|  |  |  |  | 

Көз қарас Тарих Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

1912-жылға дейін Қытай территориясы екі үлкен бөліке бөлінген.

36492357_1115970205233232_7801417633412153344_n

Eldeç Orda

1912-жылға дейін Қытай территориясы екі үлкен бөліке бөлінген.
Бірі, Манжур үкіметіне шын тиесілі заңды территория.
Екіншісі, Жанжур үкіметіне сырттай тиесілі баламалы территория. Заң бойынша бұл баламалы территория қалаған уақытында Манжур территориясынан шығып кете алады.

Сіз мына картадан қытайға тиесілі яғни Цин мемлекетіне шын тиесілі территорияны нобайлап болсада анық көре аласыз. Бұл картадағы Тибет, Моңғол, Ұйғыр және Қазақ территориясының Цин-ге кірмеуінің себебі неде? Себебі мынау:

Олар Цин қағанатына жылына бір рет сырттай салық төлемін өтеп тұрған, Цин үкіметі сырттай салық өтеуші елдің ішкі ісіне килікпеген, ішкі істері, ішкі мәселесі өз ырқында болған, Бірінің сыртқы-ішкі істерін Ресейдің Орынбор, Қазан, Ташкен шаһарлары шешсе, біріне Индиядағы Моғол және алыстағы Осыманлы билігі араласып отырған;

Цин жиналған салықты алып тұру үшін және салық өтеуші халықтың амандығын қорғау үшін қорған, қамал соққан; Кейін ол жерлер Қазақ хандығы және патшалық Ресеймен сауда-бизнес барыс-келістерін жандандырып алып шаһарларға айналып үлгірді.

Ондай болса “Жетісу, Зайсан менікі” дейтін қытайдың алып-қашпа сөзі қайдан шыққан деуіңіз мүмкін. Ол былай:

Абылай хан дүниеден өткен соң Алтай, Тарбағатай мен Іле-Жетісудың Шыңғыс әулетінен тараған хан-сұлтандары Пекиндегі Манжур ордасымен саяси қарым-қатынасты одан ары жеделдеткен. Цин ордасы Шыңғыс сойынан келген хан-сұлтандарға қабағат қолдау білдіріп ”бұл өңірдің Шыңғыстан қалған сіздердің (қазақтардың) заңды территорияларңыз екенін мойындаймыз, бізге жылына неше жүздеген ат-көлік салық жіберіп тарту-таралғы жолдап тұрсаңыздар болды, біз әскери қарауыл тігіп Руссияның мазаларыңызды алуынан амандық жақтан кепіл боламыз” деп қолхат берген.36382776_1115970341899885_4267933212765847552_n

Осы қолхаттан соң Алтай, Тарбағатай мен Ілеге қоныс тепкен Шыңғыс сойлы хан-сұлтандарға тағы да “Сіздердің хан әулеттеріңізге тиесілі нақты аумақтарыңыз бен түтін сандарыңызды (яғни халық санын) тұрақтандырып бізге жіберіп берсеңізлер, біз сол арқылы салық өлшемін тұрақтандырайық” дейді. Шығыс сойлы қазақ хандары (яғни Керей, Найман, Албанның хан-төрелері) “Алтайды Зайсанмен құлдилатып, Аягөз бен Балқашты бойлап Жетісудың жеті дариясын кесіп өтіп күн шығыс беті Еренқабырға мен Бәйтік-Қаптық, Боғда етегіне дейінгі ұланғайыр даланы сызып чертождап, ондағы әр хан-сұлтанға (керей, найман, қызай, Албан-суан, тб) қарасты түтін сандарын (халық санын) есептеп Цинге жөткеп береді. Цин бұл территория мен түтін санын есептеп алынатын салықтың мөлшерін нобайлап уәде-уәде деп құжатқа кіргізіп қояды. Сол құжаттағы анықтамасы бойынша бұл территория яғни Үрімжі-Боғда, Еренқабырға-Тиян Шан бөктері, Алтай-Тарбағатайдың тұтас жөңкілі, Ілені жарып ағып жатқан жеті үлкен өзеннің Балқашқа құяр сағасы дерлік уақытша Цинға лау-салық төлеп тұратын тіке қарасты емес, бірақ сырттай баламалы аймақтарға айналады. Кейін патшалық Ресей бұл іске араласып осы өңірдің жартысын Шәуешек және Петербург келсімдерімен өзіне салық-бажы төлейтін территория ғып басып алады. Екі арада қалған қазақтардың біразы біршама еркін әрі қысымы жоқ Цин жағына қарай көшеді.36487529_1115970391899880_7567144901335318528_n

1912- дылы Цин үкіметі құлаған соң уақытша билікке келген ұлтшыл қытайлар “Цин мемлекетінің бүкіл территориясына осыдан соң біз және біздің үкімет иегер (мұрагер) болады” деп Цин үкіметіне бағынбаған бірақ салық төлеп тұрған Қазақтардың Алтай, Тарбағатай мен Іледегі территориясын Жетісу, Аягөз, Зайсанымен бірге өздерінің картасына “заңды территориямыз” деп кіргізе салған. Осы турасында Алаш зиялылары Алтай мен Іле, Шәуешектегі қазақ хан-сұлтандарымен хат алысып, кісі жіберіп тез арада жер-су мәселесін оңтайлы шешуді ортақ ақылдасқан. 1912-жылы Зәкәрия төре Пекинге барғанда Қазақ жерінің қытайға қарастылығын анықтайтын бірде бір заңды құжат таппаған екен. Цин мемлекеті кезінде Қазақтар жасаған өңір “сыртқы балама территория” ретінде ғана заңдастырылып тек салық тапсырып, тарту-таралғы жөткеліп тұрған. Осы заңнама бойынша Зәкәрия төренің қытайдың жаңа респубиликасының президентіне дауыс беріп сайлауға қатысу құқы жоқ-ты, өйткені дауыс беруші депудаттар қытайдың заңды территориясынан шыққан халық уәкілдеріне (яғни депутаттарына) ғана тиесілі ішкі мәселе еді. Сол себепті Зәкәрия төренің “Қазақ” газетінде “үш ай болды, жер-су мәселесімен айналысып жатырмын” деуі әне содан.

1912-жылдан соң ұлтшыл қытай үкіметі Цин мемлекетіне сырттай бағынышты территорияларды біртіндеп қытай территориясы деп танып, кейбірін заңдастырып ала қойды. Сол пиғылдан қалған дақпырыт бүгін де қайта өршіп “қытайлар Жетісу, Зайсан, Балқашқа дейінгі жерді біздікі дейді екен” дейтін үрей тарап жүр. Біз бұның қайдан, қалай шыққанын түсіндірдік, бұған бір ғана жауап бар:

Үрімжі-Боғдаға дейінгі жердің Қазақ хандығының заңды территориясы екенін ашық айту. Мектеп оқулықтарына кіргізу;

Цин құжаттарынан Балқаштан Үрімжі-Боғдаға дейінгі территорияның Қазаққа тиесілі екенін мойындайтын қаттама-құжаттарды алу. Оларға жеке жеке сараптау жасап бұл территорияның Цин мемлекетіне тек сырттай салық төлеп тұрғанын растайтын документтермен бекіту, сонымен қатар кейін патшалық Ресейдің араласуымен осы территорияның бөліске түсіп тәртіп-ереженің бұзылғанын анықтап алу;36371724_1115970525233200_6791715189134721024_n

36465745_1115970145233238_7519838800097312768_n

Бұл карта қытайдың мектеп оқулықтарында бар. Аю- Руссияның, Бүркіт- Ағылшындардың қол салған символы. Сол кезде картаға қарап “неге Шыңжаң территориясы кірмеген” деуші едім.

Соңында айтарымыз, Қазақта “тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп жүріп құлағынан айрылыпты” деген ғаламат сөз бар ғой, қытай ұлтшылдары Цин құжаттарын бұрмалап “Балқаш пен Зайсанға дейінгі жер біздікі” деп жүргенде “Боғда мен Үрімжіге” дейінгі территориясынан заңдық құжат жүзінде айрылып қалмаса болғаны. Сондықтан “Ойбай қытай Балқашқа дейінгі жер біздікі дейді екен, соғыс ашады екен, әйтеді екен, бүйтеді екен” дейтін далбаса қорқақтық пен үрейден аулақ болыңыздар! Оның орнына Ұлттық Капитал мен Ұлттық Буржуазияны қалыптастырып, білікті ел болудың жолына түсіңізлер.

Ал, 1912- жылдан 1951-жылға дейінгі ұлтшыл қытай билігінен коммунист қытай билігіне дейінгі аралықта бұл өңірдегі Қазақ жері қытайға қайтып бөліске түсті дейтін тарихты кейін айтайық. Сіз қытай коммунисттері 1954-жылы қытай Қазақтарының ұлттық автономиясының территориясын анықтауда (Алтай, Тарбағатай, Іле және Үрімжі) Цин мемлекетінен бергі құпия құжаттар ес қатқанын білмейтін де шығарсыз бәлкім…

1912- жылы Моңғолия мен Тибет тәуелсіздігін иғылан еткен кезде осы заңнамаға сүйенді және 1944-45 жылы Моңғол тәуелсіздігі мойындалса, Тайван үкіметі 1960-жылдары Тибет тәуелсізлігін мойындады.

Қазақ зиялылары осы заңнамаға сай 1912, 1919 және 1933-1934-1939 жылдары ұлт азаттық еркіндігін сұраған.

Related Articles

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: