|  |  | 

Спорт Шоу-бизнис

Хорватия – Англия 1:1 (қосымша таймда 2:1)

60bcc-Khorvatiya-Angliya

Алғашқы таймның бесінші минутында-ақ Англия Хорватияның айып алаңы сыртынан доп соқты. Жас жартылай қорғаушы Триппьердің ұлттық құрамасы үшін соққан алғашқы голы. Айып добын шебер орындап, оң жақ тоғыздықты ала топ еткізді. Ерте голдан соң Англия алдыңғы шепте арқасын босатып, өткір контршабуылдарға көшті. Жан салып, тер сорғалатып жүгіруді азайтты. Кейн мен Лингард бірнеше оңтайлы сәтте қапы қалды. Стерлинг сол баяғыша далаңдап бос шапты. Магуайр мен Янг тас қамал болып тұрды, Пикфорд өте сенімді ойнады. Шаршаңқы Хорватия қатты прессингке жарамады, дөрекілеу ойнады, жиі ереже бұзды. Әдеттегідей Модрич, Ракитич пен Перишич шебер ойнап, ерекше көзге түсті. Бірінші таймда көңілімде үш сұрақ туды: 1. Неге тоттенхэмдік Кейн-Алли дуэті ӘЧ-те мүлдем көрінбейді? 2. Неге Стерлингтің орнына Рашфорд негізгі құрамда шықпайды? 3. Неге Манджукич алаңнан “жоғалып” кетті?

Ойынның екінші бөлігін Хорватия белсендірек бастады. Манджукич дөрекі ойын мәнерімен көзге түсіп, сары қағазын алып, қайта “пайда” болды. Виданың ғажап қорғаушы екенін және бір көрдік. Ал англиялық қорғаушы Уокердің жылдам болса да, Роуздан кейін қалып бара жатқаны байқалды. Жоқ жерден доп ұстап, сары қағаз да алды. Бірақ Стоунстан әлдеқайда жақсы. Гарри Кейн мықты капитан болғанымен соңғы уақытта допқа таласқан жекпе-жек кезінде келсін-келмесін құлай беретін әдет тапты. Англияның контршабуылы мандымай бара жатқан тұста Врсальконың тамаша көлденең пасынан соң Перишич есеп теңестірді. Бұдан соң Хорватия дүркірей көтеріліп, атой салды. Англияның қорғанысы қожырай бастады да, Перишичтің контршабуыл кезіндегі соққысы бағанға тиіп қайтты. Екінші таймның соңына қарай шыққан Рашфорд бірден қарсылас үшін қатерге айналды. МЮ-дің жас жұлдызы соңғы минутта айып алаңы сыртынан бір айып добын алып беріп, Кейн баспен соға алмай мүлт кетті.

Осылайша іс қосымша таймға жетті. Ардагер Янгтің орнын Роуз басты. Англия қайта сенімді ойнай бастады. Үшінші мәрте овертайм ойнап жатқан хорват ойыншыларының алды ақсай бастады. Стринич кетіп, Пиварич шықты. Жылдам да жас ағылшындарды шалып құлату қайта көбейді. Аз қателескен түркиялық бас төреші Чакырдың қызыл түсті ысқырығын қайта-қайта қызыл қағаз екен деп селк ете қалып отырдық. Сылбырлау Хендерсонды Дайер алмастырды. Ағылшындар шабуылды үдетті. Бұрыштама добын баспен тоғыздыққа бұрған Стоунстың тамаша добына қақпашы қайран қыла алмай, соңғы сәтте қорғаушы әрең қайтарды. Одан кейін Манджукичтің қауіпті соққысына Пикфорд тосқауыл болды. Англияның жас қақпашысы қысылтаяң шақта командаластарын сабырға шақырып жатты. Осы жолғы ӘЧ жұлдыздарының бірі дер едім. Матчтың басым бөлігінде ойыны жүрмеген Манджукич овертаймның екінші бөлігінде жеңіс голын соғып, құрамасын алға шығарды да, көп кешікпей ауыстырылды.

Сонымен ӘЧ бастала салысымен “чемпион болады-ау” деген болжамдар айтқызған, топтық кезеңде Аргентинаны талқандаған шебер де ұйымшыл Хорватия қуатының жартылай финалда біржола сарқылмағанын паш етті. Ойыншылары бір-бірінің ойын оқып тұратын ақылды, шымыр, ұшқыр команда.

Бұған дейін бір мәрте овертайм ойнап үлгерсе де, жартылай финалға ентікпей жеткен Англияның жастығы мен тәжірибесіздігі, амбициясы өзінен үлкен жас миллионерлерінің ауызбірлігінің жоқтығы, һәм бас бапкерінің әсіре сақ, қорқақ стратегиясы қолбайлау болды. Бельгиядан өтірік жеңіліп, өзіне ыңғайлы жеребе жолын таңдап алып, бүйтіп жартылай финалға жеткенше, мықтылармен қаймықпай ойнап, ширек финалдан Жапония сияқты маңдайы жарқырап қайтқандары артық еді. Бірақ Гарет Саутгейт баптаған жас та талантты құраманың 1990 жылдан бері Англияны бірінші рет жартылай финалға шығарған еңбегін атап өту қажет.

Финалда – Франция мен Хорватия. Ғажап бәсекеге куә болмақпыз. Ал Англия мен Бельгия енді негізгі құрамдарын шығарып, қолаға қалай таласса да, өздері білсін

Galym Bokash тың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

  • “Жеңіліс ауыр тиді”. Қазақстан Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ әлі бір мүмкіндігі бар

    Словения-Қазақстан матчы. Любляна, 20 қараша, 2023 жыл Футболдан Қазақстан құрамасы Люблянада Словения құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ Қазақстан келесі жылы наурызда Еуро-2024 додасына лицензия алуға тағы бір рет талпынып көрмек. Словениядағы ойын қалай өтті? Қазақстан құрамасының бас бапкері жеңіліс жайлы не деді? Люблянадағы матчқа барған Азаттық тілшісінің репортажы. МАТЧ ҚАЛАЙ ӨТТІ? Ойын бастала сала Словения құрамасы шабуылға көшіп, матчтағы басымдықты өз қолына алуға тырысты. Матчтың 26-минутына дейін Словения ойыншылары Қазақстан қақпасына төрт рет қауіпті соққы жасап үлгерді. Ойынның 40-минутында қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский Петар Стояновичті қақпа маңында шалып шығып, польшалық төреші Шимон Марчиняк Қазақстан қақпасына пенальти белгіледі. Бұл 11-метрлік пенальтиден

  • Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді. Құраманың Еуро-2024 додасына шығуға мүмкіндігі сақтаулы

    Руслан МЕДЕЛБЕК Қазақстан құрамасының ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Солтүстік Ирландияны жеңді. Астанадағы матчта жеңіс голын “Ақтөбе” шабуылшысы Максим Самородов салды. Қазақстанның келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі әлі де сақтаулы. Матчтың 27-минутында Абзал Бейсебековтің алаң ортасынан шығарған пасын Максим Самородов әдемі голға айналдыра білді. Максим қатты келген пасты аяғымен тоқтатты да, қарсылас қақпасының сол қапталына бағыттаған. Солтүстік Ирландия қақпашысы Бэйли Пикок-Фаррелл қолын созғанымен жетпеді. Доп қақпада. 30 мың жиналған стадион тулап сала берді. Гол авторы Максим Самородов (10-нөмерде) мен Қазақстан ойыншылары голды тойлап жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Осы голдан кейін Солтүстік Ирландия шабуылды

  • 1 440 000 ТЕҢГЕ, Ұшақ, пойыз, автобус кешіксе өтемақыны қалай алуға болады?

    Самат Мусабаев Жазда қозғалыс көбейеді. Елдің ішіне де, сыртына да саяхат, демалыс, балалардың каникулы деп тыным таппаймыз. Қозғалыс көбейген соң жолаушылар тасымалында қиындық туындап, желіден үнемі реніш пен ашуға толы жазбалар оқып тұрамыз. Ұшақтың кешігуі, пойыздың кестеден қалып қоюы секілді оқиғалардың аптасына әлденешеуі белгілі боп жатады. Менің айтпағым да осы мәселеге қатысты: Жақында әріптес ағам Еділ Жаңбыршин екеуміз ел жаққа бірге ұштық. Маңғыстауда кездесулеріміз жоспарланған еді. Астана әуежайына біз уақтылы келгенімізбен, Air Astanaның ұшағы уақтылы ұша қоймады. Уақтылы дегенде жарты сағат, бір сағат дегенге етіміз әбден үйренді ғой. Енді бұлар екі сағат, үш сағаттап ұшпауды шығарыпты. Біздің ұшағымыз бақандай үш жарым – төрт сағатқа кешігіп ұшты! Отандық әуе компанияларының осы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: