|  | 

Тарих

Қытай Қазақтарының ең алғашқы газеті

25550354_988529891310598_1754811626833841256_n

Қытай Қазақтарының ең алғашқы ақпарат баспасөз тариxы осы газеттен бастау алады. Газеттің аты- Іле Байxуа газеті (伊犁白话报). Газет 1910-жылдың сәуір айынан 1911-жылдың желтоқсан айына дейін бір жыл сегіз ай дамылсыз шығып тұрған. Газетті Іледегі төңкерісшіл алғабасар зиялылар шығарған. Газет- қытай жаңа жазба (白话) тілінің әдеби нормасы бойынша жарық көрген. Ұмытып барамын, газет қытай және Шағатай әдеби жазба тілмен шыққан (екі тілде). Газеттің шағатайша нұсқасы- ІЛЕ УАЛАЯТЫ ГАЗЕТІ деп аталған. Жеке қорымда газеттің 1910-11 жж аралығындағы төрт-бес парағы сақтаулы тұр(Шағатайша). Онда Іле уалаяты қазақтарының саяси, әлеуметтік түйткілдері сөз болған. ІЛЕ УАЛАЯТЫ ГАЗЕТін- қытай Қазақтарының ең алғашқы баспасөз тариxының бастауы деп кәміл айта аламыз. Газет 1912-жылдың басында Құлжа-Үрімжі арасындағы азаматтық соғысқа байланысты жабылған. Айтпақшы, бастапқы сурет- Іледегі Цин үкіметін аударып әскери төңкеріс жасаған алғабасарлар. Көбі Жапония мен ішкі қытайда оқыған.Eldeç Orda суреті.

Eldeç Orda

Related Articles

  • Қытайлар Ғұндарға 80 жыл бағынған

    Ғұндардың әскери мемілекетінің құрылуыБіздің заманымыздан бұрынғы 215 жылы Ғұндардың кошпенді-әскери мемлекеті құрылды. Ұлыстың қағаны Түмен болды. Түменнің Бақтұғ( Модон) атты тах мұрагері болды, Түмен оны тах мұрагерлігінен қағып көршілес Нүкүз(月氏)дерге аманатқа жіберді, артынан екі ел жауласқанда Нүкүз ханы Модонды өлтірмек болды, Модон Нүкүздердің бір жүйірік атын қолға түсірдіде ұстатпай Ғұндарға қашып келді. Түмен тәңірқұт оған түмен(10000) жасақты басқартты, Модон ысқырма жебені жасап шығып жасақтарына: «Мен жебені қалай атсам сендерде солай атасыңдар атпағандардың басы кесіледі !» деп әмір етті. Бір жолы өзінің сайгүлігіне қарата оқ атты, өзімен қосыла атпағандарды сол майданда шауып өлтірді. Тағы бір жолы тіпті өз бәйбішесіне қаратып оқ атты, қосыла атпағандарды тағы да өлтірді. Түмен тәңірқұтпен бірге аңға

  • Көктүріктен тараған Қазақ рулары

    Ерзат Кәрібай Көктүрік қағанаты ұлы Ғұн қағанатынан кейінгі көшпенді-әскери жұрттардың құрған империясы. 552-742 жылдарға дейін 190 жылдай дәурен сүрді, билеушы тайпа Ашина тайпасы. Териториясы шығыста Жапон теңізінен батыста қара теңізге дейін; Солтүстікте Сіберия ормандарынан Иран, Қытайға дейін созылған он миллион шаршы километр аумақты алып жатты. Түркі әсілінде Ашина бастаған ондаған тайпалар одағының аты болатын. Тегі Ғұндар мен Сақтардың бірінен, ең алғашында Нионуан қағанатына қарасты теміршілер болатын, 545 жылы Бумын қаған Терглектер(арбалылар немесе қаңғарлар) Нионуандарға аттанған жасақтарын тосқауылдап талқанын шығардыда 50 мың отбасы Терглектерді бағындырып алдыда 546 жылы Нионуан қағаны анағайды ойсырата жеңді, анағай өзін-өзі өлтірді. Осылайша Көктүрік қағанаты құрылды. Қағанат Алтай тауында шаңырақ көтерді де кейін көшпенділердің қасиетті жұрты болған

  • Тәуелсіздік күрескерлеріне мың алғыс!

    1986 жылы желтоқсан айының ортасында Алматы қаласындағы Брежнев (қазіргі Республика) алаңы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Ол кезде қазіргідей интернет, әлеуметтік желілер жоқ болса да, жергілікті жастардың демократиялық бас көтеруі туралы ақпарат дүниежүзіне тарап үлгерген еді. Компартияның Д.Қонаевты қызметінен тайдырып, оның орнына бұған дейін Қазақстан үшін беймәлім болған Г.Колбинді тағайындауы наразылық туғызып, қаладағы орталық алаңға он мыңдаған жастар жиналды. Қарсы келгенді қан қақсатып үйренген кеңес өкіметі бұл жолы да ешкімді аямады. Бейбіт сипатта басталған шеру ақыр соңында күшпен басылып, оған қатысқандардың біразы қаза тапты, көбі қуғынға ұшырады. Осы бір тарихи сәтті жастардың жадында мәңгі сақтау үшін, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен шаһардағы бірқатар мекемелерде арнайы кездесулер

  • Алғашқы теңгеге Назарбаев бейнесі қалай түспей қалды?

    Асылхан МАМАШҰЛЫ Серікболсын Әбділдин.  1993 жылы қарашаның 15-інде Қазақстан өзінің ұлттық валютасы – теңгені айналымға шығарды. Сол кезде елдің Жоғарғы кеңесін басқарған Серікболсын Әбділдин теңгенің қалай басылғаны жайлы, дизайны қалай дайындалғаны туралы айтып берді. Теңге айналымға шықпас бұрын Қазақстан соңғы сәтке дейін Ресейдің рубль аймағында қалуға тырысты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Ғасырлар тоғысында” атты кітабында рубльді сақтап қалуға деген ұмтылысын “рубль аймағының бұзылуы (ортақ валюта – ред.) ТМД елдерінен алшақтауды тездетер еді. Ал Қазақстан бұған дайын емес еді” деп түсіндіреді. Кітапта Назарбаев “1992 жылы Ресейде барлық баға босатылды. Сол кезде іске кірістік. Мен Қазақстан валютасын шығаруды бастау туралы құпия жарлыққа қол қойдым” деп жазды. Алайда Азаттық тілшісімен сұқбаттасқан Жоғарғы кеңестің

  • Шарқи Түркістан уақытша респубиликасының бірбөлім әскери адамдары

          Шарқи Түркістан уақытша респубиликасының бірбөлім әскери адамдары.   Нүсіпқан Көнбай, Зунун Тайпов, Фотий Иваонвич Лескин, Сопаxун Сувров, Маргуп Исқақов, Бәделқан Сүгірбаев, тағы кімдерді таныдыңыз? Екі әскери адамның қол ишараты не мағына білдіреді? Шарқи Түркістан уақытша үкіметінің Құлжа қаласындағы кезекті құрылтайы. Құрылтайға Алтай (төменгі Алтай), Тарбағатай уалаятының делегаттары да келіп қатысқан. Тариxи суретте А.Қасми, Әкімбек Қожа, Дәлелқан Сүгірбаев, Басбай Бапин, Ысқақбек Мононов, Әбілқайыр Төре, Шәмси Мәмиұлы, Әнуар Жакулин, тағы басқа кімдерді таныдыңыздар?   Генерал Дәлелқан Сүгірбаев туралы сирек құжаттардың (куәлік) бірі. Куәлікте “Шыңжаң” деп жазылған (1948). Шарқи үкіметі мен Нан Кин үкіметі келіссөз өткізген соң Шарқи Түркістан атауы орнына Шыңжаң атауы қайта жаңғыртылды. Алтай, Тарбағатай, Іле уалаятында құрылған

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: