|  |  | 

Спорт Сұхбаттар

Қытай құрамасындағы қазақ конькиші


Аршынғазы Шәкен Пхенчхан олимпиадасына қатысып жатқан сәт. 13 ақпан 2018 жыл.

Аршынғазы Шәкен Пхенчхан олимпиадасына қатысып жатқан сәт. 13 ақпан 2018 жыл.

Шыңжаңда туып-өскен этникалық қазақ Аршынғазы Шәкен Пхенчхандағы қысқы Олимпиадаға Қытай атынан қатысып жатыр. Ол Азаттыққа спортқа қалай келгені, алға қойған мақсат-мұраты туралы айтып берді.

Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиада ойындарына Қытай құрамасы қатарында қатысып жатқан 22 жастағы этникалық қазақ Аршынғазы Шәкен Шыңжаң-ұйғыр автономиялық аймағының орталығы Үрімжі қаласында дүниеге келген. 2010 жылдан бері конькимен жүгіруден Қытай құрамасының мүшесі алғаш рет Олимпиадаға қатысып отыр.

Ақпанның 13-і күні Аршынғазы конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықты 1:50.16 минутта сырғанап, жарысты 35-орынмен аяқтады. Ол Олимпиада чемпионы атанған голландиялық спортшы Кьелд Нейстен алты секундқа қалып қойды.

- Олимпиададай “жуан жарысқа” (ірі жарыс – ред.) келудің өзі үлкен бақыт. Жаспын, тәжірибе жинауға берілген мүмкіндік. Жаттықтырушыларым менен көп үміт күтеді. Сондықтан маған мүмкіндік берді. Олимпиада – жарыстардың төресі. [Нәтиже] енді мен үшін болады. Осындай жарысқа келгенім ата-анама, достарыма мақтаныш. Кез келген адам [олимпиадаға] қатыса алмайды. Көп жолдан, көп қиындықтан өтіп келдім. Жаттығуларымның жемісі, – дейді ол.

Пхенчхан Олимпиадасына Қытай құрамасы қатарында қатысып жатқан этникалық қазақ Аршынғазы Шәкен.

Пхенчхан Олимпиадасына Қытай құрамасы қатарында қатысып жатқан этникалық қазақ Аршынғазы Шәкен.

Аршынғазы Шәкен 2017 жылғы Қытай чемпионатында 1500 метрге жүгіруден 46-орында келсе, 2018 жылғы Қытай біріншілігінде осы қашықтыққа өткен бәсекеде 5-орын иеленген. Спортшы қазір 1500 метрге жүгіру бойынша Қытай ішкі рейтингінде бірінші орында тұрғанын айтады.

“ТУЫП-ӨСКЕН ЕЛІМЕ МЕДАЛЬ СЫЙЛАҒЫМ КЕЛЕДІ”

Аршынғазы Пхенчхан Олимпиадасында ақпанның 24-і күні масс-старт жарысына қатысады. Спортшы алдағы төрт жыл бойы 2022 жылы Пекинде өтетін қысқы Олимпиадаға дайындалатынын айтады.

Аршынғазы Шәкен.

Аршынғазы Шәкен.

- Қазір небәрі 22 жастамын. Көру, үйрену екен. Мұзда сасқалақтау болады екен. Әлем үздіктерімен деңгейім әлі сай келмейтінін түсіндім. Көп машықтану керек. 2022 жылы Отанымда өтетін Олимпиада менің межем болады. Биылғы Олимпиада – арманның басталуы. Арманға жету үшін, биікке шығу үшін әлі көп машықтанамын, – деді ол Азаттық тілшісіне.

Аршынғазы Шәкеннің айтуынша, “Қытай құрамасында ұлтқа бөлу, қытай ұлтынан шыққан спортшыларға басымдылық беру деген жоқ. Кімнің нәтижесі жақсы болса, соған мүмкіндік беріледі”.

- Қытай құрамасында қазақ конькишілер көп. Бас құрамада менен басқа Дәстүр Тұрсынхан және Алмас Қақанбай деген қазақтар бар. “Бұл – қытай, бұл – қазақ” деп бөлмейді. Ешкім ешкімді алаламайды. Қытай ұлтына басымдылық беріледі деген жалған сөз. Жаттықтырушылар бәрімізге тең қарайды. Үрімжіде жаттығуға барлық мүмкіндік бар. Туып-өскен жерім – Қытай. Патриотпын. 2022 жылғы Олимпиадада еліме медаль сыйлағым келеді. Ешқайда кетпеймін, басқа елдің азаматтығын алу ойымда жоқ, – дейді Қытайда тұратын этникалық қазақ.

Конькиші Үрімжі қаласында тұрып жатқанын, сонда жаттығатынын айтады. Зейнет жасындағы ата-анасы Шыңжаңдағы ауылдардың бірінде тұрады екен. Отбасындағы өзінен кейінгі інісі спортпен айналыспайды.

- Конькиді 13-14 жасымда бастадым. Ата-анам – қарапайым бұқара. Солардың көз, жүрек қуанышымын. Бала кезімнен мұзды жақсы көрдім. Мектеп ауласында балалармен мұз тебетінбіз. Алдымен Үрімжідегі арнайы спорт мектебінде оқып, сонда жаттықтым. Спорттың осы түрін таңдауыма мұғалімім себепкер болды. Кейін Шыңжаңдағы орталық спорт мектебіне түстім. Сол жерде көп жаттығудың арқасында жақсы нәтижелер көрсете бастадым, – дейді ол.

Аршынғазы Шәкен Қазақстанда туысқандары, достары бар екенін, бірақ тарихи Отанында әлі болып көрмегенін айтады. Спортшы келер жылы Қазақстанда конькимен жүгіруден өтетін жарыстардың біріне баруды жоспарлайды. Ал Пхенчхан Олимпиадасынан кейін ол наурыз айында АҚШ-та өтетін халықаралық жарысқа, одан кейін Қытай ішіндегі турнирге қатыспақ.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Отандық спортшылар дәрігерлер мен әскери қызметкерлерге алғыс айтты

      Еліміздің атын әлемдік ареналарда танытып, әнұранымызды асқақтатып   жүрген спортшылар қауымы дәл қазіргі қиын кезеңде жұмыста қалып, ел үшін қызмет етіп  жатқан мамандарға шынайы ықыластарын жеткізді. “Отандастарымыздың амандығы үшін өз өмірін қауіпке тігіп жүрген ақ халатты абзал жандар мен әскери қызметкерлерге құрметімізді білдіреміз”- делінген спортшылар үндеуінде. https://www.instagram.com/p/B-wQguapjwv/?igshid=1cn1z56sxuhgy   https://www.instagram.com/tv/B_SqcxPhRMs/?igshid=1ux784e6u3xi8   https://www.instagram.com/tv/B_UOVWAJ_Sk/?igshid=uaxs4ahqajnw Айбек Нұғымаров, Елдос Сметов, Нұрбақыт Теңізбаев, Александр Винокуров, Мөлдір Мекенбаева, Дархан Нортаев сынды әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен олимпиада чемпиондары отандастарымызды үйде болуға және карантин уақытын тиімді пайдалануға шақырады. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен танымал спортшылар мен спорт қайраткерлерінің қатысуымен онлайн-сабақтар, жаттығулар және дәрістері қамтылған #бізбіргеміз #алғақазақстан жобасы жүріп жатыр.  

  • Желаяқ. Қазақ марафоншысының спорт, саясат пен карантин жайлы әңгімесі

    Азаттық радиосы Марафоншы Марат Жыланбаев Невада штатында. АҚШ, 1994 жыл. 56 жастағы Марат Жыланбаевтың тағдыры таңғаларлық деректерге толы. Ол балалар үйінде тәрбиеленіп, әр жылдары ұста, суретші, кәсіпкер, депутат болып еңбек еткен. 90-жылдары жалғыз өзі Азия, Африка, Австралия мен Америкадағы ең ірі шөлдерді жүгіріп өткен. Қазір Нұр-Сұлтанда тұратын бес баланың әкесі Марат Жыланбаев қала тұрғындарына жүгіру техникасын үйретіп жүр. Азаттық тілшісі атақты марафоншымен бірге жүгіріп, онымен спорт, саясат және карантин тақырыбында әңгімелесті. Марат Жыланбаев – Гиннесс рекордтар кітабына енген әлемдік жеті рекордтың иесі. Оның кейбір рекордын әлі ешкім жаңартқан жоқ. Жыланбаев 1991 жылы жазда 15 күн ішінде қатарынан 30 марафонды сәтті аяқтап, күн сайын 84 километрден жүгірген. 1992 жылы 20 күн

  • Тұрсынбек КӘКІШЕВ:сол өтірік академиктер көзінің тірі­сінде мақталып та, мадақталып та жатады. Ал көзі кеткеннен кейін соларды іздейтін ешкім болмайды…

    Астана. 11 қазан. Baq.kz Тұрсынбек КӘКІШЕВ,филология ғылымының докторы, профессор: Тұрсынбек аға, бүгінде 85 жасқа келіп жатырсыз. Өмірден не түйдіңіз? Өкініштеріңіз бар ма?  – «Ананы істей алмадым-ау», «мынау қалып қойды-ау» деген өкініш менде жоқ. Өйтіп өкінетіндей мүмкіндік те болған жоқ. Шындығын айтқанда, қазір өздерін «ака­деми­кпіз», «доктормыз» деп жүргендердің арасында архивтің есігі қайда екенін біл­мейтіндер бар. Шыққан кітапты оқып ала­ды да соған қарап өзінің ой-толғамдарын жазады. Негізі, кітап жазу үшін архивті білу керек, кешегі өткен күнді зерттеу керек. Осы жағынан келгенде, менің сөзімде, ойымда қатқыл пікірлер болып жататын болса, көп жағдайда сол тарихтан алған сабақтар еріксіз солай сөйлетеді. Архив дерегіне сүйенген адамның сөзі дәлелді, нығыз болады. Сол архивті ақтарам деп жүргенде менің

  • ҚАРЖАУБАЙ САРТҚОЖАҰЛЫ: ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗІ ЖАСАП КЕТКЕН ТАРИХЫН ӨЗІНЕ ҚАЙТАРУЫМЫЗ КЕРЕК

    Өткен аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көргені көпке аян. Тарихи тақырыпты қозғаған мақалаға қатысты белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлымен әңгімелескен едік. Мархабат! – Қаржаубай аға, әңгімемізді кеше ғана жарық көрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласынан бастасақ. Тарихи тұжырымдама турасында қазір қоғамда қызу талқы жүріп жатыр. Қалай ойлайсыз, ел басшысының бұл жолғы бастамасын рухани-мәдени дербестігіміздің алғышарты, күрделі кезеңде халықтың санасын оятып, серпіліс беретін үндеу деп қабылдай аламыз ба? – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көргеннен бергі бір жұманың ішінде қоғамда үлкен сең қозғалғандай болды. Ұлтын ұлықтаған, лайықты бағасы берілген көптеген мақалалар жарияланды. Сол дуалы ауыздардан шыққан дұғалы сөздерді, айтылған

  • Терроршыл Челахтың қайталанбауына кім кепіл?!

    2019 жылдың 8-21 қыркүйегінің аралығында, ресейлік Екатеринбург қаласында әуесқой бокстан кезекті әлем біріншілігі өтті. Мен осы жаһандық додаға журналис ретінде аккредитацияланған едім. Алты медаль жеңіп алған қазақ құрама командасы тағы да жер жүзіндегі жұдырықтасудың көшбасшысы екендігін дәлелдеді. Сатқын қазы-билердің зымияндығы болмаған жағдайда, Свердловск аймағы шаршы алаңындағы былғары қолғап шеберлеріміздің жетістіктері одан әрі ұлғая түсер еді. Дегенмен, 81 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі жаңа әлем жеңімпазы, соққылары жойқын маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетовтың қарқынды өрлеуіне ешкім тұсау сала алмады. Әр қарсыласын есеңгіретіп жіберді жас чемпионымыз! Тіпті, аты аңызға айналған кубалық Олимпия жеңімпазы Хулио Ла Крустың өзі біздің боксшыдан ойсырата ұтылды. Бір қызығы, ширек финалындағы жеңісінен кейін Ла Крустың қолтаңбасын алдым және ақтық сындағы жеңісінен

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: