бас тартып, “шындық үшін өлуге” бар екенін мәлімдеген. Мугабенің аштық жариялағаны туралы ақпаратты билік партиясының мүшелерінің бірі басылымға

  • Трамп Пхеньянға “төзімін сынай бермеуді” ескертті

    АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Корея парламентінде сөйлеп тұр. Сеул, 8 қараша 2017 жыл. АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынге АҚШ-тың “төзімділігімен ойнамауға” кеңес беріп, “әлем өзін ядролық қарумен қоқан-лоқы көсетіп отырған аластатылған режимнің қаупіне төзе алмайтынын” мәлімдеді. 8 қарашада Оңтүстік Корея парламентінде сөйлеге Трамп Пхеньян иеленгісі келіп отырған ядролық қару Солтүстік Кореяның қауіпсіздігін арттыра алмайтынын, керісінше ол елдің режиміне “үлкен қауіп тудыратынын” мәлімдеді. “Бізді жете бағалай алмай қалып жүрмеңдер және сынай бермеңдер” деді Трамп. Дегенмен ол Пхеньян егер баллистикалық зымыран жасауын тоқтатып, “ядролық әрекеттерін тоқтатуға және толық тексеруге келіссе” онда Солтүстік Кореяның болашағы жарқын болатынына уәде берді. Трамп 8 қараша күні таңертең ауа-райының қолайсыздығына байланысты

  • Ресей СІМ: Латын графикасына өту – Қазақстанның ішкі ісі

    Григорий Карасин, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары. Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин ресми Мәскеу Қазақстанның латын әліпбиіне көшу туралы шешіміне “байыппен қарайтынын және оны Қазақстанның ішкі мәселесі деп білетінін” мәлімдеді. Бұл жайында ол “Россия-24″ телеарнасына берген сұхбатында айтты. “Меніңше, бұл жағдайда біздің ұстанымымыз байсалды, түптеп келгенде, қай тілді қандай деңгейде қолдану – бұл Қазақстанның ішкі ісі” деді Карасин. Оның сөзіне қарағанда, жаңа әліпбиге көшуге қатысты жаңа жағдайға бейімделу біраз уақытты алады және айтарлықтай проблема туындамайды. Бұған дейін Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников та Мәскеу Қазақстанның қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру шешіміне “түсіністікпен және құрметпен қарайтынын” мәлімдеген. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 26 қазанда қазақ тілі әліпбиінің латын графикасындағы жаңа нұсқасын

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: