|  |  | 

Көз қарас Саясат

Бердімұхамедов: ОА басшыларының кездесу форматын өзгерту керек


Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркіменстан президенті.

Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркіменстан президенті.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Орталық Азия елдері басшыларының Кеңесін құруды ұсынды. Оның пікірінше, Орталық Азия басшыларының Кеңес беру алқасы деген жаңа ұйымның жиыны жүйелі түрде, әр елдің астанасында өтіп тұру керек.

Түркіменстан ресми басылымдарының жазуынша, Бердімұхамедов бастамасымен бесжақты сарапшылар тобын құру қарастырылып жатыр. Онда жаңа құрылатын Кеңестің құрылымы мен ұйымдастыру мәселелері талқыланады.Түркімен президенті мұндай бастаманы Астанада Орталық Азия елдері басшыларының кездесуінен бір ай өткен соң көтеріп отыр. Бұл кездесуге Бердімұхамедов өзі бармай, ұлы Сердар Бердімұхамедовті жіберген.

15 наурызда Астанада өткен Орталық Азия басшыларының бас қосуы бірінші кеңесу отырысы деп аталған. Ол Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің бастамасымен өткен. Бас қосуда Орталық Азия елдері басшылары жыл сайын Наурыз мейрамы қарсаңында кездесіп тұруға келіскен. Келесі кездесу 2019 жылдың наурыз айында Ташкентте өтеді деп жоспарланып отыр.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Кремльдің «жансызы» Бағлан Майлыбаевтың құпиялары

    Мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін сотталған ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев шет мемлекеттің өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болғаны баршаға мәлім. Алайда осы ынтымақтастықтың егжей-тегжейін көпшілік біле бермейді. Ал дәл осы ақпарат соңғы жылдарда орын алған көптеген оқиғаларды айқындай түсер еді.  ҚР ҚК 361-бабының 4-бөлігімен және 185-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмыстарды жасағаны үшін 2017 жылдың маусым айында бес жылға бас бостандығынан айыруға сотталғаннан кейін ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев баспасөз назарынан тыс қалды. Дегенмен, оның резонансты ісі әлі де көңіл бөлуге тұрарлық, өйткені, біріншіден, Кремльдің теріс реакциясына қарамастан, тіпті өте жоғары деңгейдегі қазақстандық мемлекеттік қызметкерлердің ресейлік әріптестерімен қажетсіз байланыстарын тоқтатуға Ақорданың қабілетін көрсетеді, және, екіншіден, Қазақстанда билік басындағылармен жанжалдасудың

  • Соғыс кезіндегі өкілеттікті “анықтайтын” тұжырымдама 

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы елдерінің бірлескен әскери жаттығуы. Алматы облысы, 22 мамыр 2018 жыл. Екі апта бұрын қоғамдық талқылауға ұсынылған “соғыс жағдайы мәселелері жөніндегі” заңнамаға түзету енгізу туралы жоба тұжырымдамасына (онда Қазақстанда тұрақсыздық болса, онымен күресу үшін “гибридтік” әдіс қолдану мүмкіндігі туралы жазылған) ешбір пікір айтылмады. Кей сарапшылар президентке қосымша өкілеттік беру қарастырылған құжатта саяси контекст бар дейді. ӨКІЛЕТТІКТІ “АНЫҚТАУ” “Қазақстан Республикасының соғыс жағдайы мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасының тұжырымдамасы соғыс бола қалған жағдайда президенттің, үкімет пен билік органдарының өкілеттігін “нақтылауды” ұсынады. Құжат тамыздың 22-сі күні нормативтік-құқықтық актілер сайтына шықты – қоғамдық талқылауға бөлінген екі аптада (қыркүйектің 5-інде аяқталған) ол бойынша

  • Назарбаев: Сириядан оралғандарды ұдайы бақылау керек

    Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановпен кездесіп отыр. Астана, 27 тамыз 2018 жыл (Сурет ресми akorda.kz сайтынан алынды). Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы барлау қызметінің (Сырбар) директоры Ғабит Байжановпен кездесіп, террорлық идеяларды ұстанушыларды, оның ішінде Сириядан оралғандарды ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында Байжанов Назарбаевқа сыртқы барлау қызметінің биылғы жылдың алғашқы жарты жылында атқарған негізгі қызметі туралы есеп берді. Назарбаев оған Қазақстанның көрші елдермен достық қарым-қатынасын сақтап қалудың маңызды екенін айтып, шетелдердің арнайы органдарымен тығыз қарым-қатынаста болу керегін еске салды. Президент террорлық идеяларды ұстанушыларды үнемі қадағалап отыру – Сыртқы барлау қызметінің негізгі бағыты саналатынын айтып, Байжановқа бірқатар тапсырма берді. Бұған

  • Қытайдан 500 мыңдайы ғана Қазақ еліне оралады.

    Қазір қытайда 1.5 миллион да 2 миллион айналасында Қазақ бар десек, алдағы уақытта соның ұзаса шамамен 500 мыңдайы ғана Қазақ еліне оралады. Және мен бұл 500 мыңдайы деп ұялғанымнан, мемлекетшіл жандардың көңіліне су сеппейін деп ойлағанымнан көбейтіп айтып отырмын. Ал, қалған 1 миллион немесе одан да көп Қазақ әлі де болса қытайда тұрмыс-тіршілігін жалғастыра береді. 1991-жылдан соң Қазақстанға оралған қытай Қазақтарының ұзын саны ұзаса 200 мыңның айналасы ғана екен. Олар кімдер: * Ұлтшыл Жастар; * Ұлтшыл Зиялылар; * Туысшылдар (1955-1962жж Сәбетке қашқандардың туыстары); * Студенттер (оқуға түскендер); *Қарапайым жандар (малшы, егінші); тб Қытайдан осындай бір буын ұрпақ іріктеліп кетіп қалғандықтан олардың қытайдағы орнын қытай мен ұйғыр жастары, зиялылары басып кетті.

  • Адвокат Құспан халықаралық қолдауды мақтады

    Қасым АМАНЖОЛ Адвокат Абзал Құспан (алдыңғы қатарда сол жақтан бірінші) Сайрагүл Сауытбайдың сотында отыр. Жаркент, 13 шілде 2018 жыл Азаттықтың тікелей трансляциясында көрермендер сұрақтарына жауап берген адвокат Абзал Құспан Қазақстаннан пана іздеуші Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайдың тамыздың 1-інде сот залынан босатылуына әсер еткен факторларды сипаттады. Панфилов аудандық соты Сауытбайды Қазақстан-Қытай шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін алты айға шартты түрде соттап, шетке шығарудан бас тартқан. Азаттық: Заңдық тұрғыда Сайрагүл Сауытбайдың ісі шешілді ме? Шешімін тапты деп айта аламыз ба? Абзал Құспан: Толық шешілді деп айта алмаймыз. Назар аударған болсаңыздар, сот әдетте қарарды ғана оқып, толығын кейін беретін еді. Кеше судья басынан аяғына дейін сот үкімін оқып шықты. Сот үкімінде айтылған фактінің бәрі –

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: