|  | 

Көз қарас

Шәкерім қажының атына қатысты

1186704_1382431812026650_1733285244_n

Шәкерімді “Шәкәрім” деп атау қалыптасып кетті. Өзім де осылай айтып жүргем. Мұхтар Мағауин ақсақалдың екі уәжінен соң пікірімді өзгерттім. Ақсақалдың сөзінше, біріншіден, Шыңғыстау, Бақанас пен Шұбартаудағы ағайыны көзі тірісінде һәм кейін шайырды “Шәкерім” деп атаған. Екіншіден, тіпті замандастарының көзін көріп, сөзін естігендерге сенбеген жағдайда, мынадай қисынға тоқтауға болады: қазақ тілінде “әкә” деген буын мүлдем жоқ, сөз ішінде кездеспейді, фонетикалық заңдылыққа қайшы. “Әке”, “дәке” (марля), “Сәке” деген сияқты атаулар соның айғағы. Ақсақалдың осы бірінші уәжі-ақ өз басыма жеткілікті еді, екіншісі мұның дұрыстығын әбден ұғындырып тұр.

Ғалым БОҚАШтың facebook парақшасынан алынды

БАС ТӘУЕЛСІЗДІГІ

Адамның шын мінезі, ой-пікірі һәм қабілеті жеке басы үшін саяси-экономикалық тәуелсіздік туғанда ғана білінеді (салыстырмалы түрде айтып отырмын, абсолют тәуелсіздік болмайды, әрине). Яғни шама-шарқына қарай жайлы баспанасы, тұрақты жұмысы һәм табыс көзі, зейнет пен мұқтаждық жәрдемақысы бар; жылына кем дегенде бір мәрте шетке шығып келе алатын еркіндігі бар; аптасына аз дегенде бірнеше мәрте жаны жақын адамдармен ойын-сауық орталықтарына, я саяси-әлеуметтік клубтарға барып тұратын жағдайы бар; мәдениет пен спорт саласындағы хоббиін дамытатын, ғылым саласындағы талабын ұштайтын әрі ләззат алатын мүмкіндігі бар; бойдақ болса, басына жететін, отбасылы болса, бала-шағасына жететін, зейнеткер болса, күтіміне жететін қоры бар адам ғана туған-туыс һәм дос-жармен қарым-қатынаста да, билікпен қарым-қатынаста да ойын бүкпей айтатын шыншыл, анық азаматқа айналады. Өркениетті режимдер заңның үстемдігін орнату арқылы халқына осындай саяси-экономикалық азаттық әпереді. Ал қудалаушы режимдер заңнан үстемдігін орнату арқылы халқына бас көтертпей, кішігін – ұлығына, адалын – арамына, әділін – әккісіне, маманын – мансапқорға, кәрісін – жасына кіріптар етіп қояды. Кіріптар адамның шын сөйлеуі, шын іс қылуы, әрбірден соң шын өмір сүруі қиынның қиыны. “Кісінің қолына қарағанның күні құрысын” дейді қазақтың бір мақалы. Рас сөз.

Ғалым БОҚАШтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Гипер жобалардың жолы бола ма?

    Кеңес одағы жылдарында мемлекеттің экономикасы гигантоманияға құштар болды. Бір орталықтан басқарылған жоспарлы экономикада олар азды-көпті тиімділік көрсетті, бірақ нарықтық экономикаға көшкенде солардың бәрі адыра қалды. Өйткені, нарық гигантоманияны сүймейді, ол нақтылыққа икемділікті ұнатады. Сол сияқты Қазақстан да осы уақытқа дейін қазақтың «көрпеңе қарай көсіл» деген нақылын ұмытып, гипер жобаларға, мега жобаларға құмарлық танытып келеді. Мәселен, «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» халықаралық теміржол маршруты жобасына бастамашы болып, ақыры оны 2014 жылы іске қосты. Әріптестеріміз болып отырған екі елдің тауарлары да нарықты жарып, ағылып жататындар емес. Оған Қазақстан арқылы Ресей қосылғанда да тауарлары біртекті, бәрінің де қаузайтыны негізінен табиғи ресурстар. Осы жолмен Қазақстан тауарлары Парсы шығанағына тікелей шығатын болады деп жалаулатқан едік. Сол дәмеміз ақталды ма?

  • МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРАУШЫ ҰЛТ ЕКЕНІН АШЫҚ АЙТУЫМЫЗ КЕРЕК

    Қарағанды – талай талант пен дарындардың кіндігін кесіп, томағасын сыпырған, қазақ үшін құт дарып, бақ қонған қастерлі мекен. Соңғы аптада осы бір өлкеге елдің назары ерекше ауды. Мәселенің мәнісі де баршаға мәлім. Бүгін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, мәселенің мән-жайын түсіндіріп берді. Аталған іс бойынша нақты шаралар қолға алынып, тергеу амалдарының жүйелі түрде жүргізіліп жатқандығын да айтты. Қазірдің өзінде осы іске қатысы бар деген күдікпен 8 адамның ұсталғаны, тағы біреуіне іздеу жарияланғаны белгілі болып отыр. Бұл кешенді жұмыстар нақты нәтижесін беріп, жауапты адамдар заңға сәйкес жазаларын алады. Осы ретте, орын алған жайтқа қатысты аз-кем өз ойымызды білдіріп, үн қосқанды жөн көріп отырмын. Бұған дейін

  • Қазіргі уақыттағы қазақ телевизиясының жұмысына қатысты ұсыныстар

    I. Қазіргі телевизия сипаты мен беталысы. Жер жүзіндегі медиа-кеңістік, соның ішінде телевизия жаңа ғасыр басталғалы бері, әсіресе соңғы он жыл беделінде күрт өзгерді. Әлбетте, технологияның кешеуілдеп жетуі және басқа да объективті, субъективті себептерге байланысты Қазақстанда бұл өзгеріс кейінгі бес-алты жылда ғана байқалды. Ең әуелі, спутниктік және кабельдік жүйенің жедел дамуы көрерменнің таңдау мүмкіндігін мейілінше кеңейтіп, көбейтіп жіберді. Қазір Қазақстанның (дамыған Батыс елдерін айтпай-ақ та қоялық) көптеген елді мекендерінде (ірі, орташа, шағын қала, кенттерде, қалаға жақын ауылдарда) кем дегенде отыз шақты телеарна көруге болады. Екіншіден тез тарап жатқан интернет пен арзан («қол жетімді» деп жүрміз) смартфондар ақпарат алудың жаңа «тұма-бастауларын»: әлеуметтік желілер, әр қилы сайттар, youtube, on-lineфильмдер (бұл фильмдердің барлығы дерлік

  • Қазақ елдігін сақтау үшін көніп отыр…

    Қарағанды оқиғасының түп-төркіні де әлеуметтік теңсіздікке тірелгендей: этникалық топ – бай, жер иесі – кедей, олар моралдық тұрғда басым, бұлар қорланып жүр. Марқұм 23 жасар баланың қазасы осы қыжыл шоғына май құйғандай әсер етті. Рақымжанның жоғын жоқтағандарды, қазақ бірігуі керек дегендерді ұлтшылға, фашистке теңеу өз арамызда үдеп тұр, тіпті, Қазақстаннан түңілдім, қазақтар қорқынышты боп барады, деген қазақтарды байқадым. Ойдан оза шабуға асықпасақ. Рас, қазақ өз жерінде, елінде күшті болуы керек, ол – білек пен жұдырықтың күші емес, заң күші болуы тиіс. Араб әмірліктерінде жергілікті халық – арабтар 20 пайызға жетпейді, қалғаны – түрлі этникалық топтар. Соның бәрі жаңағы 20 пайызға қызмет етеді, әлеуметтік артықшылықтың бәрі арабқа: жаңа туған араб баласының

  • Қытайлар Ғұндарға 80 жыл бағынған

    Ғұндардың әскери мемілекетінің құрылуыБіздің заманымыздан бұрынғы 215 жылы Ғұндардың кошпенді-әскери мемлекеті құрылды. Ұлыстың қағаны Түмен болды. Түменнің Бақтұғ( Модон) атты тах мұрагері болды, Түмен оны тах мұрагерлігінен қағып көршілес Нүкүз(月氏)дерге аманатқа жіберді, артынан екі ел жауласқанда Нүкүз ханы Модонды өлтірмек болды, Модон Нүкүздердің бір жүйірік атын қолға түсірдіде ұстатпай Ғұндарға қашып келді. Түмен тәңірқұт оған түмен(10000) жасақты басқартты, Модон ысқырма жебені жасап шығып жасақтарына: «Мен жебені қалай атсам сендерде солай атасыңдар атпағандардың басы кесіледі !» деп әмір етті. Бір жолы өзінің сайгүлігіне қарата оқ атты, өзімен қосыла атпағандарды сол майданда шауып өлтірді. Тағы бір жолы тіпті өз бәйбішесіне қаратып оқ атты, қосыла атпағандарды тағы да өлтірді. Түмен тәңірқұтпен бірге аңға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: