|  |  | 

Сұхбаттар Шоу-бизнис

“Қиярға да пиар керек”: Танымал тележүргізуші елді шулатқан бағдарламасы туралы ашып айтты

Жыл басында Youtube желісінде жарыққа шыққан “TalkLike” жобасының алғашқы санын көпішілік қызу талқылап, жүргізушісі Аман Тасығанды бейәдеп сұрақтары үшін сөккен еді. Қалаулым жобасының “атышулы жұлдызы” Замирамен сұхбаттасып, сынға ілккен танымал журналист NUR.KZ порталына эксклюзивті сұхбат берді.

"Қиярға да пиар керек": Танымал тележүргізуші елді шулатқан бағдарламасы туралы ашып айтты

“Қиярға да пиар керек”: Танымал тележүргізуші елді шулатқан бағдарламасы туралы ашып айтты

Расказать Вконтакте

- Аман мырза, сізді халық осыған дейін тәрбиелік мәні зор, салмақты бағдарламалар жүрзізушісі ретінде жақсы танитын еді. Енді осы “TalkLike” жобасын бастаймын деп, жиған абыройыңызға нұқсан келтіріп алдым деп ойламайсыз ба?

- Бұл жобаның соңғы санында Тұңғышбай Жаманқұлов ағамызбен сұхбат көрермен назарына жол тартты. Өнерде жүрген үлкен ағамыздың жан дүниесіндегі күйзеліс, бүгінгі жағдайы – аса маңызды шаруа деп ойлаймын. Сондықтан да оны салмақсыз деп айта алмаймыз.

- Олай болса, осындай ауқымды жобаңыздың бірінші кейіпкері ретінде неге Замираны таңдадыңыз?

- Стратегиялық жоспар бойынша, елге айтары бар ағаларымыздың әңгімесі құлаққа жетуі үшін осылай істедік. «Қиярға да PR керек» дейді. Сондықтан бұл – мақсатты түрде жасалған қадам. Нәтижесінде мен өзімнің көздеген мақсатыма жеттім, жұрт назары ауды.

Видеодан скриншот

Видеодан скриншот

Расказать Вконтакте

“Енді мына оңбаған не айтады екен, енді мына оңбаған кіммен сұхбат өрбітеді екен?” деп, қазір жұрттың қызығушылығы туып тұрғаны анық. Сол беті бері қараған аудиторияны сәтті пайдалану – менің көздегенім.

Ал егер, сол беті бері бұрылып тұрған контенттің, аудиторияның, тыңдарманның мүмкіндігін пайдалана алмай, қызықсыз сұхбаттармен немесе түкке тұрғысыз әңгімелермен жұрттың басын ауыртып алсақ, онда бұл менің әлсіздігім болар еді.

- Яғни, бұл қара PR болғанын жасырмайсыз ғой?

- Жасырмаймын! Себебі әркімнің өз деңгейіне қарай сұрақ қою керек. Мен алдыма келген адамның дәрежесіне “түсуге” бармын. Мәселен, эфирде аузына келгенін айтып жүрген адамға саяси-экономикалық, әдеби-көркем немесе қоғамдық маңызы бар сұрақ қоюдың қажеті жоқ қой? Оған қоса, бұл кейіпкерде бір саяси сауат бар деп те ойламаймын.

- Жоба көрерменге жол тартқан соң, кейіпкеріңіз жұрттың жағымсыз пікірін көріп (Замира) сізге ренжімеді ме?

- Керісінше, Замира маған бірнеше рет қоңырау шалып, «Аман, мен сенің абыройыңа нұқсан келтіріп қойған жоқпын ба?Мұндай пікірлер маған күнде жазылып жүр, сен ел алдында жүрген азаматсың ғой» деп алаңдап отырды. Оның бұлайша мені қолдап жатқандығы – адамгершілігінің жоғары екенін көрсетті.

Жалпы, Замираның ақылсыздығы да бар шығар.. Бірақ ешқандай арам ойы жоқ.

- Бүгінде блог жүргізу арқылы бизнес жасап отырғандар бар. Сіз де солай ақша тапқыңыз келеді ме?

Басты мәселе ақша табу емес. Мәселен, мен Қазақ радиосында бірнеше маңызды хабарларды жүргіздім. Онда қаншама жақсы әңгімелер айтылды. Бірақ мен мақсатыма жете алмадым. Себебі, қазіргі уақытта адамдардың барлығы ғаламтор арқылы ақпарат алады. Оны мойындауымыз керек.

Ел ағаларының жақсы ойлары жастар құлағына жетсінші деген ниетпен осындай қадамға барып жатырмыз. Бұл бағытты «әдейі» таңдадым. Себебі, интернетте 35 жасқа дейінгі адамдар отырады. Ал қазақ радиосын тыңдайтындар, шамамен, 40-тан асқандар.

Болашақта жақсы адамдардың сұхбаты көп болады. Сәйкесінше, қоғамдағы «атышулы» адамдардың да сұхбаты шығып тұрады. Екі ақылды адамның әңгімесін көрерменге жеткізу үшін міндетті түрде арасында бір-екі «ақымақпен» әңгімелесіп отыру керек деп ойлаймын.

- Танымал адамсыз. Көпшілікке сіздің жеке өміріңіз қызық екені рас..

- Менің жеке өмірім аса қызық емес. Әйелім, үш балам бар. Арақ ішіп, темекі шекпеймін. Тоқал алмаймын.

- Әдетте, ел алдында жүрген адамдар үйде көп бола бермейді ғой.. Тойға шығасыз. Жұрт сізді жақсы көреді. Келіншегіңіз қызғанбайды ма?

- Адам болған соң, қызғанады. Бірақ ешқандай мәселе жоқ. Қызғануға негіз болса ғана қызғанады. Жайдан-жай «жынды қатын» сияқты дау шығармайды. Оған уақыты да жоқ.

Үш баланы тәрбиелеуі керек. Мектепте балаларға сабақ беруі керек. Үйде отырған ата-анамды қарауы керек. Ата-анамның “келіні”, менің “келіншегім”, балаларымның “анасы”, мектепте “мұғалім”. Ағылшын тілінен сабақ береді.

- Алдағы жоспарларыңыз қандай? Бағытыңызды өзгертуді, журналистикадан кетіп, өнерге араласуды ойламайсыз ба?

- Меніңше әркім өз шаруасымен айналысуы керек. Мәселен, режиссер Сатыбалды Нарымбетов әнді қанша жақсы айтса да, сахнаға шығып әнші болмайды. Себебі ол өзінің кино адамы екенін біледі. Ал біздің әншілер кино түсіре береді. Режиссерлер ән айта алмайды.

- Көптеген әншілердің «журналиске» айналып кетіп жатқанына қалай қарайсыз?

- Көрермен соқыр емес, құлағы керең емес. Олар өзіне керектісін біледі. Кім нағыз өз ісінің маманы екенін біледі. Журналист ән айтып жатса тыңдамайды, әнші бағдарлама жүргізіп жатса басқа бағдарламаларды іздеп кете беретіні анық.

Әркім өз шаруасымен айналысса, барлығы сәтті болады деп ойламын. Мысалы, Денис Тен барып футбол ойнамайды ғой? Бірақ, өкінішке орай, бізде әркім өз орнын білмей қалды…

Related Articles

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

  • “Саясаткерлер пафоспен сөйлегенді жақсы көреді”. Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының болашағы бар ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы мәртебесіне ие елдердің басшыларының Самарқанда (Өзбекстан) бірігіп түскен суреті. 11 қараша, 2022 жыл Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Бұл кездесу не береді? Түркия Ресейдің Украинамен соғыстан бас көтере алмай жатқанын пайдаланып, аймаққа ықпалын күшейтуге тырыса ма? Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының, әсіресе әскери салада болашағы бар ма? Азаттық осы жөнінде Солтүстік Кипрдегі Таяу Шығыс университеті саясаттану кафедрасының доценті Әсел Тутумлумен әңгімелесті. ТҮРКИЯНЫҢ МҮДДЕСІ МЕН ЫҚПАЛЫ ҚАНДАЙ? – Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Ұйым азаматтық қорғаныстың бірлескен механизмін нығайтуға мүдделі. Сондай-ақ күн тәртібінде аймақтағы және сырттағы саяси-экономикалық оқиғаларды талқылау мәселесі тұр. Саммиттің уақыты мен геосаяси контексі жөнінде

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: