|  |  | 

Спорт Әдеби әлем

Тұңғыш рет қазақ күресінен ақиық ақын Төлеген Айбергеновты еске алуға арналған республикалық ашық турнир Маңғыстаудан бастау алды

IMG-20180415-WA0148

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылында қазақ күресінен 2004-2005
жылдары туған жасөспірімдер арасында ақиық ақын Төлеген Айбергеновты еске алуға арналған
республикалық ашық турнир өтті.
Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған турнирге Оңтүстік-Қазақстан облысы, Атырау,
Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау өңірі және Астана қаласынан 6 команда қатысып, барлығы 9
салмақ дәрежесі бойынша 220 спортшы чемпиондық атаққа таласты. Айта кету керек, Сыр өңірі
құрамасы төрт командадан құралған, олар Қызылорда қаласы, Арал, Жаңақорған және Тасбөгет
ауылы.
Ашық турнир «Байтақ мекенім» қоғамдық қоры және Мұнайлы ауданы «Дәулет ауылы
балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өтті.
Барлығы 36 медаль сарапқа салынды, оның 9 алтын, 9 күміс және 18 қола. Сондай-ақ, жеңіс
тұғырынан көрінген әрбір спортшыға жеке Кубоктан табысталды.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Байтақ мекенім» қоғамдық қорының
төрағасы Сәбит Тоқымбетов қатысушыларға сәттілік тілеп, өңірімізде қазақ күресін қарқынды
дамытуға зор үлес қосып жүрген бапкерлерге алғысын айтты.
«Қазақтың маңдайына біткен ақын Төлеген Айбергеновтың құрметіне орай
республикалық және халықаралық деңгейде түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Ал
спорттан болса бұрын өткізілген емес, бұл біздің өткізіп отырған алғашқы шарамыз. Меніңше
жарысқа қатысушы балалардың болашағы зор, олар бос уақытын спорт залдарда өткізеді, біз
бұған тек қуануымыз керек. Мүмкіндігінше қолдау көрсетіп отыруға аянып қалмаймыз, себебі
спортпен шұғылданатындар көбейсе олардың бойында отансүйгіштік сезім қалыптаса түсері
анық, сондықтан да жасөспірімдер арасында қазақ күресін кеңінен насихаттаудан баршамыз
қалыс қалмауымыз керек», – дейді ол.
Турнирді ұйымдастырушының бірі, қазақ күресінен бапкер Қайрат Иманғазиевтың
айтуынша, жарыстың мақсаты – ақиық ақын Төлеген Айбергеновты еске алу, жасөспірімдер
арасында қазақ күресін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберлігін
арттырып, үздіктерді анықтау болып табылады.IMG-20180415-WA0150
«Турнирге қатысушылар жақсы дайындықпен келген. Олардың арасында болашағынан зор
үміт күттіретіндер көп. Әсіресе Сыр өңірінің спортшылары көрсеткен өнерге тәнті болдық.
Төрешілер әділ бағаларын берді деп ойлаймын. Спортшылар немесе бапкерлер арасында өзара
түсініспеушіліктер туындаған жоқ. Алда түрлі жарыстар күтіп тұр, көп ұзамай соларға
дайындықты бастаймыз. Жалпы біздің облыста қазақ күресі бұрыннан жақсы дамыған,
болашақта Азия және Әлем біріншіліктерінде топ жаратындар ауылдан шығады деп сенемін
және болашақ чемпиондарды дайындауда жұмыстана береміз», – деді ол.
Жарыс қорытындысы бойынша 29 келі салмақ дәрежесінде М.Игілік (Жаңаөзен қаласы), 32
келіде Д.Абыл (Ақтау қаласы), 35 келіде Д.Жолдыбаев (Ақтау қаласы), 38 келіде Ш.Нұрмамбет
(Ақтау қаласы), 42 келіде Н.Ықыласбек (Қызылорда қаласы), 46 келіде Е.Бұрхан (Арал ауданы),
50 келіде М.Алкебаев (Арал ауданы), 55 келіде Н.Ауғанбаев (Мұнайлы ауданы), +55 келіде
Ж.Гушик (Мұнайлы ауданы) жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, кубокпен марапатталды. Айта кету керек,
жарысқа қатысушылар тарапынан республика көлемінде тұңғыш рет Маңғыстаудан бастау алған
қазақ күресінен ақиық ақын Төлеген Айбергеновты еске алу турнирін жылда өткізіп тұру
ұсынылды. Өз кезегінде «Байтақ мекенім» қоғамдық қоры бұл бастаманы барынша қолдайтынын
жеткізді.
Дайындаған Кәмшат Ізбасарова
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Related Articles

  • Түркістан облысының Түлкібас ауданында жаңа спорт кешені ашылды.

    «Ер Жәнібек» атындағы 240 адамға арналған шынықтыру-сауықтыру орталығы  Састөбе кентінде пайдалануға берілді.  Нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асты. Құны 454 млн теңге болатын спорт кешенінде бокс, дзюдо, үстел теннисі, баскетбол, еркін күрес және тағы да басқа спорт түрлерімен айналысуға болады. Келушілерге ыңғайлы болуы үшін киім ауыстырып, душ қабылдауға болады. Бұдан бөлек, бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелермен де қамтылған. Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Састөбе елдімекенінде өткен “Ер Жәнібек” атындағы спорт кешенінің ашылу мерей тойына “Tuǵurul han” Halyqaralyq Qoǵamdyq Birlestıgınıń атынан: Қаржаубай Сартқожа – Президиум Басқармасының Төрағасы (құрылтайшы); Мамырбаев Рахимбек – Президиум Басқармасының мүшесі (құрылтайшы); Игбаев Нұржан – “Tuǵurul han” Halyqaralyq Qoǵamdyq Birlestıgınıń Президенті қатарлы азаматтар арнайы қатысып қайтты.   Салтанатты жиынның ашылуына

  • ҚАРАБАЙ

    …Моңғолия қазақтары арасында аты аңызға айналған бір кісі өтті, есімі Қарабай,тегі (тек өзінің айтуы бойынша Найман) сойы беймәлім. Өте жұмбақ жан деседі.Төбесіне көтерген бір кеп жүгі бар,көбі кітаптар дейді. Келген жағы – Өр Алтай, Сарысүмбе. Арғы жағы көне Құлжаға қарай сұлбалап келген ізі жатыр. Түрлі аңыз, әңгімелер бойынша – Қарабай 1935 жылы Советтер тарапынан сталиндік саяси нәубет қудалауға ілігіп, ату жазасына кесілген құрбан. Содан Өр Алтайға қашып бас сауғалаған. Қасында Ғұбайдолда Садық деген жора – жолдасы болыпты. Дос болатұра екеуі үнемі қажақтасып жүретін көрінеді. Бұлар Моңғолда Бердіқожа Жолтаев, Жағыпар Тінәлин қатарлы Қазақстандық топ ағартушылармен әріптес және солардан арнайы қолдау тауып Қобда бетіне екі дүркін келіп, кеткен. Қашып жүріп Құлжада, соңыра

  • Мұхтар Мағауин. “Аңыз адам” журналына сұхбат 

      – Әмірхан, көпке мағлұм, өзің де білесің, мен сұхбат бергенді жақсы көрмеймін, өйткені өзім жазатын адаммын. Екіншіден, сұхбат алған адамдар сөзді бұрмалап жібереді. 1990 жылы Совет өкіметі құламай тұрып, Мәскеуден жаңадан шығып жатқан орыс газетінің тілшісі арнайы келіп сұхбат алды, бірақ сөзімнің бәрін басқаша бұрмалап жіберіпті, сонан кейін ешқайда «сұхбат бермеймін» деп шештім. Қазақтардан да сұхбат алғандар, менің әңгімемді тыңдағандар басқашалап жатады. Бұдан соң, жиырма бес жылдың ішінде екі-үш рет қана сұхбат беріппін. Саған көңілім түсіп отырғаны – қазаққа пайдалы, әрі танымал басылымға қызметке келіпсің, жақсы көретін, білгір інімсің, меселдең қайтпасын дедім. Оның үстіне, маған көрсетуге «Аңыз адам» журналының бірнеше санын әкеліпсің: Шыңғыс хан, Абылай хан, Абай, Шоқан, Әлихан

  • Таласбек Әсемқұлов. Сұлулықта ояну

    Осы, өлең деген не? Талғам деген не? Жаңа өрнек, жаңалық деген не? Кванттық физиканың пайғамбарлары С.Вайнберг, С.Хокинг, «Ғылым ақыр-соңында жаратылыстың барлық сырын түсіндіріп бере алатын біртұтас, бір ғана теорияға келеді» деген пікір айтады. «Осыдан кейін адам шын мәнісінде болмыстың әміршісіне айналады. Осыдан кейін біздің өркениетті ешқандай апат күйрете алмайды». Әр сөзіне жауап беретін ұлы ғалымдардың пікірі осылай. Мен де армандадым. Өнердегі түрлі ағымдарды, түрлі түсініктерді татуластырып, басын қосып, ақырында ешкім күмән келтіре алмайтын, мәдениеттің, өнердің барлық құбылыстарын түсіндіріп бере алатын бір ғана теория жасалса деп армандадым. Көп оқыдым. Ұққаным, әр ғасырдың, әр қоғамның, әр қабиланың өнер, мәдениет жайындағы өзіне ғана тән түсініктері болады екен. Жылжып уақыт өтті. Есейдім. Осы кезде

  • Бақытбек Бәмішұлының “Алтын Аралдың Арғымақтары” атты шығармашылық кеші өтеді.

    Биыл Оспан батырдың туғанына 120 жыл толуына байланысты “Ер Жәнібек батыр” атындағы халықаралық қоғамдық қоры жыл басынан бері Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп бірқатар мәдени іс-шаралар өткізіп келеді.  Алдағы күндері қор ұжымы Жазушылар одағымен бірлесіп,  аталмыш шаралардың көшін жалғастырып, өнер сүйер жұртшылықты маусымның 19 күні өтетін белгілі ақын-жазушы, публицис, аудармашы, филрлргия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бақытбек Бәмішұлының  шығармашылық кешіне шақырады. Өтетін орыны: Алматы Ұлттық кітапханасы. Уақыты: 19 маусым, сағат 16:00 де. Бақытбек Бәмішұлы: Баян-Өлгей аймағының Бұлғын сұмынында Үлкен Теміртінің Норты жайлауында  1958 жылы 25 мамырда дүниеге келген. 1975 жылы Бұлғын сұмындық 8 жылдық, 1977 жылы Ұланбатыр қаласында Хосе Марте атындағы 52- ші он жылдық орта мектепті бітірген.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: