|  | 

Жаһан жаңалықтары

«Кейбір елдер Ресейдің Қырымды басып алғанын ұмытты»

Бірқатар Батыс Еуропа елдері Ресейдің Қырымды аннекциялап алғанын ұмыта бастады. Бұл туралы Анкарада Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют ЧАВУШОҒЛЫ мәлімдеді, деп хабарлайды zhasalash.kz түркиялық «Yeni Safak» басылымына сілтеме жасап.

Сыртқы саясат ведомствосының басшысы бұл туралы 7-маусым күні Қырым түріктерінің мәдениеті мен өзара жәрдем Ассоциациясы ұйымдастырған жиында айтты.

«Қазір Қырымның жағдайын ұмытқандарыңыз үшін күні ертең Украинада әлдебір оқиға бола қалған жағдайда, сіздер жауапты боласыздар», — деді Мевлют Чавушоғлы Батыс Еуропаға қарата.

Ол Түркия өз кезегінде Қырым туралы бір сәтке естен шығармайтынын, сондай-ақ Ресейдің түбекті оккупациялауын ешқашан құптамайтынын айтты. Сонымен қатар, Анкара тарапы қырым татарларына қашан да қолдау көрсетіп отыратыны жайлы уәде берді.

Чавушоғлының айтуынша, Түркия Еуропа Кеңесінде, ЕҚЫҰ-да және өзге де халықаралық платформаларда Қырым мәселесін әлі де көтере береді. Сонымен қатар, Украинаның егемендігі мен территориясының сақталуына барынша күш салады. Ал Госдуманың қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары Юрий ШВЫТКИН Түркия СІМ басшысының Қырым туралы бұл мәлімдемесі түсінбеушілік туғызып отырғанын, тіпті, ашуға тиетін жағдай екенін айтады.

Фото: golos-ameriki.ru

Related Articles

  • Энергетиканың болашақ жолдары

    Украина астанасы Киев қаласында, 2018 жылдың 16-19 қазанының аралығында «Орталық және шығыс Еуропаның тұрақты энергетикасы» атты 10-шы Халықаралық форумы мен көрмесі (Sustainable Energy Forum and Trade Show, SEF 2018 Kyiv) өтуде. Осы жиынға 35 астам елдердің шамамен 500 өкілдері қатысуда. 80 астам мамандар баяндамаларын оқиды, 100-ге жуық компаниялар өз жетістіктерін көрсетуде. Бұндай шараның шеңберінде, «Әлем жел энергетикасы қауымдастығы»-ның Бас хатшысы Стефан Ксангер (Stefan Gsänger) бізге сұхбат берді. Неміс қайраткерінің жауаптарына назар аударайық. Тұрақты энергетикада Қазақстанның мүмкіншіліктері туралы: күн, жел энергетикасында. Мысалы, еліміздің оңтүстік-шығысында таулы аймағы Жоңғар Қақпасы жел энергетикасы үшін өте тиімді. Осы тақырып жайында сіздің пікірлеріңіз қандай? Қазақстан жел энергетикасының болашағы – зор! Теориялық түрде, еліңіз бүткіл әлемді жел

  • Кокаин, “Новичок”, құпия құты және ГРУ “торпедасы”

    Азаттық радиолы Сергей Скрипальді не үшін өлтірмек болды және ресейлік арнайы қызмет өкілдері Еуропада қалайша жүгенсіз тайраңдап жүр? Тыңшылық қызмет пен ресейлік мафия мүддесі арасында қандай байланыс бар? “Путинизм” ресурсын құрушы Артем Круглов Солсбери ісін зерттеуге қатысушылардың бірі. “Турист Бошировты” 2001-2003 жылғы әскери училище түлектері арасынан іздеуді де сол ұсынған, соның арқасында полковник Чепига анықталды. Азаттық радиосы Артем Кругловтан сұхбат алды. – Сіз “Петров” пен “Боширов” және олардың әріптестерінің әрекетін зерттеуге қатысып жатырсыз. Ақпарат жетерлік, бірақ бір-біріне қайшы жайттар да бар. Анықталған дүниені жинақтап бір түйін жасауға бола ма? Қандай күмәніңіз бар? – Қысқаша айтар болсақ: екі адам Англияға барған, екі күн Солсбериде ары-бері жүріп, күніне 300 шақырым жол жүрген. Қылмыс

  • Қазақ әліпбиін латынға ауыстыру мәселесі қытайдың назарын аударып жатыр.

    Қазақ әліпбиін латынға ауыстыру мәселесі бүгінгі күні қытайдың назарын аударып жатыр. Қытай Қазақстандағы барлық ақпараттық жаңалықты қадағалап отыратынын ескерсек білдей мемлекет құрушы ұлттың әліпби ауыстыруын назардан тыс қалдырмасы анық. Және ол тек қаріп ауыстыру мәселесі емес, тілдік реформа деп отыр. Қош, енді мына қызықты қараңыз! Қазақстанда латын әліпбиі мәселесі 90-жылдары қазақ тілтанушы ғалымдары (Академик Ә.Қайдаров) жағынан ауызға алынғаны рас, дәл сол тұста қытай бұл ақпаратты жабық күйде талқыға салды, өйткені 90-жылдары қытайда ЕКІ МЫҢнан астам таза қазақ мектебі және Құлжада қазақ университеті, Күйтінде қазақ институты сонымен қатар Алтай, Шәуешек, Санжыда қазақ тілінде білім беретін педегогикалық жоғары білім беру орындары бар-ды және барлық қазақ мектебі, колледж, университет қазақша іс-қағаз қолданатын, қазақ

  • Қытайдың саяси жүйесіндегі саяси командалық топтар мен тұлғалар

    Қытайдың саяси жүйесіндегі жік-жікке бөлінген саяси командалық топтар мен тұлғалар қытайдағы барлық жағдайға тіке ықпал жасайтын басты себеп екені қаймана жұртқа анық. Саяси команда мен олигархтар арасындағы астыртын бақастық пен күрес керек десеңіз ең төменгі атқарушы билікке дейін көрініс беріп жатады. Әр команда өз жақын жақтасының көп әрі білікті, сенімді болуын қалайды. Сонымен бірге қытайдың саяси билікте жік-жікке бөлініп бақас болуының тағы бір себебі- байлық пен билік арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы себеп болып отыр. Қытайда ұлттық капитализм еркін даму жолына түскісі келеді, ал көне сүрдек коммунист билік шет-шетін ернеулеп, ұлттық капитализмнің ағытылып жүгенсіз кетуінен бек қатты алаңдайды және тежеп отырады. Алда жалда капитализмның басы ноқтаға симаса, ол- кәртең коммунисттерді биліктен аластайтыны

  • Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның келіссөзі басталды

    Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын (сол жақта) мен АҚШ президенті Дональд Трамп қол алысып тұр. Сингапур, 12 маусым 2018 жыл. Сингапурде 12 маусым күні жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 9-да АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының кездесуі басталды. Кездесу басталар алдында Дональд Трамп пен Ким Чен Ын қол алысып амандасты. Кездесу Сингапурдың Сентос аралындағы шипажайда өтіп жатыр. Дональд Трамп пен Ким Чен Ын екі аудармашымен ғана қалып, жеке кездесті. Әдетте мұндай кездесулерде АҚШ президентінің кем дегенде бір жақын көмекшісі жанында болатын. Екі ел басшыларының алғашқы кездесуі шамамен 45 минутқа созылды. Оңаша кездесуден соң Трамп келіссөз жалғасатынын айтып, Корей түбегін ядролық қарусыз аймақ қылуда “үлкен табысқа” жететінінен үмітті екенін білдірді. Бұдан

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: