|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат

АҚШ санкция ықтималдығымен «Кремль есебін» жариялады 


Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта), осы елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков (арт жақта) ТМД елдері басшылары жиынында отыр. Сочи. 11 қазан, 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта), осы елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков (арт жақта) ТМД елдері басшылары жиынында отыр. Сочи. 11 қазан, 2017 жыл.

АҚШ қаржы министрлігі жариялаған “Кремль есебінде” Ресей президенті Владимир Путиннің айналасындағы санкция салынуы мүмкін адамдардың аты-жөні белгілі болды. Есепке ілінген 210 адамның ішінде үкімет мүшелері, Путин әкімшілігінің қызметкерлері, олигархтар және “өзге де жоғары лауазымды саяси жетекшілер” бар.

АҚШ-та жариялануы көптен күтілген осы тізімдегілер болашақта Америка санкциясына алынуы әбден мүмкін. “Кремль есебіне” Ресейдің 114 жоғары лауазымды саясаткерлері және 96 олигарх қамтылды. Бейресми түрде бұл есеп “Путин тізімі” деп аталады.

ТІЗІМДЕГІЛЕР

Аталған тізімге алынғандардың ішінде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, президент әкімшілігінің басшысы Андрей Вайно, премьер-министр Дмитрий Медведев және сыртқы істер министрі Сергей Лавров бірден көзге шалынады.

“Өзге де жоғары лауазымды саяси жетекшілер” бөлімінде Федерация кеңесінің басшысы Валентина Матвиенко, Мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володин, Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин, Тергеу комитеnінің төрағасы Александр Бастрыкин, ФСБ басшысы Александр Бортников және Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің аты-жөні аталған.

Ресей президенті Владимир Путин Қырымды Ресей Федерациясының субъектісі ретінде мойындайтын құжатқа қол қою кезінде. Сол жағында - Федерация кеңесінің басшысы Валентина Матвиенко. Оң жағында - Мемлекеттік думаның сол кездегі басшысы Сергей Нарышкин.

Ресей президенті Владимир Путин Қырымды Ресей Федерациясының субъектісі ретінде мойындайтын құжатқа қол қою кезінде. Сол жағында – Федерация кеңесінің басшысы Валентина Матвиенко. Оң жағында – Мемлекеттік думаның сол кездегі басшысы Сергей Нарышкин.

“Кремль есебінен” ресейлік мемлекеттік корпорациялар басшыларын да көруге болады. «Роснефть» басшысы Игорь Сечин, «Газпром» басшысы Алексей Миллер, «Ростех» жетекшісі Сергей Чемезов, “Ресей темір жолы” компаниясының бас директоры Олег Белозеров, Сбербанк басшысы Герман Греф, «Интер РАО» жетекшісі Борис Ковальчук – осы қатардағы тұлғалар. Тізімдегі «олигархтар сапында» Әлішер Усманов, Роман Абрамович, Сулейман Керимов, Олег Дерипаска, Евгений Касперский, Владимир Евтушенков, Петр Авен, Аркадий және Борис Ротенбергтер, Геннадий Тимченко, Олег Тиньков, Александр Мамут, Кирилл Шамалов, Михаил Прохоров, Владимир Потаниндер бар.

САНКЦИЯҒА ӘЛІ ЕРТЕ МЕ? 

“Кремль есебіне” қамтылған шенеуніктер мен олигархтарға болашақта санкция салынуы мүмкін. Алайда АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі әзірге жақын арада ондай шара болмайтынын айтады.

30 қаңтарда жарияланған бұл тізім Конгреске 29 қаңтарда ұсынылған болатын. Тізім “Америка қарсыластарына санкция арқылы қарсы іс-шаралар” (CAATSA) федералдық заңының негізінде түзілген. Бұл заңға президент Трамп былтырғы тамыз айында құлықсыз кейіпте қол қойған. Аталған заңға Конгрестің қос палатасы басымдықпен дауыс берген еді. CAATSA заңы 2016 жылғы АҚШ президенті сайлауына Ресейдің қатысы болу ықтималдығына байланысты қабылданған.

Оқи отырыңыз: Ресей элитасы АҚШ санкциясынан қауіптенеді

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 29 қаңтарда АҚШ-тың биыл 18 наурызда Ресейде өтетін президент сайлауына осы есеп арқылы ықпал етуге тырысатынын айтқан.

26 қаңтарда АҚШ Ресейдің Қырымды аннексиялап, Украинаның шығысындағы жағдайға араласуына байланысты санкциясын ұлғайтқан болатын. Ол уақытта тағы да 21 адам және тоғыз компания санкцияға ілінген. Олардың арасында Ресей энергетика министрінің орынбасары Андрей Черезов, “Технопромэкспорт” компаниясы және “Сургутнефтегаздың” еншілес компаниялары бар.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • Қытай қазақтарының мәселесі “Сайрагүлге дейін және Сайрагүлден кейін”

    Сайрагүл апайдың жеңісін шын жүректен құттықтаймын. Сот шешімінен кейінгі қуанышты бейнесін қайта қайта көріп қатты қуандым. Қуанбаған жұрт жоқ екен сол маңда. Сайрагүл апайдың бейнесіне қарап сан ойға баттым… Қытай қазақтарының мәселесі туралы осыған дейін де азаматтық пікірімді айтқамын, пост тұр. Менің жеке пікірімше қытай қазақтарының мәселесі “Сайрагүлге дейін және Сайрагүлден кейін” деп дәуір бөлгіштік сипатқа өзгеруі мүмкін. Қазір, біздің жұрт тек ғана қуанышты құттықтап тойлаумен әбігер боллып жатыр екен бірақ мәселеге үлкен маштабтан қарап стратегиялық талдау сараптау жасау жағы жетпей тұр. Қытайдан заңсыз шекара бұзып өту оқиғасы Сайрагүлге дейін де болған (меніңше Сайрагүлден кейін де болады…), Сәбет-Қытай арасындағы қырғиқабақ кезінде қытайдағы Сәбетшіл қазақ ұлтшылдары мен жас зиялылардың біразы заңсыз

  • Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мемлекеттік хатшы Майкл Помпеоны Қазақстанға шақырды.

    Қайрат Әбдірахманов және Майкл Помпео Қазақстан Президентінің Вашингтонға жасаған сапарының нәтижелерін жүзеге асыруды талқылады-деп хабарлайды СІМ баспа сөз қызметі. 2018 жылғы 28 маусымда Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен телефон арқылы сөйлесті. Екі елдің сыртқы істер ведомстволарының басшылары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың қаңтарында АҚШ-қа ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылуын қанағаттанушылықпен атап өтті. Майкл Помпео Қазақстан көшбасшысы сапарының маңыздылығын айрықша атап өтіп, АҚШ Президенті Дональд Трамп Вашингтонда қол жеткізілген уағдаластықтарды және Қазақстанмен екіжақты әріптестікті дамытуды жоғары бағалайтынын атап өтті. Сұхбаттастар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамыту мәселелерінің кең ауқымын, атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық, энергетика,

  • Тоқаевтың “саяси бомбасының” астарында не жатыр?

    Анна КЛЕВЦОВА Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан сыртқы істер министрі болған кезде Семей ядролық сынақ полигоны құрбандарына орнатылған ескерткіш алдында сөйлеп тұр. Семей, 8 қыркүйек 2006 жыл. Батыс баспасөзінде Қазақстан сенатының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент сайлауы қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевсыз өтуі мүмкін деп мәлімдеген сұхбатына қатысты комментарийлер берілген. Бұған қоса, коррупциялық қылмыс жасады деген күдікке ілінген Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разакқа ішінде қазақстандық күйеубаласы да тарту еткен қымбат “сыйлықтар” туралы жазған. “САЯСИ БОМБА” Ағылшын тілінде шығатын Eurasianet.org жаңалықтар сайты “Қазақстан: сенат спикері 2020 жылғы сайлауға Назарбаевтың түспейтінінен белгі берді” деген мақаласында парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлыбританиялық ВВС медиакорпорациясына 2020 жылғы президент сайлауына Нұрсұлтан Назарбаев кандидат ретінде түспеуі мүмкін деген “жеке пікірін” айтқан

  • Қазақстан Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдердің халықаралық аналитикалық орталығының ашылуына қатысты

    Қазақстан Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдердің халықаралық аналитикалық орталығының ашылуына қатысты-ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ СІМ 11-12 маусымда Ұлан-Батырда Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдердің халықаралық аналитикалық орталығының (International Think Tank for Landlocked Developing Countries) ашылуына орай өткен инаугурациялық конференцияға қатысты. Іс-шараның ашылуы барысында дипломат Қазақстан үшін теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер мәселелері сыртқы саясаттың маңызды бағыты болып табылатыныдығын мәлімдей отырып, 2003 жылы Алматыда өткен LLDC Министрлік конференциясы барысында тарихи 2004-2014 жж. арналған Алматы бағдарламасы қабылданғанын ерекше атап өтті. Е.Ашықбаев қатысушылардың назарын LLDC елдерінің 2014-2024 жж. арналған Вена бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі тұрақты даму бағдарламасы аясында аталған елдер алдында тұрған мәселелердің шешімін табуында

  • “Назарбаев 2020 жылы сайлауға түседі деп ойламаймын”

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлыбританиялық ВВС телеарнасының Hard Talk бағдарламасына сұхбат беріп, Назарбаевтың билігі және елдегі жемқорлықпен күрес туралы айтты. Сұхбат 20 маусымда ВВС News телеарнасына және BBC радиосына шықты. “Назарбаевтың билікте ұзақ отыруы – тұрақтылықтың белгісі. 2020 жылға дейін билікте болады. Кейін сайлауға түсем десе өзіне байланысты” деді Тоқаев сұхбатында. Осы сәтте хабар жүргізушісі Стивен Сакур “Егер менің математикалық есебім дұрыс болса, 2020 жылы Назарбаев 80 жасқа толады ғой?” деп сұрады. Бұл сұраққа Тоқаев “Иә, Иә. Малайзияда 92 жасқа толған Махатхир Мохамад премьер-министр болды ғой. Ашығын айтқанда, 2020 жылы Назарбаев президент сайлауына түседі деп ойламаймын. Ол өте ақылды адам. Мүмкін 2020 жылғы сайлау басқа кандидаттармен өтер. Сайлауға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: