|  |  |  | 

Тарих Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

Шыңжаң-Патшалық Ресей менЦин үкіметі арасында айқын шекара келсімі болмаған

Eldeç Orda суреті.Бұл суретте қытайдың Шыңжаң (新疆) провинцсиясындағы (өлкесіндегі) негізгі әскери күші шоғырланған өңірлердің картасы. Қытай коммунистерінің тілінде айтқанда Шыңжаң Өндіріс-Құрлыс Корпусы немесе Шыңжаң Өндіріс-Құрлыс Базасы (新疆生产建设兵团). Олай деп атауының басты себебі- Шыңжаң ашылмаған тың өлке болғандықтан коммунистердің алғашқы әскери легі тыңнан жер игеріп, тыңнан әскери қала салуына, соғуына тура келген. Сол себепті коммунист әскерлер һәм қорғаныс қолғанаты һәм өндіріс пен құрлыстың барып кел, шауып кел жұмысшысы болған. Бажайлап картаға қарап отырсаңыз, қытай коммунистерінің әскери қорғаныс корпусы мен соғыс казармасы ҚАЗАҚтар шоғырлы қоныс тепкен солтүстік Шыңжаңға жиы орыналасқан. Іле аңғары, Манас өзенінің күнбатыс-күншығыс жақтары, Тарбағатайдың Үрімжіге тұспатұс мидай жазық иен боздаласы мен Қазақстанмен шекара тұсы және Алтай тауларының шекара жақтары сонымен бірге Еренқабырғамен кіріскен тау қапталдары дерліктей қытай коммунистерінің әскери қорғаныс базасына айналған. Мұның түпкілікті себебі не?
Біз шама шарқымызша бұл сұраққа талдау жасап көрейік:Eldeç Orda суреті.
Бірінші себебі, “Қазақ Қаупі” факторы. Біз бұны бұған дейін де тілге тиек еткеміз. Бұл өңір яғни солтүстік Шыңжаң қазақтарының жер-су мәселесі КСРО тарап Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін астыртын таластағы жер болған. Атап айтсақ Патшалық Ресей мен Цин үкіметі арасында бұл өңірдің айқын әрі анық шекара келсімі болмаған, уақытша шекара келісімі болған. Кезі келгенде екі жақ шекара келсімін бұзып жаңалап отырған, бірақ негізгі шекара басымдылығы Ресей жағында болған. Патшалық Ресей Гоминдаң билігі кезінде де өзінің шекарадағы басымдық күшін сақтап отырған, бұл өңірде төрт үлкен консул құрып, еркін Ресей валютасы мен Орыс тілін үстемдікке шығарған. Советтік кезеңде де бұл өңірге он мыңдап әскер кіргізіп Яң Зыңшин мен Шың Дубанның саяси мәселелерін шешіп отырған (мысалы, 1933-34 жылы Совет екі мың әскерін Үрімжіге дейін апарып қоршаудағы Шың Дубанды құтқарған). Сол себепті бұл өңір (солтүстік шыңжаң) Ресейдің ықпалында болған. 1939-49 жылдар арасында Шыңжаң өлкелік үкімет пен Совет Мәскеу арасында немесе Мәскеу мен Нан Кин (南京) арасында ашық қырғиқабақ тайталас басталып кетеді. Совет бұл өңірді бөліп бірін өзіне (қазақтар), бірін одақтас Ұйғырстан ғып құруға тырысады… Кейін коммунист қытай билікке келген соң (1949) бұл өңір (1951-1954) және де Советтік Мәскеу мен Советтік одақтас респубиликалар шылауында (Қазақ ССР) болады. Қытай мен Совет арасындағы шекара сызығы толық келісім мақұлына көнбей уақыты ұзартыла береді, керек десеңіз коммунист қытай мен коммунист совет арасындағы қырғиқабақ түсшайысуға байланысты шекара қорғанысы жүздеген рет бұзылып тұрды. Осыған байланысты Семей мен Өскемен және Жетісу өңіріне Мәскеу әскери қорғанысын күшейтіп арнайы оқ тұмсық зымырандарын қытайға қаратып қойса, қытай да жалма жан әскери қорғанысын арттырып солтүстік Шыңжаңды оңайға бермеу мен берілмеудің қамын жасады. Тыңнан әскери қала салды, әскери қалаларға әскери тұрғындар орналастырып қытайлардың санын әскери бағдарлама арқылы он есеге көбейтті. Қысқа уақыт ішінде 100% қытайлар тұратын зәулім әскери қала-қалашықтар пайда болды. Мәскеу де құр қол қарап тұрған жоқ 100% орыстар тұратын әскери, ядро қорғаныс пен өндіріс қалаларын салды.

Екінші себеп: Шарқи Түркістан мен Чин Түркістан мәселесі. Естеріңізде болса бір жылдан астам уақыт бұрын осы парақшамда және The Qazaq Times газетінде осы тың тақырып туралы ең алғаш тілге тиек еткемін. Алда осы тың тақырыпты жан-жақты талдап ғылми сараптама жасамақпын. Бұл өңір яғни солтүстік Шыңжаң қазақтары екі саяси блокка бөлініп бірі Шарқи Түркістан, бірі Чин Түркістан болып астыртын жойқын саяси қақтығысқа барған-ды. Мәскеу мен Нан Кин немесе Мәскеу мен Пекин неше ондаған дипломатиялық диялогтар арқылы Шаоқи Түркістан мен Чин Түркістан мәселесін түбегейлі шешіп, бұл өңірді уақытша қытай коммунистері тарабына қалдырып сырт Моңғолияны өзіне қаратқан-ды. 50- жылдардың соңы Совет-Қытай суық саяси кірбеңіне байланысты бұл өңірді яғни солтүстік Шыңжаңды Моңғолия мен Семей-Жетісу әскери блогы аоқылы қоршап тартып алмақ болады. Әуелі бұл өңірде астыртын ҮШІНШІ ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН СОЦСИЯЛИСТІК РЕСПУБИЛИКАСЫН құрудың саяси жобасын жасайды. Қытайға канал-радио арқылы (мысалы- Алатау каналы) ақпараттық шабуыл жасап, іштегі антиқытайшыл күштерге дем беріп саяси ауанмен ұшықтай бастайды. Осы себепті, бұл өңірдегі қытайдың қорғаныс базасы күшейе түседі. Советті жаппай жамандау науқаны белең алады. Америка жақ та советтің қытайдағы ықпалын сейілту үшін совет-қытай арасындағы сабырсыздыққа “ақыл” айтып киліге бастайды. Бұл жерде Тайван факторын да ескерген жөн.Eldeç Orda суреті.

Үшінші себеп: Қазақтар өте шоғырлы қоныс тепкен өңір. Бұл өңір қазақтар біршама жиы қоныс тепкен өңір және Қазақ ССРмен, Қазақстанмен және Моңғолия Баян-Өлгиймен мәдени, руxани һәм саяси байланысы қою болды. Қытай коммунистеріне дейін әр аймақ, әр аудан, округтеріндегі қазақтардың үлес салмағы өте жоғары болды. Ол өңірдерде Қазақстаншыл, Советшіл және тұтас Қазақты біріктіруге құлшынған тұлғалар біршама көп болды. Тұрақты шекара күзеті мен шекара тәртібі осал болғандықтан екі жақтағы ұлттық руxани байланыс үзілмеді. Осы байланыс Шыңжаң қазақтарына екі жолды таңдауға мәжбүрледі. Бірі, Қазақ ССРға қосылу; екіншісі, қытайда Қазақ ССР сияқты жеке автономиялы өлке құру. Осы екі жол қытай Қазақтарында үш рет қайталанды, үшеуі де үш түрлі саяси кезең-ді. Бірінші рет 1918-1920 жылдары; екіншісі 1944-1954 жылдары; үшіншісі 1983-1984 жылдары; бірақ, үш кезеңде де Қазақтар толық негіздегі саяси автономия құру армандарына жете алмады. Керісінше Қазақтар шоғырлы қоныс тепкен өңірлер әкімшілік бөлшектеуге ұшырап тұтас аумақтың 40% автономияға қарасты болды да, 60% жерлер ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯСЫНЫҢ сыртында қалып қойды. Коммунист билік әскери қорғанысты күшейтіп Қазақтардың саяси десін басып тастады. Бұны алда “Қазақтардың Ұлттық Автономия Құру Күресі” дейтін тақырыппен тың дерек сараптама ойларыммен толық жазып шығуға тырысамын. Қазір солтүстік Шыңжаңдағы қазақтар тұрған өңірдің бәрі әскери қамал, казарма, әскери қала-қалашық пен әскери өндіріс-құрлыс ошағының қоршауында қалып отыр.29257979_1042055792624674_3945892261354536960_n

Бір қызығы Шыңжаңның демографиялық санағына Шыңжаңдағы әскери қорғаныс пен өндіріс корпусының жан-саны кірмейді. Олардың Қазақтар шоғырлы қоныстанған солтүстік Шыңжаңдағы ұзын саны ЕКІ ЖАРЫМ МИЛЛИОННАН асады (Оның ішінде әскер де кіреді, әскердің қатын, бала-шағасы да кіреді). Бірақ, Шыңжаң санағына жатқызылмайды. Орталық Пекиндегі үкімет оларды тіке басқарады, сол себепті Шыңжаң өлкелік билігінің тісі оларға батпайды.

Eldeç Ordaның facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазақстандағы билік жүйесінің сәлде болса өзгеруі өңірдегі гео-саяси жағдайға да ықпал етуі мүмкін.

     Соңғы жаңалық Қазақстан xалқына ғана емес әлемнің біраз еліне де тосын жағдай болды. Қазір орталық азияны қалыптасқан өңірлік гео-саяси жағдайда жаңа саяси таңдаулар мен саяси қарым-қатынастар күтіп тұрғаны айқын. Әлемдегі біраз алпауыт елдің назары Қазақстанда. Менің түсінігімше алпауыт елдер орталық азияға астыртын жаңа жоспарларды ойластырды, соның ішінде ең орайлы кезең саяси жүйенің бір форматтан екінші форматқа ауысуы, тб. дегендей… Алпауыт елдер ауыз салмай жатып президенттің тосын мәлімдеме жасап биліктің ауысуын бастап кетуі шынымен саяси тактика саналады. Ақш-Қытай, Қытай-Батыс, Қытай-Ресей, Ресей-Батыс, Ресей-Ақш қатынастарына байланысты тұтас орталық азия жаңа саяси күрделі таңдауға дөп келген еді. Бұндай күрделі өткіншіде әлем назары орталық азиядағы ішкі-сыртқы саясатты көбірек бақылауға алатыны рас. Сондықтан тұтас орталық азияда

  • Тәңіртау мен Алтай арасы – Қазақтың ата қонысы 

    Бүгінде Қытайдың солтүстік-батысындағы Шынжаң провинциясының Алтай, Тарбағатай, Іле, Үрімжі, Санжы, Баркөл және Бұратала өңірлері бағызы заманнан көшпенділердің, соның ішінде қазақты құрған көшпелі тайпалардың ата мекені болғаны белгілі. 2000 жыл ілгері бұл өлкелерді Сақтар, Нүкүздер, Усүндер (үйсін) мекендеген. Усүндер туралы сол замандағы Қытай деректерінде : «Усүндердің түтін саны 120 мың, халық саны 630 мың, садақты әскер саны 180 мыңнан асатын, батыстағы ең ірі мемлекет», – деп көрсетеді. Ал шындығында Усүн ұлы Ғұндардың қарастылығындағы ел болатын. Оларды Ғұн тәңірқұты Нүкүздерге қарсы аттандырған, олар Нүкүздерді жеңіп Іле, Тәңіртауды жайлаған. Ғұн мен Хан патшалығы арасындағы соғыс кезінде де Усүндер Ғұн жағында болды, Ғұндар олардың Хан патшалығымен тікелей қарым-қатынас орнатуына жол бермеген. Усүн ханының ғұн

  • Орта ғасырлық Қидан мемлекеті немесе қидандар қайда кетті? 

    Қидандар орта ғасырда Орталық Азия тарихында айтарлықтай із қалдырған халық. Тегі жағынан Дұңхудан тарайтын Алтай текті, моңғол тілдес, негізінен аңшылықты кәсіп еткен халық. Мекені қазіргі Қытайдағы Ішкі Моңғол провинциясының шығысы мен одан шығысқа қарайғы жерлер. Күлтегін, Білге қаған бітіктасында «қытан» деп жазылған. Этимология Қидан- қытай иероглифінде 契丹(qidan яғни чидан)деп жазылған, ал оны көне қытай тілінің дыбысталуы бойынша оқысақ – ки дәй, ки дән деп оқылады. Көне монғол тілінде «дай» жұрнағы белгілі тайпаның ер адамдарына қаратылады, мысалы Маңғыт ерлерін –маңғытай, Керей ерлерін – керейтай, Ұраңқай ерлерін – ұраңғатай дегеніндей. Демек «қытай» «кидан ерлері» сөзінен келіп шықты деп болжауға болады. «Алтын патшалығы» тарихында: «Қидан шойын немесе лом темір деген мағынаны білдіреді», –

  • Көшпенділердің соңғы империясы Жоңғарлар қалай жойылды?

    Алғашқы Ойрат империях Адамзат тарихындағы көшпенділердің ең соңғы империясын ойраттар құрды. Шыңғыс қағанның алғашқы өрлеу дәуірінде ойраттар Байқал көлінің солтүстік батысындағы орман тайпалары болатын. Ойрат, бурият, қыры түмет, бұлағачин, керемучин, арасут, күштеми қатарлы қидан тілдес( бүгінше айтқанда моңғол тілдес) орман тайпалары Сібір ормандарында аңшылықпен шұғылданған. Олар бұл мекенге 840 жылдары, яғни, Ұйғұр қағанатын құлатқан Қархастар бастаған Сібір түркілері ұйғұрлардан қалған иен сахараға қоныс аударғанда, ойраттар Сібір түркілерінен қалған иен далаларға қоныс аударды деп тұспалдауға болады. 1209 ойрат Құдұқа бек Жошының әскерлеріне бағынады. Деректерде түмен түтін дегеніне қарағанда саны 50 мың айналасында болса керек. Юань империясындағы халықтар ішінде де Ойраттар аталады. Моғұл (Моңғол) империясы өз ішінен бөлшектене бастаған кезде ойраттар күшейе

  • Тұрсын Жарқынбаев кім еді?

      Тұрсын Жарқынбаев Кеңестік саясаттың пайымынша –ұлтшыл, атаман Анненковтың әскері құрамындағы «Алаш полкінің» сардары, бай тұқымының өкілі. Ал, коммунистік қытай үкіметінің пайымынша, «жапон тыңшысы», «төңкеріске қарсы элемент». «Ертіс өңірі» газетінің 2009жылғы, 5-тамыздағы, №31 санында Р.Нүсіповтың «Алаш полкінің ақиқаты» атты мақаласын оқып отырып, аталмыш мақалада айтылған Т.Жарқынбаевтай абзал жан туралы оқырманмен ой бөліссем деп едім. «…Сөйтіп, үзіліп қалған арман жібі қайта жалғанды. Кешігіп келген мені қала мектебіне еш қағидасыз-ақ қабылдап, білімнің ұзақ сапарына өз қолымен қосқан – белгілі ағартушы, Алаштың асыл азаматы Тұрсын Мұстафин еді».(Қ.Жұмәділов. Таңғажайып дүние. 82-бет, Алматы, «Тамыр», 1999ж.)Бұл заманымыздың заңғар жазушысы Қ.Жұмәділовтың жүрекжарды лебізі. Әлде, Тұрсын ағамыз бала Қабдештің келбетінен болашақ қазақ зиялысының бейнесін таныған шығар-ау? Бұдан әрі,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: