|  |  | 

Көз қарас Саясат

Қытайдың әкімшілік территория реформасы

34928563_1095544197275833_6825171584211222528_nАлдағы уақытта қытайды өте күрделі реформалар күтіп тұр. Соның бірі, қытайдың әкімшілік территория (құрылым) реформасы. Яғни, келешекте қытайдың ішкі әкімшілік аумағында зор өзгерістер болады. Бұл қытайда 40 жылдан бері талқыға түсіп жауыр болған тақырып. Естеріңізде болса бұл темені (теама) екі үш жылдың алдында осы парақшамда көтергемін.

Қытай ұлтшылдары мен демократтарының әкімшілік құрлымға түбегейлі реформа жасап бірқанша жоба, ұсыныс тастағанын қарапайым жұрт білмейді. Сол сыбыстың негізінде қытай әлемі бірқанша үлгі-жобасын интернет парақшаларына шығарып ашық қоғамдық талқыға салған.
Сіз, олардың әкімшілік құрлым реформасына қарап отырсаңыз қазіргі Шыңжаң регионын үшке немесе екі бөлекке бөліп тастағанын көресіз. Енді осы туралы айтайық.34919451_1095544240609162_6711588562728386560_n

Осындан шамасы он жыл бұрын қытайдың ұлтшыл зиялылары ұлттық конгрес пен орталық партия комитетіне 50 мың кісінің қолы қойылған (бәрі профессор, докторлар) ашық хатты жолдаған еді. Біз ол кезде Пекинде жүрдік, бұл оқиғаны еміс-еміс еститінбіз. Ашық хат мазмұнында қытай еместердің ордасына айналған университеттер мен кафедраларды жабу туралы ұсыныс айтылыпты және қытайдың ұлттық территориялы автономияларын күшінен қалдырып, үлкен территориялы автономиялы региондарды үш, төртке бөлу жобасы жолданған екен. Мына карта сол жобаның ауаны негізінде жасалса керек.34877807_1095544277275825_518580518892077056_n

Шыңжаң регионын 2 немесе 3 бөлікке бөліп жекелеген провинцсиялар құру Қазақстанға тиімді ме? Меніңше тиімді. Қытай ұлтшылдарының жер аумағы өте үлкен автонрмиялы региондарды бөліп ұсақ провинцсияларға таратуының себебі неде? Меніңше, өңірдегі территориялы айырмашылықты реттеу; ұлттық автонрмияны болдырмау; тб

Қытай қазақтары біршама шоғырлы қоныстанған Шыңжаңның солтүстік өңірі бөлініп жеке провинцсияға айналып жатса Қазақстанның бұған қандай ықпалы болуы мүмкін немесе Қазақстанның реакциясы қалай болады? Меніңше Қазақстан алда ірі реформаларды шынайы жүзеге асырып, жаңа буын интеллектуалды жастарын бизнес пен билікке көптеп араластырып қытайдың келешектегі әкімшілік құрлым реформасына зор дайындық көру керек. Бұл түптің түбінде іске асатын реформа.

(Жалғасы бар…)

Eldeç Orda

Related Articles

  • Бәрі жақсы дегенмен бары ақсауда

    2018 жылы еліміздегі үш бірдей МӨЗ жаңаландырудан өтіп, толық жаңғырды деп жарияланды. Енді олар елімізді мұнай өнімдерімен толықтай қамтамасыз ететін болды деп бөркімізді аспанға аттық. Ресми деректер ішкі рыногымыз бензинмен -93,2., дизельді отынмен -91,1пайызға отандық өніммен қамтамасыз етіледі деп жариялады. Энергетика министрлігі тіпті Ресейден сатып алынатын дизельді отын көлемі 40 мың тоннаға дейін азайып, ал авиациялық керосин мүлде алынбайтынын да айтып қуантты. Осындай қуанышты хабарлар болып жатқанымен оның ішкі сырлары басқа болып шықты. Оны Мәжілістегі «Халықтық коммунистер» фракциясы ашып отыр. Фракция жетекшісі Айқын Қоңыров авто отын өндірісі осылай артты деп жақсы хабар таратқанымызбен жаздық дизельді отынның бағасы 21.9%, ал қыстық дизельді отынның бағасы 26.2% артқанын айтады. Ішкі рыноктың сұранысы толық

  • Марат Бәйділдәұлы:   ЕЛІМІЗДІ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТЕДІ

    «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді» дейді Шәһкәрім Құдайбердіұлы. Мен де еліміздің таяу болашағына қатысты өзімше «ақыл көзімен» қараған кейбір ойларыммен бөліскім келеді. Сонымен Бақытжан Сағынтаевтың Үкіметі доғарысқа кеткенін бәріңіз білесіздер. Мұның астарында не сыр бар? Елімізді қандай өзгерістер күтіп тұр? Соған барлау жасап көрелік. Мемлекет басшысының 21 ақпан күнгі мәлімдемесінде «Үкімет мүшелері, министрлер, әкімдер халықпен жұмыс істей алмады, сондай-ақ жұртшылықтың проблемаларына құлақ асып, атқарылып жатқан істер мен саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шамасы келмеді» деген кінә тағылды. Онымен келіспеуге болмайды. Меніңше енді оқиғалар барысы былай өрбиді. «Нұр Отан» партиясының 27 ақпанда өтетін кезекті съезінде Мемлекет басшысы әлеуметтік қолдауды күшейтуге және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шаралар ұсынатыны

  • Несие қайда жұмсалып жатыр?

    2018 жылдың 11 айында банктердің халыққа берген несиелерінің 52 пайызы импорттық тауарларды алуға жұмсалған екен. Мұны «Халықтық коммунистер» партиясының сарапшылары анықтап отыр. Осы партияның Мәжілістегі фракциясының жетекшісі А.Қоңыров мұны алаңдатарлық жағдай деп санап, Ұлттық Банк төрағасы Д.Ақышевке сауал жолдады. Өйткені, барлық дамыған және дұрыс жолмен дамып келе жатқан мемлекеттерде несиенің үлкен бөлігі өндіріс пен ауыл шаруашылығына беріледі. Ал сауда саласына, атап айтқанда алыпсатарлық жұмыстар үшін берілетін несие көлемі төмен. Бізде бәрі керісінше болып отыр. Депутаттың айтуына қарағанда бізде өңдеу өнеркәсібіне берілетін несие әлемдік тәжірибенің талабына да, Қазақстанды индустрияландырудың маңызды міндеттеріне де жауап бере алмайтын мардымсыз халде. Оның да жалпы көлемінің төрттен бір бөлігі ғана ұзақмерзімді қарыз саналады. Соның ішінде, ұзақмерзімге

  • Қытайды қоршаған АҚШ әскери базалары: АҚШ-тың Қытайды бөлшектеу жоспары болған ба?

    Соңғы жылдары АҚШ пен Қытай экономика, қорғаныс сынды ең негізгі салаларда бәсекелесе бастады. Құрама Штат тарабы стратегиялық бәсекелесі ретінде Ресей мен Қытайды қатар қойды. Сонымен бірге Үнді-Тынық мұхитындағы әскери әрекеттері АҚШ пен Қытай арасында туылуы мүмкін соғыс қаупін елестетті. Осыған байланысты АҚШ-тың әскери базалары қандай рөл атқарып тұр? Қытайдың басты қауіптері неде? АҚШ-тың әскери базалары қайда, қалай орналасқан деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік. «2030 жылы АҚШ Қытайды бөлшектеуі мүмкін» 2009 жылы 20 қарашада Қытайдың Халықтық азаттық армия әскери-әуе күштері университеті профессоры Дәй Шүй (Dai Xu) аталған жоғары оқу орнында «Қытайды бөлшектеу 2030 – АҚШ-тың ғаламдық стратегиясы және Қытай дағдарысы» атты атышулы лекциясын сөйлеген. Оның лекциясы Қытайдың өзге әскери мамандары айтқандай

  • Гипер жобалардың жолы бола ма?

    Кеңес одағы жылдарында мемлекеттің экономикасы гигантоманияға құштар болды. Бір орталықтан басқарылған жоспарлы экономикада олар азды-көпті тиімділік көрсетті, бірақ нарықтық экономикаға көшкенде солардың бәрі адыра қалды. Өйткені, нарық гигантоманияны сүймейді, ол нақтылыққа икемділікті ұнатады. Сол сияқты Қазақстан да осы уақытқа дейін қазақтың «көрпеңе қарай көсіл» деген нақылын ұмытып, гипер жобаларға, мега жобаларға құмарлық танытып келеді. Мәселен, «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» халықаралық теміржол маршруты жобасына бастамашы болып, ақыры оны 2014 жылы іске қосты. Әріптестеріміз болып отырған екі елдің тауарлары да нарықты жарып, ағылып жататындар емес. Оған Қазақстан арқылы Ресей қосылғанда да тауарлары біртекті, бәрінің де қаузайтыны негізінен табиғи ресурстар. Осы жолмен Қазақстан тауарлары Парсы шығанағына тікелей шығатын болады деп жалаулатқан едік. Сол дәмеміз ақталды ма?

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: