|  |  |  |  |  | 

Көз қарас Саясат Тарих Қазақ шежіресі Әлеумет

Қытай қазақтарының мәселесі “Сайрагүлге дейін және Сайрагүлден кейін”

Сайрагүл апайдың жеңісін шын жүректен құттықтаймын. Сот шешімінен кейінгі қуанышты бейнесін қайта қайта көріп қатты қуандым. Қуанбаған жұрт жоқ екен сол маңда. Сайрагүл апайдың бейнесіне қарап сан ойға баттым…
Қытай қазақтарының мәселесі туралы осыған дейін де азаматтық пікірімді айтқамын, пост тұр.

Менің жеке пікірімше қытай қазақтарының мәселесі “Сайрагүлге дейін және Сайрагүлден кейін” деп дәуір бөлгіштік сипатқа өзгеруі мүмкін. Қазір, біздің жұрт тек ғана қуанышты құттықтап тойлаумен әбігер боллып жатыр екен бірақ мәселеге үлкен маштабтан қарап стратегиялық талдау сараптау жасау жағы жетпей тұр.

Қытайдан заңсыз шекара бұзып өту оқиғасы Сайрагүлге дейін де болған (меніңше Сайрагүлден кейін де болады…), Сәбет-Қытай арасындағы қырғиқабақ кезінде қытайдағы Сәбетшіл қазақ ұлтшылдары мен жас зиялылардың біразы заңсыз немесе бір жапырақ таңбалы анықтамамен (қағаз) шекарадан кесіп өткен. Әрине сол тұста қазақтар ғана емес, кәмпескілеруге тайтұяғымен қарсы қытайдың бірмұнша капиталистері, буржуаздары немесе үшінші дүниежүзілік соғысты аңдап Жаң Қайшының Американы иек артып қайта тап беруін күтіп жатқан ішкі сыбайластар да бар еді. Солар 50-60 жж өзінде ақ теңіз жолы арқылы алыс жақын шетелге қашып үлгірді. 1979-1989 жж арасында қытай шекарасын бұзып теңіз жолы арқылы соцсиялистік лагерден қашқандар тіптен көп болды. Австралия, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Америка және Еуропаға беттегендер көп. Биліктегі кейбір шенді-шекпенді олигарх топтардың да шетелге қашу оқиғасы көп туындады. Мысалы, мемлекеттің бүкіл ішкі құпиясын алып Сәбетке қашып бара жатқан жолда Мұңғолия жерінде (Өндірқан) опат болған Лин Бияо-дың оқиғасы сол күйі бүгінге дейін құпия қалды…

Коммунистік режимдегі қытай тарихында (1949′дан бері) қытайдан қашпаған адам өте сирек. Мао-дың қасындағы төс қағысқан досынан тартып ең қарапайым қатардағы зиялыға дейін талай адам шетелге заңсыз қашты. Шетелге қашудың ең көп мақсаты- қытай құпиясын білуінде ғана емес, соцсиялистік сүрдек жүйеден әбден шаршап мезі болуынан да туындап отыр.

Қытайда 1949-2009 арасы шетелге қашу оқиғасын бірқанша түрлі категорияға бөліп қарастыруға болады;

Ұлт құрамы жағынан:
Шетелге қашқан қытайлар;
Шетелге қашқан қытай еместер (Манжур, Тибет, Ұйғыр, Моңғол және Қазақ);

Саяси сипаты жағынан:
Мемлекеттік құпияны білетіндер;
Билікке балама күштер (олигарх, клон);
Антикоммунистшілдер;
Антиқытайшыл Сәбетшілдер;
Ұлтшылдар;
Еуропашыл Либералды күштер;
Еркіндік аңсаған қарапайым азаматтар;

Сенім сипаты жағынан:
Діни миссионерлер (християн);
Һижрашылдар (мұсылмандар);

1989-2019 арасында қытайдан шетелге қашу оқиғасы тіптен күрделі, жіңішкелікпен категорияға бөліп қарастырып зерттесеңіз өте қызық тақырып. Шетелге топталған қытайдың ұлтшыл, мемлекетшіл олигархтарының өз телеарнасы, тәуелсіз баспасөзі және ғылми зерттеу орталықтары және онда академиялық өлшемде талдау жасайтын әр саланың кәсіби мамандары бар. Олар қытай коммунисттерінің қылт еткен саясатын күніге дөңгелек үстелде талдап, сарапқа сап жатады. Қытайдың шетелге заңсыз қашып өткендер үшін ұстанған саяси позициясын жеке тақырып ретінде зерттеп қарастыруға болады.

Енді, Сайрагүл апайға келейік, қытай осы оқиғадан соң қандай реакциясы танытуы мүмкін:

Бірінші, Сайрагүлдің Қазақстан аумағында қалуы Қазақстанның жеңісі, келесі бір жағынан қытайдың да жеңісі саналады. Саясатта “бір қуаныштың қасында бір өкініш” бар екенін ұмытпауымыз керек. Әрине, Қазақстанның тәуелсіз, дербес үкіметі бір Сайрагүлге араша түскенімен қытайдағы неше мың тіпті одан да көп Сайрагүл тағдырластарға араша түсе алмайды. Қытайдың саяси технологтары бізді “бір Сайрагүлдың тағдырымен қуандырып қойып, мың Сайрагүлдің тағдырымен азаптауы мүмкін”. Қытайда саяси механизм мен саяси тактика өте дамыған. Біз тәуелсіз ел, дербес мемлекет ретінде қытайдың барлық реакциясына дайын болуымыз керек. Сайрагүл қытайға қайтарылса да қытайдың жеңісі, қытайға қайтарылмаса да қытайдың жеңісі деуім мынада, егер қайтарылса қытай Сайрагүлді жазалайды, егер қайтарылмаса қытай “Сайрагүлдерді” жазалайды. Өзіңіз ойлаңыз, қытайдың Сайрагүлді жазаласа да, Сайрагүлдерді жазаласа да тиімді жағы Қытайда болып тұр. Ал, Қазақстан Сайрагүлді құтқарды, бірақ Сайрагүлдерді құтқара ала ма? Жұрт өзі айтсын.

Екіншісі, Бұл мәселе Қазақстан-Қытай арасындағы сауда-бизнес нарқындағы бәсекелестікті ғана емес, саяси алаңдағы күрес бәсекелестігін де одан сайын арттырады. Қытай бастапта жеңілген сыңай танытады, шегіншектейді бірақ осал тұсыңнан оңдырмайды, сондықтан саяси тактиканы, қырағылықты арттыру керек. Қытайдың энергия мен гео-жағрафиялық тасымалға болған сұранысын сәтті пайдаланып, жалаң ұлт мәселесін жылтыңдата бермей басқа тактикаға көшу керек. Бұл мәселе, Алматы-Астана көшелеріндегі екі тал қытайға дұқ көрсетумен немесе бір қытайды асау жамбасқа сап алып ұрғанына мәз болумен шешілмейді. Билік ел тағдыры үшін шынайы тактикаларға көшу керек, стратег маман, тәуелсіз сарапшы, сатылуды білмейтін ұлт интеллегенттері керек. Әрине қарамаққа өте азбыз, бір Пекиннің қала санына да толмаймыз. Бірақ, халқымыз аз болса да даналығымыз кенде халық емеспіз, бір мая шөпті бір тал сіріңкемен өртей салуға болады, көлкөсір дарияны бір күрекпен арық қазып құлағын байлап ағыза салуға болады. Қытай бізге- мүмкіндік, біз қытаймен жағаласу арқылы өз ұлтымыздың ерік-жігерін, сабырын, сауатын, мәдениетін һам саяси тактикасын сынаймыз, жетілдіреміз, мемлекетшілдік құдіретіміз артады.

Үшінші, екі болжам алда, қытайдан келетін көш не түбегейлі тоқтайды не болмаса көш жанданады. Екеуіне де дайын болу керек, көш тоқтаса оны коммунистік билік тоқтатады, ертең коммунисттер кетсе либералдар көштің есігін бәрібір ашып береді. Соны қадағалап зерттеп графикасын сызып отыру керек. Көш тоқтаса қазақтармен мәдени, рухани байланысты басқа қырынан жалғап әкету керек, ал, көш тоқтамай жанданған жағдайда ішкі көші-қон мәселесі мен сыртқы көші-қон мәселесін түбегейлі реттеп дайын отыру керек. Тіркеу, Оралман Куәлік, Азаматтық алу көне сүрдек күйінде қала берсе қытайдағы қазақ мәселесі қайтып “қазақстандағы қазақ мәселесіне” айналып кетеді.

Төртінші, Ұлы Түркістандық Потенциал күшін біріктіру.
Қытай жағы Қазақ-Қырғыз, Қазақ-Өзбек халықтарының бірігіп ортақ күшке айналуынан қатты алаңдайды. Сондықтан олардың арасындағы жікке сызат салып отыру үшін “қытайлық Түркістан прожесін” дайындап отырады. Орталық Азияға ықпалын арттыру үшін Үрімжі мен Қашқардың өңірлік және басқа мүмкіндіктерін пайдаланады, Ұйғырдың орта және шығын буржуазиялық бизнестері арқылы орталық азияға экономикалық һам сауда-бизнес “соғысын” ашады. Орталық Азияны не Қашқар арқылы не Үрімжі арқылы өзіне тәуелді етуге тырысады. Осы мүмкіндіктерді іске асыру үшін “қытай түрікшілдігін” қолдан жасап тұтас Түркістанды (орталық азияны) Ұйғырлар арқылы шаужайлай бастайды. Сіз Қазақстандағы және алыс-жақындағы Ұйғырлардың Қазақты Ұйғырдан таратуын, бүкіл Алматы облысының жер-су атауын Ұйғыршадан кеп шыққан деуінің артында қытайдағы “қытай түрікшілдігі” прожесі тұрғанын білмейсіз бе? Қытайдың саяси технологтары басқа көптеген саяси ойынды алда әлі жасап шығаратын болады. Бұл күреске балама ретінде біріншіден Қазақстан өзінің жеке потенциал күшін арттыру керек, екіншісі біртұтас Түркістан түсіністігі мен тағдырлас, мүдделес мүмкіндігін біріктіребілу керек. Кеш қалсақ, қытайдың “қытай түрікшілдігі” прожесіне бір-бірден желініп бітеміз. Ұлы Түркістан түсіністігі артса және қытайға ортақ саяси күшке айналса қытайдың энергия мен гео-стратегиялық өңірлік тасымалға мұқтаж мүмкіндіктерін шаужайлауға болады және ұлы Түркістан аумағындағы (орталық азия) ішкі тепе-теңсіздік көрсеткіштерді толықтап (мысалы, еңбеккүш, орта-шағын бинес, тарихи туризм, өзен-су, тасымал, тб) соның ерік-жігерімен қытайға мұқтаждықты азайтуға болады. “Өзбектесіп кетеміз, қаланы Қырғыз басып кетеді” дейтін таудың қуысындағы сасық қорқыныштан арылу керек.

Eldeç Orda

Related Articles

  • Несие қайда жұмсалып жатыр?

    2018 жылдың 11 айында банктердің халыққа берген несиелерінің 52 пайызы импорттық тауарларды алуға жұмсалған екен. Мұны «Халықтық коммунистер» партиясының сарапшылары анықтап отыр. Осы партияның Мәжілістегі фракциясының жетекшісі А.Қоңыров мұны алаңдатарлық жағдай деп санап, Ұлттық Банк төрағасы Д.Ақышевке сауал жолдады. Өйткені, барлық дамыған және дұрыс жолмен дамып келе жатқан мемлекеттерде несиенің үлкен бөлігі өндіріс пен ауыл шаруашылығына беріледі. Ал сауда саласына, атап айтқанда алыпсатарлық жұмыстар үшін берілетін несие көлемі төмен. Бізде бәрі керісінше болып отыр. Депутаттың айтуына қарағанда бізде өңдеу өнеркәсібіне берілетін несие әлемдік тәжірибенің талабына да, Қазақстанды индустрияландырудың маңызды міндеттеріне де жауап бере алмайтын мардымсыз халде. Оның да жалпы көлемінің төрттен бір бөлігі ғана ұзақмерзімді қарыз саналады. Соның ішінде, ұзақмерзімге

  • Қытайды қоршаған АҚШ әскери базалары: АҚШ-тың Қытайды бөлшектеу жоспары болған ба?

    Соңғы жылдары АҚШ пен Қытай экономика, қорғаныс сынды ең негізгі салаларда бәсекелесе бастады. Құрама Штат тарабы стратегиялық бәсекелесі ретінде Ресей мен Қытайды қатар қойды. Сонымен бірге Үнді-Тынық мұхитындағы әскери әрекеттері АҚШ пен Қытай арасында туылуы мүмкін соғыс қаупін елестетті. Осыған байланысты АҚШ-тың әскери базалары қандай рөл атқарып тұр? Қытайдың басты қауіптері неде? АҚШ-тың әскери базалары қайда, қалай орналасқан деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік. «2030 жылы АҚШ Қытайды бөлшектеуі мүмкін» 2009 жылы 20 қарашада Қытайдың Халықтық азаттық армия әскери-әуе күштері университеті профессоры Дәй Шүй (Dai Xu) аталған жоғары оқу орнында «Қытайды бөлшектеу 2030 – АҚШ-тың ғаламдық стратегиясы және Қытай дағдарысы» атты атышулы лекциясын сөйлеген. Оның лекциясы Қытайдың өзге әскери мамандары айтқандай

  • Көшпенділердің соңғы империясы Жоңғарлар қалай жойылды?

    Алғашқы Ойрат империях Адамзат тарихындағы көшпенділердің ең соңғы империясын ойраттар құрды. Шыңғыс қағанның алғашқы өрлеу дәуірінде ойраттар Байқал көлінің солтүстік батысындағы орман тайпалары болатын. Ойрат, бурият, қыры түмет, бұлағачин, керемучин, арасут, күштеми қатарлы қидан тілдес( бүгінше айтқанда моңғол тілдес) орман тайпалары Сібір ормандарында аңшылықпен шұғылданған. Олар бұл мекенге 840 жылдары, яғни, Ұйғұр қағанатын құлатқан Қархастар бастаған Сібір түркілері ұйғұрлардан қалған иен сахараға қоныс аударғанда, ойраттар Сібір түркілерінен қалған иен далаларға қоныс аударды деп тұспалдауға болады. 1209 ойрат Құдұқа бек Жошының әскерлеріне бағынады. Деректерде түмен түтін дегеніне қарағанда саны 50 мың айналасында болса керек. Юань империясындағы халықтар ішінде де Ойраттар аталады. Моғұл (Моңғол) империясы өз ішінен бөлшектене бастаған кезде ойраттар күшейе

  • Тұрсын Жарқынбаев кім еді?

      Тұрсын Жарқынбаев Кеңестік саясаттың пайымынша –ұлтшыл, атаман Анненковтың әскері құрамындағы «Алаш полкінің» сардары, бай тұқымының өкілі. Ал, коммунистік қытай үкіметінің пайымынша, «жапон тыңшысы», «төңкеріске қарсы элемент». «Ертіс өңірі» газетінің 2009жылғы, 5-тамыздағы, №31 санында Р.Нүсіповтың «Алаш полкінің ақиқаты» атты мақаласын оқып отырып, аталмыш мақалада айтылған Т.Жарқынбаевтай абзал жан туралы оқырманмен ой бөліссем деп едім. «…Сөйтіп, үзіліп қалған арман жібі қайта жалғанды. Кешігіп келген мені қала мектебіне еш қағидасыз-ақ қабылдап, білімнің ұзақ сапарына өз қолымен қосқан – белгілі ағартушы, Алаштың асыл азаматы Тұрсын Мұстафин еді».(Қ.Жұмәділов. Таңғажайып дүние. 82-бет, Алматы, «Тамыр», 1999ж.)Бұл заманымыздың заңғар жазушысы Қ.Жұмәділовтың жүрекжарды лебізі. Әлде, Тұрсын ағамыз бала Қабдештің келбетінен болашақ қазақ зиялысының бейнесін таныған шығар-ау? Бұдан әрі,

  • Гипер жобалардың жолы бола ма?

    Кеңес одағы жылдарында мемлекеттің экономикасы гигантоманияға құштар болды. Бір орталықтан басқарылған жоспарлы экономикада олар азды-көпті тиімділік көрсетті, бірақ нарықтық экономикаға көшкенде солардың бәрі адыра қалды. Өйткені, нарық гигантоманияны сүймейді, ол нақтылыққа икемділікті ұнатады. Сол сияқты Қазақстан да осы уақытқа дейін қазақтың «көрпеңе қарай көсіл» деген нақылын ұмытып, гипер жобаларға, мега жобаларға құмарлық танытып келеді. Мәселен, «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» халықаралық теміржол маршруты жобасына бастамашы болып, ақыры оны 2014 жылы іске қосты. Әріптестеріміз болып отырған екі елдің тауарлары да нарықты жарып, ағылып жататындар емес. Оған Қазақстан арқылы Ресей қосылғанда да тауарлары біртекті, бәрінің де қаузайтыны негізінен табиғи ресурстар. Осы жолмен Қазақстан тауарлары Парсы шығанағына тікелей шығатын болады деп жалаулатқан едік. Сол дәмеміз ақталды ма?

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: