|  | 

Көз қарас

Ақыш бізге үлгі емес…

murtaza1Ақыш бізге үлгі емес, онда қару-жарақ сататын 65,000 дүкен бар, осысын да үлгі алуымыз керек пе?!? Ақыш стандард емес, ол өзінің парадокстары мен әлеуметтік апаттарын өзіне сақтап қалсын. Халқының 10%-сауатсыз, бұл 30 млн адам деген сөз. Ақыш түрмелерінде 3 млн қылмыскер жатыр, бұл әлемдегі ең үлкен көрсеткіш, федералды бюджеттен жылына 80 млрд доллар осы түрмелерді ұстауға жұмсалады екен. Жылына 17,000 Ақыш азаматы бейтаныс адамдардың атқан оғынан өліп жатыр. 70 млн Ақыш азаматы əлеуметтік арнаулы жəрдемақымен өлместің күнін кешіп жатыр. 24 млн адам наркоман! Ақыштың білім беру жүйесінің сапасы әлем бойынша 37-ші орында, айта берсек көп нәрсе бар. Ал Осындай елде өтірік шіркеу мен жалған діннің көп болуы еш таңғаларлық нәрсе емес. Ең тиімді бизнес дін бизнесі, жаңа дін ашу, соны халыққа базарлау, осы лозунгтарды біз ойлап тапқан жоқпыз, Ақыштағы жаңа діни ғымдар, деноминациялар, харизматтық діни секталар кәдуілгі империя ғой, мемлекеттің ішінде мемлекет, дүниежүзілік шіркеу жүйесі бар олардың, сан миллиардтаған қаржы айланымдары бар. Бізге даму жағынан Ақышты емес Еуропа елдері мен Жапонияны, Жаңа Зеландия мен Австралияны көбірек қарастырған дұрысырақ…

Murtaza Bulutay дың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Досым Сәтпаев: “Ескі кадрлармен жүйені жаңарту мүмкін емес”

    Пётр ТРОЦЕНКО Саясаттанушы Досым Сәтпаев. Алматы, 5 маусым 2019 жыл. Тәуекелді бағалау тобының жетекшісі Досым Сәтпаев Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанда сайлауалды насихаттың қалай өткені және жаңа президентті ішкі және сыртқы саясатта қандай сынақ күтіп тұрғаны туралы айтты. Азаттық: Қазақстандағы сайлауалды насихаты түрліше бағаланып жатыр. Бір жақ бәсеке мен саяси балама бар дейді. ЕҚЫҰ миссиясы бастаған екінші жақ сайлауалды насихатын сүреңсіз, азын-аулақ ұран мен билбордтан аспайтын науқан деп сипаттайды. Бұл сайлауалды насихатын тартысты бәсеке деуге келе ме? Досым Сәтпаев: Бұл сайлау бақылау тізгінін уысынан шығармаған бірінші президенттің (Нұрсұлтан Назарбаев – ред.) билікті мұрагерге тапсыру процесін заңдастыру әрекеті екенін негізге алу керек. Сондықтан сайлау ойыншылардың бәрі өздеріне берілген рөлі мен орнын жақсы білетін спектакльге

  • Ғылымсыз өндіріс дами алмайды

      Кез келген елдің экономикасы ғылым жетістіктерін өндіріске енгізбей дами алмайды. Ғылыми жетістіктердің негізінде жасалған үздік өнімдер ғана халықаралық рынокта бәсекелестікке қабілетті бола алады. Ал біздің өндірісшілеріміз ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға көңіл бөлмейді. Сарапшылардың зерттеуіне қарағанда әлемдегі үздік тауар өндірушілер өткен ғасырдың аяғымен салыстырғанда ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінетін шығыстарын 7 есе арттырған. Ал біздің барлық меншіктегі өндірісшілеріміз соңғы бес жылда бұл тараптағы шығындарын үнемі азайтумен келеді. Қазір ол ІЖӨ-нің 0,12 пайыздық үлесіне дейін түскен. Бұл дамыған елдер түгіл дамушы елдердің арасындағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. 2018 жылы біздің ғылымға көңіл бөлген кәсіпорындарымыздың саны 384 қана болды, ал бұдан 10 жыл бұрын оның саны 438 болатын. Кәсіпорында ғылыммен айналысатын қызметкерлер саны да

  • Тоқаев: “Жер шетелдіктерге сатылмайды”

    Қостанай облысы  Жер туралы ойын Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен кездесуінде айтты. – Басқа облыстардағыдай мұнда да белгілі бір мәселелер бар. Бірақ, Үкіметтің көмегімен бұл проблемаларды шешу жұмыстары күшейтіледі. Ал, жер мәселесіне келер болсақ, кім жұмыс істейді, жер соған тиесілі. Екіншіден, жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретінде түбегейлі ұстанымым, – деді Мемлекет басшысы. Кездесуге қатысушылар ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне мемлекеттік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

  • Марғұлан Сейсембаев: Сайлауды байкоттау арқылы сіздер ештеңе дәлелдей алмайсыздар

      Танымал бизнесмен, азаматтық белсенді Марғұлан Сейсембаев алда келе жатқан кезектен тыс президент сайлауына өзінің «Instagram» парақшасында талдау жасады. Көптеген адамдардың сұрақтарына жауап беру үшін және көптеген бос сөз бен өтіріктен тазалау үшін мен мына сайлау науқаны жөнінде кішігірім талдау жасадым. Сонымен, бізде төрт жол бар: 1. Дауысты Тоқаевқа беру. Онда сіздер барлығы қалыптасқан күйде қала бергенді таңдайсыңдар. Өйткені Тоқаев өзін Елбасының саясатын жалғастырушы ретінде көреді. Тоқаев пен Қосановтан басқа үміткерлер жәй қыдырып жүрген жандар, сондықтан оларды мүлдем қарастырмаймын. 2. Дауысты Қосановқа беру. Ол кісі туралы билік пен радикалды оппозиция әртүрлі сөз айтуда. Біреулер оны Ақорданікі дейді, біреулер оппозиция дейді. Сіздің бұл жөнінде білу керек нәрсеңіз, ол Қосановтың тұлғасы емес,

  • Н.Назарбаев: “Қазақстанда бір ғана президент бар және ол елдегі басты адам”

    «Қазақстанда бір ғана президент бар және сол басты адам. Біз барлығымыз соған жұмыс жасаймыз». Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз сөзі. Астана экономикалық форумында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда бір ғана президенттің бар екенін және қалғандары соған бағынатынын айтты. «Халық пен көшбасшы бір болғанда ғана жетістікке жетуге болады. Ал әзірленген бағдарламалар мен идеялар халықтың қолдауымен ғана жүзеге асады. Бәлкім біздің ұстанған саясатымыз дұрыс болған шығар. Мен 5 жалпыхалықтың сайлауға түстім. Маған электорат 85 пайыздан кем дауыс берген жоқ.  Келесі транформацияда тыныш, саяси сенімсіздіктен айырылмау керек. Меніңше, бұл тығырықтан шығудағы дұрыс шешім.  Менің мандатым әлі аяқталмаған еді. Мен әлі де жұмыс жасай беруіме болатын еді. Тіпті, халық мені таңдайтынына жүз пайыз сенімділікпен,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: