|  | 

Тарих

ПРЕМЬЕР ТЕРЕЩЕНКОНЫ “ОСТАВКАҒА” ҚАЛАЙ ЖІБЕРДІМ

Махат Садык суреті.Махат Садык суреті.

1992 жыл. Қазақ радиосының Парламеттік тілшісімін. Офис Алматыдағы Желтоқсан көшесінің 177 үйінде. 3-ші қабатта радио қызметкерлері. Ал, 4-ші қабатта Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары Министрінің бірінші орынбасары – Қазақ мемлекеттік телерадиохабар тарату компаниясының Төрағасы Ғаділбек Шалахметов және компания басшылары. Төрағамен баспалдақта, лифтіде күн ара кездесіп қаламыз. Жүзі жылы жан.
Қазақ редакциясындағы жастар толық баспанасыз. Ол кезде айына бір-екі рет командировкаға шығу міндет. Сапарлатып елге жиі қатынаймыз. Қонақ үй ақшасы жабылмай қарызбен қайтамыз. Содан, отыз метр жердегі Төрағаның қабылдау бөлмесіндегі апайдың шығып кеткенін аңдып тұрып, Ғаділбек ағаға төтесінен басып кіреміз. Ондағымыз іссапарда қонақ үйге берілген қаржыны жабатын құжатымыз болмай, бухгалтерияға қарызымызды қайтармауға “рұқсат” деген қолын алып шығу. Ол Төрағаның ғана құзырында. Арызымызды алдына қойғанда, Төраға көзілдірігін көтеріп қарайды да: “Үйің жоқ қой”-, деп сұрайды. “Жоқ” дейміз. “Ала ғой”, дейтін “рұқсатын” жазып беріп…
Сол жылдардағы бір палаталы Парламентте 360 депутат бар. Күнде сағат 10 мен 12.30 аралығында пленарлық отырыс. Мен де ертеңгілік үйден шығып, Алматыдағы қәзіргі Астана алаңындағы Жоғарғы Кеңеске бірден тартам. Министрлердің де жартысы сонда. Өйткені, Депутаттардың өкілеттігі мықты. Министр болдым деген Президент Жарлығынан соң, депутаттардың 51% қолдау дауысын алуын керек. Әйтпесе, министрлік портфельге ие болмайсын. Ондай жағдайды да көрдік.
Совет Одағының тараған кезі. Елде инфиляция. Депутаттар Үкіметті сынағанда жерден алып жерге салады. Бір күні келсем, Премьер-министр Терещенко оставкаға кетсін деп шулап жатыр. Жаспыз, мәртпіз. Қырып сөйлеген екі депутатты жазып алып, түске қарай редакцияға жеттім. Бір мен екі аралығында тікелей эфирдегі “Тәулік тынысы-Панорама дня” бағдарламасына Парламент жаңалықтарымен төрт минут шығуға рұқсатым бар. Тездетіп депутатар сөзін дайындап, тікелей эфирге шықтым. Депутаттармен жарысып, Үкіметті сөзім жеткенше сынап, Премьер-министр Терещенко оставкаға кетсін деп бірнеше рет айтып-айтып жібердім. Бұған дейін де талай Министрдің тас-талқанын шығарып, түбін түсіріп айтуға дағдыланып қалғанбыз…
Өмірде мұндай да кездейсоқ сәйкестік болады екен. Мен эфирде Терещенконы “оставкаға” жіберіп жатқанда, Премьер-министрдің көлігінед қатар отырып, Төрағамыз әуежайға бара жатады ғой. Шопыры радионы қосып қойған. Фамилиясы мен оставка деген сөзді естіген соң, Премьер репортажыма құлағын түреді. Қазақшасын да Шымкетте жүргенде қатырып алған. Мен сөзімді бітіріп эфирден шыққан кезде, Терещенко да көлігін тоқтатады.
- Ғаділбек шық. Мен емес, сен кеттің оставкаға -, дейді кіжініп.
Ғаділбек Мінәжұлы көшеде жүрген қара жаяу емес. Жетпісінші жылдары, Терещенко совхоздың директоры болып жүргенде, Совет Одағының ең мықты тележурналисі танылып, Мәскеуден Бас бәйгеге, Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағын алған республикаға белгілі тұлға.
-Сергей Александрович, мен сізге қаншама рет ескерттім. Қәзіргі жағдайда жеке меншікке радиостанция беру дұрыс емес деп. Мынау, өткенде өзіңіздің арнайы Қаулыңызбен Сергей Дувановқа рұқсат берген “МАКС” радиосы. Олар маған қарамайды, – дейді.
Терещенко сабасына түсіп, Дувановты бір сыбап алады. Радио “МАКС” қазақша бір ауыз сөз айтпайтынын Премьер-министр қайдан білсін. Дувановтан сұраса да ол ақтала алмас. Олар билікті оңды-солды сынағанда, біздер шаңына ілесе алмайтынбыз.
Премьер-министрмен Москва сапарынан оралған соң, Төраға кабинетіне шақырған.
- Айналайын, Министрлер мен облыс басшыларын сынай бер. Тек Премьер-министрді “оставкаға” жібергеніңді қой,- деген…
Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары Министрінің бірінші орынбасары – Қазақ мемлекеттік телерадиохабар тарату компаниясының Төрағасы Ғаділбек Шалахметов қашанда журналистерінің нағыз қамқоршы әкесіндей болған Азамат.
Бірнеше жыл Момквада Халықаралық “МИР” телерадиокомпаниясының президенті болды.
Бүгінде де Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі.
Жас журналистердің ұлағатты ұстазы.
Дәл екі айдан соң, яғны 8 шілдеде Ғаділбек Шалахметов мерейлі 75 жасқа толады. Өткенге құрмет – келешекке ғибрат. Қазақ телевизиясының 60 жылдығы аталып өткен мерекелі жыл жалғасын, Тәуелсіздік алғандағы бірінші Төрағамызды марапаттап жалғастыру ғанибетті шара деп ойлаймын.

Махат Садыктың facdebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Сұраған Раxметұлы. ИТЕЛІ

    … Бүгін бірнеше пенделер керілдесіп жатқанын көрдім. Шежірегерлер секілді. Арасында бәлеқорлары да бар. Бәрі білгір, кемел сәуегей! Абақ бабамның “ұрғашы” екенін өз көзімен көргендей!? Әлде бір рудың “ит еміп” өскенін біледі!? Мен болсам “атан түйе мініп, тай жетектеген… ” екенмін… Бақытбек Бәміш менен де сорақы!? Себебі, оның руы Ителі!!! Ойландым.Не десем болады!? Расында қалай еді өзі,ә! … Керей елі. Жошыдан сілем тартады. Ерекше одақ тайпалар құрамасы. ХҮ ғасырда Мәуреннаһр мен Хорасанға дейін қаптал жайған. ХҮІ ғасыр батыстан шығысқа қарай үдерген ұлы жұрт. Таңбасы - крес. Он екі ата Абақ. Шәкерім дана, соңынан ғұлама Мағауин ағам солай деген. Іргелісі – Жәнтекей. Шамамен жан саны 800.0 санды өскен ру. Бұқарадан Бұқақараған алқабына дейінгі жайылым кешкен

  • Алтай қазақтарының төңкерістік үкіметі

    (Оспан батырдың туғанының 120 жылдық мерей тойына арналады) Ерзат Кәрібай     Қытайдағы қазақтар тарихында жане Шыңжаң тарихында «үш аймақ төңкерісі» не дұрыс тарихи баға беріліп Шыңжаң жерліе тарихынан орын берілген, әрине аталған үш аймақта (Алтай ,Тарбағатай, Іле) қазақтар басым бола тұра, төңкерістеде жетекші рол ойнағанына қарамастан оны Ұйғұрдың еншісіне меншіктеп берді, халқарадада осылай таным қалыптасқан. Оған негіз 1944 жылы12 құрылған үкіметте басшылықта қазақтар болмады, үкімет тілі ұйғұр тілі болды, тарихи суреттерімен хұжаттарыда дерлік солай болды! Демек екінші шығыс түркістан жерлік халық сайламаған заңсыз үкімет еді! Егер заңды үкімет болса тұтас үш аймақтағы 720 мың халықтың 53% ін ұстайтын қазақ билікте болған болар еді! Кейінгі аталмыш үкімет қазақ мүддесіне саятында

  • 2-Жаһан Соғысына Қатысқан Қытай Қазақтары Туралы

    Біреу білсе біреу білмес, 2- жаһан соғысына қатысқа қытай қазақтары да болған. Соғысқа қатысуының тариxи себебі былай болды. 1933-жылы Шыңжаң өлкелік үкімет басына Шың Шысай келді. Шың билікке келе салысымен Совет-Шыңжаң қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтерді. Советтің әуе күштер қорғаныс армия базасы шығыс Шыңжаңның Құмыл қаласына орналасып ішкі қытаймен ресми байланыс үзілгенді. Тағы Советтен екі жүзге тарта әр саланың мамандары Үрімжі, Алтай, Құмыл, Құлжа, Шәуешек тб қалаларға келіп қызмет жасады. 1934-35 жылдан бастап Мәскеу, Ташкен, Алматы, Қазан қалаларына арт-артынан үш дүркін оқушы жіберді. 1934-1939 жылдар арасында Советтер одағында оқып білім алған Шыңжаңдық оқушылардың саны 300′ден асты. Мұның дені қазақтар еді. 1939-жылы 2-жаһан соғысы тұтанып Шыңжаң өлкелік үкіметі сол жылы Советке жібермекші

  • “Алғашқы және соңғы демократиялық сайлау”

    Асылхан МАМАШҰЛЫ Алаш Орда ұлттық-территориялық автономиясы үкіметінің мүшелері Алаш қаласына (Заречная Слободка, Семей) көшіп келіп қоныстанған 1918 жылы. Қазақстан билігі биыл маусымда тағы бір кезектен тыс президент сайлауын өткізгелі жатыр. Постсоветтік елдегі бұған дейінгі сайлаулардың ешбірін халықаралық ұйымдар «еркін» деп таныған емес. Осы тұста Азаттық советтік кезеңге дейінгі Қазақстанда өткен алғашқы және соңғы ашық сайлаудың тарихына үңіліп көрді. 1917 жылы желтоқсан айында «қазақ-қырғыз билігін қолына алғанын» мәлімдеген Алаш Орда үкіметі – Ұлт кеңесінің төрағасын сайлады. Көпшілік дауыс алған Әлихан Бөкейхан үкімет пен кеңес төрағасы болып сайланды. Азаттық тілшісімен сөйлескен зерттеушілердің айтуынша бұл сайлау «бұрынғы хандық дәстүрге сүйенбеген, патшалық Ресейдің ескі заңдарынан құтылған, қазақ халқына сайлау құқығын беріп, демократиялық дәстүрмен өткізген

  • Үрімжі аймағының уәлиі-Қадуан

    Бұл суретегі ақ шылауышты кісінің аты Қадуан (Қадиша) Мамырбекқызы. Сүйегі төре, Тарбағатай Майлы-Жайырда дүниеге келген. Алтайдағы “төрт би төре” Абақ жұртының соңғы xандарының бірі Әлен төренің зайыбы. Қадуан Мамырбекқызы 1962-жылы Үрімжі қаласында белгісіз жағдайда көз жұмды. Сол жылы (1962) Үрімжі қаласы Санжы облысынан бөлініп жеке қала ретінде әкімшілік шаңырақ көтерген еді. Бұны айтудағы себебім, Қадуан Мамырбекқызы бұрынғы Үрімжі аймағының уәлиі болған. Үрімжі аймағы құрамына 12 аудан қарайтын еді. Олар: Манас, Құтыби, Санжы, Мичуан, Бөкен, Жемсары, Шонжы, Мори қатарлы сегіз қазақ аудандары және Тұрпан, Пішән, Тоқсын қатарлы үш ұйғыр ауданы. Орталығы Үрімжі (ол кезде аудан дәрежелі) сонымен он екі аудан қарады. Қадуан Мамырбекқызы Үрімжі аймағының он екі ауданын басқаратын облыс уәлиі

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: