|  | 

Руханият

Тәрбие бағыты имани құндылық

 
Бүгінгі таңда, шәкіртке жан – жақты терең білім беріп, оның жүрегіне кісіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Имани тәрбие  беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет – дарынының ашыла түсуіне, ақыл – парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді,жан-жақты мүмкіндкк туғызады. Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, әр жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбие-леп өсіру – отбасының, балабақшаның,мектептің, барша халықтың міндеті.
Дін – илаһи әмірлер арқылы адамзат баласын кемелдікке бастап, өзіндік дүниетаным мен қағидалар жиынтығы арқылы көркем мінез бен ізгілік атаулыны өмірдің бар саласына орнықтырады.Басқаша айтқанда, дін – бүкіл ғаламның, болмыстың, жаратылыстың жүрегіне, өзегіне, рухына, тамырына және өне бойына сүйіспеншілік пен ізгілікті орнықтыратын мәңгілік махаббат. Дін – адамзат тарихымен бірге жасап келе жатқан, өлмейтін, көнермейтін, мәңгілікке жетелейтін қастерлі де қасиетті ұғым, бүкіл әлемге ортақ құндылық. Адам ата алейһиссаламнан бастау алатын алғашқы адамдардың бойында да сана мен сезім, махаббат пен мейірім, ар-намыс пен ұждан және адамгершілік ізгі қасиеттер сияқты дінге, құдіретке, жаратушыға деген жоғары сенім болған. Осылайша, есте жоқ ықылым замандардан бері сенім – жүрекпен, дін – адаммен бірге өмір сүріп келеді.  Алла мен пенденің арасына жіпсіз орнаған қастерлі, қасиетті көпір. Құран:кейбір батыстық дін тарихшылары мен материалистерге керісінше, әуелгіде анимизм, фетишизм, тотемизм сияқты «измдер» емес, әлімсақтан бері Алла Тағаланың құзырында тек бір ғана діннің бар болғанын айтады. Құранның баяны бойынша, алғашқы пайғамбар болған Адам атадан бергі барлық пайғамбарлар адамзатқа Алланың бір және теңдессіз екенін, ақыреттің бар және тағдырдың хақ екенін уағыздап келген. Бұл тұжырым бойынша, адамның арғы атасы ұждан мен парасат, ақыл мен ой иесі, саналы адам болған және діни нанымдарға сеніп, Жаратқанға сиынып, ақыретке иланған. Бұл орайда үндінің қасиетті кітаптарын зерттеген неміс ойшылы Шеллингтің «Адамзат әуелде бір болған және жалғыз жаратушыға иман келтірген. Байырғы дін кейін жұлдыздардай шашылып, құрақтай бөлініп кеткен» деген сөзі мен атақты антрополог-ғалым Шмидттің: «барлық діндер әуел бастағы тек тәңірлі діннен өрбіген» деген пікірі Құранның баянынан алшақ жатқан жоқ          Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу рухани-адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы.Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы кісілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрінісі болып табылады.Имандылық тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке баулып, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. Жасөспірімдерді имандылық тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат ретінде тәрбиелеу – қоғамымыздың басты мақсаты.Себебі әлемде,азаматтық қоғамда, өркениет дәуірінде тәрбие имани бағыт алып,дініне нәсіліне тұрмыс жағдайына тәуелді бола тұрып бір ғана имандылыққа баулу дүниенің төрт бұрышында етек алып келеді.Енді коммунистік тәрбие,атеистік тәрбие,саяси тәрбие,моральдық норма қатарлы категориялардан рухани кемелжену тұғырлы тұжырымдар психология, педагогика, философияда көптеп көрініс беруде.Тіпті атеистік тәрбиенің өзі «Құдай,жасаған,Жасаушы жоқ» деудің өзін шынайы жүрекпен қабылдауды қажет етиетіндігін көрсетуде.Бұл да сенімнің бір түрі екендігі мойындалуда.Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – қазақ болуымыз үшін, дін – адам болуымыз үшін, салт-дәстүр – ұлт болуымыз үшін қажет.Ал ислами жаһанданудың алға қойған мақсаты – адамгершілік пен көркем мінез-құлық ұстанымдарын тарату, әр кісінің қадір-қасиетін,еркіндігін, теңдігін қорғау, жанұяға қамқорлық көрсету, барлық пенделер арасында әділдік таразысын орнату, адамның нәсілін, дінін, ақылын, ар-ұждан, дүние-мүлкін қорғау және зұлымдыққа, басынушылыққа тосқауыл қою болып табылады.
Рухани – кісілік тәрбиесі – өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды үйлестіре алады.Аллаһ муминдерге ашуы келгенде, өзін – өзі ұстай алуын және жетімдерге көмек беруді бұйырды. Әрдайым адам шыншыл болса, адал еңбекпен мал тауып, адал жесе, жақсылармен жолдас болып, ілім үйренсе, мейірімді де қайырымды болса, үнемі көңілді де пәк жүрсе, міне сонда ғана мұсылмандық бес парыздың ең басты сенімі калимаға – тіл келтіріп, имандылықты өтегені болады. Иманның басы – сенім, ал иманның тәні – бес уақыт намаз, жүрегі – Құран, күмбезі – ықылас, ниет, тілек. Иманның сөзі – Аллаһты еске алу, нұры – шындық, хақ сөйлеу, дәмі – пәктік, жемісі – ораза тұту, жапырағы – тақуалық, дәрісі – ар, ұят. Иман төрт жерде сақталады: көңілде, жүректе, көкіректе және тәнде. Ал ұят – көзде, бетте, санада сақталады. Осыған байланысты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с): «Ислам нақты, яғни көзге көрнекті. Ал иман – адамның жадында яғни көзге көрінбейді, жасырын тұрады» – дей отырып: “Ер жігіттің үш намысы бар. Бірі – иманы, екіншісі – Отаны, үшіншісі – отбасы” деп ар-ожданның руханияттылығын жоғары бағалаған
Жастарды рухани –имандылыққа  тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе.Мұның сыртқы және ішкі себептері де бар.Әлемде,ұрпақ тәрбиесіне қатысты үлкен ізденістер мен зерттеулер,талпыныстар мен ұсыныстар баршылық. Дамыған елдерде, Жұмыржердегі тәрбие туралы қалыптасқан түрлі ой-саналар мен ілімдерді, мысалы; конфуцзи,дао,ушинский,коменский т.с.с.тәрбиелеу ілімдерін безбендеп кіріктіру арқылы немесе әр ұлттардың ұрпақ тәрбиелеу озық үлгілерін  таңдап алып,өз табиғатына сәйкестіру арқылы өңдеп іске асыру,жаңа ілім-теорияларды батыл ұсыну қатарлы  іс-қимылдар үзіліссіз жүріп жатыр. Солардың жалпы бағытын бажайлап көрсеңіз барлығы да имани-рухани тәрбиеге бетбұрышылық айқын анғарылады. Тіпті,кейбір зерттеушілер, тығырыққа тірелген европа педагогикасын алып шығар жол ислам педагогикасы дейтін болды.Бір кездегі Бернерд Шоудың:«Мен ылғи Мұхаммедтің дінін, оның үлкен күші мен парасаттылығы үшін сыйлаймын. Менің ойымша біздің тағдыр-ымыздың сан алуан кедергілерін шешуде, мәдениетті ажырата білудегі жолдары ең дұрыс деп шешетін осы бір ғана ислам діні деп ойлаймын және де Еуропалықтар бірінен кейін бірі келіп осы Ислам дінін қабылдайды деп көзім жетіп тұр»-дегені дәл келуде.Ал,өзіміздегі жағдайға көз жүгіртіп көрсеңіз, халықтың,жастардың діни санасының өсуі(толық кемелденіп кетпесе де) діннің тәрбиелік функциясын оңды бағалау,дұрыс түсіну қоғамдық деңгейге аяқ басып,жалпы халықтық сипат алып келеді. Дәлірек айтқанда,жұрттың діни білім,имани тәрбиеге деген сұранысы,қажеттілігі өсіп,талабы биіктеп барады. Жастардың,жүрттың осы талап-тілегін біздің қанағаттандыра алмай, шама-шарқымыздың жетпеуінен болып не сияқты келеңсіз көріністер орын алуда.
Абай атамыз айтқандай: «Адамды – адам ететін де иман, Сұлтан ететін де иман», «Рухани байлық – бақытқа жеткізеді» – демекші, дін ойлауды, іздестіруді және үйренуді бұйырады. Жұмыс істеп, табысқа қол жеткізуді уағыздайды.Дін – имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасатты-лықтың, көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі. Діні, тілі жоқ халықтың – болашағы жоқ.Сонымен қатар қоғам өмірінде діннің алар орны ерекше. Өйткені, дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін, тәрбиелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Ғылым-заттардың түпнегізіне еніп, табиғатты әр қилы етіп әрлендіріп, қоғамдық өмірді рационалдандырады. Ал, дін -өмірдің мәні мен мақсатын ашады, адамның ішкі жан дүниесін байытып, өнегелі көзқарас пен өнегелі әрекет қалыптастырады. Құдайдың мистикалық бейнесін жоғарғы әлемнен, мына әлемдегі адамдардың жүрегіне қондырып, оны ақиқат жолы ретінде ұғынуға мүмкіндік туғызады. Ал,қазақ үшін имандлылық тәрбиесі ата-бабасынан ұласқан,жанына жақын, қанына сінген, ұласпалы ұғым,педагогикалық тұшымды категория.Иман діни ұғым ретінде өз мазмұнында көптеген құрамдас бірліктерден тұрады; тотемге сену, шаманға сену, көк тәңірге сену, табиғат күштеріне сену, бұлардың ешбірі де иман емес, жай ғана сенім.Мұның бәрін біздің халқымыз басынан өткізген,сол негізде күні бүгінге дейін ұстанған сенімдер де бар. Әруаққа сыйыну, оны қастерлеу ,табиғатты аялау қазақ үшін имандылық жолы.Ол жайында қатаң қағидалар мен құнды ұстанымдар қалыптасқан. «Аруақты сыйламасаң да,қорлама!», «Өлі разы болмай,тірі байымайды». «Табиғат-Анаң; «Басыңа пана болар тарыққанда,өзек жалғар тамағың ашыққанда,айбарың есің кетіп қорыққанда»-деп тірі жүріп,тіршілік етер тірек екенін еске салып отырады.Ал,қазақ халқы исламды қабылдау арқылы бұл сенімін жаңа сатыға көтеріп,тереңдетіп байытқан жұрт.Қазақ халқының ата-баба дәстүрінде имандылық тек діни сенім емес, ол сондай-ақ, ұлттық психологиялық салтқа, халықтық ерекшелікке айналған құбылыс. Халқымыздың түсінігінде иман сөзінің аясында сенім мағынасымен қатар, барлық адами асыл қасиеттерді (ұят, ар-намыс, сабырлық, жомарттық, шыншылдық, адалдық, ізгілік,қайырымдылық,мейірімділік, кішіпейілділік т.б.) қамтитын түсініктер көрініс тапқан.Имандылық тәрбиесі – бұл қазақ педагогикасында дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, байсалды мінез-құлыққа айналып адам баласының өмір заңдылығы, жарғысы болып қалыптасқан. Имандылық-адами қасиеттер жиынтығы кісі бойына қаншалықты сінгендігін, педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесін көрсетеді.әрі бұл іс-әректтің жүрілу дәрежесін,пәрменін айқындайды. Имандылық тәрбие адамның өзін-өзі іштей де сырттай да көз жүгіртіп, толықтырып отыратын адам тәрбиесінің жоғарғы сатысы. Бұл дүниеде адам өзінің пенделік қасиеттерімен күресе жүріп өзінің адамдық қасиеттерін шыңдап, өзінің пендешіліктерін, басқаша айтқанда өзінің «тозағын» жеңіп шығуы қажет. Өйткені, оның бұл дүниедегі бар қайғы-қасіреті оның осы пендешіліктерінен туындайды. Соған орай оның бұл дүниедегі бақыты мен ақиреттегі бақыты да оның өз пендешіліктерін қаншалықты жеңе алғанына байланысты. Жағымды қасиеттердің адамның рухани, психикалық дамуына зор әсер ететіні белгілі. Солардың ішінде өз Отанын сүюшілік оны жан-тәнімен қорғау, халқына берілгендік–адамның өмірінде өшпейтін, имандылық қасиеттердің бірі. .«Иманды» деп қазақ жүректегі «Құдай бір, пайғамбар хақ» деген берік сеніміне қоса терең адамгершілік қасиетке ие, ізгі мінез-құлықты жанды ғана атаған. Екінші жағынан имандылық тәрбиесі ислам аумағында шектеліп қалған тар ұғым тағы емес.Дәстүрлі діндердің қай-қайсысында,сенім бар,наным бар,иманға илану бар.Қазақ елінде өмір сүріп отырған барлық ұлт өкілдері иман нұрымен нұрлануға құқылы,өздері таңдаған дін негізде имандылық нұрына бөлене алады.Дәлірек айтқанда,имандылық-жеке ғана қазақтарға немесе мұсылман жұртына ғана емес барлығына қажетті рухани мұра.Тоқ етері:имандылық ұлттық мұра ғана емес,адамзатттық құндылық. 2009 жылғы халық санағы бойынша, Қазақстан халқының 70,2 пайызы–мұсылмандар, 26,3 пайызы – христиандар, 0,1 пайызы – буддистер, 2,8 пайызы – ешқандай дінге сенбейтіндер, 0,5 пайызы – жауап беруден бас тартқандар. Әдетте, түркі тілдес халықтарды мұсылман дініне ойланбай жатқызады. Бірақ халық санағы көрсеткендей, қазақтың 0,4 пайызы – (39172) адам христиан дініне, 1923-і иудаизмге, 749-ы буддизмге, 1612 адам басқа діндерге өткен. 98511 қазақ ешқандай дінге жатқыз-ылмайды [Егемен Қазақстан, 2011ж.]Анығырақ айтқанда; Қазақстанның онсегіз миллион халқына имани тәлім тәрбие жат болған емес,болмайды да.Қазағымыз қай дінде жүрсе де,имандылық насихат нәтижесі арқылы өз орнын,өз дінін,өз сенімін таба алады.Олай болса, қоғамның барлық қатпарлары,жалпақ жұрт қауым болып,жұдырықтай жұмылып имандылық жолында неге үзеңгі біріктіріп,белсенділік таныта алмай келеміз?Мұның басты себебі,дін қазақ елінде салтанат құра алмай,халықтың көп уақыт бойы одан алшақтап қалуы және жас,жаңа мемлекеттің дінмен қатынастағы тәжірибесінің шанақты болуы, зайырлылықтың ұлтқа ұнасымды таңдалмауы  болып отыр. Алайда,қазақ халқында ұрпақты ғана емес жалпақ жұртты иман байлығына жеткізген теория да практика да жеткілікті.Айталық,әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұни,А.Яссауи,Қ.Абай,Қ.Шәкерім,Ү.Ақыт,Машһүр Жүсіп, С,Ғыл-мани т.с.с. Ұлық ұстаздардың өсиет-өнегесі,ғылыми түйіндері,ақыл-кеңесі барша қазаққа имани тәрбие беруге,олардың көкірек көзін ашуға толық жететін асыл мұра.
.
        
                                  Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы)
    Бауыржан Әленұлы (Тереңкөл мешіт имамы)

 

Related Articles

  • ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЕСКІРДІ ДЕП КІМ АЙТТЫ?

    Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен "Дін мен дәстүр" жобасы аясында "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі халқымыздың рухани  құндылықтарын насиxаттауда біршама іс шаралар өткізді. Жақында әнші-күйші, композитор, тариxшы-этнограф, өнертанушы, жазушы, киногер сценарист Ерлан Төлеутаймен Сапарғали Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында тамаша бір кездесу өткен еді. Ұлтымыздың мақтанарлық рухани құндылықтары көп. Солардың бірі де бірегейі қазақтың салт-дәстүрлері. Бұл кездесу қазақ ұлтының салттары туралы тақырып аясында өрбіді. Қазақта салт-дәстүрлер көптеп саналады. Әрқайсысының маңызы мен орны да ерекше. Мысалы: «шілдехана», «тұсау кесу», «арыздасу», «асату», «ашамайға отырғызу», «ат-тон айып төлеу», «әулие аралау», «бесікке салу», «бесікті аластау», «жеті атаны білу», «мойынға бұршақ салу», «мүшел жас», «сауын айту», «сүйек жаңғырту», «жылу жинау», «сыңсу», «балаға есім беру», «иткөйлек кигізу»,

  • Иманипедагогиканың қажеттілігі және алғышарты

    Педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесі. Осы негізде педагогика тəлім-тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс-əрекетін (педагогикалық қызметті) жəне оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін нақтылап, ашып отырады. Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін — тәрбиелеу қажет. Дәл осы тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл үдерісті кәсіби білімді адамдар басқарады. Тәрбие жөнінде

  • Қазақ әліпбиін латынға ауыстыру мәселесі қытайдың назарын аударып жатыр.

    Қазақ әліпбиін латынға ауыстыру мәселесі бүгінгі күні қытайдың назарын аударып жатыр. Қытай Қазақстандағы барлық ақпараттық жаңалықты қадағалап отыратынын ескерсек білдей мемлекет құрушы ұлттың әліпби ауыстыруын назардан тыс қалдырмасы анық. Және ол тек қаріп ауыстыру мәселесі емес, тілдік реформа деп отыр. Қош, енді мына қызықты қараңыз! Қазақстанда латын әліпбиі мәселесі 90-жылдары қазақ тілтанушы ғалымдары (Академик Ә.Қайдаров) жағынан ауызға алынғаны рас, дәл сол тұста қытай бұл ақпаратты жабық күйде талқыға салды, өйткені 90-жылдары қытайда ЕКІ МЫҢнан астам таза қазақ мектебі және Құлжада қазақ университеті, Күйтінде қазақ институты сонымен қатар Алтай, Шәуешек, Санжыда қазақ тілінде білім беретін педегогикалық жоғары білім беру орындары бар-ды және барлық қазақ мектебі, колледж, университет қазақша іс-қағаз қолданатын, қазақ

  • Зайырлы қоғамдағы діндар әйелдің орыны

    ҚМДБ-ның Өскемен аймақтық өкілдігі «Халифа -Алтай» мешітінің ұстазы, теолог, ШҚ облыстық «Әйел -қыздар» секторының жетекшісі Талшын Қожахметованың қатысуымен Күршім аудандық орталық мешітте «Зайырлы қоғамдағы діндар әйел тұлғасы» атты аудандық семинар өтті. Аталмыш шараға, Күршім аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Арай Қасымбаева, Күршім аудандық Жастар ресрустық орталығының жетекшісі Шырақ Дабырбаева, мешіт ұстазы Айгүл Қансейітова қатысты. Естеріңізге салатын болсақ, семинардың өтуіне орталық мешіттің бас имамы Тілейбек қажы Соянұлының тапсырмасына сәйкес наиб имамдары Ажы Шәмерхан және Жәнібек Айдархан ұйтқы болып отыр. Өкілдіктен арнайы келген теолог маман, діндар әйелдің зайырлы қоғамдағы орыны мен отбасындағы атқаратын міндеті, туысқандарымен қарым-қатынасы, ата-енесін сыйлауы қатарлы тақырыптарға тоқталып, асыл дініміздің құндылығы, Ханафи мазхабының артықшылығы, пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен

  • «Отан – оттан да ыстық» жобасының баспасөз мәслихаты

      «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Отан – оттан да ыстық» жобасының баспасөз мәслихатын өткізеді. Бұл жоба аясында отанына оралған қандастарымызға заңнамалық көмек ретінде «Жедел желі» қызметі іске қосылады. «Қандастар» (http://qandastar.kz/) сайты арқылы да сұрақ-жауап ретінде заңнамалық көмек көрсетілетін болады. Баспасөз мәслихатының мақсаты – «Отан – оттан да ыстық» жобасын халыққа таныстыру. Баспасөз мәслихатына құқықтанушылар, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мамандар, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар және танымал ҮЕҰ өкілдері қатысады. «КЕШ» құқық қорғау орталығының жетекшісі – Кәмшәт Есмұхамбетқызы; Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі маман – Әсима Сұлтан; Орыс тілінің маманы – Әлия Мұхаметкәрімқызы сынды ғалымдар баяндама оқиды.   Ұйымдастырушылар:  Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: