|  | 

Жаһан жаңалықтары

Қытай: АҚШ кемесі теңіздегі шекарамызды бұзды

Оңтүстік-Қытай теңізіндегі Қытай жасаған жасанды арал (Көрнекі сурет).

Оңтүстік-Қытай теңізіндегі Қытай жасаған жасанды арал (Көрнекі сурет).

Қытай АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінің кемесін Оңтүстік-Қытай теңізіндегі аймаққа басып кірді деп айыптады.

Бұған дейін Reuters агенттігі америкалық ресми тұлғаға сілтеме жасап, Higgins және Antietam әскери кемелері Қытай өзінің аймағы деп есептейтін Парасель аралдарынан шамамен 19 шақырым қашықтыққа енгенін хабарлаған.

Қытай Сыртқы істер министрлігі америкалық кемелер теңіздегі шекараның 12 миль аймағын бұзғанын мәлімдеді. Пекин Қытай бұл аймаққа жеке кемелері мен ұшақтарын жөнелтіп, “елдің егемендігі мен қауіпсіздігін қорғау үшін тиісті шаралар қолдануға мәжбүр болды” дейді.

АҚШ әскери кемелерінің Оңтүстік-Қытай теңізінде жүруін Пекин тарапынан жасалып жатқан шектеулерге қарсы тұру деп түсіндірді. Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптан пен басқа да америкалық жоғары лауазымды тұлғалар Пекиннің аймаққа қатысты саясатымен келіспейтінін мәлімдеген.

Парасель аралдары Оңтүстік-Қытай теңізіндегі даулы аймақтардың бірі саналады. Бұл аралдарға иелік ету құқығына Қытаймен бірге Вьетнам, Бруней, Малайзия, Филиппин және Тайвань таласып келеді.

2016 жылы маусымда Пекин Гаагадағы аралық соттың шешімін қабылдаудан бас тартқан. Халықаралық сот Оңтүстік-Қытай теңізіне Қытайдың тарихи таласы жоқ деп шешкен еді. Пекиннің бұл аймаққа таласын Вьетнам, Филиппин, Малайзия мен Индонезия да мойындамайды.

АҚШ болса теңізде еркін жүзуге кедергі келтірмеуді қалайды.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейл Нұр-Сұлтандағы саммитке қатысады

    АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейл. АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейл 20-23 тамыз аралығында Орталық Азия елдеріне ресми сапармен келеді. Сапардың негізгі мақсаты – 21 тамызда Нұр-Сұлтанда өтетін Орталық Азиядағы бес елдің жоғары деңгейдегі жиынына қатысу. С5+1 деген атаумен белгілі жиын барысында Хейл Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстан сыртқы істер министрліктері өкілдерімен келіссөздер өткізеді. “Олар Орталық Азиядағы қауіпсіздік, даму және қарым-қатынасты бірлесіп нығайту жайын талқылайды” деп хабарлады АҚШ мемлекеттік департаменті 19 тамызда. С5+1 форматы 2015 жылы қарашада АҚШ пен Орталық Азияның бес елі арасында экономикалық интеграцияны дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешу мақсатында құрылған. Бұған қоса Хейл Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктерімен “екіжақты кеңейтілген

  • АҚШ-Талибан бейбіт келісімі бекітілуге шақ тұр

    Фруд БЕЖАН Мулла Абдул Ғани Барадар (ортада) бастаған Талибан делегациясы келіссөзден шығып кeледі. Мәскеу, 30 мамыр 2019 жыл.  2001 жылғы қыркүйектің 11-і жасалған терактілерден кейін АҚШ-тың кәріне ұшырап, Ауғанстандағы билігінен айырылса да, Талибан саяси ойыншы күйінде тұр. 2010 жылғы күзде АҚШ өкілдері Германияның Мюнхен қаласында Талибанның жас өкілімен құпия кездесті. Таиб Аға есімді содырлар тобының саяси қанатының мүшесі АҚШ дипломаттарына соғысты аяқтау туралы жол картасын көрсеткен. Бұл АҚШ-тың Талибанмен бірінші мәрте жолығуы емес еді. АҚШ бастаған Батыстың әскери коалициясы 2001 жылы Талибан режимін құлатқалы бері содырлар Вашингтонмен қарым-қатынас жолын іздей бастаған. Екі жақтың әскери жетекшілері жүздескен. Бірақ 2010 жылы Германия арағайын болған кездесу қақтығыс үшін маңызды сәт еді. – Бірінші

  • Омурбек Бабанов Бішкекке оралды

    Омурбек Бабанов Бішкек әуежайында. 9 тамыз 2019 жыл.  «Республика» партиясының лидері Омурбек Бабанов 8 тамызда Бішкекке ұшып келді. Бұл туралы «Манас» әуежайында жүрген Азаттықтың Қырғыз қызметінің тілшісі хабарлады. 8 тамызда «Республика» партиясы мәлімдеме жасап, елдің қазіргі президенті Сооронбай Жээнбеков пен экс-президент Алмазбек Атамбаевты «мәселені бейбіт әрі заң жолымен, келіссөздермен шешуге» шақырған. Бабанов 2017 жылы президент сайлауына түсіп, Жээнбековтен жеңілген. Кейін ол саяси карьерасының аяқталғанын айтып, елден кеткен. Ол Мәскеуде болған. 8 тамызда Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Бабанов елге оралған жағдайда жауапқа тартылатынын мәлімдеген. Комитет Бабановқа қатысты екі қылмыстық іс тергеліп жатқанын да хабарлады. 8 тамызда Қырғызстанның күштік құрылымдары Кой-Ташта жүргізген екінші операциядан кейін елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстады.​ 27 маусымда

  • Президент Жээнбеков Атамбаев ісі туралы алғаш рет пікір білдірді

    Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков.  Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев ісі туралы пікір білдірді. Шу облысында 31 шілдеде өткен тұрғындармен кездесу кезінде журналистер сұрағына жауап берген президент “Атамбаевтың ісі заң аясында шешілуі керек. Барлық адам заңға бағынуы тиіс” деді. “Қырғызстандықтардың Атамбаев ісіне қатысты мені не дер екен деп отырғанын білемін. Атамбаевқа қатысты болып жатқан оқиға, оның тергеуге шақырылуы – заңды құбылыс. Құқықтық мемлекетте заң аясында ғана әрекет ету керек. Адам кім болса да, бұрынғы президент пе, шенеунік пе, әскери не қарапайым қызметкер ме – заң алдында бәріміз теңбіз, бәріміз заңға бағынуымыз керек. Сонда ғана ел дамиды. Атамбаевтың ісі де Қырғызстан заңнамасының аясында шешілуі керек” деді Жээнбеков. Бұл –

  • Трамп: Иран соғыс ашса, өз түбіне жетеді

    АҚШ президенті Дональд Трамп.  19 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға соғыс ашпауды қатаң ескертті. Трамп өзінің Twitter парақшасына “Иран соғысқысы келсе, өз түбіне өзі жетеді. Бұдан былай АҚШ-қа қоқан-лоққы көрсетуші болмаңдар!” деп жазды Трамп Тегеранға қарата. АҚШ-тың мәлімдеуінше, Тегеран Парсы шығанағында қайықтарға зымырандарын орналастырып, Біріккен Араб Әмірліктерінің жағалауында төрт кемені атқылаған. Иран мұны жоққа шығарды. Мұндай жазба жарияламастан бірер күн бұрын Трамп АҚШ-тың Иранға қысымы дауға ұласып кеткенін қаламайтынын айтқан. 16 мамырда президент “АҚШ соғысқа дайындалып жатыр ма?” деген журналистер сұрағына “Дайындалып жатқан жоқ деп үміттенемін” деп жауап берген. Тегеран да Иран билігінің “соғысты қаламайтынын” айтқан. Екі апта бұрын Вашингтон Парсы шығанағына “Авраам Линкольн” зымыран тасығыш ұшақтарын қондырған. АҚШ Иранға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: