|  |  | 

Шоу-бизнис Әлеумет

«Корея халқының еңбекққорлығына таң қалдым»


Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында тұратын қазақстандық Оразхан Нұрмахан. (Сурет Оразханның рұқсатымен жеке мұрағатынан алынды)

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында тұратын қазақстандық Оразхан Нұрмахан. (Сурет Оразханның рұқсатымен жеке мұрағатынан алынды)

Постсоветтік кезеңде басқа Орталық Азия елдерімен салыстырғанда жақын және алыс шет елдерде қазақстандық еңбек мигранттары азырақ көзге шалынады. Бірақ көбірек табысқа ұмтылған мыңдаған қазақстандық үшін Оңтүстік Корея тартымды еңбек нарығына айналып тұр.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласының 27 жастағы тумасы Оразхан Нұрмахан 2017 жылы желтоқсан айында Оңтүстік Кореяға туристік сапармен барып, қалып қойған. Қазір Пусандағы компаниялардың бірінде күннен қуат өндіретін құрылғыларды орнатушы болып жұмыс істейді.

- Кореядағы жұмыс туралы барып-қайтқандардан естіп жүрдік. Өйткені ол жаққа кеткен таныстарым да, достарым да болды. Осыдан екі жыл бұрын кетуді ойластырған едім. Бірақ сәті өткен жылдың соңында келді, – дейді ол.

Басқалармен салыстырғанда Оразханның жолы болған. Сұранысқа ие техникалық мамандық иесі ретінде Оңтүстік Кореядағы жеке таныс-достарының арқасында тұрақты жұмыс тапқан. Ол Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға жоспарсыз түрде жұмыс іздеп барып, Сеул мен Пусанның әуежайынан түсіп, аңырып тұратын отандастары көп екенін айтады.

Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласындағы ескі және жаңа үйлер. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласындағы ескі және жаңа үйлер. (Көрнекі сурет)

- Жақында бір самолетпен [Қазақстаннан] келген 60 адамды кері қайтарыпты. Ішінде таныстарым да болды. Теледидардағы жаңалықтардан да беріп жатты. Мұнда негізінен қазақтар зауыттарда, үлкен фирмаларда сосын құрылыс компанияларында жұмыс істейді. Бұрын ондай жерлерге орналасу оңай болатын. Қазір тамыр-таныс арқылы кірмесең қиын. Ал тұрақты жұмысқа орналаса алмағандар «құл базарында» (жұмыс берушіні күтіп арнайы алаңдарда немесе жол бойында тұратындар – ред.) отырады. Қазір ол жерде де сұраныс азайып барады. Өйткені маусымдық жұмыстар аяқталып келеді, – дейді Оразхан.

Кентаулық еңбек мигрантының сөзінше, арзан жұмыс күшімен жергілікті жұмыс берушілер ресми келісім-шарт жасаспайды, бірақ еңбек ақысын бермей алдап кету аз.

- «Адам керек» деген кезде тамыр-таныс арқылы бірден кіріп кетесің. Үлкен фирмалар мен зауыттар ақша аударатын карточкаңды жасап береді. Ал шағын зауыт немесе компаниялар қолма-қол төлейді. Тұрақты жалақы екі мың АҚШ долларынан басталады. Ал «құл базарда» отырсаң, айлық табысың мың жарым доллардан болады. Өйткені кей күні жұмыс болады, кей күні болмайды. Жаңбырлы күні демаласың. Күніне 100 доллардан төлейді. Пәтерақың мен ішіп-жеміңе айына шамамен 600-700 доллар кетеді. Жергілікті жұрт жұмысшыларды күріш алқабына жұмыс істетуге алады, – дейді Оразхан.

Оразхан Нұрмахан

Оразхан Нұрмахан

Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, Қазақстандағы орташа айлық жалақы 151 мың теңге, яғни 450 АҚШ долларына жуық болып шығады. Ал жан басына шаққандағы айлық көлемі бұдан екі еседей аз – 81 мың теңге шамасында.

«ҰЙҚЫ ҚАНДЫРУ ДЕГЕН ТҮСІНІК ЖОҚ»

Оразхан Кентау қалалық телеарнасында екі жылдай қызмет істегенін, бірақ тапқаны тұрмысына жетпеген соң шетке кеткенін айтты.

- Корея жұртының мені бір таң қалдырғаны – еңбекқорлығы. «Мен бастықпын» деп қарап тұрмайды. Жұмыс киімін киіп алып, өзіңмен бірге, тіпті өзіңнен де артық жұмыс істейді. Таңғы төртте тұрып теңізге барып балық аулап, алтыдан бастап сарымсақтарын жұлып деген секілді қыбырлай береді. Оларда біз секілді ұйқысын қандыру деген түсінік жоқ. Таныс адамынан ең бірінші сұрайтыны: «Тамақ іштің бе?» Олар үшін тойып тамақ ішу және жұмыс істеу маңызды, – дейді ол.

Бұрынғыдай емес, қазір жиі тексеріп ұстап алып кетеді. Бірақ Қазақстандағыдай айыппұл салмайды.

Қазақстандық мигрантқа Оңтүстік Кореяның ас-суына үйрену қиынға соғыпты. Жергілікті бұрышты тамақтың ащы болып келетінін, кулинариясында күрішті көп қолданатынын айтады. Бидайдың ұны қымбат болған соң Оразхан кейде нанды өзі жабады.

- Кореяда тұратын мигрант қазақтардың кейбірі «G-1» деген визаны (медициналық мекемеде емделушіге, сотқа қатысушыға және саяси баспана сұраушыға беріледі – ред.) ақша беріп жасатады. Ондағылары көші-қон полициясы ұстап алса деген сақтық. Бұрынғыдай емес, қазір жиі тексеріп ұстап алып кетеді. Бірақ Қазақстандағыдай айыппұл салмайды. Өздерінің уақытша ұстайтын орындары бар, сонда апарып қамайды. Қазақстанға билетті өз ақшаңа аласың. Сосын самолетке отырғызып жібереді. Жақында Кореяда жеті жылдан бері тұрып келе жатқан ағаны аялдамада автобус күтіп отырған жерінен ұстап алып кетіпті. Осындағы қазақтардың арасында WhatsApp тобымыз бар. Сонда бір-біріне байқап жүріңдер деп ескертіп жатады, – деді ол Азаттыққа.

«ӨЗ БЕТІҢМЕН ЖҰМЫС ТАБУ – БЕКЕРШІЛІК»

Оразханның сөзінше, Оңтүстік Кореяда жұмыс істеу үшін кейбір қазақстандықтар «F-4» визасын (арғы тегі этникалық корей болған адамдарға арналған – ред.) жасатуға тырысады. Кентаулық жігіт қазақстандықтардан бөлек Египет, Таиланд, Индонезия, Вьетнам, Малайзия мен Ресейден келген гастарбайтерлердің көбейіп кеткенін, сол себепті жұмыс берушілердің азая түскенін айтып мұңын шақты.

- Қазір жергілікті жердің жұмыс берушілеріне ұнау өте қиын. Ұнау үшін өте шапшаң және артық сөз айтпайтын, тек тапсырған істі атқарып жүре беретін адам болуың керек. Егер ондай болмасаң, үш күннен кейін «боссың» дейді. Сондықтан Оңтүстік Кореяға енді келетін немесе келгісі келетіндерге айтарым – егер сенетін жұмыс беруші табылып, «жақсы жұмысқа орналастырамын» деп уәде берсе ғана кел. Ал өз бетіңмен келіп жұмыс тауып алам деу – бекершілік. Далада қалып кетуің мүмкін, – дейді ол.

2017 жылғы желтоқсан айында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі «Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандық заңсыз мигранттардың саны 6500-ден асқанын» хабарлаған болатын. Сол кезде Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев: «Оңтүстік Кореяның ақпараты бойынша, қазір «қара риэлторлар тобы» бар. Олар қазақстандықтарды жинап, Оңтүстік Кореяға заңсыз жұмысқа жіберіп отырады. Ондай адамдар қара жұмыс істеп, жан түршігерлік жағдайда өмір сүреді. Оларда ешқандай еңбек келісім-шарты да, ешқандай медициналық сақтандыру да болмайды. Жарақат алса да, елге оралмайды. Қаңғыбас болып жүре береді» деп мәлімдеген болатын.

Оразхан Нұрмахан Азаттыққа Қазақстанды қатты сағынып жүргенін, бір жарым жылдан соң кері қайтатынын айтты.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Хорватия – Англия 1:1 (қосымша таймда 2:1)

    Алғашқы таймның бесінші минутында-ақ Англия Хорватияның айып алаңы сыртынан доп соқты. Жас жартылай қорғаушы Триппьердің ұлттық құрамасы үшін соққан алғашқы голы. Айып добын шебер орындап, оң жақ тоғыздықты ала топ еткізді. Ерте голдан соң Англия алдыңғы шепте арқасын босатып, өткір контршабуылдарға көшті. Жан салып, тер сорғалатып жүгіруді азайтты. Кейн мен Лингард бірнеше оңтайлы сәтте қапы қалды. Стерлинг сол баяғыша далаңдап бос шапты. Магуайр мен Янг тас қамал болып тұрды, Пикфорд өте сенімді ойнады. Шаршаңқы Хорватия қатты прессингке жарамады, дөрекілеу ойнады, жиі ереже бұзды. Әдеттегідей Модрич, Ракитич пен Перишич шебер ойнап, ерекше көзге түсті. Бірінші таймда көңілімде үш сұрақ туды: 1. Неге тоттенхэмдік Кейн-Алли дуэті ӘЧ-те мүлдем көрінбейді? 2. Неге Стерлингтің

  • Англия жанкүйерінің күйінішке толы күнделігі

    Galym Bokash 22.06.1986 ӘЧ 1/8 финал Англия – Аргентина 1:2 (Марадона қолмен гол соғып, арамдық қылды. Ұялмай “Құдайдың қолы” деді ғой. Үштөбедегі нағашы әпкемнің үйінде отырып, фанат жездем екеуміз “күйіп кеттік” ) Линекер бастаған ең күшті құрамдардың бірі чемпион болуға лайық еді. 1988 жылдың жазы. Кировкадағы “Орленок” пионер лагерінде средний отрядтың “жігіттері” Англияның ЕЧ топтық кезеңінде үш рет ұтылғанын көріп тағы “күйдік”. 04.07.1990 ӘЧ Англия жартылай финалға шықты. Англия-Германия 1:1 (пенальтиден 3:4) Алматыда Нархозда оқитын студент ағама қонаққа кеп жатып көріп отырғамыз, қарғанып-сіленіп қалдық. Қола жүлде Италияға бұйырды. 1992 жылдың жазы. ЕЧ топтық кезеңі. Англия елдің бәрімен тең ойнап топтан шыға алмай қалды. Үржардағы бөлеме қонаққа кеп жатып көріп едім.

  • Уругвай – Португалия 2:1

    Төрт жыл бұрын Бразилияда өткен ӘЧ-тің 1/8 финалында Колумбиядан жеңілген Уругвай Ресейдегі чемпионатқа әбден шынығып келді. Негізгі құрамы да көп өзгерген жоқ. Қақпашылар Муслера мен Сильва (қосалқы), қорғаушылар Годин, Касерес, Хименес, Перейра мен Коатес (қосалқы), жартылай қорғаушы Родригес, шабуылшылар Суарес, Кавани мен Стуани. Бұлардың бәрі төрт жыл бұрын ардагер Форланмен бірге ойнағандар. Әсіресе, Годин, Суарес пен Каванидің финалға ұмтылатындер шағы. Төрт жылдан кейін бұлар кезіндегі Форлан құсап негізгі құрамаға ілінеді деп ойламаймын. Сол себепті осы шарықтап тұрған кезін пайдаланып қалса игі еді. Кавани әлемдегі мықты футболшылардың бірі екенін дәлелдеп екі тамаша гол соқты. Екеуі де күрделі гол. Біріншісін баспен соқты: қақпа түбіне өте қатты және биік әуелеп келген Суарестің пасын

  • «Отан – оттан да ыстық» жобасының баспасөз мәслихаты

      «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Отан – оттан да ыстық» жобасының баспасөз мәслихатын өткізеді. Бұл жоба аясында отанына оралған қандастарымызға заңнамалық көмек ретінде «Жедел желі» қызметі іске қосылады. «Қандастар» (http://qandastar.kz/) сайты арқылы да сұрақ-жауап ретінде заңнамалық көмек көрсетілетін болады. Баспасөз мәслихатының мақсаты – «Отан – оттан да ыстық» жобасын халыққа таныстыру. Баспасөз мәслихатына құқықтанушылар, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мамандар, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар және танымал ҮЕҰ өкілдері қатысады. «КЕШ» құқық қорғау орталығының жетекшісі – Кәмшәт Есмұхамбетқызы; Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі маман – Әсима Сұлтан; Орыс тілінің маманы – Әлия Мұхаметкәрімқызы сынды ғалымдар баяндама оқиды.   Ұйымдастырушылар:  Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы

  • Германия – Швеция 2:1

    Тони Кроос матчтың соңғы секундтарында әлем чемпионаттарының тарихындағы ең маңызды әрі техникалық жағынан шебер һәм мінсіз голдардың бірін соғып, құрамасының 1/8 финалға шығу үмітін сақтап қалды. Бүгін қанша жерден нағыз командалық ойын көрсетіп жанұшырса да, Германия төрт жыл бұрынғы құрамаға ұқсамайды. Әлбетте, қарсыласы да шымыр. Іріктеу кезеңіндегі жекпе-жекте Италияны ұшырып жіберген Швеция. Бүкіл 23 футболшысы елден тыс, шетелдік чемпионаттарда ойнайтын жалғыз команда. Германияның ойын соңына қарай бір футболшысы алаңнан қуылса да, үстем түскені әділ нәтиже болды. Жеребе ретін ескермесе, осы жолғы чемпионаттың жартылай финалына шығуға лайық төрт команда Мексика, Хорватия, Испания мен Бельгия деп ойлаймын. Одан кейінгі төрттік – Англия, Франция, Бразилия мен Германия. Роналду – мега жұлдыз. Бірақ бұл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: