|  | 

Әдеби әлем

БҰЛ  КҮНІ …

Уа, Астана,астанам, астанамыз-

Жасыл желек, көкөрім жас қаламыз

Құт  қоныс қып Есілдің қос жағасын,

Арқада байрақ тіккен Бас қаламыз

 

Көгі –биік, желі- өткір, жері- жазық

Қойнауы жанға мекен, малға азық

Сарыарқа-қазақ жері кіндігінен

Елбасы Елордаға  қаққан қазық

                     Содан бері жиырма  жыл артқа салып

                     Астана  өз тарихын қойды жазып

 

Теңдессіз жаңа құрылыс бастағаны

Арқада жайнатпаққа жас қаланы

Шыңыраудан ылғал тартқан сексеуілдей

Берік болмақ қазақтың бас қамалы

Тамыры тым тереңде бұл шаһардың-

Сонау-сонау Бозоқтан* басталады

Дәшті Қыпшақ-қазақтың арғы тегі

Бозоқ деп салған қоныс-баспананы

 

Бозоқтан Ұлы Жібек жолы өткен

Бозоқтан Шыңғыс ханның қолы өткен

Бозоқтың әрбір  сәтін қуа ағып,

Арнасы ақ Есілдің толы өткен

 

Елбасының өміршең бастамасы-

Сол жерде бүгін елдің астанасы

Босағаңнан аттады жаңа өмірге

Қазақтың қоңыр өңді жас баласы

Астана, осы ұл сені көркейтеді

Өзіңнен болсын оның баспанасы

Бозоқтық Дәшті Қыпшақ ұрпағы-бұл,

Тілден қағып, бетінен жасқамашы

 

Боларсың осы ұрпақпен бір,Астана,

Өс өркендеп, салтанат құр, Астана, 

Жайнай бер,жарқырай бер сан ғасырға

 Құйылсын да үстіңнен нұр, Астана!

                                         Құмарбек ҚАЛИЕВ

 Бозоқ*- Астана шеңберінде орналасқан Дәшті Қыпшақтың ежелгі қаласы (8-11ғ.ғ.)

kerey.kz

Related Articles

  • «Өш алу» феномені

    Бұл шағын ғана жазбам жасы баршын тартқан қарияның автобустың орындығында отырып қалғып кеткен жас жігітке «неге ғана орын бермейсің, қазіргі жастардың еш ұяты жоқ» деп құлақ тұндыра айқайлаған оқиғасының негізінде жазылды. Сол кезде менің санама басқа бір себептің сәулесі жарқ етіп, «ШЫНТУАЙТЫНА КЕЛГЕНДЕ КІМДЕРДІҢ ӨЗІ ҰЯТЫ ЖОҚ» деген сауал төңірегінде ойға қалдым (Бұл әлеуметтік сұрақтың жауабы маған әлде қайда әріде жатқандай сезіледі). Әйгілі данышпан Сенека «…Болып жатқан оқиғаның барлығы сөзсіз, болуы тиіс нәрсенің белгісі» дейді. Рас, себепсіз еш нәрсе жоқ. Мұны дәрменсіз жастардың әлде бір әділетсіздікке іштей қарсылығы мен бұлқынысы, дәлірек айтсақ «өш алу» әрекеті десек те болатындай. Әлеументтану ғылымы қоғамда әділетсіздік белең алғанда қорғансыз топтың қолынан келері тек кіжіну

  • ШОЛПЫДАЙ КҮМІС БІР СЫҢҒЫР

    Бүгін ҚР Журналистер одағының мүшесі, Әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі Жұмат ӘНЕСҰЛЫ 72 жасқа толып отыр. Жұмат Әнесұлы тарихи зерделеу мақалаларымен, әзіл қалжыңдарымен оқырмандарға есімі кеңінен таныс.Ж. Әнесұлының өлең жырлары «Жұматтың ғазелдері мен әзілдері», «Ғазелдерім мен әзілдерім» атты кітаптарынан мәлім. Авторды туған күнімен құттықтап, шығармашылығына даңғыл жол тілейміз! Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, жазушы, ақын ШОЛПЫДАЙ КҮМІС БІР СЫҢҒЫР Айдын көл жатыр жарқырап, Көкте тұр ай сығалап. Айнала көктем жаңарған, Тобылғы толған сай алап. Көл жағасы тіршілік, айнала қонған кигіз үй. Жанып жатыр көп ошақ, маужыраған көңіл күй. Тобылғы арасы бір сыбдыр, Екеуден ғана бір қыбдыр, Сөнбеді анау бір ошақ, Естіледі көмескі, шолпыдай күміс бір сыңғыр. ӨНЕР мен САУДА Өнер мен сауда Бір

  • Үш литр су

    Кеше бөлемнің үйінен бесік той ма… бірдеңеден келген, әйелім азанымен «кеттік» дейді маған. – Кеттігі нес… – Кеше мен бір тәуіппен жолықтым. Сраз сені айтты, ап кел деді, әйтпесе жаман боласың сен… – Денің сау ма? Айдалада нағылған тәуіп ол, бас аяғы жоқ менде несі бар?- деп жатырмын да енді. Сүйтсем айтады, ол керемет, баяғыда бір атасы тәуіп болған, «сол кісі түсіне кіріп адам емде деген, содан қасиет қонған, қазір адам қарайды. Кеше маған сені»… – Ой, тұра тұрсайш сен. Баяғыда маған да атам түсіме кіріп «пианино аласың ба, баян аласың ба?» деген. «Баян алам» дегем, пианино алып жүруге ауыр болғасын. Сосын базардан баян сатып алған ем, тұр әні шаң-шаң

  • Биік болсын қырын елдің тұғыры 

    Ассалаумағалейкум,мына келіп жеткен қасиетті тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын , Алла елімізді аман,жұртымызды тыныш қылып ,тәуелсіздігімізді мәңгілік етсін ! Отан ,отан сенен ыстық от барма, Отан үшін түсем қызыл оттарға. <<Бірлік болса тірлік болар>>деген бар, Тозған қазды басынады топ қарға. Ата-бабам аңсап келген сан ғасыр , Мына ғасыр біздің ғасыр нар ғасыр . Қазақ аты машһұр болған әлемге, Тауап етем тәуелсіздік таңға асыл . Жоқшылықтай жолын жапқан жомарттың, Жепіс жылда қанша асылды жоғалттың. Көп салтымыз көгенінде қиылды, Жәйсіз жатқан жастығындай қонақтың. Бар қазақтың бақыт күні мына күн , Төрткіл әлем бізге түрді құлағын. Тәуелсіздік тәңір берген тұп-тұнық , Қайнары мол қанып ішер бұағым. Желбіресін көк туымыз маңгілік , Ата берсін арайы

  • «Сендер семіре тұрыңдар» (мысал)

    Жұмат ӘНЕСҰЛЫ (КҮЛДІР- ДҮЛДІР , Жұматтың әзіл қалжыңдары, мысалдар) «Сендер семіре тұрыңдар» (мысал) Ымырт түсе бастаған кез. Бір жерге сары шегіртке, далашегіртке, қоңыршегіртке, қалашегіртке, бидайшегіртке, шөпшегіртке бас қосып, әңгіме шертісіп отырыпты. Сол кезде қастарына қараторғай келіп қонады. Сол кезде шегірткелер қорқып кетіп, ұшып кетейін деп жатқанда Қараторғай “Қорықпаңдар! Мен сендерге жақсы пиғылмен келдім. Араларыңда домбыра тартатын, ұйқас құрай алатындарың бар ма?” -деп сұрайды. Шегірткелердің көңілдері орнына түсіп, арасынан бір ересегі: “Енді керемет болмағанмен қамысты шертіп, ән айтамыз, сосын ұйқас құрудегенде бізге жат емес”- депті.Қараторғай: “Онда тамаша! Сендердің араларыңда Айтыс ұйымдастырамыз! Бірінші орынға10-мың Биткоин!Екінші, үшінші орындарға да бәйгеміз жаман емес! Шегірткелер шексіз қуанып:, “Біз бұрын айтысып көрген жоқпыз, сол жағы қалай

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: