|  |  | 

Көз қарас Сұхбаттар

ЗАҢСЫЗ АЛЫНҒАН ҒЫЛЫМИ АТАҚ-ДӘРЕЖЕЛЕРДІ ҚАЙТАРЫП АЛУ КЕРЕК – ТЫНЫСБЕК КӘЛМЕНОВ

Сіз Қазақстандағы ғылыми зерттеумен айналысатын белді институттың басшысысыз. Әңгімемізді институттың тұрмыс-тіршілігінен бастасақ…news_2017-05-3173221

Математика және математикалық модельдеу институты – бүкіл Қазақстандағы математиктерді біріктіретін бірден-бір ғылыми орта. Барлық филиалдарды есептегенде штатта 195 адам жұмыс істейді. Оның 150 шақтысы Алматыда, қалғаны Шымкент, Қарағанды, Түркістан, Тараз, Астана қалаларында. Біз бүкіл математиктердің ұжымы сияқтымыз. Олардың ғылымын тыңдап, әлемде қандай ғылыми жаңалықтар ашылып, қандай мәселелер шешіліп жатқанын – барлығын институтта айтып отырамыз. Кез келген ғылымға бүкіл жер жүзінде не болып жатқанын біліп отыратын, бәрінің бағдарламасын қарап, бекітіп отыратын ұжым керек. Біздің институт – сондай ұжым.

Математика – жастардың ғылымы. Өйткені гуманитарлық ғылымдарда жалпылама анализ жасау болса, математика тереңге баратын ғылым. Тереңде жатқан нәрсені жіңішке қылып қазу керек. Жалпы қазғаннан ештеңе шықпайды. Себебі, үлкен проблемалар тереңде жатады. Ал терең ойлайтын, тез ойлайтын қабілет жастарға тән. Сондықтан, математикада жастар ертерек шығады да, ертерек үлкен нәтижелерге қол жеткізеді.

Неге математика ғылымы бәрінен алда тұр? Өйткені, математика өзінікімен қатар бүкіл ғылымның проблемаларын шешеді. Басқа ғылымдардың мәселесі математикалық модельдеу арқылы шешіледі. Егер де ғылымда математикалық модельдеу болмаса, ол ғылымның дәрежесі әлі төмен. Олар әлі тәжірибелік нұсқада жүр, әлі өсіп жатыр деген сөз.

Сосын, математика тек қана Қазақстандыкі емес, бүкіл әлемдікі. Ол қазақтың математикасы, орыстың математикасы деп бөлінбейді. Мектептер бөлінеді, – ғылым бөлінбейді. Осы жерде ашылған жаңалық Америкада да жаңалық болады. Барлық жерде бірдей танылады, я танылмайды. Сондықтан, біздің ең бірінші мақсатымыз  – әлемдік дәрежедегі жаңалықтарды ашып, мәселелерді шешу, әлемдік дәрежедегі мектеп құру. Мысалы, дамыған отыз елдің, елу елдің қатарына кіреміз деп жүрміз ғой. Біз өзіміз айналысып жүрген ғылымда алдыңғы қатарлы отыздыққа кіруді жоспарлап отырмыз. Ары қарай жиырмалыққа, ондыққа кіреміз. Ол ғалымдардың санына байланысты емес, сапасына, мықтылығына байланысты. Мысалы, Швеция деген кіп-кішкентай ел, бірақ әлемдік математикада үлкен орын алады. Өйткені оларда ғылыми мектеп қалыптасқан. Ал, Үндістан қандай үлкен ел? Бірақ, математикада алатын орны төмен. Қытайда да сондай. Сондықтан, бізге талантты жастарды жинап, солардың потенциалын ашу керек. Сонда біз де үлкен нәтижелерге қол жеткіземіз.

«Қазақтардың математикаға генетикалық қабілеттілігі бар»

Әлемдік дәрежедегі мәселені шешіп, әлемге танылу – бірінші мақсат. Соған дарынды жастарды қолымыздан келгенше тәрбиелеп жатырмыз. Құдайға шүкір, қазақтардың математикаға қабілеті, ықыласы бар. Бұл генге де байланысты болуы керек. Өйткені, қазақтар – шыдамды халықпыз. Үлкен проблеманы шешу үшін шыдам керек. Ал, олардың бәрі қазір жердің түбінде жатыр. Ол үлкен шыдамдылықты, үлкен еңбекті қажет етеді. Жалпы, үлкен мәселелердің бәрін шыдамды халықтар шешеді. Себебі, Жердің бетінде жатқан жаңалықтардың бәрі ашылған.

Сондықтан бізде математикаға генетикалық қабілеттілік бар. Енді соларды ғылымға қызықтыру, жігерлендіру – екінші мәселелер. Талантты адамға ғылымнан артық ештеңенің керегі жоқ. Күндіз-түні соны ойлайды. Ондай адамдарды құдайдың өзі асырап отыр. Құдай бұйыртып, пәтер де алып қалды, материалдық жағдайлары өзімен-өзі шешіліп жатыр. Мысалы, Мұхтарбек Өтелбаевтың да, Асқар Жұмаділдаевтың да жағдайлары жаман емес. Асқар КБТУ, СДУ-да профессор. Мұхтарбек жобалары арқылы табады. Құдайдың өзі несібесін бөліп қойған. Ол әр кезде солай. Бірақ сол таланттыларға жас кезінде аяғына тік тұруына, пәтер алуына, ең бастысы нағыз ғылымға кіруіне көмектесу керек. Талантты адам ғылымға бір кірсе, шықпай қояды. Ондайлар бізде бар. Біреулер «Жастар оқымай кетті» дейді, оның бәрі бос сөз. Неге? Өйткені, бар. Мен көріп жүрмін. Енді солардың ілуде біреуін ғылымда қалдыру керек. Кейде жастар ақшасы көп деп, ақпараттық технологияларға, жұмысы оңай деп тағы бір жерлерге кетіп қалады. Нағыз ғылымның оңай жері болмайды.

«Бізде әлемдік дәрежеде танымал жастар бар»

Біздің институтта Дурвудхан Сұраған деген жігіт бар. Жастардың ішінде танымал, әлемге әйгілі болып келеді. Бізде академиктер көп, бірақ Дурвудхан сияқты әлемге әйгілі дәрежеде болу – өте сирек кездесетін нәрсе. Оған не себеп? Исаак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын барлығы біледі. Бірақ оның шектік шарттарын ешкім білмеген. Соны Дурвудхан тауып, спектрлі теориясын жасады. Өте үлкен жаңалық ашты. Әлемдік проблеманы шешті. Оны жер жүзі біледі. Өйткені, жер жүзі Исаак Ньютонды қалай білсе, оның потенциалды теориясын да біледі. Ол теорияны білгендер спектрлі теорияны да біледі. Сөйтіп барлық жерде танымал болды. Біз оны магистратура оқуы үшін Америкаға жібердік. Неге? Себебі, Американың мектебін көріп келсін дедік. Екінші рет Англияға жібердік. Ол жақта пост-докторлықты қорғап шықты. Қазір Дурвудхан Сұрағанды осы математика саласындағы ғалымдардың көбі таниды. Ешкім жасына қарап отырған жоқ. Жасы жиырма тоғызда ғана.

Сондай Дұрвудхан сияқты жастар бар. Олар да жан-жақта: Америкада, Англияда, басқа да елдерде жүр. Барлығы еңбектеніп жатыр. Олардан үлкен нәтиже көріп отырмыз. Мысалы, Жер жүзінде Heidelberg Taureate Forum Foundation деген грант бар. Дурвудхан соны 2014 жылы алса, 2016 жылы Нұрғиса Есіркегенов алды. Ол қазір Англияда PhD докторлығын оқып жүр. Басқа да жастар бар. Біз әлі де жібереміз. Өзіміздікі ешқайда қашпайды. Әлемдік дәрежені меңгеруіміз керек. Солармен теңесуіміз керек. Әйтпесе, әркім өзінікін істеп, басқаныкін елемесе, оқшауланып қалады. Бізде әлемдік дәрежеде өзін көрсететін, оларды жеңетін, мойындататын жастар бар. Қаржыландыру жағы тұрақты болып, оларға отбасын, өздерін асырайтындай минималды қолдау көрсетіліп тұрса, алдағы бес-алты жылда біздің институтта Кеңес одағы кезіндегідей үлкен бір мектеп құрылады, математиканың үлкен ғылыми ортасы болады. Мен соған сенемін. Оған мүмкіндік бар.

Жастар керек деп айтып отырғанымның тағы бір себебі бар. Қайта құру кезінде ғылымдағы жастардың бәрі кетіп қалды да, тек кәрілеу адамдар ғана қалды. Олар қазір зейнеткерлер. Сосын қазіргі жастар бар. Екі ортада отыз жылдық үзіліс қалды. Осы отыз жылдың орнын толтыруымыз керек. Толтырсақ, математика үлкен дәрежеде дамиды деп отырмыз.

Математика және математикалық модельдеу институты

Related Articles

  • Қытайлар Ғұндарға 80 жыл бағынған

    Ғұндардың әскери мемілекетінің құрылуыБіздің заманымыздан бұрынғы 215 жылы Ғұндардың кошпенді-әскери мемлекеті құрылды. Ұлыстың қағаны Түмен болды. Түменнің Бақтұғ( Модон) атты тах мұрагері болды, Түмен оны тах мұрагерлігінен қағып көршілес Нүкүз(月氏)дерге аманатқа жіберді, артынан екі ел жауласқанда Нүкүз ханы Модонды өлтірмек болды, Модон Нүкүздердің бір жүйірік атын қолға түсірдіде ұстатпай Ғұндарға қашып келді. Түмен тәңірқұт оған түмен(10000) жасақты басқартты, Модон ысқырма жебені жасап шығып жасақтарына: «Мен жебені қалай атсам сендерде солай атасыңдар атпағандардың басы кесіледі !» деп әмір етті. Бір жолы өзінің сайгүлігіне қарата оқ атты, өзімен қосыла атпағандарды сол майданда шауып өлтірді. Тағы бір жолы тіпті өз бәйбішесіне қаратып оқ атты, қосыла атпағандарды тағы да өлтірді. Түмен тәңірқұтпен бірге аңға

  • Иманипедагогиканың қажеттілігі және алғышарты

    Педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесі. Осы негізде педагогика тəлім-тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс-əрекетін (педагогикалық қызметті) жəне оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін нақтылап, ашып отырады. Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін — тәрбиелеу қажет. Дәл осы тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл үдерісті кәсіби білімді адамдар басқарады. Тәрбие жөнінде

  • Бойыңа ойың сай болғыр, дәудің аты дәу ғой қашанда 

    Batyrkhan Kurmanseit Аргентинаның Буэнос-Айресында өткен “Үлкен жиырмалық” (G20) елдері басшыларының саммиті нәтижелеріне қатысты қабылданған ортақ мәлімдемеде бүгінгі таңдағы ең маңызды әлемдік мәселелердің бірі болып отырған АҚШ-тың протекционизм саясаты жайында ештеңе айтылмады. Оның орнына тараптар “Ең алдымен Америка” дегенінен қайтпай отырған президент Трамптың талабымен Дүниежүзілік сауда ұйымын реформалауға қатысты келісімге қол жеткізді. “Біржақты саясатты қолдауға емес, көпжақты әріптестік жүйесін күшейтуге күш салу керек” дегенді бүгінге дейін қайталап келген G20 елдері басшылары осы жолы өз позицияларын қорғап қала алмады” деп жатыр көп эксперттер. Саммиттің жабылу рәсімінен кейін өткен пресс-конференцияда “Еркін сауда қағидасын сақтап, протекционизм саясатын жүргізбеудің маңызды екені туралы бірлескен мәлімдемеде неге ештеңе айтылмады” деген сұраққа ұйымдастырушы ел Аргентинаның президенті Маурисио Макри

  • Қытай туралы бір жұтым ой

    Eldes Orda Ақш-Қытай текетіресі қытай қоғамын екі жікке бөлуі бек мүмкін. Жалпы бұл қытай xалқының Ақш-қа қарсы пиғылы ма әлде билік басындағы қытай коммунистерінің Ақш-қа қарсы текетіресі ме? Меніңше бұның арасында айырмашылық бар. Ондай болса мынадай болжау жасауға болады: Біріншісі, Ақш-қа қытай компартиясы бақталас болса, Ақш міндетті түрде қытай компартиясына саяси балама бола алатын кез-келген анти-компартияшыл қытай топтармен жаңа саяси мақсаттар қоя бастайды. Бұның соңы қытай қоғамындағы коммунист партияға қарсы іштей тісін қайрап жүрген топтардың күшін біріктіреді. Сондай-ақ, қытай коммунистік партиясының саяси оқшаулануын жыл сайын асқындыра береді. Тіпті, ең соңында компартия саяси қажетінен айрыла бастайды; Екіншісі, Ақш-Қытай саяси һам экономикалық дағдарысы қытай олигарxына немесе кландық топтарына күрделі таңдау жасауға жәжбүрлейді.

  • Алғашқы теңгеге Назарбаев бейнесі қалай түспей қалды?

    Асылхан МАМАШҰЛЫ Серікболсын Әбділдин.  1993 жылы қарашаның 15-інде Қазақстан өзінің ұлттық валютасы – теңгені айналымға шығарды. Сол кезде елдің Жоғарғы кеңесін басқарған Серікболсын Әбділдин теңгенің қалай басылғаны жайлы, дизайны қалай дайындалғаны туралы айтып берді. Теңге айналымға шықпас бұрын Қазақстан соңғы сәтке дейін Ресейдің рубль аймағында қалуға тырысты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Ғасырлар тоғысында” атты кітабында рубльді сақтап қалуға деген ұмтылысын “рубль аймағының бұзылуы (ортақ валюта – ред.) ТМД елдерінен алшақтауды тездетер еді. Ал Қазақстан бұған дайын емес еді” деп түсіндіреді. Кітапта Назарбаев “1992 жылы Ресейде барлық баға босатылды. Сол кезде іске кірістік. Мен Қазақстан валютасын шығаруды бастау туралы құпия жарлыққа қол қойдым” деп жазды. Алайда Азаттық тілшісімен сұқбаттасқан Жоғарғы кеңестің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: