|  |  | 

Көз қарас Қазақ шежіресі

РУ СЫРЫНА ҮҢІЛСЕК…

СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙQazaq

Ру – атадан өрбіген туыстас адамдардың жиынтығы екендігі көпке мәлім. Қазақ жөн сұрасқанда «қай елсің, қай русың» – деп сұрайды. Өйткені қазақ тарихы – жеке адамдардың, рулардың, тайпалардың тарихы. Қазіргі уақытта ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға байланысты руын, тегін білу бұрынғы кездегідей «айып» болмай отыр. Дегенмен, баспасөз беттерінде рушылдық туралы мақалалар да аз емес.  Тарихымызға көз салып отырсақ, аталарымыздың осы ру таласынан опық жеген уақыттары аз болмаған екен. Руға бөліну қазақ елін біріктірмей, талай рет өзге ұлт өкілдерінің алдында беделімізді де түсірген. Сонда рушылдық дегеніміз не?

Бір қызығы, кез-келген қазақ  өз ұлтының бойында жікшіл, бөлінгіш қасиеті барын түсінеді және сынайды да. Сонда да осы бірлік, ұйымшылдық жөніндегі ұрандар көбіне жеме-жемге келгенде жоққа шығады. Бұрынғы заманда да, «сонау революциялық жылдары да қазақ зиялылары «бірлік» деп айтып өткен еді, әлі айтып жүрміз, айтып келеміз. Яғни, қазақ өзінің осы әдетінің ең сорақы екендігін білгенімен, ұйымшыл ұлт болу жөніндегі әрекеті сәтсіз болып шығып жүргенге саяды. Ойлап отырсақ, руға бөлінушілік қазақ қанына сіңген, мәңгілікке бұйыртқан «жазасы» іспетті. Мұны қазақтың «ұлттық қасиеті» деуге болар еді, бірақ өзін-өзі жамандыққа кім қия алады?

Теңгенің екі жағы сияқты рушылдықтың да екі жағы бар. Бірі – жақсы жағы, екіншісі – жаман жағы. Жаман жағынан тоқталып өтетін болсақ, рудың оқшаулануы, қазіргі кезде – жұмыс бабындағы «ағайыншылдық». Егер біз бір таныс адамды үлкен орынға сайласақ, не сол таныс басшылық орынға ие болса, оның ертең өз жақындарын «заңдандырылған» жолдармен өз төңірегіне жинамасына кепіл бере алмаймыз. Яғни біз оны сайлағанда (тағайындағанда) «әй осы халыққа пайда келтірсін, елге қызмет етсін» – деп ойламайтынымыз шын. Тіпті өтіп ойламағанның өзінде, ми түкпірінің бір түбінде жатқан осындай ойдың болуы обьективті нәрсе. Ең алдымен, біз өз пайдамызды ойлаймыз. Әрине, мұны жаман деуге болмайды, мәселе осы ниеттің көлемінде.

Қазақтың ішінен көпшілікте қалыптасқан бар адамды «орташа қазақ» деп алатын болсақ, әлгі қазақтың «үлкен орын» туралы ойының негізі – жайлылық, тынышы, пайдасы мол, жауапкершілігі жоқ қызмет, яғни бұл таңдаудың басты критерийі — өзіне пайда келтіру, «сен маған, мен саған».

Жоғары деңгейдегі рушылдық пен ағайыншылдық – бюрократиялық мемлекеттің жемісі. Айтылып өткен принцип («у ішсең руыңмен») өзінің жағымсыз көріністеріне осы қоғамда кең қанат жайғызды. ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың бас кезінде капиталистік қатынастардың дамуына байланысты рулық қатынастың «мұзы» да ери бастаған еді. Әсіресе, 1921- 1928 жылдардағы жаңа экономикалық саясат (НЭП) мұны тездетті. Қазақ арасында жеке меншік заң жүзінде реттеліп, «орташа» адамдардың үлесі өскен еді, ал «орташа» дегеніміз жекеменшікке негізделген, даму барысында рулық байланыстарды жоятын бірден-бір күш еді. 1928 жылдардан басталған коллективтендіру бұл ыдыраушылықты тоқтатты. Толық мемлекеттендірілген шарушылықта «жаңа рушылдықтың»  бой көтеруіне толық жағдай жасалынды, оның нәтижесін қазір көріп те жүрміз. Бұл құбылыстың себебін түсіну үшін ру-рушылдық дегеннің не екенін түсінуіміз керек.

Ғылыми тілмен айтсақ, ру – тарихи-әлеуметтік категория яғни қанша «көрмейік, ұмытпайық» дегенімізбен, біздің ойымызға бағынбайтын обьективті нәрсе. Біріншіден, ру – тарихи категория, көшпелілер өмірінің тарихы осы ру-тайпалардың тарихы, екіншіден, саяси  категория – ру көшпелі халық үшін өзіндік «паспорт», сол арқылы өзінің жадын сақтап, ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп отырды. Үшіншіден, биологиялық категория — әр ру жетінші ұрпаққа дейін қан бұз  су көзі болса, осы үшеуі рудың меншігінде болды. Ру – қандас туыстардан тұрғанымен экономикалық қажеттілікке бағынышты болды. Мал бағу үшін белгілі көлемде (шөбінің құнарлығы мен жеткіліктілігіне сай) жайылым керек, сол жайылымдағы мал мен ру мүшелерін асырау үшін адам саны да шектеулі болуы тиіс. Дәстүрлі қазақ ауылы негізінен 20-50 жанұядан тұрды. Одан арта бастағанда әлгі ру кіші руға бөлінуі керек, яғни қазақ тілмен айтсақ, балалар енші алып, басқа жерден жайылым алып, жаңа ауыл құруы тиіс. Қазақта рулардың төрт-бес атадан кейін тармақталуы осыған байланысты.

Ал рудың ішкі құрылымы да біртекті емес. Рудың ішінде байы, биі, батыры, сондай-ақ «қаралары» болады. Байлар іс жүзінде мал мен жерді меншіктенгенімен, бәрібір мал мен жер игілігіне де қатысты болды. Және де ру мүшелері бір-біріне тығыз байланысты, бір-бірімен өмір сүруі – сол заманға сай еді. Ең төменгі сатыдағы ру – ауыл өз жерін, өз малы мен суын көршілерден қорғауы үшін ұйымшылдыққа дағдыланды, сөйтіп көршілерінің деңгейі өсе бастаған сайын (көрші ауылдан көрші жауласқан халыққа дейін) рулар да үлкен рулық бірлестікке, одан үлкен тайпаға біріге алады. Былайша айтқанда, адай кіші жүз арасында адай болса, қазақ арасында Кіші жүз болып шыға келді, ал ішкі мәселеге келгенде жеменей не мұңал болып бөлініп кете алады.

Қысқаша айтқанда, рудың өмір сүруі экономикаға байланысты болып, негізгі принципі – сыртқа күштерден қорғану болды. Тыныш болғанда, кіші рулар мал-жанға бір-бірімен қырқысса, соғыс жағдайында тайпаға, жүзге, халыққа бірікті. Сондықтан үш мың жыл бойына дала тарихында мемлекеттердің халықтардың, тайпалардың, рулардың сан рет ыдырап, сан рет, сан түрлі рет бірігуі – экономикалық қажеттілік пен осы «қорғаныс факторының» нәтижесі деп түсіндіруге әбден болады. Қорғаныс факторына тіл, дін, шаруашылық әдіс те әсер етеді.

Социализм заманында үш мың жыл бойына ешбір өзгеріссіз дерлік (шаруашылық әдіс бойынша) дамыған көшпелі қазақ халқы бірден, тез уақыт ішінде жаңа қоғамдық қатынастарға өтті. Қазақтар – дінін, жер-суын, атын, экономикалық жүйесін, тілін, әдет-ғұрпын жоғалтуға таяды.

Бірақ рушылдық социализм жағдайында түкпірге айдап тығылса да, сақталылп қалды.  «Қорғаныс факторы» бұл система да (тек жағымсыз жағынан) жүзеге асты. Кез-келген қоғамдық, өнідірістік обьекті (мекеме, оқу орны, кәсіпорын, т.б.) мемлекеттік меншікте болып, еңбек нәтижесіне қарамастан, еңбек байлығы бірқалыпта, бірдей бөлініп отырды. Яғни  ҚАЗАҚ РУ РУШЫЛДЫҚ жұмысты нашар істесең де, жақсы істесең де алатын табысың бірдей.  Сондықтан осындай обьектіні басқару «бәрібір алатыным – сол айлық, жанығып нем бар», – деген ойды туғызды. Бастық болған адам өзінің «тыныштығы мен пайдасы» үшін қылмысты  «көрмейтін» көбіне ағайын-туыстарын жинайды, «жылы орынға» орналастырады. Бұл құбылысты өндірісте де, қоғамдық өмірде де, оқуда да көріп жүрміз.

Экономикалық қатынастар да халықтық сананы анықтайды. Сондықтан да ұлттық сананы «әй, ағайын, руға бөлінбең!» – деген бағытта үгіт-насихат жүргізу, тәрбиелеу экономикалық негіз өзгермейінше сәтсіз болмақ. Қазақ өзінің «рушыл», «арызқой» екенін жақсы білгенімен, келеңсіз әдет екенін түсінгенімен оны қазіргі жағдайда жоя алмайтыны түсінікті. Өйткені тілектің аты тілеу, қанша айтқанмен өмір өз дегенін істейді. Сонда рушылдықтың ертеңі не болмақ?

Қоғамның нарықтық экономикалық қатынастарға өте бастауы осы мәселені шешуде үміт күттіретін жағдай. Экономикалық- саяси еркіндік заманында «рулық мекемелер» өмір сүре алмайды. Өйткені табыс әрқашанда еңбек ету нәтижесінде келеді. Ал бастық үшін енді «арамтамақ» ағайындардың қажеттілігі көп салада, әсіресе таза өндірістік мекемелерде жойылады. Ал кең демократиялық жариялылық мемлекеттік басқару аппараттарында «рудың» кең қанат жаюына жол бермейді.

Дегенмен, азиялық дамыған елдердің (Корея, Жапония, Кувейт, т.б.) экономикалық тәжірибесін алатын болсақ, осы елдердің табысының көзі – «батыстық» европалық технология мен ұлттық дәстүрді, ұлттық философияны дұрыс ұштастыра білуінде. Осы жетістікте жанұялардың (ру-клан) жағымды жақтарын ұмытпауымыз керек. Өйткені осы елдердің экономикасында семьялық кландардың ролі күшті.

Нарықтық қатынасқа өте отырып, қазақ ру бірлестігінің жақсы жақтарын: туысқа көмектесу, үлкенді сыйлау тағы басқа, барынша толық пайдаланып, халық өмірін жақсартуға, экономикалық дамуға кең мүмкіндік бар. Болашақта «социалистік рудан» — оқыған, зиялы, адал рулық, ағайыншылдыққа өтетін шығармыз деп үміттенеміз.

Жаңа өмір газеті, 28-қыркүйек-1995 ж

otugen.kz

Related Articles

  • Қытайлар Ғұндарға 80 жыл бағынған

    Ғұндардың әскери мемілекетінің құрылуыБіздің заманымыздан бұрынғы 215 жылы Ғұндардың кошпенді-әскери мемлекеті құрылды. Ұлыстың қағаны Түмен болды. Түменнің Бақтұғ( Модон) атты тах мұрагері болды, Түмен оны тах мұрагерлігінен қағып көршілес Нүкүз(月氏)дерге аманатқа жіберді, артынан екі ел жауласқанда Нүкүз ханы Модонды өлтірмек болды, Модон Нүкүздердің бір жүйірік атын қолға түсірдіде ұстатпай Ғұндарға қашып келді. Түмен тәңірқұт оған түмен(10000) жасақты басқартты, Модон ысқырма жебені жасап шығып жасақтарына: «Мен жебені қалай атсам сендерде солай атасыңдар атпағандардың басы кесіледі !» деп әмір етті. Бір жолы өзінің сайгүлігіне қарата оқ атты, өзімен қосыла атпағандарды сол майданда шауып өлтірді. Тағы бір жолы тіпті өз бәйбішесіне қаратып оқ атты, қосыла атпағандарды тағы да өлтірді. Түмен тәңірқұтпен бірге аңға

  • Көктүріктен тараған Қазақ рулары

    Ерзат Кәрібай Көктүрік қағанаты ұлы Ғұн қағанатынан кейінгі көшпенді-әскери жұрттардың құрған империясы. 552-742 жылдарға дейін 190 жылдай дәурен сүрді, билеушы тайпа Ашина тайпасы. Териториясы шығыста Жапон теңізінен батыста қара теңізге дейін; Солтүстікте Сіберия ормандарынан Иран, Қытайға дейін созылған он миллион шаршы километр аумақты алып жатты. Түркі әсілінде Ашина бастаған ондаған тайпалар одағының аты болатын. Тегі Ғұндар мен Сақтардың бірінен, ең алғашында Нионуан қағанатына қарасты теміршілер болатын, 545 жылы Бумын қаған Терглектер(арбалылар немесе қаңғарлар) Нионуандарға аттанған жасақтарын тосқауылдап талқанын шығардыда 50 мың отбасы Терглектерді бағындырып алдыда 546 жылы Нионуан қағаны анағайды ойсырата жеңді, анағай өзін-өзі өлтірді. Осылайша Көктүрік қағанаты құрылды. Қағанат Алтай тауында шаңырақ көтерді де кейін көшпенділердің қасиетті жұрты болған

  • Иманипедагогиканың қажеттілігі және алғышарты

    Педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесі. Осы негізде педагогика тəлім-тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс-əрекетін (педагогикалық қызметті) жəне оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін нақтылап, ашып отырады. Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін — тәрбиелеу қажет. Дәл осы тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл үдерісті кәсіби білімді адамдар басқарады. Тәрбие жөнінде

  • Бойыңа ойың сай болғыр, дәудің аты дәу ғой қашанда 

    Batyrkhan Kurmanseit Аргентинаның Буэнос-Айресында өткен “Үлкен жиырмалық” (G20) елдері басшыларының саммиті нәтижелеріне қатысты қабылданған ортақ мәлімдемеде бүгінгі таңдағы ең маңызды әлемдік мәселелердің бірі болып отырған АҚШ-тың протекционизм саясаты жайында ештеңе айтылмады. Оның орнына тараптар “Ең алдымен Америка” дегенінен қайтпай отырған президент Трамптың талабымен Дүниежүзілік сауда ұйымын реформалауға қатысты келісімге қол жеткізді. “Біржақты саясатты қолдауға емес, көпжақты әріптестік жүйесін күшейтуге күш салу керек” дегенді бүгінге дейін қайталап келген G20 елдері басшылары осы жолы өз позицияларын қорғап қала алмады” деп жатыр көп эксперттер. Саммиттің жабылу рәсімінен кейін өткен пресс-конференцияда “Еркін сауда қағидасын сақтап, протекционизм саясатын жүргізбеудің маңызды екені туралы бірлескен мәлімдемеде неге ештеңе айтылмады” деген сұраққа ұйымдастырушы ел Аргентинаның президенті Маурисио Макри

  • Қытай туралы бір жұтым ой

    Eldes Orda Ақш-Қытай текетіресі қытай қоғамын екі жікке бөлуі бек мүмкін. Жалпы бұл қытай xалқының Ақш-қа қарсы пиғылы ма әлде билік басындағы қытай коммунистерінің Ақш-қа қарсы текетіресі ме? Меніңше бұның арасында айырмашылық бар. Ондай болса мынадай болжау жасауға болады: Біріншісі, Ақш-қа қытай компартиясы бақталас болса, Ақш міндетті түрде қытай компартиясына саяси балама бола алатын кез-келген анти-компартияшыл қытай топтармен жаңа саяси мақсаттар қоя бастайды. Бұның соңы қытай қоғамындағы коммунист партияға қарсы іштей тісін қайрап жүрген топтардың күшін біріктіреді. Сондай-ақ, қытай коммунистік партиясының саяси оқшаулануын жыл сайын асқындыра береді. Тіпті, ең соңында компартия саяси қажетінен айрыла бастайды; Екіншісі, Ақш-Қытай саяси һам экономикалық дағдарысы қытай олигарxына немесе кландық топтарына күрделі таңдау жасауға жәжбүрлейді.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: