Көз қарас Спорт Суреттер сөйлейді Шоу-бизнис
ВЕНГРИЯ – ҚАЗАҚСТАН 2:3
Будапеште Қазақстан ұлттық құрамасының ең жақсы ойындарының бірін көрдік. Еркебұлан (Сейдахмет) мен Бақтиор команданың бойына он шақты жыл бойы көрінбей кеткен батылдық пен шеберлік бітірді. Болашағы зор жас футболшылар. Стоилов “Астананы” жаттықтырып жүріп, жергілікті ойыншыларды әбден зерттегенін, өздеріне шақ техникасы мен қуатын сарқа жұмсатуды үйренгенін көрсетті. Қазақстандықтар допты ұзақ ұстауды, дәл әрі алысқа пас беруді меңгеріпті. Ненад тәжірибесін танытты. Роман жеңіс үшін көп еңбек сіңірді. Бауыржан нағыз диспетчер ретінде көрінді. Дмитрий мен Евгений бірнеше мәрте жоқ жерден доптан айырылып жатты. Соңғы жиырма шақты жыл ішінде Еуропада ортадан төмен құрамаға айналған венгриялықтар көп қателесті, өте сапасыз, сылбыр ойнады. “Групама Аренаға” жиналған аз санды жергілікті жанкүйерлер ызаға булығып, ысқырып жатты. Кезінде “Брюггенің” жұлдызы болған Лекенс Венгрияны тірілте алмас, тренер ретінде керемет жетістігі де жоқ. Жолдастық матч болса да, жанкүйерлерге Қазақстан құрамасының үш жыл сарғая күттірген жеңісі (Стоиловтың алғашқы ойынындағы бірінші жеңісі) құтты болсын! Бәрекелді!
facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру