|  |  |  | 

Жаңалықтар Руханият Әлеумет

«Отан – оттан да ыстық» жобасының баспасөз мәслихаты

 ruhani_zhangyrtu

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Отан – оттан да ыстық» жобасының баспасөз мәслихатын өткізеді. Бұл жоба аясында отанына оралған қандастарымызға заңнамалық көмек ретінде «Жедел желі» қызметі іске қосылады. «Қандастар» (http://qandastar.kz/) сайты арқылы да сұрақ-жауап ретінде заңнамалық көмек көрсетілетін болады.

Баспасөз мәслихатының мақсаты – «Отан – оттан да ыстық» жобасын халыққа таныстыру.

Баспасөз мәслихатына құқықтанушылар, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мамандар, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар және танымал ҮЕҰ өкілдері қатысады. «КЕШ» құқық қорғау орталығының жетекшісі – Кәмшәт Есмұхамбетқызы; Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі маман – Әсима Сұлтан; Орыс тілінің маманы – Әлия Мұхаметкәрімқызы сынды ғалымдар баяндама оқиды.

 

Ұйымдастырушылар: 

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі

Серіктестер: 

Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы

«КЕШ» құқық қорғау орталығы

Алматы қаласы ІІД көші-қон полициясы басқармасы

Өтетін орны: Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы

Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы 43 (М. Мәметова көшесінің қиылысы)

Өтетін уақыты: 27.06.2018 ж.

Басталуы: 16:00

 

Қосымша ақпарат: +7 702 270 21 02, +7 708 852 13 37,  +7 775 278 57 17

Related Articles

  • Қасым-Жомарт Тоқаев ант берді

    Қасым-Жомарт Тоқаев. Астана, 6 қазан, 2017 жыл.  20 наурызда Астанада Қазақстан парламентінің бірлескен отырысында сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президентінің өкілеттігін қабылдап, ант берді. «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бірлескен отырысқа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Үкімет мүшелері, президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстанда тіркелген шетелдік миссиялардың басшылары, сенат депутаттары, Мәжіліс депутаттары қатысты. Конституцияның 48-бабының 2-тармағына сай, Тоқаевтың ант беру рәсімі, Орталық сайлау комиссиясының келісімімен өтті. 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа

  • Назарбаев Ақордадан қайда көшеді?

    © Тұрар Қазанғапов “Назарбаев орталығында” Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке кабинеті болады. Бұл туралы Тұңғыш Президент Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбек айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “Назарбаев орталығында” отырады”, – деді Махмұд Қасымбек журналистерге. Астанадағы “Назарбаев орталығы” Сондай-ақ, ол Тұңғыш Президент Кеңсесінің қандай қызметпен айналысатынын айтып өтті. “ҚР Елбасы Тұңғыш Президентінің қызметін құжаттамалық тұрғыдан қамтамасыз ету”, – деді Тұңғыш Президент Кеңсесінің басшысы. Кеше, Махмұд Қасымбек Тұңғыш Президент Кеңсесінің басшысы болыптағайындалған еді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының “Президенттік мәдениет орталығы” мемлекеттік мекемесінің негізінде Қазақстанда мемлекеттіліктің тарихын жүйелі зерттеу және танымал ету мақсатында көпфункционалды ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық “Назарбаев орталығы” мемлекеттік мекемесі құрылды. Назарбаев орталығы қызметінің негізгі мәні – Қазақстандағы мемлекеттілік тарихын зерттеу мен танымал ету бойынша

  • Қазақстандағы билік жүйесінің сәлде болса өзгеруі өңірдегі гео-саяси жағдайға да ықпал етуі мүмкін.

     Соңғы жаңалық Қазақстан xалқына ғана емес әлемнің біраз еліне де тосын жағдай болды. Қазір орталық азияны қалыптасқан өңірлік гео-саяси жағдайда жаңа саяси таңдаулар мен саяси қарым-қатынастар күтіп тұрғаны айқын. Әлемдегі біраз алпауыт елдің назары Қазақстанда. Менің түсінігімше алпауыт елдер орталық азияға астыртын жаңа жоспарларды ойластырды, соның ішінде ең орайлы кезең саяси жүйенің бір форматтан екінші форматқа ауысуы, тб. дегендей… Алпауыт елдер ауыз салмай жатып президенттің тосын мәлімдеме жасап биліктің ауысуын бастап кетуі шынымен саяси тактика саналады. Ақш-Қытай, Қытай-Батыс, Қытай-Ресей, Ресей-Батыс, Ресей-Ақш қатынастарына байланысты тұтас орталық азия жаңа саяси күрделі таңдауға дөп келген еді. Бұндай күрделі өткіншіде әлем назары орталық азиядағы ішкі-сыртқы саясатты көбірек бақылауға алатыны рас. Сондықтан тұтас орталық азияда

  • Алматыда көп балалы отбасыларға домбыра таратылды.

    Алматыда көп балалы отбасыларға домбыра таратылды. Қайырымдылық шарасы барысында қолдарына домбьра алған балалар ән-күйден шашу шашты. Рухани жаңғыру жобасы аясында ұлттық бұйымдарды насихаттап жүрген бастамашыл топ әр отбасына бір домбырадан сыйлауды жөн санапты. Алайда ынталы балалар көп болғанадықтан бір жанұяға екіден, үштен ұлттық аспап берілді. “Балалар телефон, теледидарға телмірмей, қоңыр домбырамен сырласса әлдеқайда пайдалы болмақ. Қазақ арман-тілегі, қайғы-мұңы мен қуанышын қос ішекке сыйдырған, қолына қоңыр домыра алса баланың арманы асқақ, ойы ұшқыр болады”, – деді игі іске ұйытқы болған ұлт жанашыры Салтанат Өмірәлі. Қазақтың көне мұраларын бүгінгі заманға сай ғып насихаттауды мұрат қылған Салтанат Өмірәлінің айтуынша бұндай шара әліде жалғасын табады. “Елбасымыз домбыра күнінде арнайы бекітіп берді. Домбыра күні қарсаңында

  • Бұдан былай теңгеде орысша жазу болмайды

    500 теңгелік банкнот. Көрнекі сурет Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған “Ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы” жарлықта теңгедегі жазу тек мемлекеттік тілде болуы қажет деп жазылған. Шет тілінде жазу тек инвестициялық және коллекциялық тиындар дизайнында болуы мүмкін. Қазіргі кезде қолданылып жүрген теңгеде қазақша жазумен қатар орысша сөздер де бар. Қазақстан Конституциясында орыс тілі мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен бірге қолданылады деп жазылған. Ал елде мемлекеттік тіл статусына қазақ тілі ғана ие.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: