|  |  | 

Саясат Сұхбаттар

“Ешкім мұндай нәтиже шығады деп ойламаған”


"Америка дауысының" штаттан тыс тілшісі Грета Ван Састерн АҚШ президенті Дональд Трамптан сұхбат алып тұр. Сингапур, 12 маусым 2018 жыл

“Америка дауысының” штаттан тыс тілшісі Грета Ван Састерн АҚШ президенті Дональд Трамптан сұхбат алып тұр. Сингапур, 12 маусым 2018 жыл

Президент Дональд Трамп Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ынмен Сингапурда кездескен соң “Америка дауысының” штаттан тыс тілшісі Грета Ван Састернмен сұхбаттасып, келіссөздің қалай өткенін, енді не болатынын айтты.

АҚШ пен Солтүстік Корея тарихында бірінші рет екі ел президенттері жүзбе-жүз кездесіп, келіссөз қылды. Маусымның 12-сінде Сингапурда өткен кездесуден соң Дональд Трамп пен Ким Чен Ын Түсіністік мәлімдемесіне қол қойып, ядролық қарудан бас тарту мен әскери жаттығудан тартыну ниеттерін жариялады.

Грета Ван Састерн: - Ким Чен Ынның бойынан таң қаларлық не көрдіңіз?

Дональд Трамп: - Шынында да жайсаң адам екен. Қуақы, өте ақылды, келіссөзге шебер. Халқын жақсы көреді, оған таң қалған жоқпын, елін сүйеді екен. Бір тамаша келісім бастадық деп ойлаймын. Солтүстік Кореяны атом қаруынан арылтпақпыз. Бұл іс бірден басталады және басқа да жайттар болып жатыр. Оның ішінде [Корей соғысының америкалық тұтқындарының] сүйектерін алдырту бар. Білесіз бе, Грета, Солтүстік Кореядан хабардарсыз ғой, тұтқындардың сүйектерін қайтарудың көп адам үшін мәні зор. Маған хабарласқандары бар, “Қолыңыздан келе ме?” деп хат жазғандары бар. Ол (Ким Чен Ын) осыған келісті, соғыста мыңдаған адам өлген. Сондықтан бұл – үлкен шаруа.

Грета Ван Састерн: - Сонымен бүгін адам құқықтары мәселесін көтердіңіз ғой? Оның реакциясы қалай болды?

Дональд Трамп: - Өте жақсы болды. Уақыттың 90 пайызын ядролық қарусыздану мәселесін талқылауға жұмсадық. Бірақ басқа да көп жайтты алға шығардық, ішінде адам құқықтары да бар. [Өлген тұтқындардың] сүйектерін қайтару – үлкен фактор, құжатқа оны да кіргіздік… Күткеннен әлдеқайда көп нәтиже шықты.
Грета Ван Састерн: - Көп көзінен таса жерде не болғанын айтыңызшы. Оған ультиматум қойдыңыз ба? Ол сізге ультиматум қойды ма? Келіссөз қалай өтті?

Дональд Трамп: - Жо-жоқ, ультиматум болған жоқ. Үш ай бойы өкілдеріміз арқылы, ғажап жұмыс бітірген мемлекет хатшысы Майк Помпео арқылы қарастырып келген мәселе ғой. Бүгін кездескенше біраз уақыт келіссөз жасап үлгергенбіз. Бірден тіл табыстық. 25 сағат бойы ұйықтамай жүрмін. Бұл бір ұзақ келіссөз болды, бірақ разымын. Процесс басталды. Мұның соңы соғысқа ұласып кетуі мүмкін еді. Солтүстік Кореяны жақсы білесіз. Бір Сеулде (қала маңындағы аймақты қосқанда – ред.) 28 миллион адам тұрады.Миллиондаған адамның опат болуы мүмкін еді. Бірақ бітім қылуға қол жеткізбекпіз.

Грета Ван Састерн: - Әскеріміздің жайы не болмақ? Оңтүстік Кореяда қала бере ме?

Дональд Трамп: - Иә, қала береді. Оны талқылаған да жоқпыз. Көп шығынға ұшыратқан соғыс ойындарынан бас тартпақшымыз. Олар арандатып келді, менің соны тоқтатқым келеді. [Солтүстік Корея] бұған разы. Өйткені қитығына тиіп келді. Бұл [әскери жаттығулар] біз үшін қымбатқа түсіп тұр. Сенімді түрде келіссөз жүргізсек, [жаттығулар] өткізбейміз.

Грета Ван Састерн: - Жылдар бойғы қыр көрсетуден соң Кимді келіссөзге көндірген жайт не?

Дональд Трамп: - Керемет бір қыр көрсету болды деп ойламаймын. Маған дейінгілер үнсіз ғана қарап отырды. Бұл туралы сөйлегілері келмеді. Олай болмайды. Бастапқы риторика өте маңызды болды деп ойлаймын. Кезінде айтқандарым өзіме де ұнамады, кейбір жұрт қателесті деп ойлады. Бірақ онсыз мына жерге жетпес едік. Сонымен қатар ол да келісім жасағысы келеді, бірдеңе қылғысы келеді деп ойлаймын.

Грета Ван Састерн: - Неге?

Дональд Трамп: - Өйткені ол істің адамы екенімізді біледі. Бұрын мұндай сенімі болмаған деп ойлаймын. Адамдар басқа еді. Іс алға баспаған. Бірақ қазір іске көшкенімізді біледі. Келіскіміз келеді, соған күш саламыз. Қазір қолымыздағы нәрсе – көп уақыт та өткен жоқ, бірінші күннен бастап Солтүстік Корея туралы қатты сөйлеп келдік қой – бүгін көп жұрт ойлағаннан әлдеқайда маңызды әрі жан-жақты құжатқа қол қойдық. Ешкім мұндай нәтижеге қол жетеді деп ойламаған.

Грета Ван Састерн: - Келіссөз біткен соң ол өзіңіз туралы қандай ой түйді деп тұспалдайсыз?

Дональд Трамп: - Көңілінен шықтым деп ойлаймын, ол да маған ұнады. Өткеннен хабарым бар, айта берудің қажеті жоқ, беті қатты жігіт екенін білем. Не қатты болуына тура келген, не табиғатынан қатты. Бірақ жақсы түсіністік. Ақылды адам, халқын жақсы көреді, елін сүйеді. Көп игілікке қол жеткізгісі келеді, сол үшін тырысып жатыр.

Грета Ван Састерн: - Бірақ халқын аш ұстап отыр ғой. Қатыгездік қылып отыр. Елін сөйтіп сүйе ме?

Дональд Трамп: - Ол көргенін істеп отыр. Бұған осы жағынан қарар едім. Бүгін, кеше және бірнеше апта бұрынғы жайтқа назар аударар едім. Ең маңыздысы сол кезде басталды. Әлгі риторикасыз, маңызы зор санкцияларсыз [бұл күн тумас еді]. Санкциялар келісімнің жүзеге асатынына көзіміз жеткенше қала береді. Ядролық қаруларды жою анық басталғанша санкциялар алынбайды.
Грета Ван Састерн: - “Америка дауысын” Солтүстік Корея халқы да тыңдайды. Ел тұрғындарына не айтар едіңіз?

Дональд Трамп: - Олардың қамқор жетекшісі бар деп ойлаймын. Халқы үшін дұрыс нәрсе жасағысы келеді, жақсы түсінісіп жатырмыз. Қарым-қатынасымыз әу бастан жақсы басталды, бұл жайтқа қандай мән беретінімді білесіз. Бұл – өте маңызды. Кейбір адамдармен қалай тырыссаң да, сөзің жараспайды, ісің жұғыспайды. Біз басынан ұғыныстық. Ол туралы айттым да, Солтүстік Кореяның көрер жақсылығы көп болады.

Грета Ван Састерн: - Президент мырза, Вашингтоннан алыс бір қиырда сұхбаттасқаныма қуаныштымын.

Дональд Трамп: - Оныңыз рас. Алыс жол. Қайтарда көз іліп алам деп үміттенем. Айтпақшы, өзіңіз де демалып алыңыз.

Грета Ван Састерн: - Әлбетте. Жолыңыз болсын!

Дональд Трамп: - Рақмет, Грета! Сізбен әңгімелесу – зор мәртебе.

Related Articles

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Мәскеу Тоқаевтан Пригожиннің бүлігін басуға көмектесуді сұрады ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Ресей басшысы Владимир Путин. Бұл аптада Батыс басылымдары маусым айында «ЧВК Вагнердің» жетекшісі Евгений Пригожиннің әскери бүлігі кезінде Ресей Қазақстаннан көмек сұрағанын, бірақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев одан бас тартқанын жазды. Сонымен қатар Астана мен Анкара әскери саладағы серіктестікті күшейтіп, 2024 жылы елде дрон шығара бастайтынына тоқталды. Бұдан бөлек Орталық Азия Батыс елдері үшін не себепті маңызды аймаққа айналғанын талдады. ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ ANKA ДРОНЫН ШЫҒАРА БАСТАЙДЫ АҚШ-тағы Jamestown қоры Қазақстан мен Түркия әскери серіктестікті күшейтіп жатқанына назар аударады. Қазақстан 2024 жылдан бастап елде Түркияның Anka дрондарын шығара бастайды. 28 қараша күні қорғаныс министрлігі дрон өндіретін отандық компанияны таңдап жатқанын хабарлады. Мәлімдемеде Түркияның Anka дроны елде

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: