|  | 

Жаһан жаңалықтары

“Мәселенің Иран режимін ауыстыруға қатысы жоқ”


АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның "Америка дауысы" радиосына сұхбат беріп отырған сәті

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның “Америка дауысы” радиосына сұхбат беріп отырған сәті

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Америка дауысы радиосына берген сұхбатында Вашингтонның Иранға, оның ядролық бағдарламасы мен аймақтағы рөліне қатысты жаңа саясатының мақсатын түсіндіріп берді.

Мамырдың 8-і күні АҚШ президенті Дональд Трамп 2015 жылы қол қойылған әрі “Бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспары” деген атау алған Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімнен АҚШ шығады деп мәлімдеген еді. 5+1 деп аталған (Германия және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері: АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Францияның Иранмен мәмілесі) келіссөзі деп те аталатын жоспар бойынша әуелде Иранда байытылған уранның көп бөлігі шетелге шығарылатын болады, бірақ ыдырағыш материалдарды байыту құқығынсыз жұмыс істейтін ғылыми орталыққа айналады деп келісілген Фардо ядролық отын байыту орталығынан өзге ядролық нысандардың бәрі бұрынғы күйінде қалады, яғни бұзылмайды деп қарастырылған. Келісім күшіне енгеннен кейін Ираннан халықаралық санкциялар да алынып тасталған.

АҚШ президентінің шешімі 5+1 келісіміне мүше өзге елдердің сынына ұласты. Ол кезде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері (Ұлыбритания, Франция, Қытай және Ресей) мен Германия қатысқан. Париж, Берлин және Мәскеудің “Енді не болмақ?” деп сұрағына жауап АҚШ келісімнен шыққаннан соң екі аптадан кейін жарияланды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иранға қарата “талқандау” деген сөзді қолданып, қатаң іс-қимыл бағдарламасын таныстырды. Бұл сөз жаңа сынға ұласты, бірақ Майк Помпеоның мәлімдемесінде “талқандау”сөзінен бөлек, Иранға қатысты жаңа қауіпсіздік келісімі аясында қарастырылуы тиіс 12 шарт жарияланды.

Иран МАГАТЭ-ге (Халықаралық атом энергетикасы агенттігі – ред.) өзінің бұрынғы ядролық бағдарламасының тарихы мен ауқымын толық ашып көрсетуі тиіс. Халықаралық қауымдастықтың бақылауымен бұл саладағы кез-келген жұмысты тоқтатуы тиіс. Ядролық материалдарды байыту және плутонийді қайта өңдеу саласындағы кез-келген жұмысты тоқтатып, реакторды жабуы тиіс. Иранға қойылған үшінші талап – МАГАТЭ инспекторларының нысандарды ешбір шартсыз және шектеусіз тексеруіне мүмкіндік беру. Иран, әсіресе, ядролық оқтұмсық тасымалдауға қабілетті баллистикалық зымырандарды дамыту бағдарламасын тоқтатуы тиіс. Бесінші тармақ Иранды қазір бұл елде қамауда отырған америкалық азаматтар мен АҚШ-қа одақтас елдердің азаматтарын түгел босатуға міндеттейді. Алтыншыдан, Иран Таяу Шығыстағы террорлық топтарды қаржыландыруды тоқтатуы тиіс. Бұған қоса, Иран Ирак үкіметінің тәуелсіздігін құрметтеп, елдегі шиит топтарын қарусыздандыруға бөгет жасамауы және Сириядан әскерін әкетуі тиіс. Тегераннан аймақтағы көршілеріне, оның ішінде Израильге сес көрсетуді тоқтатып, кеме қатынасын қамтамасыз етіп, кибернетикалық шабуылдардан бас тартуын талап етеді.

Майк Помпео “Америка дауысы” радиосының Парсы қызметінің директоры Сетарег Сеигке жоспардың негізгі тармақтары туралы айтып берді.

– Мемлекеттік хатшы ретінде сөйлеген алғашқы сөзіңізде Иран жайлы айтуды ұйғардыңыз. Неліктен Иран жайлы? Бұл қазір ең өзекті әрі ең маңызды мәселе болғандықтан ба?

– Екеуі де. Президент мұны Таяу Шығыстағы тұрақтылыққа, демек, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне де төнетін үлкен қатер ретінде қарастырады. Бұған қоса, ол Иран халқының қандай жағдайға тап болғанын көріп отыр әрі Америка бұл жағдайды өзгерте алады деп санайды. Ол алдыңғы әкімшілік қол қойған келісім ешбір мүддеге – Иран халқының мүддесіне де, Таяу Шығыстағы тұрақтылық мүддесіне де, ашығын айтқанда, Америка мүддесіне де сәйкес емес деп талай мәлімдеген. Ол кісі үшін бұл – басымдыққа ие маңызды мәселе. Сондықтан мемлекеттік хатшы ретіндегі алғашқы мүмкіндікті пайдаланып президент Трамптың біз бұл проблеманы үш аспектіде де жақсарта аламыз деген пікірін баяндап беруді жөн көрдім.

– Ұсынылған жаңа қауіпсіздік стратегиясының түпкі мақсаты қандай? Әдепкіде қабылданған Бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспарынан оның айырмашылығы неде?

– Айырмашылығы өте үлкен. Масштабы жағынан да, меніңше, мақсаты да жағынан мүлде өзгеше. Алдыңғы келісімде мүлде тайыз шарттар қарастырылған. Ол Иран режимі өзінің ядролық бағдарламасына қыруар қаржы жұмсап отыр. Сондықтан мұны тоқтату – абыройлы мақсат деп айтуға болатын талпыныс. Бірақ Иран режимі ядролық бағдарламасымен ғана емес, одан да үлкен қауіп төндіріп отыр. Олар мұсылман елдерін зымырандармен атқылап, өз халқының құқығын аяққа таптап отыр.

Мұның бәрі президент Трампты қатты толғандырады. Сондықтан ол кісінің түсінігінде – егер біз қайтадан бастайтын болсақ, негізгі дүниелерден бастауымыз керек. Мен таныстырған 12 шарттың мақсаты айқын. Біз Иран басшылығынан көп нәрсе талап етіп отырған жоқпыз. Біз оларға өздеріңді дені дұрыс мемлекет басшылары ретінде ұстаңдар, яғни халқыңды тонама, Сирия, Йемен, Ливан, Ирактағы авантюраларға қаржы шашпа, халқыңды алға жетеле, ұлы елге айналдыр, қолдарыңда бар ресурстарды осыған пайдалан деп отырмыз. Біздің қояр талабымыз осы ғана.

– “Иран өзге елдердің ішкі ісіне киліккенін доғаруы тиіс” деген талап жаңа қауіпсіздік стратегиясының бір бөлігі бола ма?

– Иә, біз осыны өтіндік. Біз олардан әлемге террор таратуын тоқтатуын, Иракта қарулы топтар құрмауды, Иранның доллармен жиналған резервтерін Сириядағы соғысқа жұмсамауды, адамдарын ол жаққа жібермеуді өтіндік. Бұл Таяу Шығыс қауіпсіздігі үшін де, Иранның өзі үшін де жақсы емес. Біздің мақсатымыз – Иранға бірқатар шарттар қойып, оларды орындауға, яғни өзін дұрыс ел ретінде ұстай бастауға мәжбүрлеу. Сондықтан егер олар бұл талаптарды орындаса… Олар деп отырғаным – Иран халқы емес, олар – билікке келіп алып [елге] осыншама зиян келтірген Иран басшылары. Егер біз оларды мұның бәрін тоқтатуға мәжбүрлей алатындай шарттар қойсақ, бұл Иран халқының орасан зор жетістігі болады, америкалықтар ол жаққа емін-еркін бара алады, дос әрі одақтас елдер ретінде жетістікке бірге жететін боламыз.

– Адам құқығы туралы сәл кейінірек әңгімелесеміз. Ал әзірше жаңа қауіпсіздік стратегиясына, яғни Ираннан әскери нысандарына халықаралық инспекторларды кіргізуін талап етуге қатысты мәселе жайлы жалғастырсақ. Жаңа қауіпсіздік стратегиясына бұл та тармақ енгізіле ме?

– Әлбетте. Иранның радиоактивті материалдарды пайдалану мәселесіне келсек, біз Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты Иранның да ыдырағыш материалдармен жұмыс істеу, уранды байыту мүмкіндігі, плутоний өндіретін нысаны болғаны дұрыс емес деп санаймыз. Егер олар атом бағдарламасын бейбіт мақсатта дамытқысы келсе, мархабат, олар бұл материалдарды импорттай алады. Өзге елдердің бәрі солай істеп отыр, әлемнің көп елінде осы схема жұмыс істейді. Ал бұған қол жеткізу үшін, Иран бұл талаптарды бұлжытпай орындап отырғанына көз жеткізу үшін әскери нысандар мен зертханаларға, ертеректе Иран бағдарламасында пайдаланылған орындардың бәрінде инспекция жүргізіледі.

– Сіз адам құқығы мәселесін де қозғадыңыз. Иранда үкіметке қарсы шерулер өтіп жатыр. Бұл жайлы не ойлайсыз? Бұл наразылық акцияларына деген көзқарасыңыз қандай? Наразыларды АҚШ қолдай ала ма?

– Біз оларға моральдық қолдау таныта аламыз. Бірақ меніңше, шешімді Иран халқының өзі қабылдауы тиіс. Наразылық бірнеше айдан бері жалғасып келеді. Кейде шағын топ адам ғана шығып, кейде бұл жаппай наразылыққа ұласып жатыр. Наразылық акциялары көбінесе кейінгі кезде дәл мен айтқан нәрсеге, яғни елдің байлығын Иранның оңтүстік-шығысында немесе Тегеранда, я болмаса өзге бөлігінде тұратын қарапайым тұрғындарға емес, Касем Сүлейманиге (Иранның шетелдегі құпия операциялары мен ХАМАС пен “Хезболла” топтарына қолдау көрсетуіне жауапты генерал – Азаттық) беріп жатқанына байланысты өрістеп отыр. Ел байлығы жөн-жосықсыз шашылып жатыр, ал қарапайым ирандықтар жас жігіттерді соғыс пен ажал өтіне жіберуге мәжбүр. Егер Иран билігі мына қылығын өзгертсе, халық тұрақтылықта және байлықта өмір сүрер еді. Ал режимді ауыстыру туралы сұрағыңызға келсек, жоқ, біз режимді ауыстыру туралы сөз қозғап отырған жоқпыз. Біз Иран режимі өз халқының шын мәнінде нені қалайтынын ескеріп қылығын өзгертуі тиіс деп отырмыз.

Related Articles

  • 2003 жылы SARS қалай тыйылды? 2020 жылы COVID-19 неге ырық бермей тұр?

    2003 жылы қауіпті коронавирус жұққан әр оныншы адам қайтыс болды. Қытайда басталған бұл дерт бірнеше елге тарады. Сегіз айдан соң вирусты тоқтатудың сәті түсті. Азаттық әлемдегі жетекші вирусологтардың бірінен сол кезде бұл кеселді тыюға не көмектесті және 2020 жылы жаңа коронавирустың дүниежүзіне тарауына не себеп болды деп сұрады. Қытайдың Ухань қаласында есінен танып құлаған адамның қасында тұрған дәрігерлер. Науқас атипиялық пневмония (SARS деген атаумен белгілі) жұқтырған болуы мүмкін. Бұл сурет 2003 жылы сәуірдің 29-ы күні түсірілген. Ол кезде әлем 21 ғасырдағы алғашқы пандемияға айнала жаздауға шақ қалған вирусқа жолыққан еді. SARS атты жаңа жұмбақ коронавирус жұқтырғандардың он пайызға жуығы қайтыс болды. Науқастардың көбі дем жетпей қиналып, өкпесі сұйыққа толып қайтыс

  • ҮСТІРТ МАУГЛИІ ЖӘНЕ ТАҒДЫРЫ

    1957 жылы тікұшақпен шыққан бір топ геологтар Үстірт жазығында (Түркіменстан мен Қарақалпақстанның шекарасындағы Сарықамыс көлінің жанында) қасқыр атумен айналысқан. Геологтар қасқырларды ізінен қуып келе жатып олардың арасында шамамен бес жасар қалыспай жүгірген баланы көріп таң қалады. Бала қасқырлармен бірге аспаннан төнген жаудан қашуға тырысып келеді. Олар барлық қасқырларды атып, баланы құтқаруды ұйғарады. Тікұшақты жерге қондырып баланы ұстауға әрекеттенеді. Алайда бұл ойлағандай оңайға соқпады. Бала қасқырдың бөлтірігі құсап адамдарға қарай тістеніп айбат көрсеткен. Дегенмен геологтар оны қолға түсіріп , дәрігердің қарауына тапсырады. Баланың қасқыр үйіріне қалай түскенін және ата-анасы кім екені беймәлім. Ауруханада оған олигофрения диагнозы қойылып, Ташауздағы психиатриялық ауруханаға орналастырылған. Оның өмірінде адам қатарына қосылудың қиын және қайғылы кезеңі басталады.

  • АҚШ барлау қызметі: Қытай коронавирус індетінің шынайы таралу ауқымын жасырды

    02 сәуір, 2020 Маска таққан адам. Қытай, Ухань қаласы, 31 наурыз 2020 жыл. Қытай билігі коронавирус індетінен көз жұмғандар мен вирус жұқтырғандар туралы ресми деректі бұрмалаған. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Ақ үйге құпия баяндамасын таныстырған Америка барлау қызметі осындай қорытындыға келген. Bloomberg агенттігінің дереккөзі баяндама туралы қосымша ақпарат бермеген. Қытай билігі Ухань қаласында желтоқсан айында тараған вирустан 3300 адам көз жұмды, 82 мыңнан астам адамға вирус жұқты деп мәлімдеген еді. АҚШ-та 200 мыңнан астам адамға вирус жұққан, төрт мыңнан астам адам қайтыс болған. “Қытай ашық болғанда жағдай әлдеқайда жақсырақ болар ма еді. Қытайда вирус пайда болғаны туралы ақпарат әлемге таралғанға дейін эпидемия бір ай бұрын басталған болуы мүмкін” деді сәрсенбі күні АҚШ

  • Қытай коронавирусты шынымен жеңді ме?

    Энди ХЕЙЛ Бейжің метросына жүрген тұрғындар. 10 наурыз 2020 жыл. Қытайда коронавирусқа қарсы үш айға созылған күрестің алғашқы нәтижесі наурыздың 18-і күні байқалды. Осы күні елдің ішінде вирус жұқтырған адам тіркелмеді. Қытайдың вирусты тоқтату үшін жасаған шаралары шынымен тиімді болды ма? «Айдаһардың бақылауы» немесе «Мао стиліндегі әлеуметтік бақылау». Қытай шенеуніктері елдің орталық бөлігінде енгізген, коронавирустың тарауын тоқтату үшін жасаған шаралары халық арасында осындай атауға ие болды. Қытай билігі коронавирус пен оның салдарынан туындайтын COVID-19 ауруының қаупін түсінген бойда жүздеген миллион адамды карантинге жауып, бақылауға алды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қытай эпидемиологтары миссиясының дерегінше, елде «ауруды тоқтату үшін бұрын-соңды болмаған ең қатал әрі жедел шаралар жүзеге асқан». Мұндай шараларды жүзеге

  • “ИСПАН ПАНДЕМИЯСЫ” немесе “ИСПАНКА”.

    ‎Қанат Ескендірдің facebook парақшасынан алынды 1918-1919 жылдар аралығында миллиондаған адам көз жұмған алапат тұмау. Ғылыми атауы – La Grippe Espagnole немесе испанша La Pesadilla. 18 айдың ішінде әлем бойынша 550 миллион адам “испанкаға” шалдыққан, яғни, планетаның 29,5% халқы жұқтырған. 18 айда 50-100 миллион адам осы аурудан көз жұмған, яғни, планетаның 2,7-5,3% халқы шәйіт болған. Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы айларында басталған бұл қауіпті індеттің тез тарауына поезд, дирижабль, кеме транспорты секілді заманауи техниканың жедел дамуы көп ықпал еткен. Сол себепті, әлемде барлық мемлекеттер сот қызметі, мектептер мен балабақшаларды, шіркеу, театр, мейрамханалар мен халыққа қызмет көрсету орындарын жауып тастаған. Дүкендер өз тұтынушыларын сырттан қабылдап, сатушылар тіпті өз туыстарын да кіргізбей қойған. Барлық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: