|  |  | 

Езутартар Суреттер сөйлейді

«ШАЙТАННЫҢ ДАҢҒЫРЛАҒЫ…»

ТҰРАРБЕК ҚҰСАЙЫНОВ

(«Демос» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі):

Астанадағы Бекболат Тілеуханның үйінде болған кездесу кезінде болған бір қызық жайтты айта кеткім келеді. Отырыстың арасында намаз оқып алу үшін бәріміз көрші бөлмеге шықтық. Енді намазға сап түзеп тұра беріп едік, терезеден соққан самал қозғаған болу керек, қабырғада ілулі тұрған арнайы жасалған қымбат бағалы домбыра жерге тарс етіп құлап түсті. Құдайға құлшылық жасау алдында терең ойға бойлай бастаған біз селк ете қалдық. Өзін Халил ұстаздың алдында ыңғайсыз сезінген Бекболат «Шайтанның даңғырлағы-ай…» деп, жерде жатқан домбыраны жұлқи тартып орнына іліп қойды да, кінәлі адамша күйбеңдеп барып, қайыра кеп сапқа тұрды…

(Т.Құсайыновтың «Мен қалай рухани жаңғырдым» кітабынан үзінді)

Серік Абас-шах суреті.
Серік Абас-шахтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • “Жаңа Өмір” газеті… Қазақ тарихына қатысты деректер

    Eldes Orda “Жаңа Өмір” (Yiñi Hayat) деген атпен Қашқар қаласында шығып тұрған бұл газетте Шыңжаңдағы Қазақ тарихына қатысты деректер кездеседі. Бұның бір нұсқасын сіздерге ұсынбақшымын. Мингоның 25-жылы 14-қыркүйектегі яғни 1936-жылдың 14-қыркүйектегі (184) 8-санында Шыңжаң Қазақтары туралы мынадай хабар басылған: “Үрімжіде Қазақ-Қырғыз Құрылтай Мәжілісі Ашылып 16 Күнде Тамам Болды” Мақалада осы оқиғалар өрбиді. Тарихи деректерде бұл құрылтай 1935-жылы тұңғыш мәжілісін ашқан. Мәжіліске Алтай, Тарбағатай, Іле және бұрынғы Үрімжі аймағына қарасты 12 ауданнан сосын Қашқар уалаятындағы Қырғыздармен қосылып ұзын ырғасы 300 дей делегат қатысқан. Құрлытай қарары өлкелік үкімет губернаторы Шың Шысайдың саясаты бойынша Қазақ-Қарғыз Мәдени, Ағарту Ұйшымасын жариялайды. Ұйшымаға Сейітқазы Нұртаев төраға болады. Сол жылдың күзінде Әбеу Құддыш бастатқан делегация Сейітқазы Нұртаевпен

  • Ясин Құмарұлы: Ежелгі Түркі тайпаларындағы төтемдік аң – құстардың аңыздық негіздері

    Анотация  Мақалада грифон, көкбөрі (Құсбөрі) тәңір ұғымдары мен атаулары төңірегіндегі сондай-ақ Сақ, Ғұн, Үйсін, Түркілердің бөрі төтемділігі және аттарының да бөріге байланыстылығы зерттеледі. Грифон және көкбөрі Грифон (griffon) қазірге дейінгі анықтамаға сай жартылай арыстан, жартылай құмай немесе басы, қанаты құс, денесі арыстан аңыздық мақұлық (狮鹫). Біреулер оны жауыздықтың символына баласа енді біреулер ізгіліктің (тіпті Христостың)нышаны деп біледі. «Этимология» атты  еңбекте: «Христос – арыстан, өйткені онда теңдессіз парасат және қүш-қуат бар, Христос әрі құзғын, өйткені ол қайта тірілген соң аспанға көтеріліп, жұмаққа шығады», – деп жазылған. Грифон көбіне грек аңыздарында жолығады. Оның арғы және кейінгі заманғы мәдениет, этнос, т.б. танудағы орны маңызды. Ол қиыр шығыстың айдаһары сияқты бір дәуір мәдениетінің символы. Десе де, грифон грек аңыздарында ғана сақталып қалмастан,  басқа  аймақтарда да  кеңінен  таралғандығы  байқалады.  Әсіресе оның археологиялық дерегі Орталық Азия өңірінен көп байқалады. Байырғы Еламдықтар оны архитектурада кеңінен пайдаланған. Геродоттың «Тарих» атты ұлы еңбегінде griffon  бірнеше  жерде  жолығады,  барлығы  сақтарға  байланысты.  Геродот  және сақтар  жерінде  грифонның  әйгілі  болғандығын  да  жазады.  (IV.79)  Тарихи деректерге,  аңыздарға  негізделгенде  грифон  Украинадан  Орта  Азияға  дейінге скиф даласында болған деп қаралады. Сақтардың грифон әсем өнері туралы: сақ молаларында бар. Берелде, Пазырықта, Есікте, Алагуде, тіпті ғұндардың көші және жойқын жорығымен бірге Қиыр Шығыс жеріне дейін жеткендігі байқалады. Геродоттың  айтуынша,  исседондардың  жоғарғы  жағында  аримаспы,  яғни жалғыз  көзділер  тұрады.  Ал  олар  тұрған  жерде  алтынды  қорып  жатқан  грифон болады  десе,  ол  тағы,  исседондардың  аримаспы  жағынан  ығыстырылып,  одан скифтер исседондар жағынан ығыстырылғандығын жазады [1]. Геродот:  «Бұл  арадан  шалғайдағы  жағдайлар  туралы  мәліметтерді  тек исседондардың айтқандарынан ғана білеміз. Олар жалғыз көзділер мен алтын қорып жатқан грифон туралы әңгімелейді. Скифтер бұл әңгімелерді исседондардан естиді. Одан скифтер оны гректерге жеткізеді. Сонымен біз оларды жалғыз көзділер деп атадық. Скифтер Arimaspi  дейді. «Arima» бір дегенді, «spu» көз дегенді білдіреді», – дейді [2].

  • Қазақ патриот құрылысшысы

    11 тамыз күні, бұрынғы Кеңес Одағының аумағында құрылысшылардың кәсіби мерекесі атап өтілді. Еріксіз, менің досым Александр Владимирович Рязановты (1958-2009) еске алдым. Иә, биылғы тамыздың басында Одесса қаласына қысқа сапар шектім. Осы аймақта өмір сүретін Алекеңнің туысқандарымен қауыштым: бөле ағасы Александр Браилов, бөле қарындасы Оксана Позняк, бөле інісі Андрей Барбакар. Одесса аймағының құрамасындағы Измаил қаласында тұратын оның досы, журналис Александр Ободовскиймен сөйлестім. Зымырап өтетін уақыттың қарқыны соншама: биыл А.В. Рязановтың мезгілсіз қазасына дардай он жыл толды. Қайран Александр Владимирович әйгілі американдық эстрадалық әнші Майкл Джексондей (1958-2009) жарқыраған жұлдыздай өтті. Еліміздің құрылыс саласында Алекең де біртуар жұлдыз емей немене? Алайда, кең-байтақ мемлекетімізде күні бүгінгі дейін оның құрметіне бірде-бір көше, алаң, даңғыл аталмады.

  • Шарқи Түркістаншыл мен Чин Түркістаншыл арасындағы қақтығыс

    1947-1948 жылдың өрара кезеңінде Үрімжідегі қазақ игі-жақсылары мен зиялылары, саясаткерлері өлкелік үкіметтің төраға, хатшыларымен бірлесіп Үрімжі қаласына қарасты Қаратау (қытайша 南山) баурайында Наурыз мерекесін тойлап шағын құрылтай жиналысын өткізеді. Наурыз мерекесіне тігілген оншақты кигіз үйдің және өлкелік үкімет төрағалары мен әскери адамдардың (қазақ әскері де бар) суретін анық көре аласыз. 1947-1948 жылдары Шарқи Түркістаншыл күштер мен Чин Түркістаншыл күштер арасындағы қырғиқабақ қақтығыс қатты ушығып тұрған кез еді. 1946-1947-1948 жылдары Манас, Құтыби, Бөкен (Фукаң), Жемсары, Шонжы, Мори аудандарынан қазақ әскері жасақталып Манас өзенінің күнбатыс бетіндегі Шарқи Түркістан әскеріне арнайы қарулы қорғанысқа өткен кезең еді. Сонымен Манасты шекара еткен Шарқи Түркістаншыл күштер мен Чин Түркістаншыл күштер болып екі жаққа бөлінген қазақтардың саяси

  • Қаңыраған қала, қираған ғимараттар һәм күшейген күзет

    Асылхан МАМАШҰЛЫ Арыстағы өртеніп жатқан ғимараттың бірі. 25 маусым 2019 жыл.  Арыстағы жарылыстан кейін қала көшелері бос қалған. Жарылыстан қалада біраз үй мен ғимарат қираған. Арыс қаласына барған Азаттық тілшісінің көргендері. “ЖАРЫЛЫС БОЛҒАНДА БӘРІН ТАСТАЙ ҚАШТЫҚ” Арыстың кіреберісінде күзет күшейген. Полицейлер мен қару ұстаған әскерилер қалаға тұрғындарды кіргізбей тұр. Сол маңда “үйіме барсам” деген екі жүзге жуық адам келген. Солардың бірі Садық Оразгелді жарылыс болғанда “алды-артына қарамай қашқандарын” айтады. – Құжатымды алуым керек. Қорада малдар қалған, соларды суару керек. Жаяу болса да, кіріп шығуым керек. Кеше жарылыс болғанда құжаттарымды, бәрін тастай қаштық ғой, – деді Арыс тұрғыны. Ауылға кіреберісте тұрған тағы бір тұрғын “жолға шығуым керек, үйде құжатым мен пойыз

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: