|  |  | 

Жаңалықтар Саясат

Қазақстан Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдердің халықаралық аналитикалық орталығының ашылуына қатысты

Қазақстан Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдердің халықаралық аналитикалық орталығының ашылуына қатысты-ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ СІМ

11-12 маусымда Ұлан-Батырда Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдердің халықаралық аналитикалық орталығының (International Think Tank for Landlocked Developing Countries) ашылуына орай өткен инаугурациялық конференцияға қатысты.

Іс-шараның ашылуы барысында дипломат Қазақстан үшін теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер мәселелері сыртқы саясаттың маңызды бағыты болып табылатыныдығын мәлімдей отырып, 2003 жылы Алматыда өткен LLDC Министрлік конференциясы барысында тарихи 2004-2014 жж. арналған Алматы бағдарламасы қабылданғанын ерекше атап өтті.
Е.Ашықбаев қатысушылардың назарын LLDC елдерінің 2014-2024 жж. арналған Вена бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі тұрақты даму бағдарламасы аясында аталған елдер алдында тұрған мәселелердің шешімін табуында Орталықтың маңызы зор екеніне тоқталды.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат ү.ж. 16-17 мамырда Астанада өткен сауда және көлік мәселелері жөніндегі LLDC Министрлік кездесуі туралы ақпарат берді.
Айта кеткен жөн, іс-шара аясында Сыртқы істер ведомствосы басшысының орынбасары Моңғолияның Сыртқы істер министрі Д.Цогтбаатар, СІМ орынбасары Б.Бацэцэг, LLDC аналитикалық орталығының атқарушы директоры Э.Одбаярмен және жергілікті қазақ диаспорасымен бірқатар кездесулері өтті.

Related Articles

  • Кремльдің «жансызы» Бағлан Майлыбаевтың құпиялары

    Мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін сотталған ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев шет мемлекеттің өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болғаны баршаға мәлім. Алайда осы ынтымақтастықтың егжей-тегжейін көпшілік біле бермейді. Ал дәл осы ақпарат соңғы жылдарда орын алған көптеген оқиғаларды айқындай түсер еді.  ҚР ҚК 361-бабының 4-бөлігімен және 185-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмыстарды жасағаны үшін 2017 жылдың маусым айында бес жылға бас бостандығынан айыруға сотталғаннан кейін ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев баспасөз назарынан тыс қалды. Дегенмен, оның резонансты ісі әлі де көңіл бөлуге тұрарлық, өйткені, біріншіден, Кремльдің теріс реакциясына қарамастан, тіпті өте жоғары деңгейдегі қазақстандық мемлекеттік қызметкерлердің ресейлік әріптестерімен қажетсіз байланыстарын тоқтатуға Ақорданың қабілетін көрсетеді, және, екіншіден, Қазақстанда билік басындағылармен жанжалдасудың

  • Соғыс кезіндегі өкілеттікті “анықтайтын” тұжырымдама 

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы елдерінің бірлескен әскери жаттығуы. Алматы облысы, 22 мамыр 2018 жыл. Екі апта бұрын қоғамдық талқылауға ұсынылған “соғыс жағдайы мәселелері жөніндегі” заңнамаға түзету енгізу туралы жоба тұжырымдамасына (онда Қазақстанда тұрақсыздық болса, онымен күресу үшін “гибридтік” әдіс қолдану мүмкіндігі туралы жазылған) ешбір пікір айтылмады. Кей сарапшылар президентке қосымша өкілеттік беру қарастырылған құжатта саяси контекст бар дейді. ӨКІЛЕТТІКТІ “АНЫҚТАУ” “Қазақстан Республикасының соғыс жағдайы мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасының тұжырымдамасы соғыс бола қалған жағдайда президенттің, үкімет пен билік органдарының өкілеттігін “нақтылауды” ұсынады. Құжат тамыздың 22-сі күні нормативтік-құқықтық актілер сайтына шықты – қоғамдық талқылауға бөлінген екі аптада (қыркүйектің 5-інде аяқталған) ол бойынша

  • Назарбаев: Сириядан оралғандарды ұдайы бақылау керек

    Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановпен кездесіп отыр. Астана, 27 тамыз 2018 жыл (Сурет ресми akorda.kz сайтынан алынды). Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы барлау қызметінің (Сырбар) директоры Ғабит Байжановпен кездесіп, террорлық идеяларды ұстанушыларды, оның ішінде Сириядан оралғандарды ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында Байжанов Назарбаевқа сыртқы барлау қызметінің биылғы жылдың алғашқы жарты жылында атқарған негізгі қызметі туралы есеп берді. Назарбаев оған Қазақстанның көрші елдермен достық қарым-қатынасын сақтап қалудың маңызды екенін айтып, шетелдердің арнайы органдарымен тығыз қарым-қатынаста болу керегін еске салды. Президент террорлық идеяларды ұстанушыларды үнемі қадағалап отыру – Сыртқы барлау қызметінің негізгі бағыты саналатынын айтып, Байжановқа бірқатар тапсырма берді. Бұған

  • Қытай әскери техникасын Қазақстан арқылы Ресейге әкетіп барады

    Көрнекі сурет. Қазақстан Қорғаныс министрлігі ел аумағы арқылы Қытай әскери техникалары Ресей полигонында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің терроризмге қарсы жаттығуына қатысуға бара жатқанын хабарлады. Министрлік баспасөз қызметінің хабарламасында Қытай әскери техникалары Достық-Ақтоғай-Аягөз-Ауыл-Локоть маршруты арқылы Ресейдің Челябинск облысындағы Чебаркуль полигонына кетіп бара жатқаны айтылады. Ресми ақпаратта Қытай әскери техникаларын “Шығыс” аймақтық қолбасшылығы қарауылмен алып жүретіні айтылған. Қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, “Бейбіт миссия” деп аталатын жаттығуға ШЫҰ елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Үндістанның үш мыңнан астам әскери қызметкері мен 500-ден астам қару-жарақ және техника қатысады. Қазақстан қорғаныс министрлігі сонымен қатар Қазақстан қарулы күштерінің әскери эшелондары жаттығуға 18 тамыз күні аттанатынын хабарлады. Азат Еуропа / Азаттық

  • Қытай қазақтарының мәселесі “Сайрагүлге дейін және Сайрагүлден кейін”

    Сайрагүл апайдың жеңісін шын жүректен құттықтаймын. Сот шешімінен кейінгі қуанышты бейнесін қайта қайта көріп қатты қуандым. Қуанбаған жұрт жоқ екен сол маңда. Сайрагүл апайдың бейнесіне қарап сан ойға баттым… Қытай қазақтарының мәселесі туралы осыған дейін де азаматтық пікірімді айтқамын, пост тұр. Менің жеке пікірімше қытай қазақтарының мәселесі “Сайрагүлге дейін және Сайрагүлден кейін” деп дәуір бөлгіштік сипатқа өзгеруі мүмкін. Қазір, біздің жұрт тек ғана қуанышты құттықтап тойлаумен әбігер боллып жатыр екен бірақ мәселеге үлкен маштабтан қарап стратегиялық талдау сараптау жасау жағы жетпей тұр. Қытайдан заңсыз шекара бұзып өту оқиғасы Сайрагүлге дейін де болған (меніңше Сайрагүлден кейін де болады…), Сәбет-Қытай арасындағы қырғиқабақ кезінде қытайдағы Сәбетшіл қазақ ұлтшылдары мен жас зиялылардың біразы заңсыз

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: