|  |  | 

Спорт Әдеби әлем

Тұңғыш рет қазақ күресінен ақиық ақын Төлеген Айбергеновты еске алуға арналған республикалық ашық турнир Маңғыстаудан бастау алды

IMG-20180415-WA0148

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылында қазақ күресінен 2004-2005
жылдары туған жасөспірімдер арасында ақиық ақын Төлеген Айбергеновты еске алуға арналған
республикалық ашық турнир өтті.
Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған турнирге Оңтүстік-Қазақстан облысы, Атырау,
Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау өңірі және Астана қаласынан 6 команда қатысып, барлығы 9
салмақ дәрежесі бойынша 220 спортшы чемпиондық атаққа таласты. Айта кету керек, Сыр өңірі
құрамасы төрт командадан құралған, олар Қызылорда қаласы, Арал, Жаңақорған және Тасбөгет
ауылы.
Ашық турнир «Байтақ мекенім» қоғамдық қоры және Мұнайлы ауданы «Дәулет ауылы
балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өтті.
Барлығы 36 медаль сарапқа салынды, оның 9 алтын, 9 күміс және 18 қола. Сондай-ақ, жеңіс
тұғырынан көрінген әрбір спортшыға жеке Кубоктан табысталды.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Байтақ мекенім» қоғамдық қорының
төрағасы Сәбит Тоқымбетов қатысушыларға сәттілік тілеп, өңірімізде қазақ күресін қарқынды
дамытуға зор үлес қосып жүрген бапкерлерге алғысын айтты.
«Қазақтың маңдайына біткен ақын Төлеген Айбергеновтың құрметіне орай
республикалық және халықаралық деңгейде түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Ал
спорттан болса бұрын өткізілген емес, бұл біздің өткізіп отырған алғашқы шарамыз. Меніңше
жарысқа қатысушы балалардың болашағы зор, олар бос уақытын спорт залдарда өткізеді, біз
бұған тек қуануымыз керек. Мүмкіндігінше қолдау көрсетіп отыруға аянып қалмаймыз, себебі
спортпен шұғылданатындар көбейсе олардың бойында отансүйгіштік сезім қалыптаса түсері
анық, сондықтан да жасөспірімдер арасында қазақ күресін кеңінен насихаттаудан баршамыз
қалыс қалмауымыз керек», – дейді ол.
Турнирді ұйымдастырушының бірі, қазақ күресінен бапкер Қайрат Иманғазиевтың
айтуынша, жарыстың мақсаты – ақиық ақын Төлеген Айбергеновты еске алу, жасөспірімдер
арасында қазақ күресін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберлігін
арттырып, үздіктерді анықтау болып табылады.IMG-20180415-WA0150
«Турнирге қатысушылар жақсы дайындықпен келген. Олардың арасында болашағынан зор
үміт күттіретіндер көп. Әсіресе Сыр өңірінің спортшылары көрсеткен өнерге тәнті болдық.
Төрешілер әділ бағаларын берді деп ойлаймын. Спортшылар немесе бапкерлер арасында өзара
түсініспеушіліктер туындаған жоқ. Алда түрлі жарыстар күтіп тұр, көп ұзамай соларға
дайындықты бастаймыз. Жалпы біздің облыста қазақ күресі бұрыннан жақсы дамыған,
болашақта Азия және Әлем біріншіліктерінде топ жаратындар ауылдан шығады деп сенемін
және болашақ чемпиондарды дайындауда жұмыстана береміз», – деді ол.
Жарыс қорытындысы бойынша 29 келі салмақ дәрежесінде М.Игілік (Жаңаөзен қаласы), 32
келіде Д.Абыл (Ақтау қаласы), 35 келіде Д.Жолдыбаев (Ақтау қаласы), 38 келіде Ш.Нұрмамбет
(Ақтау қаласы), 42 келіде Н.Ықыласбек (Қызылорда қаласы), 46 келіде Е.Бұрхан (Арал ауданы),
50 келіде М.Алкебаев (Арал ауданы), 55 келіде Н.Ауғанбаев (Мұнайлы ауданы), +55 келіде
Ж.Гушик (Мұнайлы ауданы) жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, кубокпен марапатталды. Айта кету керек,
жарысқа қатысушылар тарапынан республика көлемінде тұңғыш рет Маңғыстаудан бастау алған
қазақ күресінен ақиық ақын Төлеген Айбергеновты еске алу турнирін жылда өткізіп тұру
ұсынылды. Өз кезегінде «Байтақ мекенім» қоғамдық қоры бұл бастаманы барынша қолдайтынын
жеткізді.
Дайындаған Кәмшат Ізбасарова
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Related Articles

  • Жәди Шәкенұлының жаңа бес кітабының тұсауы кесілді.

    2019 жылы сәуірдің 11 күні Алматыдағы Жазушылар одағының әдебиетшілер үйінде, Жазушы Жәди Шәкенұлының Бес бірдей кітабының тұсаукесері болып өтті. Ғылыми зерртеу еңбектер мен көркем әдебиетке бірдей қалам тербеп, еңбек етіп жүрген жазушы осы жолы да оқырман қауымға «Бозмұнар» роман-хикаяттар кітабы мен қатар «Алтай алыптары», «Оспан батыр және Шығыс түркістан мәселелері» атты зерттеу еңбектері, «Қытай қазақтарының әдебиеті» атты әдеби сын-зерттеулері, «Бегзат сөз» атты қаламгер шығармашылығы жайында жазылған өзге авторлардың мақалалар жинағы сынды құнды бес жаңа кітабін ұсынып отыр. Бұларға қоса, оқырмандар сұранысы бойынша  А.Байтұрсын үлгісіндегі төте жазуда «Қаралы көш» кітабы қайта басылып шықты. Биылғы Оспан батырдың 120 жылдығына орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры Қазақстан Жазушылар одағының қолдауында, «Ел аманаты»  қоғамдық

  • ҮЛКЕН КҮНӘ?!

    Арыстанбек Мұхамедиұлы Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты САНАЛЫ ҰРПАҚ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан- жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп жетілдіру – аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Демек біздер ұрпақ алдындағы борышымызды өтей отырып, олардың болашағын бұлыңғыр емес, жарқын ету үшін, келесі бір қадам – мойындарына ешқандай ҚАРЫЗ қалдырмауға тиістіміз! Осы күні ҚАРЫЗ МӘСЕЛЕСІ еліміздегі күрделі мәселелердің біріне айналды. Расында, қарыздың қай түрі де оңай емес. Ұлттық банк деректеріне сәйкес, қазақстандықтар екінші деңгейлі банктерге 6 триллион теңге қарыз екен. Сонда жан басына шаққанда әр қазақстандық орта есеппен 900 мың теңгеден аса (!) берешек деген

  • АЛТЫ АЛАШҚА ЖОЛ ТАРТАР АЛТЫ КІТАП

    (ЖӘДИ ШӘКЕНҰЛЫНЫҢ ЖАҢА КІТАПТАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ) 11 Сәуір 2019 жылы Алматы қаласы Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы, «Ер Жәнібек Халықаралық қоғамдық қоры», «Ел аманаты» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі. Халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі Жәди Шәкенұлының алты шығармашылық еңбегі Алты Алашқа жол тартпақ. Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып мырзаның жүргізуімен өтетін айтулы кештің тұсаукесеріне көрнекті әдебиетші ғалымдар мен қаламгерлер: Темірхан Тебегенов, Жанат Ахмади,Серікқазы Қорабай, Дәулетбек Байтұрсын, Жәркен Бөдешұлы, Ғалым Жайлыбай, Мұрат Шаймаран, т.б. сонымен қатар, баспа сөз өкілдері қатысады деп күтілуде. Ж.Шәкенұлы 1967 жылы 5 мамырда Қытай аумағына қарасты Өр Алтайда туған. 1997 жылы Атажұртқа қоныстанған.  Тәуелсіз елге келгенен

  • Қазақтар Шыңжаң өлкесімен не қатысы бар?

    Eldes Orda Бұл 1912-жылы Құлжа қаласында жарық көрген “Іле Уалаяты” атты газет. Газеттің емлесі, тілі Ташкендегі “Түркістан Уалаяты” газеті мен Омбыдағы “Дала Уалаяты” газетімен шамалас. Газеттің Шыңжаң қазақ-ұйғырларының алғашқы баспасөз тариxында алатын тариxи маңызы аса зор-дұр. Газет туралы айтудан ілгері, мынадай тариxи шолу жасамақшымын. Шыңжаң өлкесі (провинцсиясы) 1884-жылы құрылғанымен оның құрамына үш аймақ қарады. Олар: Қашқар аймағы, Ақсу аймағы және Үрімжі Аймағы. Іле-Тарбағатай аймағы яғни Іле Әскери Губерниясы қосымша қарағанымен 30 жыл бойы (1884-1914) Шыңжаң өлкесіне қарсы күрес жүргізіп келді. Әсіресе 1912-жылы Цин империясының қағаны тақтан түскен соң Іле Әскери үкіметі мен Шыңжаң өлкелік үкіметі арасында қанды соғыс бұрқ ете түсті. Екіжақты соғысты уақытша үкіметтің өтпелі президенті Юуань Шикай зорға

  • Қазақстан Еуро-2020 іріктеуінде Шотландияны ойсырата жеңді (фото)

     Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты 2020 арналған іріктеу матчында Шотландия командасын оңай жеңді. Матч Қазақстан астанасында өтті деп хабарлайды Sports.kz сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Фото: sports.kz Рассказать ВконтактеРассказать в FacebookРасказать в Twitter Бұл ойынды бәрі үлкен қызығушылықпен күтті. Себебі бұл чехиялық бас бапкер Михал Билек үшін алғашқы ойын еді. Сондай-ақ құрамада жаңа футболшылар ойнауға тиіс болатын. Фото: sports.kz Рассказать ВконтактеРассказать в FacebookРасказать в Twitter Алғашқы құрам таңғалдырды. Онда «Астана», «Қайрата» және «Ордабасы» клубтарының үш ойыншыларынан болды. Сонымен қатар Бақтияр Зайнутдинов мен Александр Меркель. Фото: sports.kz Рассказать ВконтактеРассказать в FacebookРасказать в Twitter Астанада өткен І тобының кездесуі 3:0 есебімен аяқталды. Ойынның 10 минутында тақтайшада алаң иелерінің еншісіне 2:0 есебі жазылып тұрды. Голды Юрий Перцух пен Ян

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: