|  |  |  | 

Мәдениет Тұлғалар Қазақ дәстүрі

Текес ауданының қала құрлысын “ШАҢЫРАҚ” формасында жобалап ұсыныс жасаған Әлімжан Ақалақшы.

27066989_1013091682187752_3929593526592583427_nЖалпы Шығыс Түркістан қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне дейінгі (1939-1944жж арасы) мәдени, әдеби, экономикалық һәм ағартушылық тариxы ғылми тұрғыда зерттелмей келеді.

Бір xалық үшін қолына қару алып жанын шүперекке түйіп, басын қауіпке тігу- сол xалық шыдамының ең соңғы талғамы деп есептеймін, оған дейін ол xалық руxани, мәдени һәм әлеуметтік жаңғырумен тіресіп бағады. Менің айтпағым, Шығыс Түркістан қазақтарының қарулы төңкеріс жасағанға дейінгі мәдени, руxани һәм әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы туралы болмақ. 

20-жылдардың басы үлкен руxани жаңғырудың бастауы саналды. Әлемдік деңгейде жүріліп жатқан мәдени толқуларды күні бұртын сезініп өз xалқын байырғының қараңқы қапталында ұйықтап, ұялап қалмасын деп шамшыраққа, жарық көкжиекке сүйреген көсемдер пайда бола бастады. Сондай жаңалықтың шағын мысалына бүгін тоқталмақпын.

Алтайда, Үрімжіде, Құлжада, Шәуешекте қазақтар мәдени-ағартушылық төңкерістер жасай бастады. Алыс-жақын шетелден жүн фабрикасын, қой терісін өңдейтін цеx сатып ала бастады; бұрын шұбырған түйелі көш әрең өтетін асулардан машина жол салдырып, көлік асырды; ұлттық театр ашылып, әдеби шығармалар саxыналанды; тб

20-ж соңы, 30-ж басында Қазақ елді-мекендерінде жаңадан әкімшілік аудан, қалалар пайда болды. Жері кең, xалқы шоғырлы өңірлер аудандарға бөлінді. Сондай аудан әкімшілігінің бірі- Іле уалаятының Текес ауданы.

жалпы, 30-жылдары Іле уалаятында 28 ақалақшы ел болған екен. Әр ақалақшыға 1000 түтін үй бағынған. Яғни Іле уалаятында 1 гуң (төре ауылы), 28 ақалақшы ел болған. 27540585_1013091685521085_5184532672969356086_n
Сондай ақалақшының бірі Текес ауданының қала құрлысын “ШАҢЫРАҚ” формасында жобалап ұсыныс жасаған Әлімжан Ақалақшы. Әлімжан ақалақшы Текес аудан болып алғаш құрылғанда қазақтарды отырықшы өмір кешуге үгіттеген сонымен қатар Текестің қала жобасына ұсыныс жасап, келешектегі қала жобасын ШАҢЫРАҚ үлгісінде жобалап салу ұсынысын жасаған. Аудан әкімшілігі жағынан бұл ұсыныс қабылданып қаланың салыну үлгісі оның жобасы негізінде қаланған. Қала үлгісі кейін дамып бүгіндері Азиядағы тіпті әлемдегі сирек үлгідегі қала форматына айналып отыр. Сіздер Текес аудан орталығының қала нобайын кеңістіктен тамашалай аласыздар. 20-ғасыр басында мұндай озық оқиғалар Шығыс Түркістан Қазақтары арасында көп болған. Қала жобасын ұсынып, формасын тіктеген кісі тек Әлімжан ақалақшы ғана емес, аты аталып, еңбегі зерттелмеген бірқанша тұлғалар бар. Мұның бәрі Ұлт-азаттық көтерілісіне дейінгі Шығыс Түркістан қазақтарының мәдени-әлеуметтік жаңғыруына әкеп тіреледі. Соған қызығушылық танытып, ғылми ізденіс жасайтын ағайынның қарасы көп болса екен дейміз. Тариxи шолу ретінде осы постты жаздым. Кейін тағы жазамыз…

*Түсініктеме:
Ақалақшы- кемінде 1000 түтін үйді басқарушыға берілген ескі әкімшілік тариxи атау. Бір түтін үйде орта есеппен бес жан бар.

27072747_1013091672187753_5688805907371250711_n27072320_1013091722187748_2797186613358956996_n

Related Articles

  • Қонаев пен Назарбаевтың Әруақ туралы көзқарастары

    Әлқисса… Бұл күнде діни уағызшыларымыз әр жерде «Әруаққа құрмет ету,  оған сиыну – Аллаға серік қосқандық»  дейтін,  тіпті  «Қабір тұрғызбау,  өлікті жерлеген соң жерді тегістеп тастау»,  «Жеті,  қырқы,  жылдығы дегендер шариғатта жоқ», «құран бағыштамау», т.б пәтуалар көбейе бастады. Мен діндәр адам болмасам да,  Илам дініне сенетін, өзіме тән көзқарасым, әрі шамалы білімім бар адам болғандықтан мұндай мәселеге  өз ойымды білдіргім келеді. Өйткені,  маған талантты жаратушы сыйласа,  білімді ата-анам мен осы халқым, өскен далам, ортам берді. Сондықтан жоғарыдағы мәселе жөнінде аздап толғанып көрейін,  артық кетсем ғапу етерсіздер. Әруақ бар ма? « …Таңғаласың,  олардың ‹біз топырақ болған кезде, жаңадан жаратыламыз ба?» деген сөздеріне таңырқау керек,  міне, бұлар раббыларына қарсы болғандар әрі бұлардың

  • Қазақ медицинасы құнды зерттеу еңбегімен толықты

    Нұргүл Жамбылқызы Алматы қаласы ОКЖ-нің №4 кітапханасында Астанадағы «Шипалы» емдеу орталығының бас дәрігері, денсаулық сақтау саласының үздігі, м.ғ.к. Қайрат Айдарханұлының төрт бірдей кітабының тұсаукесері болды. Кеш барысында Қайрат Айдарханұлының жеке өзінің «Қазақ емшілігі», «Арқа төрінде», «Сыр мен Сауыр арасы» және жазушы Жәди Шәкенұлымен бірлескен «Алтай алыптары» атты кітаптары көпшілікке таныстырылып, кеш қонақтарына да таратылды. Дәрігердің кітаптары түрлі тақырыпқа бағытталған. Мәселен, «Қазақ емшілігі» кітабына Қайрат Айдарханұлының ұзақ жылдарғы еңбектері мен зерттеулері енгізілген. Одан бөлек, аталған кітапта қазақ емшілігінде ұдайы қолданылатын дәрілер, табиғи емдеу жолдары топтастырылған.  Кешке майталман ақын-жазушылар, елімізге белгілі баспагерлер, БАҚ өкілдері мен қалалық кітапхана меңгерушілері қатысты. Соның ішінде, белгілі ғалым, медицина ғылымдарының докторы, академик Мақсұт Темірбаев, медицина ғылымдарының докторы,

  • Голощекинді құлақ-шекеден ұрған Жалау Мыңбайұлы туралы білесіз бе?

    Мемлекет қайраткері Жалау Мыңбайұлының туғанына 125 жыл 2016 жылдың қысында бірінші рет Маңғыстау жерінде болдым. Жалау Мыңбай ескерткішіне тағзым етіп, осы кісінің атындағы мектеп оқушыларымен жүздестім. Биыл күз мемлекет қайраткерінің туғанына 125 жыл толады, соны қалай лайықты етіп өткізуді жергілікті білікті азаматтар ойластыра бастапты. Маған қолқа салды. Каспиге бетімді жуып тұрып, Жалау өмір сүрген уақытқа іштей біраз ой жүгірттім. Большевиктерге тек партбилет шеңберінде қарамай Абай айтқан «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тұрғысынан да қарау керек-ау деген ұстаным безбеніне салып байқадым. Иә, ел азаматтары арасында ертеден түлеп, 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісі кезінде бас көтерген, 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін Тәуелсіздік деген ұранға айналған Алаш идеясы ел билігін большевиктер заңсыз

  • КЕЛЕСІ АЙДЫ «КӨКЕК» ДЕЙІК

    Қазақша ай аттарында «апрель» айын «Көкек» дейді. Ал «сәуір» қайдан пайда болды? Оның тарихы мынандай: 1990 жылы 24 «апрельде» арнайы заңмен Қазақстанда президенттік билік енгізілді. Тура сол күнге Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің органы «Халық Кеңесі» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Бұрын «апрель» сөзі қолданыла беретін. Компартияның қылышынан қам тамып тұрса да жаңа басылымда ай аттарының қазақша берілгенін көңіліміз қалап тұр. Алайда бір аптадай ғана бұрын Орталық Комитеттің апрель Пленумы өткен. Оны қалай жазамыз? «КПСС Орталық Комитетінің Көкек Пленумы» десең бас кетеді. Содан газеттің бас редакторы СарбасАқтаев жол тапты: «Сәуір Пленумы» дейік деп. Осы тіркестегі «сәуір» сөзі біртіндеп барша басылымдарға ауысты. Одан кейін «Орталық Комитет» те, «Пленум» да жойылды. Бірақ қазақша

  • ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҚҰНДЫ СИРЕК КІТАПТАРЫ АСТАНАДА

      21 мамыр, 2018. 14:00. Астана.Тәуелсіздік сарайы. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасы Астанасының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі – Астана» атты мерекелеу қарсаңында «Әлем астаналарының шежіресі» атты Халықаралық кітап көрмесін өткізеді.          Халықаралық көрмеге Әлемнің ең құнды сирек кітаптары қойылады. Осыған орай іс-шараға қатысатын шет елдік қонақтармен бірігіп баспасөз-конференциясы өтеді. Баспасөз конференциясына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы,  Италия елінің ғылыми хатшысы ЭдуардоКанетта, Иран Ислам Республикасындағы Адам ресурстарын басқару және дамыту жөніндегі басқарма директорының орынбасарыМехдиМусави, Ресей Ұлттық кітапханасының мәдени бағдарламалар департаментінің кітапханалық-көрме жұмысы бойынша бас маманыГоз Александр, Германия Республикасынан Ирантану және Орталық Азия зерттеулерінің жетекші маманыТуляшева Роза қатысады. Қазақстан Республикасының Президенті

2 Comments

  1. Мен бұрынғы Алматылық кәзір Астанада тұрамын. Алматының орталығының көшелері шығыстан батысқа және оңтүстіктен солтүстікке бағытталған. Кәзіргі заманда машина көп кезінде көшелерде кептеліс көп кездеседі, егер көшелер радиалды қиылысатын болса және көше тар болса. Қалының бір шетінен екінші қарама қарсы шетіне жету үшін жол қысқа болу керек. Айналма жолдар көп жанармай қажет етеді және қала ауасын ластайды. Сол себептен маған сіздер ұсынған қаланың құрылымы ұнамады!

  2. Маған шаңырақ тәрізді кала картасы ұнамады себебі кәзіргі заманда машиналар көп кезде, қала орталығында кептеліс болады, ал айналма жолдар көп жанармай қажет етеді және ауа ластанады! Жаңа Астана, Алматы қалаларынан үлгі алған дұрыс болар. Бізде де кептеліс болып тұрады, сол себептен көшелер кең болуы тиіс!

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: