|  | 

Тарих

“Шығыс Түркістан мәселесін” қытайға оң шешіп берген саясаткері Жаң Жыжұң (张治中).

Цин үкіметі құлап ұлтшыл-демократ қытайдың бірінші респубиликасы орнаған соң Цин құрамында дипломат немесе Цин-нің ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс жасаған кадрлары жаңа қытай респубиликасының өкілетті елшісі немесе сыртқы істер миністірі болып шыға келді. Арасында Гомендаң (国民党) үкіметінің ұлттық қауіпсіздік пен ішкі-сыртқы барлау саласында жұмыс істегендері де бар. Сыртқы Қалқа үкімет құрып тәуелсіздігін иығылан (жария) еткен соң және орталық азияда жаңа одақтас респубиликалар пайда болған соң барлық стратегиялық назар Қазақтарға ауғаны тариxи шындық еді. Бұны 1912-1922 жж арасындағы Қазақтарға ұстанған саясатынан аңғару қиын емес. Осы он жылдағы қытайдың қазақтар туралы ұстанымы бірқанша диссертацсиялық ғылми тақырыпқа жүк болары анық. Жалпы бірінші қытай респубиликасы кезінде Нан Кинде (南京) Сун Ятсеннің (孙中山) жеке қабылдауында болған алғашқы Қазақтар соңыра бірбөлім оқушыларды әскери офицсерлер гимназиясына қабылдауынан тартып Гомендаң (国民党) үкіметінің Шердиман Оспанұлы, Қамза Шөмішбайұлы, Дәлелқан Жанымқанұлы, Қадуан Мамырбекқызы т.б қазақ депудаттары мен ұлт делагаттарын қабылдауына дейінгі 40 жылды біз тым ашып айта алмай жүрміз. Ақтардың Алтай, Құлжа, Үрімжі-Шонжыдағы бүлігі, Алаш Орда өкілдерінің Шәуешектегі кіші құрылтайы, Орталық азиядағы ұлттық респубиликалардың құрылуы тағысын тағы тариxи даталарда қытай сыртқы істер миністірлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақтар туралы “құпия мәлімдемені” орталық үкіметке қарша боратқан-ды. Бұның шет жағасын Яң Зыңшинның “қателіктің орнын толтыру үйінде жазылған шығармалары” мен жеке естелік “бугожай” жазбаларынан таба аласыз. Қазақтың ақтармен, Алашпен, орталық азиядағы респубиликаларымен бірігіп территория мәселесін қузауынан қалай алаңдағанын оның аузынан біле аласыз. Жалпы бірінші қытай респубиликасының сыртқы саясатының соңы өте сәтсіз болды деуге болады. Бірақ Шығыс Түркістан мәселесінде xалықара мен Совет одағының саяси пиғылын ұтымды пайдаланып өз пайдасына шешіп алды. Ал, дайын асқа тік қасық болған коммунист қытайлар (共产党) ұлтшыл қытайдың сыртқы саясаттағы жолы мен шылауынан 1972-ші жылға дейін шыға алмады. Коммунист қытайлар құрамында әлемдік геосаясатты жақсы білетін оқыған саясаткер немесе дипломат аз болғандықтан Формозға (台湾) қашпай құралын тапсырып бағынған көптеген мамандарды өлтірмей қайта маңызды жұмыстарға қоюға мәжбүр болды. Солардың бірі- Қытайдың бас ауруы “Шығыс Түркістан мәселесін” қытайға оң шешіп берген саясаткері Жаң Жыжұң (张治中).

Қытайдың ұлттық респубилика дәуіріндегі сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қазақтар туралы тариxи мәліметі қытай қазақтары туралы тың деректерді әлі де болса ашпай бұғып сақтап отыр. Алда-жалда ол ақиқаттар ашылып жатса қытай қазақтарының мәдени, саяси һәм әлеуметтік мәселелері туралы тың деректер шығатыны анық. Және бұны Гомендаң-Совет қатынастарының Қазақтарға ықпалы деп айырым зерттеуге де әбден болады. Айтпақшы, ұмытып барамын Гомендаң (国民党) үкіметі кезінде ҰҚК-да істеген қытайлардың көбі атылды, Үрімжіде Оспанмен қатар тұрып атылғандары да бар. Ал, кейбірі коммунист қытайдың (共产党) ҰҚК құрамында қайтадан жұмыс атқарды. Олар кейін 1954-58 жж, 1960-62 жж, 1966-76 жылдары неше мың Қазақтың атылып кетуіне, тұтқындалуына, маңызды жұмыстан қағылуына үлкен кесірі тиді. Бұны алда кеңейтіп жазамын…


Eldeç Orda
 26733848_1006720156158238_113701663117975958_n22489934_1006720366158217_5091629545186577428_n26229762_1006720286158225_2040495128477309322_n26733527_1006720292824891_2287120779494645202_n26805266_1006720246158229_4768449161584674535_n26814595_1006720322824888_5450790259364471825_n26814750_1006720186158235_2408446684712476231_n26815355_1006720296158224_8602240570905370640_n26904708_1006720339491553_4304685692589766924_n26908111_1006720289491558_9203969746515798087_n26992237_1006720272824893_6269650746977196704_n 22489934_1006720366158217_5091629545186577428_n 26229762_1006720286158225_2040495128477309322_n 26733527_1006720292824891_2287120779494645202_n 26733848_1006720156158238_113701663117975958_n 26805266_1006720246158229_4768449161584674535_n 26814595_1006720322824888_5450790259364471825_n 26814750_1006720186158235_2408446684712476231_n 26814810_1006720342824886_2763994944960323195_n 26815355_1006720296158224_8602240570905370640_n 26904708_1006720339491553_4304685692589766924_n 26908111_1006720289491558_9203969746515798087_n
27067143_1006720306158223_1100610150503153670_n

Kerey.kz

Related Articles

  • ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯСЫ ҚҰРАМЫНА КІРМЕЙ ҚАЛҒАН ҚАЗАҚ УАЛАЯТТАРЫ ТУРАЛЫ

    Қытай қазақтары ШУАР-дың бес үлкен аймағына шоғырлы қоныстанған. Жалпы, Шыңжаңда он ірі аймақ болса, соның бес үлкен аймағында Қазақтар жиы қоныстанған. Қазақтар қоныс тепкен бес үлкен аймақ мыналар: Іле, Тарбағатай, Алтай, Санжы және Құмыл. Бұл бес аймақтың ішінде тек үшеуі (Іле, Тарбағатай, Алтай) ғана Қазақ автономиясының құрамына кіріп отыр. Қалған екі аймақ бөлініп, бөлшектеліп қазақ құрамына енбей қалды. Сонымен ШУАРдағы қазақтардың байырғы қонысы атанған Қазақ аймақтарына жеке жеке талдау жасаймыз. 1. Іле уалаяты (картадағы 1) жан саны ең тығыз өңір. Орталығы бұрын Күре қаласы еді, кейін Құлжа қаласы болды. 1871-жылы патшалық Ресей құрамына кіріп 1881-жылға дейін он жыл Жетісу, Алматы облысының бір бөлшегі болған. 1881′ден 1914-жылға дейін Шыңжаң өлкесі құрамына

  • Қытай “қазақ қаупі” мәселесінен әлі де алаңдауы ма?

    Eldeç Orda Атқа мініп қылышын оңды солды жалаңдатып “ша ша шалап” кеп (қытайша өлтіріңдер деген сөз) Қазақ ауылын қанға бөктіріп кететін қилы оқиғаларды бала күнімізден бері кітаптан оқып өсіп едік. Күншығыс Цинхай, Гансуға ауып Тибет асып Кашмир, Пакістанға ат басын тіреген Алтай мен Ұлық Еренқабырға қазақтарының қасіретті тағдыры туралы бүгінге шекім (дейін) аз айтылмады. Қаншама кітап, мақала жазылды… Оқыған сайын сай сүйегің сырқырайды… Әсіресе, Әбетай Мұқарапұлы құрастырып жинақтаған “Киелі Көш”ті оқысаңыздар (алда кирилицсияға аударылып жатса) онда қасіретті оқиғалар біршама анық жазылған, оқып жатқанда көз алдыңызға бейне кинодай елестеп отырады. Ана жолы осы парақшамда “Қытайдағы Мұсылман Элитасының Қилы Тарихы және Оның Шығыс Түркістанға Ықпалы” атты пост жазғамын, сондағы Үштік Ма әулетінің

  • Не себепті қытайлар қысқа уақытта “біз ұлы Жапонияның бақытты перезентіміз!” деп шыға келеді?

    Жапон қағанаты 20-ғасырдың 30-жылдарынан бастап шығыс және түстік Азияның көп жерін басып алдады. Соның бірі, Қытай. Жапон үкіметінің қолына өткен аумақтарда барлық білім беру тек Жапон тілінде жүрілгендіктен қысқа уақыттың ішінде “біздің отанымыз Жапония, біз ұлы Жапон халқының перезенттеріміз!” немесе “Жапониямен мақтанамын, Жапония көзімізді ашты!” дейтін санадағы жаңа буын ұрпақ пайда болған. Тіпті, қытай тарихын қарап отырсаңыз “қытай өз тағдырын Жапониясыз шеше алмайды, Жапонияға бағынышты бола отырып қытайды өркениетке жетелейік” дейтін саяси тұлғалар да пайда болған. Бұл жерде саяси таңдау келешегін Жапониясыз елестете алмаған тұлғаларды кейін таман тілге алармын, маған қызығы, не себепті қытайлар қысқа уақытта “біз ұлы Жапонияның бақытты перезентіміз!” деп шыға келеді? Бұған үш себеп бар: Біріншісі, 30-жылдары қытайда

  • СУН ЯТ СЕНГЕ ДАУЫС БЕРЕМІЗ БЕ, ӘЛДЕ ЮАНЬ ШИКАЙҒА МА?

    Eldeç Orda Бұл сұрақ 1912-1913 жылдары Пекин орталық құрылтайына жол алып бара жатқан Қазақ депудаттарының көкейіндегі сұрақ еді. Тіпті, тұтас Қазақ халқының көкейіндегі сұрақ-ты. Әсіресе, жер-су мәселесі күн тәртібінен түспей әбден жауыр болған сол дәуірдің ең өзекті шаруасы еді. Пекинге аттанған Қазақ депудаты туралы да Алаш баспасөзі құр жібермеді, Пекинге аттанған Қазақ депудаттарының жер-су ісін сәтті шегуіне дем беріп, жылт еткен жаңалығын газетке басып халыққа құлағдар ғып тұрды. Қазақ депудаттары бастапта не себепті Сун Ят Сенге дауыс бермекші болады? Неге Юань Шикай зорлықпен өзіне дауыс бергізтеді? Қазақ депудаттарын кімдер сайлады? Шендері қандай? Олар жеке жеке Юань Шикай мен Сун Ят Сенге кездескені рас па? Қандай мәселелер көтерілді және бір қызығы

  • ПРЕМЬЕР ТЕРЕЩЕНКОНЫ “ОСТАВКАҒА” ҚАЛАЙ ЖІБЕРДІМ

    1992 жыл. Қазақ радиосының Парламеттік тілшісімін. Офис Алматыдағы Желтоқсан көшесінің 177 үйінде. 3-ші қабатта радио қызметкерлері. Ал, 4-ші қабатта Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары Министрінің бірінші орынбасары – Қазақ мемлекеттік телерадиохабар тарату компаниясының Төрағасы Ғаділбек Шалахметов және компания басшылары. Төрағамен баспалдақта, лифтіде күн ара кездесіп қаламыз. Жүзі жылы жан. Қазақ редакциясындағы жастар толық баспанасыз. Ол кезде айына бір-екі рет командировкаға шығу міндет. Сапарлатып елге жиі қатынаймыз. Қонақ үй ақшасы жабылмай қарызбен қайтамыз. Содан, отыз метр жердегі Төрағаның қабылдау бөлмесіндегі апайдың шығып кеткенін аңдып тұрып, Ғаділбек ағаға төтесінен басып кіреміз. Ондағымыз іссапарда қонақ үйге берілген қаржыны жабатын құжатымыз болмай, бухгалтерияға қарызымызды қайтармауға “рұқсат” деген қолын алып шығу. Ол Төрағаның ғана құзырында.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: