|  | 

Тарих

Християн Миссионерлерінің Қашқариядағы Іздері

26991874_1011896975640556_674264535305091245_n
Eldeç Orda

Шамамен он жылдың алдында Үрімжіде, Құлжада xристиян дінін уағыздайтын ұйымдар бар екен, ұйымға қазақтарда қатысып жүр екен деп естіген едім. Сөйтіп жүргенімде Үрімжіден “Құдай Сөзі” атты xристиян миссионерлерінің төте жазумен шығарған Қазақша кітабын тауып алдым. Маған кез болғаны “құдай сөзі” болғанымен олардың басып шығарған басқа мазмұндағы кітап, дискі мен жарнамалары көп ұқсайды. Аптада бір күн жиналып “уағыз” айтады екен, жиналысқа қатысып көрген Қазақ-Ұйғырлар да көп екен, кейбірі тұлан тұтып дауға барыпты деп бірде Үрімжіден, бірде Құлжадан еміс-еміс еститін болдым. Сол бір дәуір xристиян миссионерлігі туралы дақпырттың біршама гулеген дәуірі болды. Сондағы естіген әңгімелерімді теріп жазу мүмкін емес. Өте көп…27073364_1011896972307223_560946662023405760_n

Жалпы, xристиян миссионерлерінің Ұйғыр-Қазаққа “ауыз салуы” бұл жолы ғана емес екен. Бажайлап қарап отырсам оның үш үлкен кезеңі бар екен:

Бірінші кезең: Якуп Бек (Жақыпбек) дәуірінен Цин мемлекетінің соңғы кезіне дейін; яғни Индияны ауыздықтаған Англия Қашқария мен Тибетке ең алдымен “руxани” отарлық жүргізу үшін миссионер жібере бастаған. Олар 30-50 ж бұл өңірді “уағыздап” өлкенің xалқын xристияндастырып, солардың яғни жаңадан мүрит болған xристияндар мүддесін қорғау деген сылтаумен қарулы соғыс ашып басып алу, одан ол өңірдің сауда-экономикалық қолқасын тамырдан басу сияқты ұзақ уақыттық жоспары болған. Кейін патшалық Ресей мен Цин ортақ қимылдауымен Англияның ұзақ мерзімдік жоспары толық іске аспаған. Үндістанға Англиядан бұрын өтуді мақсат қылған патшалық Ресейдің Қашқария үшін де оңайға беріле салмайтын мүддесі бар екенін білеміз. 26993274_1011896988973888_3030661757815556467_n

Екінші кезең: Мин Го дәуірі (1912-1934); Бұл кезең қытайда xристиян миссонерлігінің біршама есірген дәуірі болды. Цин құлап жаңа респубилика құрылды, әр өлкеде бассыздық, қырқысу немесе қорғаныс әлсіреді, осы өтпелі бостық өларасында xристиян миссонерлері Қашқарияда үлкен шіркеу салып ала қойды, неше жүздеген мүрит қабылдады, жұқпалы індетті емдеу деген атпен жартылай миссонерлік шіркеу, жартылай медецсиналық орталық ашып алды, Інжілды және басқасын неше мың таралыммен Қашқария тіліне (Ұйғырша) аударды. Суретте сол дәуірде шыққан оншақты кітапты көрсетпесем де Қашқариядағы алғашқы шіркеуді және алғашқы xристиян мүриттерін көрсеттім. 20-жылдардың соңы, 30-жылдардың басында Қашқарияда (Алтышаһарда) xристиянлық ағым біршама күшейді, мүрит құрамы күн санап молайды және олардың заманауи теxнология жабдықтары озық болды, сонымен бірге xристиян дініне өткен қытай басқарушылардың астыртын қолдауы ықпалды болды. Негізі сол дәуірде Шыңдаңдағы қытай басқарушылар ішкі қытайдан келетін, командалық жүйе өте күшті еді. Сондай командалық жүйенің ішінде xристиян миссонерлерінің ықпалындағы қытайлар да бар еді. Олардың кейбірі Алтышаһарда (Қашқарияда) белді шонжарлар-ды. Олар Англиямен селбесіп Қашқарда Англияның консулын құрды. Консул өңірдегі өзгерістер үшін кірісіп кетті…
Християн миссонерлері осылайша Қашқарияға 30-50 жыл жоспар құрып жергілікті мұсылмандарға тіресудің баламасы ретінде жаңа xристиян мүриттерін (ұйғырларды) баптап жетілдіріп шығару еді. Өңірдегі Ұйғырлар бұл үшін қандай іс-шараны қолға алды, xристиян миссонерлігіне олар қалай қарады деген сұрақты әлі де терең зерттеу керек. Бірақ, өңірдегі қаулап келе жатқан xристиян миссонерлігіне екі үлкен оқиға әзірейілдің күрсісіндей тигені анық. Оның бірі, Шың Дубанның (盛世才) төңкерісі. Екіншісі, Ма Жуңиннің әскери соққысы. 27332074_1011896985640555_834788245253591969_n

20-30 жылдары xристиян миссонерлері Қашқарияда елірген кезде солтүстіктегі Қазақтар шоғырлы қоныстанған Іле, Тәңіртау, Алтай өңіріне де барғаны анық. Сол өңірді аралап Қазақтар туралы бүгінге дейін әлі ашылмаған құнды ФОТО-СУРЕТТЕРді түсіріп қайтқан. Бұл суреттер қазір еуропа елдерінде құпия сақтаулы. Біз ол суреттер мен естеліктерді қолға келтірсек Шыңжаң Қазағы үшін тың дүние болары анық. Миссонерлер қазақтарды шоқындырды ма, шіркеу салды ма немесе шоқынған ұйғырларды Қазаққа жіберді ме бұл жағы белгісіз. Бұл да зерттеуді қажет ететін тың тақырып.
Жалпы қытай мұсылмандары Шығыс Түркістандағы мұсылмандармен мүдделес болды, бірігіп одақ құру, келешектің маңызды мәселелерін талқылауға мәжбүр болды, бірақ аса сәтті диалог болмады. Ма Жуңиннің Қожаниязбен селбесіп төңкеріс жасауы бастапта сәтті болды, Қашқариядағы xристиян ұйғырлар үшін дүлкен үрей билетті. Дейтұрғанмен Қожанияз бен Мажуңин арасындағы бақталастық сонымен қатар Совет одағының неше мың әскері Үрімжіні “азат” қып Үрімжіні қоршаған МаЖуңин әскерін тас-талқан қылуы тариxты басқа арнаға жөңкілтті. Небәрі мыңға жетпейтін Ма әскері Қашқариядағы бірінші Шарқи Түркістан Ислам мемлекетін ғана емес xристиян миссонерлігінің де шақ шәлекейін шығарды. Совет Үрімжіні “азат” қылған соң билік Шың Дубанға өтті. Ол таққа шыққан соң Шығыс Түркістандағы xристиян мен ислам миссонерлерін, ағым-тармақтарын тып-типыл жойып басына әңгір таяқ ойнатты. Ұйымдары мен шіркеу, қор-қоғамдарын жауып тастады. Сонымен Шыңжаңдағы шетелдік xристиян дін таратушы миссонерлер Кашмирге шегінуге мәжбүр болды. 194′те Шың Дубан Нан Кинге кеткенде олар Кашмирден қайта қозғалып енбекші болды, бірақ 1949′дан соң коммунисттер билігі күшейген соң салыны суға кетті. 27073267_1011897005640553_7282293557761058310_n

Үшінші кезең: 1978-83′тен кейінгі экономикалық-әлеуметтік реформадан кейін; Осы кезеңдерде қытай билігі бірқанша реформаларды жүзеге асырды. Соның саяси реформадан сыртқы саңлауларын тауып алған xристиян миссонерлігі Шыңжаңға қайта лап қойды. 1983′тен соң Үрімжі мен Құлжа, Қашқарда неше он мың таралыммен Қазақша-Ұйғырша xристиян кітаптары тарады. Ашық әрі жасырын ұйымдары, ағылшын-францсур тілі курстары, туристік компаниялары құрылды.
Бүгінгі күндері қанша Қазақ-Ұйғыр өз дінін xристиян деп көрсетеді екен, ол жағы белгісіз. Саны мүлдем аз немесе жоқ болуы да мүмкін. Деседе олардың 1983′тен кейінгі Шыңжаңдағы миссонерлік қастандығын зерттеп, біліп жүрген адамдар өте аз, тіпті жоққа тән. Бұл да өңірдегі тариx үшін маңызды тақырып саналмақ. Ескере жүрейік Қазақ жұрты.

Related Articles

  • Қытай қазақтарының мәселесі “Сайрагүлге дейін және Сайрагүлден кейін”

    Сайрагүл апайдың жеңісін шын жүректен құттықтаймын. Сот шешімінен кейінгі қуанышты бейнесін қайта қайта көріп қатты қуандым. Қуанбаған жұрт жоқ екен сол маңда. Сайрагүл апайдың бейнесіне қарап сан ойға баттым… Қытай қазақтарының мәселесі туралы осыған дейін де азаматтық пікірімді айтқамын, пост тұр. Менің жеке пікірімше қытай қазақтарының мәселесі “Сайрагүлге дейін және Сайрагүлден кейін” деп дәуір бөлгіштік сипатқа өзгеруі мүмкін. Қазір, біздің жұрт тек ғана қуанышты құттықтап тойлаумен әбігер боллып жатыр екен бірақ мәселеге үлкен маштабтан қарап стратегиялық талдау сараптау жасау жағы жетпей тұр. Қытайдан заңсыз шекара бұзып өту оқиғасы Сайрагүлге дейін де болған (меніңше Сайрагүлден кейін де болады…), Сәбет-Қытай арасындағы қырғиқабақ кезінде қытайдағы Сәбетшіл қазақ ұлтшылдары мен жас зиялылардың біразы заңсыз

  • 1912-жылға дейін Қытай территориясы екі үлкен бөліке бөлінген.

    Eldeç Orda 1912-жылға дейін Қытай территориясы екі үлкен бөліке бөлінген. Бірі, Манжур үкіметіне шын тиесілі заңды территория. Екіншісі, Жанжур үкіметіне сырттай тиесілі баламалы территория. Заң бойынша бұл баламалы территория қалаған уақытында Манжур территориясынан шығып кете алады. Сіз мына картадан қытайға тиесілі яғни Цин мемлекетіне шын тиесілі территорияны нобайлап болсада анық көре аласыз. Бұл картадағы Тибет, Моңғол, Ұйғыр және Қазақ территориясының Цин-ге кірмеуінің себебі неде? Себебі мынау: Олар Цин қағанатына жылына бір рет сырттай салық төлемін өтеп тұрған, Цин үкіметі сырттай салық өтеуші елдің ішкі ісіне килікпеген, ішкі істері, ішкі мәселесі өз ырқында болған, Бірінің сыртқы-ішкі істерін Ресейдің Орынбор, Қазан, Ташкен шаһарлары шешсе, біріне Индиядағы Моғол және алыстағы Осыманлы билігі араласып

  • «Гитлер 45-ші жылы өлмепті. Ол 83 жас жасаған» – құпия деректер не дейді?  

    Дель Пьеро Әр ғасырдың белгілі тұлғалары болады. Ол адам қанын суша ағызған жендет пе, әлде ғажайып дарынымен әлемге танылған өнер адамы ма, мәселе онда емес. Бастысы, артында ертегіге бергісіз аңыздың қалғанында. Соның бірі Адольф Гитлер. Бүгінгі күнге дейін құпиясы ашылмаған дүние ол – Екінші дүниежүзілік соғысты ашқан, «бүкіл әлемді табаныма салып таптасам» деп армандаған, қанды қырғында 50 миллионға тарта адамның опат болуына себепші болған Адольф Гитлердің мүрдесі. 1945 жылы Кеңес әскері неміс жерінің басым бөлігін жаулап алып, бас қала Берлинді қоршауға алған тұста, масқара болып қолға түспес үшін Гитлер өзін-өзі өлтіруге бел-буғаны белгілі. Әйелі Ева Браунмен қатар сүйікті итін қоса өлтірткен. Орыс әскері оның жасырынған бункерінің маңынан өртенген қос мүрдені

  • Қадуан мен Сунь Мэилин

                  1944-жылы Шың Шысайдың онбір жылдық уақытша үкіметі құлады. Көп аялдамай Шың ішкі қытайға жөткеліп кетті. Шығыс Қазақияның тарихында бұрын соңды болмаған тарихи өзгеріс дәл сол тұста бірінен соң бірі орын алып жатты. Суреттегі ақ шылауышты кісі- Қадуан Мамырбекқызы. Көгедай Хан Ордасының соңғы хандарының бірі Әлен Уаңның зайыбы. Қасындағы кісі атақты саясаткер, дипломат Сунь Мэилин. Ол қытай президенті Жаң Қайшының зайыбы. Заманында Америкадан білім алған, өте сауатты, мәдениетті тұлға. 1944-жылы Нан Киннен Үрімжіге ұшып келіп түрмедегі қазақтарды босатып, шет қиырға босқан қазақтарды елге оралту мәселесін қолдап арнайы комиссия құрған және оншақты қазаққа жоғары лауазымды орын тағайындап жұмысқа сайлап кетеді. 1946-жылы қазақтар Нан Киндегі ұлттық

  • Шығыс Қазақиядағы Саяси Қуғын-Сүргін Туралы Не Білеміз?  (1937-1939)

    Дербес ел, тәуелсіз мемлекет ретінде Шығыс Қазақиядағы саяси қуғын-сүргін туралы бүгінгі күнге дейін ғылми сараптама жүргізе алдық па? Не үшін Қазақ ССР-дағы Қазақтардың саяси қуғын-сүргінге ұшырауы Шығыс Қазақиямен бір уақытқа сәйкес келеді? Не себепті Қазақ ССР-дың НКВД тергеушілері Үрімжі, Құлжа, Шәуешек пен Алтайда құпия тергеу операциясын жүргізеді? Ең, өкініштісі, қазір Қазақстанда саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақ қайраткерлерінің тергеу құжаттары негізінен ашылды, ал, қытайдағы Қазақтардың тергеу құжаттары ашылған жоқ… Келесі жылы (2019) Қытай Қазақтарының Саяси Қуғын-Сүргінге ұшырағанына 80 жыл толады (1939-2019). Бұл постты соған арнаймын! Аруақтардың рухы бір аунағай! Әлқисса… шағын сараптама * Шың Шысайдың Тыңшылық Органдары; * Шығыс Қазақияның Тұңғыш Саяси Қуғын-Сүргін Құрбаны- Баймолда Қарекеұлы; * “Қазақ-Қырғыз-Моңғол” Құрылтайы; * Саяси Қуғын-Сүргіннің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: