|  | 

Жаһан жаңалықтары

Назарбаевты мақтағаны үшін Трамп сынға ұшырады


Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Дональд Трамп. Вашингтон, 16 қаңтар 2018 жыл.

Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Дональд Трамп. Вашингтон, 16 қаңтар 2018 жыл.

ТРАМПТЫ СЫНАУ

Америкалық Washington Post газеті АҚШ президенті Дональд Трамптың АҚШ астанасында әскери парад өткізу ұсынысын сынау күшейіп бара жатқаны туралы жазған саяси шолушы Макс Буттың “Америка Трамптың тегеуірініне қарсылық білдіріп жатыр. Тек ұрынып қалмаңдар” мақаласын жариялады. “Трамп “авторитарлы тұлға» деген ұғымға сай” деп санайды Макс Бут.

Шолушы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жуырдағы сапары кезінде оны Дональд Трамптың мақтағанын еске салған. “Владимир Путин, Си Цзиньпин, Абдель Фаттах әл-Сиси және Режеп Тайып Ердоған сияқты диктаторларға Трамптың тәнті екені қайран қалдырмайды. Ол тіпті “үлкен, тамаша жұмыс атқарғаны” үшін 97,7 пайыз дауыспен “қайта сайланған” карикатуралық кейіпкер – қазақстандық Нұрсұлтан Назарбаевты да мақтаған” деп жазған Макс Бут.

Оқи отырыңыз: Назарбаевтың сапарын жазған басылымдар “клептократияны” айтты

Көре отырыңыз: НАЗАРБАЕВ ПЕН ТРАМПТЫҢ КЕЗДЕСУІ

​Мақала авторының сөзінше, Трамп Германия канцлері Ангела Меркель, Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй сияқты демократиялық жолмен сайланған одақтастарын менсінбейтінін көрсетіп жүр әрі АҚШ басшысы жуырда Мэймен Денсаулық сақтау ұлттық қызметінің жұмысына байланысты тағы да дауласып қалған. “Трамптың диктаторларды жақсы көретін себебі өзі де солар сияқты болғысы келетініне байланысты емес пе деп күмәнданамын. Ол да 97,7 пайыз дауыспен “жеңгісі” келеді. Мұның ретін келтіре алмаған кезде ол инаугурациясында өзінің жеңісі мен қыруар жақтасы жайлы өтірік айтады” деп жазған Макс Бут.

АҚШ-ТЫ “АРЗАН УРАНҒА” БӨКТІРІП ЖАТҚАН ЕЛДЕР

Америкалық Wall Street Journal газетінде АҚШ-тың Вайоминг штатынан сайланған республикашыл сенатор Джон Баррассоның “Америка уран тапшылығын өзі қолдан жасап отыр” деген мақаласы шықты. Ол Ақ үйді АҚШ-қа арзан уран сатып жатқан өндірушілерге қарсы шара қолдануға шақырған. Олардың ішінде Қазақстан да аталған.

“АҚШ-тың жылына ондаған миллион [уран] өндіруге шамасы жетер еді, ал қалған қажет бөлігін Канада я Австралия сияқты дос елдерден алып тұрар еді. Бірақ бұл элемент көбінесе Ресей, Қазақстан және Өзбекстан сияқты елдерден түседі. Америка коммерциялық ядролық отынның 40 пайызға жуығын осы үш елден импорттайды” деп жазған Джон Баррассо.​

Америкалық сенаторлар (солдан оңға қарай): Линдси Грэм, Джон Баррассо және Джон Маккейн. Иерусалим, қаңтар 2014 жыл

Америкалық сенаторлар (солдан оңға қарай): Линдси Грэм, Джон Баррассо және Джон Маккейн. Иерусалим, қаңтар 2014 жыл

Сенатор АҚШ билігіне “Ресей, Қазақстан және Өзбекстандағы мемлекеттік және мемелекет қаржылай демейтін өндірушілерге қарсы шара қолдануды” ұсынады. “Бұл елдер АҚШ-ты арзан уранға әділетсіз бөктіріп жатыр, өйткені олар АҚШ-қа саяси ықпал ету тетігін алуға мүдделі” деп санайды Джон Баррассо.

БЕРЛИН ҚАБЫРҒАСЫ

Америкалық Bloomberg ақпарат агенттігінің сайты посткоммунистік елдердің экономикалық ахуалын талдаған “Берлин қабырғасы әлі құлаған жоқ” деген мақаласында Қазақстан мен Ресейді “авторитарлы режимдер” деп атаған.

“Economist Intelligence Unit зерттеу тобының әлемдегі демократия көрсеткішіне қатысты соңғы рейтингіне сәйкес, посткоммунистік елдер арасында бір де “толық демократиялы” ел жоқ, ал Еуропа одағына кірмейтін елдердің көбін тіпті “демократия әлсіз” елдер деп те атауға болмайды. Олардың бәрі – “гибрид режим орныққан” (мысалы, Украина, Молдова, Грузия немесе Черногория) елдер я болмаса авторитарлы режимдер (мысалы, Ресей мен Қазақстан). Бұл елдерді Батыстан бөліп тұрған дуал коррупция мен нашар үкімет арқылы тұрғызылған және Батысқа деген әбден орнығып алған сенімсіздікке сүйенеді, бұл визалық және сауда саясатындағы шектеуге әсер етеді. Әлемнің бұл бөлігінде Батыс Еуропа деңгейіндегі экономикалық конвергенция (жақындасу) нақты іске асатын мақсат ретінде саналмайды. Ары кетсе, шикізат тауарларының бағасын өзгерту мәселесін талқылаудан аспайды” деп жазған Bloomberg.

“ӘЛСІЗ” ТЕҢГЕ

Ұлыбританиялық Telegraph газеті “Алдыңғы Олимпиададан бергі кезеңдегі ең мықты және ең әлсіз валюталар” деген мақаласында әлем елдері валюталарының бағамы Сочиде өткен олимпиададан кейінгі төрт жылда қалай өзгергенін көрсететін деректер келтірген. Қазақстан теңгесін әлемдегі ең көп құлдыраған валюталардың біріне жатқызған. “2014 жылы Қазақстан [Олимпиадада] медаль алды, бірақ 50 пайыздан көпке құлдырағандықтан, теңге басын бұлай асқақ ұстай алмай тұр” деп жазған басылым.

Оқи отырыңыз: ТЕҢГЕНІҢ БІР ЖЫЛДА «ЖЕТКЕН ЖЕРІ»
Үкімет теңгенің "еркіне жіберілгенін" хабарлағаннан кейін валюта айырбастау орнында пайда болған кезек. Алматы, 20 тамыз 2015 жыл.

Үкімет теңгенің “еркіне жіберілгенін” хабарлағаннан кейін валюта айырбастау орнында пайда болған кезек. Алматы, 20 тамыз 2015 жыл.

​Telegraph болжамынша, долларға шаққандағы бағамы жағынан ең үлкен өсімді бұл кезеңде 14 пайызға нығайған Исландия кронасы көрсеткен. Британдық газеттің алтын медалі Исландияның ұлттық валютасына “бұйырған”. Басылым редакциясы күміс жүлдені Тайланд батына, ал қола медальды Израиль шекеліне “берген”. Telegraph қазақстандық теңгені қосқан әлсіз валюталар тізімінде Аргентинаның песосы, Түркияның лирасы, Бразилияның реалы да бар.

КОНКУРСТАН ШЕТТЕТІЛГЕН “АРУ”

Miss Virtual Kazakhstan виртуалды әйелдер конкурсында финалға шыққан “Арина Алиева” шын мәнінде, ер адам – 22 жастағы Илай Дягилев болып шығып, Қазақстанда көп шуға ұлсақан оқиға жайлы Батыстың бірнеше басылымы жазған.

 

Ұлыбританиялық Mirror газеті «Адам сенгісіз жайтты жария еткеннен кейін сұлулық конкурсына қатысушы байқаудан шеттетілді» деген мақаласында «Ұлттық сұлулық байқауының финалисі өзінің шын мәнінде ер адам екенін жария еткеннен кейін конкурстан шеттетілді» деп жазған. Мақалада былтыр Ресейде де осындай жағдай болғанын еске салған – ол кезде 20 жастағы Андрей Нагорный іш киім моделі ретінде шығып, конкурста жеңіп шыққан (ер адам екені әшкереленгеннен кейін жүлде өзге қатысушыға табысталған) .

Бұл оқиғаны “Британдық баспасөздің жазуынша, қатысушылардың бірі өзінің шын мәнінде ер адам екенін жария еткеннен кейін Қазақстандағы сұлулық конкурсынан береке қашты” деген мақаласында мальталық Independent газеті де сипаттаған.

Ұлыбританиялық BBC жаңалықтар сайты жұрттың Дягилевтің мәлімдемесіне қатысты реакциясы туралы «Miss Virtual Kazakhstan финалына жеткен сұлу ер адам болып шықты» деген мақаласында “Instagram желісіндегі комментарийлерде жұрт Дягилевті “біртектес қыздардың” ортасында ерекше көрінген қатысушы деп атап әрі “өзге қыздардың бәрінен гөрі әдемірек” деп жазып, бұл оқиғаны негізінен жылы қабылдаған”. Бірақ Дягилевтің әрекетін сынағандар да болды.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • АҚШ сенаты Помпеоны мемлекеттік хатшылыққа бекітті

    Майк Помпео, АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы. АҚШ сенаты Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы директоры Майк Помпеоны мемлекеттік хатшы етіп бекітті. Осыған дейінгі мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон отставкаға кеткен соң, оның орнына Майк Помпео ұсынылған. Бірақ демократ конгресмендер Помпеоның кандидатурасын оны АҚШ президенті Дональд Трамппен өте жақын қарым-қатынаста деп сынаған. Олардың дені бас дипломат еркін ойлы, тәуеллсіз адам болуы керек деп мәлімдеген. Трамптың өзі Помпеоны қызметке тағайындауда уақытты тым созып жіберді деп демократтарды айыптаған. Помпео болса, Ресейге қатысты жұмсақ саясаттан бас тартып, Мәскеуге қарсы санкцияны кеңейту керек деген ұстанымда. Атап айтқанда, ол Ресей президенті Владимир Путин өз еліне алып держава мәртебесін қайтарғысы келеді деп біледі. Майк Помпео Ресейдің АҚШ президенті сайлауына

  • Серж Саргсян отставкаға кетті

    Серж Саргсян 23 сәуірде Арменияның премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кетті. Елдегі оппозиция соңғы он бір күн бойы Ереванда толассыз шеруге шығып, оның екі мерзім президент болған соң үкімет басқаруға қайтып келуіне наразылық танытқан. Саргсян: “Мына туған ахуалға қатысты әртүрлі шешім қабылдауға болар еді. Бірақ мен ондайға бармаймын. Елдің жетекшісі, үкімет басшысы қызметінен кетем” деп мәлімдеді. Саргсян жаппай наразылық шарасын ұйымдастырушы Никол Пашинянның позициясын “жөн” деп мойындаған. 23 сәуір күні Еревандағы оппозиция шеруіне әскери киімділер мен діни қызметкерлер де қосылды. Армениядағы оппозицияның жетекшісі, парламент мүшесі, “Елк” саяси блогының басшыларының бірі Никол Пашинян 2008-2018 жылдары екі мерзім президент қызметін атқарған Серж Саргсянның премеьер-министр болуына қарсы шыққан. Пашинян бастаған ондаған мың армениялық Ереванда

  • АҚШ-тың қазіргі заман тарихында екі президент баптаған жалғыз америкалық әйел

    АҚШ-тың қазіргі заман тарихында екі президент баптаған жалғыз америкалық әйел, үлкен Буштың жары, кіші Буштың анасы, 17 немере, жеті шөбере сүйген Барбара Буш 92 жасында дүние салды. Бұл аяулы жанды Америка ерекше жақсы көрді. Елдің есінде қалған әр жылдары айтқан ұтқыр ойлары мен шынайы сөздері көп. Солардың төртеуін төменде тәржіме еттім: 1. Алғаш сүйіскен жігітіммен тұрмыс құрдым. Қазір осыны балаларыма айтсам, құсқылары келеді; 2. Күйеуіме “ЦРУ басқарғаның қалай болар екен, менің аузымда сөз тұрмайды ғой” дедім; 3. Баласының не бүлдіргісі келіп жүргенін анық білетін Америкадағы жалғыз шеше мен шығармын; 4. Басқа да білікті адамдар көп, президенттің Буш әулетінен шыға бергені жөн емес. Galym Bokashтың facebook парақшасынан алынды

  • Путин Асадты қорғамай неге бұғып қалды?

    Азаттық радиосы Солдан оңға қарай: Сирия президенті Башар Асад, Ресей президенті Владимир Путин және Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Хмеймим әскери базасында. Сирия. 11 желтоқсан, 2017 жыл. Сәуірдің 13-інен 14-іне қараған түні АҚШ, Ұлыбритания және Францияның қарулы күштері президент Башар Асад армиясының нысаналарына зымыранмен соққы беретіні туралы алдын ала Ресейге ескерткені белгілі. Алайда Ресей Таяу Шығыстағы негізгі одақтасына көмектескен де жоқ. Кремльдің бұрынғы мәлімдемелеріне, тіпті егер Батыс елдері Шығыс Ғутада химиялық қаруды ықтимал қолданғаны үшін Асад күштеріне шабуылдауды ұйғарса,  қарымтасы болады деген сесіне қарамастан көмектен тартына қалған қылығын қалай түсінуге болады? БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 14 сәуір күні кешке өткізген шұғыл жиынында Ресей ұсынған АҚШ пен оның одақтастарының Сирияға соққысын айыптайтын қарар

  • Мэттис: Асад режиміне әуе соққысымен белгі бердік

    Сирия астанасы Дамаск. 14 сәуір 2018 жыл АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Сириядағы нысаналарға қарсы соққы Башар Асад режимін химиялық қару қолдану мүмкіндігінен айыруды және Сириядағы бейбіт тұрғындар арасында құрбан саны неғұрлым аз болуын көздеп жасалғаны туралы мәлімдеген. Оның айтуынша, әуе шабуылы кезінде химиялық қару әзірлейтін зерттеу орталығы мен химиялық қару қоймасы нысанаға алынған. Пентагон басшысы Думада химиялық қару қолданғаны үшін Сирия билігі жауап беруі тиіс деп санайды. АҚШ штаб басшыларының бірлескен комитетінің жетекшісі генерал Джозеф Дэнфорд Сирияға қарсы әуе шабуылының алғашқы кезеңі аяқталғаны туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ Ұлыбритания және Франциямен бірлесіп”жоғары дәлдікпен” жасалған әуе шабуылы туралы Ресейге алдын ала ескертілмеген. Министр Джеймс Мэттистің сөзінше,”бір жолғы” шабуылдың мақсаты –

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: