|  | 

Жаңалықтар

Байтұрсынұлы ұсынған ТӨТЕШЕ (төте жазу) жобасы

19113496_1055535931276660_4422396441641615360_n20-шы ғасыр басында жарық көрген Қырғыз бауырлармыздың төтеше және латынша газет парақтары. Төтеше газетке (Алатау газеті) қарап отырсам емле-ережесі (жазу тәртібі) А.Байтұрсынұлы ұсынған қаріп реформасы төңкерісінен аса алыс емес. А.Байтұрсынұлы ұсынған “төтеше” жазу тәртібі мен қаріп реформасын білген адам мүдірмей оқи береді. Қазіргі Қырғыз кирилицсиясын оқығанымда кішкене мүдіріп қалып іртік-іртік қаріптер мен жазу ережесінен оқтын оқтын жаңылысып тұрамын. Жазу адамның көзі арқылы мидағы ойлау жүйесіне тіке ықпал етеді деген рас екен. 20-шы ғасыр басындағы Қырғыз бен Ұйғырдың жазу тәртібі мен қаріп реформасына қарап оларға Алаш идеясы яғни “қаріп реформасы” идеясы біршама терең ықпал жасағанын сезіндім. Сөйтсем, Байтұрсынұлы заманында Бишкекке талай рет барып Қырғыз бауырларымның “жазу реформасы” мәселесіне талай рет кеңесін айтқан екен. Байтұрсынұлы ұсынған “төтеше” жазу тәртібі мен ереже қағидаттарын тек ғана Қазақстан территориясымен шектеу өте күлкілі болғалы тұр, тіпті Қазақ xалқымен ғана шектеу тіптен масқара күлкі болғалы тұр. Eldeç Orda суреті.

Байтұрсынұлы ұсынған ТӨТЕШЕ (төте жазу) жобасы Түркі текті xалықтардың біраз жұртында идеял деп қабылданыпты немесе Төтеше-ге қарап бой түзеген туысқан бауырларымыз көп екен. Сонымен қатар, Ұйғыр ағайындардың да 20-шы ғасыр басындағы жазу дәстүрі, классик емле тәртібі де біртіндеп Төтеше жазудың ықпалына ұшыраған екен. Олардың 20, 30, 40-50 жылдардағы ұлттық емле ережесі ТӨТЕШЕге қарап біртіндеп қалыптасып жетілдіріліп отырған екен. Атақты Исмайыл Ғаспыралы бастап кеткен ұлы сеңді кейін Байтұрсынұлы қазығын жұлынбастай ғып қағып, арнасын аршып жасап кеткен екен.Eldeç Orda суреті. Заманның күйлеуіне иленбеген адам соны сезеді екен… Түбі бір Түркі xалықтары өз әліпби үлгілерін Байтұрсынша төтешелеп жетілдірсе қойғыртпақ Шағатайша мен Осыманлышаның фанатик жазу дәстүріне бағынышты болмай біртұтас ұлттық жаңа ережені қабылдайды екен. Ұйғырша мен Қырғызша жазу әліпбиін арнайы үйреніп білмесем де Байтұрсын төтешесі негізінде мүдірмей оқи беремін. Неге, өйткені Байтұрсынша да тұтастыратын жазу мүддесі көп (ұлттық ортақ мүдде бар). Ал, Шағатай, Осыманлы-ны қанша тырысып үйренсем де сөздік пен сілтемеге сүйенем, неге? Өйткені, оларда ұлттық жазу дәстүрі сақталмаған, керісінше бұзылған. Оны оқыған жан жартылай арап-парсы тілін игеріп үлгіреді. Байтұрсынұлы төтешесін мықты игерген адам арап-парсы жазуын қазақша (қырғызы қырғызша) оқып жаңылысады, ал, арап-парысшаны әуелде жақсы үйренген жан төтешені арап-парысшамен оқып Қазақша шығара алмайды. Сондай ғажап қызығы бар! А.Байтұрсынұлының осы екі араны ажыратып, арасына ұлттық мүдденің түймесін қадап кеткен сырлы тұлға екенін тани түстім. Соңғы келтірген мысалыма күдігіңіз болса, арапша сауат ашқан бірақ өмірінде төтеше жазу көрмеген Қазақ баласына төтеше кітап әкеп беріп оқытыңыз, ол төтешені қайта-қайта таза арапша әуезбен оқып мыңқылдап қазақша шығара алмай быдыңдасын. Қарібі арап жазу дегені болмаса ішкі руxы Түркі даласының тұнған үні екенін сезінесің… Кез-келген шетжұрт атауы мен ұғымын дала дәстүріне тізесін бүктіріп тезше иіп әкететіні содан екен.

Күндердің күнінде А.Байтұрсынұлы ұсынған төтеше жазу реформасы туралы тың дүниелер ұлықталып оның маштабы Қазақ территориясынан ұзап шығатынына сенемін.

Eldeç Orda 

Related Articles

  • Грант 2019: Білім гранты иегерлерінің тізімі

    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу үшін білім беру гранттарын беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 341 бұйрығына сәйкес білім беру гранттары иегерлерінің тізімін ұсынады. 1_Гранттар_(негізгі)_қаз 2_Жетімдер_(негізгі)_қаз 3_Мүгедек_(негізгі)_қаз 4_Әскери_(негізгі)_қаз 5_Диаспора_(негізгі)_қаз 6_Серпiн_(негізгі)_қаз egemen.kz

  • Тоқаев: Билік халықтың талабын естіді, жұмыс істейміз

    Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау күні дауыс берген сәт. Нұр-Сұлтан, 9 маусым 2019 жыл. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews телеарнасына берген сұхбатында елдегі митингілер мен халықтың талабы жайлы айтты. Оның сөзінше, билік наразылыққа шыққандардың талабына қатысты жұмыс жасап жатыр. “Наразылар әлеуметтік мәселелер бойынша талаптар қойды. Мәселелер барын жоққа шығармаймын. Халық кедейленді. Олар биліктен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді талап етеді. Билік естіді. Жұмыс істейміз” деді ол. Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі сайлау әділ өтті деп санайды. “Әрине, олар (сайлау әділ емес деп наразылыққа шыққандар – ред.) босатылады. Олар сайлау әділ өтпеді деп ойлайды. Ал менің ойымша, сайлау жалпы әділ өтті” деді Қазақстан президенті телеарнаға. Тоқаев Euronews арнасына берген сұхбатында митинг кезінде кездейсоқ ұсталғандардан кешірім сұрады. Қазақстан басшысы ұсталғандар

  • БАҚ: Қытайтанушы Сыроежкин ұсталды, оны “тыңшылық” бойынша айыптауы мүмкін

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ Қытайтанушы Константин Сыроежкин. Сурет kisi.kz сайтынан алынған. “Центр Азия” сайтына сілтеме жасаған қазақстандық бірқатар БАҚ Қазақстанның арнайы қызмет өкілдерінің Ресей азаматы, елде қытайтанушы ретінде белгілі Константин Сыроежкиннің ұсталғанын хабарлады. “Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасу кезеңіндегі Қазақстанның сыртқы саясаты” тақырыбындағы докторлық диссертациясының басты ғылыми кеңесшісі болған. Докторлық диссертацияны қорғау рәсімі 4.06.2001 жылы Ресей Федерациясының өзекті және халықаралық мәселелер институтында Мәскеуде өтті” деп жазды сайт. Расталмаған дерек бойынша, Константин Сыроежкин “тыңшылық” бабы бойынша күдікке ілініп отыр. Алайда Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) бұған байланысты баспасөз мәлімдемесін таратқан жоқ. Азаттық тілшісі ҰҚК-нің орталық аппаратына, соның ішінде баспасөз қызметіне де хабарласуға тырысқанмен жауап ала алмады. ҰҚК орталық аппаратының кезекшісі бұған

  • “Ұлт тағдыры” қозғалысы Әміржан Қосановты президенттікке кандидат ретінде ұсынды

    Әміржан Қосанов “Ұлт тағдыры” қозғалысының жиынында. Алматы, 26 сәуір 2019 жыл.  “Ұлт тағдыры” қозғалысы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына Әміржан Қосановты кандидат ретінде ұсынды. Бұл шешім қозғалыстың 26 сәуірде Алматыда өткен жиынында қабылданды. Қосанов президент болса “елдегі экономикалық мәселелерді шешетінін, партияларды тіркеу жолын жеңілдететінін, парламент сайлауына барлық партиялардың қатысуына мүмкіндік жасайтынын” айтты. Қосанов Орталық сайлау комиссиясы кандидатурасын тіркесе, сайлауда негізгі қарсыласы “Нұр Отан” партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаев болатынын жеткізді. “Тоқаевтың әкімшілік ресурсы мықты. Бірақ менің артымда халық тұр. Теледебатқа да дайынмын” деді ол. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Ерте сайлауға кандидаттар ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады, кандидаттарды тіркеу 11 мамырда аяқталады. Қазірге дейін саяси партиялар

  • Алматыда Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың немересі қамауға алынды

      Алматыда марафон кезінде ұсталғандардың қатарында белгілі Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың шөбересі болған.   Әсия Төлесова – 1937 жылы ұсталып, 1938 жылы репрессияның құрбандары болған ұлы ақын Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың шөбересі. Ілияс Жансүгіровтың қызы Ильфа Жансүгірова мен Ораз Жандосовтың ұлы Санжар Жандосов ерлі-зайыпты болған. Әсия Төлешова оларға немере, тиісінше Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовқа шөбере болып келеді. Ильфа мен Санжардың қызы Жанар Жандосова – Әсияның анасы.   Ильфа Жансүгірованың Facebook парақшасында немересіне қолдау көрсеткен жазба пайда болды.     “Қымбатты, Асенька! Ешнәрсеге қарамай мықты бол! Саған сабырлылық пен бастысы денсаулық тілеймін. Сені жақсы көреміз және түсінеміз! Сенің әжең Ильфа Ілиясқызы Жансүгірова-Жандосова. 21 сәуір 2019 жыл. Алматы”, –

1 пікір

  1. Galiý Baýsymaq

    Óte qyzyqty eken. Durys aýtylgan sóz tóte jazuv tek qazaqqa ne qazaq dalasyna tán jazuv emes ekendigi sózsiz. Ol barsha Túrki tildes elderdiñ ortaq jazuv emlesi bolgan goý. Endi biz Latyn grafikasina auysqaly otyrmyz. Bizdiñ tañdagan álippege Qyrgyz Uýgurlarda qoldau bildirer degen senimdemiz. Bizge ortaq tez túsinisetin jazuv kerek-aq sonda barlygy jeñildeý beredi. Qazaqstanda turatyn túrki tildes ult ókili diasporalary qazaq ultynyñ mañaýina toptasuv arqyly birtutas Qazaq ultyn qurauy qajet óýtpese erteñgi urpaqtyñ aldynan ulttyq máseleler shygatyny sózsiz. Osy máselelerdi qazirden qolga algan jón.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: