|  |  | 

Суреттер сөйлейді Әлеумет

Киіктердің үстірт популяциясын сақтау жолдары ұсынылды

5

Қарағанды қаласындағы «Жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу
орталығы» қоғамдық қоры Германияның NABU табиғатты қорғау және
биоалуантүрлілікті сақтау одағының қаржылай қолдауымен «Киіктердің үстірт
популяциясын сақтау бойынша жергілікті қоғамдастықтарды жұмылдыру» жобасын
жүзеге асыруды бастады. Ал ұйымдастырушылық және сарапшылық қолдауды
«Қарағанды облысының экологиялық мұражайы» қоғамдық бірлестігі және «Қолдау-
Қазақстан» коммерциялық емес холдингі өз мойнына алып отыр. Бұл туралы жоба
үйлестірушісі Әділбек Қозыбақов айтып берді.6
Елімізде ақбөкеннің үш түрі мекендейді, атап айтқанда – бетпақдала, орал және үстірт
популяциялары. Осыдан үш жыл бұрын бетпақдалада мекендейтін ақбөкендер жаппай
қырылғандығы белгілі. Ол кезде мамандардың есебі бойынша 90 пайызы қырылған деседі. Бұл
ретте қоғам ендігі жерде ең алдымен ақбөкеннің осы популяциясын сақтап қалу үшін жауапты
органдар барын салады деген сенімде.7
- Ақбөкеннің саны осыншама азайып кеткеніне қарамастан, бетпақдала популяциясы саны
Үстірттегіне қарағанда әлдеқайда баршылық. Ал үстірт популяциясы толықтай жойылып
кету қаупі жоғары. Мәселен, 2016-2017 жылдары саны 1900-2700 аралығында болған киіктер
саны 1980 жылдардың соңында 250-270 мың басты құраған болатын, яғни бүгінде 99%
жоғалды деуге негіз бар. Бір кездері кейбір есеп бойынша Үстірттегі киіктер жарты миллионға
дейін болған, – деп бастады өз әңгімесін биолог-сарапшы Әділбек Қозыбақов.8
Аталмыш жоба алдымен Ақтөбе облысының Байғанин және Шалқар аудандарынан бастау
алып, кейінгі уақытта Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында жалғасын таппақ, яғни
киіктердің үстірт популяциясының Қазақстан аумағындағы миграция жолдары қамтылады.
– Ежелгі дәстүрге сәйкес, революцияға дейінгі уақытта жайылымдық жерлері болған
қазақ халқы өздері тұрып жатқан аумақта мал жаюмен қатар жабайы жануарларды
аулаумен де айналысқан. Ал қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Еліміздегі қолданылып келе
жатқан табиғатты қорғау механизмдері киіктердің үстірт популяциясының санын бұрынғы
қалпына келтіретіндей оң нәтижесін берер емес. Сол себепті қазіргі уақытта бұрынғы
дәстүрді қайта «ояту» қажеттігі туындап отыр. Яғни туған өлкенің табиғатын, киіктерді
сақтап қалу жауапкершілігін артуды мал өсірушілер мен аң аулаушыларға жүктеуіміз қажет»,
- деген пікірде Әділбек Қозыбақов.
Жобаны ұйымдастырушылар тауешкі, бұрамамүйізді теке (мархур), арқар, қоңыр аю және
қар барысы сияқты жойылып бара жатқан жануарлардың түрлерін қорғауға ауыл тұрғындарын
тартып отырған Тәжікстан мен Қырғызстан елдерінің тәжірибелеріне сүйеніп отыр. Бұл туралы
NABU биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық сарапшысы Штефан Михель сөз
қозғады.9
Айта кету керек Тәжікстан мен Қырғызстан елдерінің шалғайда тұратын тұрғындары
браконьерлерге тойтарыс беріп келеді. Бір қызығы, кезінде өздері браконьер болған ауыл
тұрғындары енді жануарлар әлемін қаскөйлерден қорғауға мықтап бел буған.
Тауешкілер, текелер және арқарлар саны бірнеше есеге артқан тұста, жергілікті қауым
кейбір жануарларға аңға шығуға рұқсат берілген квоталарды ала бастады. Сонымен қатар,
бөлінетін квотаның бір бөлігі мыңдаған доллар және евроға шетелдік аңшыларға үлестіріледі. Ал
бұдан түсетін кірістер күзет қызметінің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға және
ауылдардың инфрақұрылымдық мәселелерін шешуге жұмсалады. Әділбек Қозыбақов мұнайгаз
саласында дағдарыстың бар екендігін ескере келе, Қазақстан үшін мемлекеттік бюджеттен
субсидияны қажет етпейтін осы тәжірибеге сүйенген дұрыс деген пікірде.
Бір жылға есептелген жаңа жобаның бюджеті 20 мың евроны құрайды. Ал болашақта
қаржының көлемі арта түссе деген тілек тағы бар. Жалпы көздеген нәтижеге қол жеткізу үшін
миллиондаған еуро қажет, оның жартысынан көбі бағдарламаның Қазақстанда жүзеге
асырылуына жұмсалмақ. Ал қаржы көздерін табуға NABU ұйымынан бөлек, SCA (Saiga
Conservation Alliance – ақбөкендерді сақтау Альянсы), Біріккен ұлттар ұйымының қоршаған

ортаны қорғау бойынша UNEP бағдарламасы және тағы басқа әлемге танылып үлгерген
табиғатты қорғау ұйымдары қол ұшын созады деген үміт жоқ емес. Осылайша бұл бастамалар
экология және ауылдардың экономикасын нығайтуға деген қайтарымсыз ірі инвестиция болмақ.
2015 жылдан бері NABU Еуразия бойынша халықаралық тобының жетекшісі Тильман
Дитерих мен сарапшы Штефан Михель Ақтөбенің Байғанин және Шалқар аудандарының
тұрғындарымен бірнеше рет кездесу өткізген.
Ал өткен жылдан бастап Ақтөбе өңірін аралауды қолға алған еліміздің сарапшыларына
қолдау көрсетуге Қырғыз елінен Заирбек Кубанычбеков деген белсенді қызығушылық танытқан
көрінеді. Ауыл тұрғындары тарапынан қойылған барлық сұрақтарға тұшымды жауаптар берілген
және олардың ақбөкендерді сақтап қалу үшін экономикалық және экологиялық тұрғыдан
ұзақмерзімді тиімді тұстары кеңінен түсіндірілген.
Нәтижесінде, 2017 жылдың күзінде Байғанин ауданында жергілікті тұрғындардан құралған
бастамашыл топ «Дала табиғаты» қоғамдық бірлестігін құрған. Бұдан былай еріктілер
киіктермен қатар табиғатты қорғау шараларына белсенді араласпақ. Айта кету керек, өз
жұмысын бастағанына көп уақыт бола қоймаған бірлестік өзінің қатарына жаңа мүшелерді
қабылдауға әрдайым дайын екендігін жеткізді.
Жоба үйлестірушісінің айтуынша, бұл бастама ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен NABU арасындағы табиғатты
қорғау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумда көрсетілген талаптарға толықтай сай
келеді. Ақтөбе облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы,
облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, табиғат қорғау
полициясы және т.б. уәкілетті органдармен байланыс орнаған. Сонымен қатар жоба «Қансонар»
аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің
республикалық қауымдастығы тарапынан да қолдау тапқан.
– Алайда барлығы біз ойлағандай оңай шаруа болмай тұр. Байғанин ауданының басшылығы
туған өлкенің табиғатын қорғау шараларына белсенді қатысуға ниет білдірген ауыл
тұрғындарына қолдау көрсетсе екен дейміз. Еліміздегі табиғатты қорғау жөніндегі ең ірі
үкіметтік емес үйым, яғни Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының
басшылығына бізбен бірге жұмыс жасауға ниет білдірсе деген ұсынысымыз бар. Халықаралық
деңгейде танылып үлгерген осындай ірі ұйым мұндай мәселелерден айналып өтпей, хабардар
болғанын қалаймыз, – деп үміттенді жоба үйлестірушісі.Адильбек Козыбаков
Оның айтуынша, «Дала табиғаты» қоғамдық бірлестігі аңшылық алқаптарын бекіту
бойынша конкурстарға қатысып, өз аңшылық шаруашылықтарының болуын қалайды.
- Аңшылық шаруашылықтар киіктерді қорғау кезінде техникалық және материалдық
мүмкіндіктері болады. Атап айтқанда, біз оларға бинокльдер, дүрбілер, фотокамералар, GPS,
жанар-жағармай материалдарын және т.б. беруге дайынбыз. Шаруашылықтарды құру
айтарлықтай қиындық туғызбайды, себебі бұл жұмыстарға алдымен жергілікті қоғамдық
бірлестіктер тартылмақ. Нәтижесінде ауыл тұрғындарына браконьерлерді ұстау құқығы
беріліп, қылмыстың немесе құқықбұзушылықтың алдын-алуға үлес қосқандарға сыйақы
қарастырылмақ», – деп қорытындылады өз сөзін Әділбек Қозыбақов.

Кәмшат Ізбасарова
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Related Articles

  • Қарағанды: Қазақ неге көтерілді?

    Қарағандыда орын алған қылмыстың басты себептері неде? Қоғамның наразылық танытуына қандай саяси, экономикалық, әлеуметтік және идеологогиялық алғышарттар итермеледі? Билік пен құқық қорғау орындары бұдан қандай сабақ алуы керек? Осы да басқа сұрақтарға Әміржан Қосанов, Айдос Сарым және Расул Жұмалы жауап іздейді.

  • ХАН КЕНЕНІҢ ҚАРУЫ

    Beken Kayratuly Facebook парақшасынан алынды ЕлордағыҚазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінің ауыспалы экспозициялық жәдігерлер көрмесі орналасқан төменгі залында, қазақ халқы үшін құнды заттың бірі – Кенесары Қасымұлының мылтығы тұр. ХІХ ғасырдың ортасында Ұлы далада өрістеген ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, атақты Абылай ханның немересі Кенекең осы мылтықпен жау түсірген. Айталық, 1838 жылы Кенесары Ақмола бекінісін басып алып, орыс әскерін қуып шыққанын тарихтан жақсы білеміз. Осы оқиға туралы ел-жұрттың аузынан естіп, хатқа түсірген Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өзінің «Қазақ шежіресі» атты жазбасында: «Қараөткелде аға сұлтан Қоңырқұлжа дуан басы болған. Кенесарыға қарсы тұрып соғыс салған. Қараөткелді (Ақмола бекінісін айтады) қамағанда Кенесары күлдірмамай деген мылтығымен Тайтөбенің басында тұрып, орыстың қарауылшы балсәйкесін (полицейін) атып мұрттай ұшырған» дейді (А.Смайыл

  • Шыңжаңды Таныстыру

    “Шыңжаңды Таныстыру” (新疆介绍) атты бұл кітап 1949-жылдың қазан айында жарық көрген екен. Кітапта Қазақтар мен Моңғолдарды баса таныстыруға мән беріпті. Кітапта Қазақтарды арнайы суретімен (атқа мінген, тымақ киген) беруін мен мынадай жағынан түсіндіремін: Бірінші себеп, қазақтардың қолында жаппай дерлік қару болды; Мысалы, 1944-45 жж Құлжадағы Шарқи Түркістан үкіметіне қарасты 30 мыңнан астам Ұлттық Армияның кемінде 90 пайызы Қазақтарды құрады. Қазақ әскерлерін Қазақ ССР-дан құпия келген екінші дүние жүзілік майданда соғыс көрген офицерлер мен әскери мамандар арнайы әскери жаттығудан өткізген. Манас өзеніндегі келсімшарттан соң жүзден астам әскери мамандар Қазақ ССР-ға қайтып кетті.  Екіншісі, 1944-жылы Құлжада Шарқи Түркістан үкіметі мен Ұлттық Армия құрылған соң уақытша үкімет құрамына кірмей қалған Қазақ уалаяты Нан

  • Шарқи Түркістан уақытша респубиликасының бірбөлім әскери адамдары

          Шарқи Түркістан уақытша респубиликасының бірбөлім әскери адамдары.   Нүсіпқан Көнбай, Зунун Тайпов, Фотий Иваонвич Лескин, Сопаxун Сувров, Маргуп Исқақов, Бәделқан Сүгірбаев, тағы кімдерді таныдыңыз? Екі әскери адамның қол ишараты не мағына білдіреді? Шарқи Түркістан уақытша үкіметінің Құлжа қаласындағы кезекті құрылтайы. Құрылтайға Алтай (төменгі Алтай), Тарбағатай уалаятының делегаттары да келіп қатысқан. Тариxи суретте А.Қасми, Әкімбек Қожа, Дәлелқан Сүгірбаев, Басбай Бапин, Ысқақбек Мононов, Әбілқайыр Төре, Шәмси Мәмиұлы, Әнуар Жакулин, тағы басқа кімдерді таныдыңыздар?   Генерал Дәлелқан Сүгірбаев туралы сирек құжаттардың (куәлік) бірі. Куәлікте “Шыңжаң” деп жазылған (1948). Шарқи үкіметі мен Нан Кин үкіметі келіссөз өткізген соң Шарқи Түркістан атауы орнына Шыңжаң атауы қайта жаңғыртылды. Алтай, Тарбағатай, Іле уалаятында құрылған

  • Ұмыт қалған ашаршылық және Назарбаевтың ықтимал мұрагерлері

    Анна КЛЕВЦОВА Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш. Алматы қаласы, 31 мамыр 2017 жыл Халықаралық БАҚ осы аптада Қазақстанда ашаршылықтың Украинадағыдай өткір бағаланбауының себептерін, Назарбаевтың ықтимал мұрагерлері туралы жазған. Ықтимал мұрагерлер қатарында Тоқаев, Тасмағамбетов, Құлыбаевтың аттары аталады. Әлемдік баспасөз бұған қоса, Қазақстанның Қытайға тасымалдайтын газ көлемін арттыру мәселесін және Тамғалыдағы петроглифтер тақырыбын да қозғаған. ҰМЫТ ҚАЛҒАН АШАРШЫЛЫҚ  Америкалық Wall Street Journal журналы “Ұмыт болған советтік ашаршылық: Сталиннің Украинаға істегендері есімізде, бірақ Қазақстанға жасағандарын білмейміз” атты мақалада америкалық зерттеуші, Maryland-College Park университетінің тарих профессорының көмекшісі, “Ашаршылық жайлаған дала: ашаршылық, зорлық-зомбылық және советтік Қазақстанның құрылуы” атты кітаптың авторы Сара Камеронның пікірін жариялаған. Зерттеуші мақалада ашаршылықтың Қазақстанда Украинадағыдай өткір бағасын алмауының себептеріне тоқталады. Сара Камеронның пікірінше, оның

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: