|  |  | 

Мәдениет Руханият

Құралайдың салқыны амалы қалай шыққан…

7Edil Alash

Ұлан ғайыр аймақтар Қыстан енді шығып жатқанда, оңтүстік жұртшылығы жазғы киімге ауысып алады. Десе де қазіргідей мамырдың орта тұсынан бастап жеңіл киімдінің бәрі аһылап-үһілеп, тұмауратып қалады. «Жаз келгенде салқындағаны несі» дейтіндер де бар. Бұған себеп жастар мен қала тұрғындары арасында «Құралай салқыны» ұғымының ұмытылып бара жатқаны болса керек. Әйтпесе жаз әбден өз тағына отырмай, халық жылы киімін тастамаған.
«Құралай салқыны» деген не?
қазақ халқы мамыр айының екінші жартысында орын алатын 2~3 тауліктік күн суытуын «Құралай салқыны» деп атаған.
Аталу себебі қандай? үлкендердің аузынан оқтын-оқтын естіп қалатын бұл атау қазақ халқы үшін қашан да киелі саналған киіктердің төлдейтін мезгіліне байланысты аталып кеткен. Құралай ─ киіктің төлі.

Ауа райы қалай өзгереді?
Құралай салқыны кезінде күн түнеріп, таулы-төбелі жерге қарай бұлт үйіріледі. Мұндай қолайсыздық бір жетіге не он шақты күнге созылады. Осы кезде төлдеуі жақындаған қоңыр аңдар бұлт үйірілген жерлерге топтасатын көрінеді. «Киік лақтаған жерге Найзағай ойнайды» деп отыратын қариялар, бұл да қоңыр аңдар күннің көзінен таса жерге төлдейтініне байланысты болса керек. Бір ғажабы, киік қанша көп болса да, олар 2~3 күн ішінде түгелдей төлдеп үлгереді екен.5

Күннің суытып, жел тұруының ықпалы?
Киік төлдеген кезде күннің суытуы құралайдың аяқтануына тікелей әсер етеді. Жаңа туған төл жердің қара суығына шыдамай, тез тұрып кетеді екен.

Желдің де өзіндік функциясы бар.

Киік өзге төртаяқтыларсекілді шуын жалап түсірмейді. Жануар желге қарсы жүргенде бұл үдеріс табиғаттың ықпалымен жүзеге асады.

Дала тағыларының табеті жойылады8

Құралай салқынының тағы бір ғажабы, даланың нәзік еркелеріне сондай құмар жыртқыштардың дәл осы «Құралай салқыны» кезінде табеті қашып, етке жақындай алмай қалады екен. Құралайлар аяғынан тұрып кеткен кезде ғана жыртқыштардың етке деген табеті қайта оралады.
Құстардан түйетәбән қорғайды

Бұл аз күннің қасиетін білдіретін тағы бір жағдай бар. Біздің далада өсетін түйетабанді да тек осы кезең де көруге болады. Кереметтігі сонда, оның үлкен қызғылт жасыл түсті жапырақтары жаңатуған құралайды жасырып тұрады екен. Яғни, қырағы бүркіттердің өзі табиғаттың қорғауында жатқан құралайды көре алмайтындай жағдай туғызады.
Кие
Қазақ даналығы ғасырларбойғы өмір тәжірибесінен жинақталған. Киікті қасиетті деп бағалауы да себепсіземес. Жануар төлдейтін уақытта табиғат ─ ананың өзі амал жасайтыны сол киенің белгісі емес пе? !

Related Articles

  • Қош бол, Советтік атаулар!

    Редакциядан: Күні бүгінге дейін Болат Бакауов басқаратын Павлодар облысына, ондағы тілдік мәселелерге, жер-су атауларына, әлеуметтік мәселелерге т.б. қатысты сыни сөз Abai.kz ақпараттық порталында аз жазылған жоқ. Біз жазсақ өткір һәм әділ сын жаздық. Біреуді нақақ қаралап, дерек бұрмалаған жоқпыз. Өзекті проблемаларға өз ойымызды қостық. Соның бірі – өңірдегі өгей атаулар еді. Ескі одақтың кезінде идеологиялық мәжбүрлеу арқылы енген сол бір саяси һәм бейсауат атаулардың күні бүгінге дейін сақталып келе жатқанын талай рет жаздық.  Бүгін редакциямыздың электронды поштасына Павлодар облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастика жұмыстары бөлімі өңірдегі жер-су, елді-мекен мен көше, аудан атауларын қазақыландыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндап, мақала жолдапты. Сөйтсек, Кереку жұрты “Қош бол, советтік атаулар” депті. Нақтылап

  • Қазақ тілі тек кедейлерге керек…  

        Еліміздегі жалпы  отбасының саны 2,3 млн-нан астам деседі.Жарияланған деректерге сүйенсек олардың  сексенге таяуы  әлемдік бахуатты байлармен теңесе  алатын шамалы  екен.Жалпы ұлттық буржуйлардың  негізі қаланған тәрізді.Екінші жағынан кедейлер де оларға сай, қалыспай өсіпті.Білікті уәлидің  сөзіне қарағанда әлеуметтік жағынан аз қам-тылған отбасы- 600 мыңға таяу көрінеді.Оларды тақыр кедейге санайтындар да бар екен. Қазақ қоғамының өткен тарихына  көз жүгіртсеңіз,өлкемізде,жалпы аумақта, тыныштық орнап,адамдар алаңсыз өмір сүріп, тірлік кешкен, «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған да», аштықтан қырылып-жойылып,тентіреп безіп,ауып-көшіп,зар еңіреген заман  да болыпты. Бірақ,қай-қайсысы да ұзаққа созылмапты.Елбасына жақсылықты орнатып,басын біріктіріп,мемлекет  құрып,халықтың әл-ауқатын қалпына келтіруде, хандардың,билердің,сұлтандардың,батырлардың,ойшыл-ғұлама ақылмандардың , күрес-керлердің,қайраткерлердің салихалы саясаты шешуші рөл атқарыпты.Ал,қырылып жойылу,тентіреп безу,басқаның қол астына еніп,бодандыққа айналу жауларымыздың жымысқы саясаты,ұлы державалық шовинистік пиғылы

  • Тереңнен терген жәуһар ілім

    Педагогика-философмямен тамырлас ғылым.Оны қысқаша пайымдасақ:ол-адамды дамыту жолын айқындаушы  философия. Ал,дін дегеніміз адамзатты Жаратушының салған жол-ынан адастырсай алып жүрер, бағыт-бағдарын нұсқаушы шамшырақ.  Міне,  сондықтан да, Иманипедагогика жеке бір ұлттың немесе нәсілдің,діннің  несібесі емес жалпыға ортақ , ұлтанды таным қоры. Иманипедагогика адамзаттың ең асыл сапасы,адамшылықтың асқар шыңы ізгілікке  негізделгенліктен:Бірінші.Өскелең жас ұрпақ тәрбиесінің педагогикалық идеялары мен тәжірибесінің тарихи дәстүрлер тамыры тереңге кетеді. Отандық педагогика ғылымы ғасырлар бойы – бала ең жоғары құндылық, адам өмірінің жалғасы, адамзат қоғамын жалғастырушы деген ізгілікті ойдың негізінде дамып келеді. Қай кезде де бала тәрбиесі сол қоғамның басты міндетінің бірі болған. Сондықтан отандық ізгілікті педагогиканың дәстүрлерін дамыта  отырып оның тұғырлы түйіндерін тірек етеді.Қазақта тәлім-тәрбиелік көптеген ілім-білім бар.Мәселен:Ерлік-батырлыққа баулу қазақ

  • АНА ТІЛІМ – БАЙЛЫҒЫМ

    Кокажаева А.Б. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, математика кафедрасының қауым.профессор м.а. Заман талабына сай инновация мен технологияның жаңа кезеңіне қадам басқан халқымыз үшін басты мәселелердің бірі ол – тіл тағдыры, яғни «Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры». Елбасымыз атап көрсеткен жаңғырудың Үшінші кезеңіне көшуіміз жаһандық технологиялық бәсекелестігімізді арттырумен қатар, рухани- мәдени  дамуымызға да серпін берері баршаға мәлім. Осыған орай, қазіргі заманауи қоғам азаматтары тілдік ортаны жетілдіруге, оның ішінде қазақ тілін өз еліміздің болашақ дамуы үшін ортақ тілге айналдыруға атсалысуымыз қажет. Тіл мәселесі – болашақ ұрпаққа мақтанышпен тапсыратын ата- бабамыздың қалдырған аманаты. Осы ана тіліміз қарым-қатынас жасап келе жатқан ұрпағымыздың өткені мен бүгінгісін салмақтай келе, келешегі баянды

  • Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақ негізі

    Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Педагогика ғылымдарының кандидаты Бекболғанова А.Қ. «Рухани Жаңғыру» – барлық қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен жаһандану сын-қатерлерін ескере отырып, қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласы. Жаһандану дәуірінде маңызды факторлардың бірі- білім бүгінгі ұрпақ қалыптастыру болып табылады. Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу-мемлекеттің ғана емес, отбасының да, еңбек ұжымының да, жалпы қоғамның да маңызды міндеттерінің бірі. Бірақ бұл жерде басты рөл білім беру жүйесіне беріледі. Педагогтердің міндеті патриотизм негіздерін түсіндіру,патриоттық тәрбие беру және патриоттық сезімді жан-жақты дамыту. Білім беру саласында сабақтарда да, сыныптан тыс іс-шараларда да патриоттық тәрбиенің түрлі бағыттары мен нысандары бар. Бүгінгі таңда мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы, диалогы, оның жеке өмірлік тәжірибесіне сүйену, оқушының өзіндік өмір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: