|  |  | 

Көз қарас Сұхбаттар

Адвокат Құспан халықаралық қолдауды мақтады


Адвокат Абзал Құспан (алдыңғы қатарда сол жақтан бірінші) Сайрагүл Сауытбайдың сотында отыр. Жаркент, 13 шілде 2018 жыл

Адвокат Абзал Құспан (алдыңғы қатарда сол жақтан бірінші) Сайрагүл Сауытбайдың сотында отыр. Жаркент, 13 шілде 2018 жыл

Азаттықтың тікелей трансляциясында көрермендер сұрақтарына жауап берген адвокат Абзал Құспан Қазақстаннан пана іздеуші Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайдың тамыздың 1-інде сот залынан босатылуына әсер еткен факторларды сипаттады. Панфилов аудандық соты Сауытбайды Қазақстан-Қытай шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін алты айға шартты түрде соттап, шетке шығарудан бас тартқан.

Азаттық: Заңдық тұрғыда Сайрагүл Сауытбайдың ісі шешілді ме? Шешімін тапты деп айта аламыз ба?

Абзал Құспан: Толық шешілді деп айта алмаймыз. Назар аударған болсаңыздар, сот әдетте қарарды ғана оқып, толығын кейін беретін еді. Кеше судья басынан аяғына дейін сот үкімін оқып шықты. Сот үкімінде айтылған фактінің бәрі – біздің пайдамызда. Қытайда болып жатқан жағдайдың бәрі (Шыңжаңдағы этникалық азшылықтардың қудаланып, саяси лагерьлерге қамалуы – ред.) соттың анықтамасында нақты көрсетілген. Заңды күшіне енгеннен кейін, біз сөзсіз пайдаланатын боламыз. Сайрагүлдің жеке басына келетін болсақ, пайыздық тұрғыдан проблеманың 85 пайызы шешілді деп айтуға болады.

 

Азаттық: Шешімге ең басты әсер еткен фактор не болды? Сіздер келтірген дәлел-дәйек пе, биліктің саяси шешімі ме немесе халықаралық ұйымдардың үн қатуы ма? Басқа да фактор бар ма?

Абзал Құспан: Үш фактор бұған әсер етті. Іс басталысымен халықаралық ұйымдармен жұмыс істедік. Бірінші болып БҰҰ жанындағы босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының Алматы қаласындағы өкілдігінехабарластым. Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымының Орталық Азия бойынша өкілі Мира Риттман ханым жеке өзі хабарласты. Халықаралық заңнамада біздің адвокаттық тәжірибеміз жеткіліксіз. Сол себепті осы ұйымдар берген кеңестердің көмегі болды.

Азаттық: Қай тұрғыда ? Олар сот процесіне қатысты ұсыныс жасады ма?

Абзал Құспан: Human Rights Watch пен Еуропадағы адам құқықтарын қорғаужөніндегі ұйымдар президент атына, бас прокурордың атына «Сайрагүл Сауытбайды Қытайға қайтармау туралы» хат жолдады. Бұл саяси шешімге әсер етті деп ойлаймын. Себебі судья [Динара Құйқабаева] «бұл хаттар маған келіп түсті» деді. Демек істі қарап жатқан судьяға қоса жолданған. Бұл – Қазақстан сотында болмаған құбылыс, болмаған оқиға деп ойлаймын. Екіншіден, Сайрагүл Сауытбай туралы шетелдік ағылшын тілді ақпарат құралдарында жүйелі түрде жарияланып тұрды. Тағы бір әсер еткен фактор – халықаралық шарттар. Соның бірі – Қазақстан қол қойған, ратификациялаған «Балалар құқығын қорғау туралы» конвенция. Сот үкіміне әсер еткен негізгі дәйек осы болды десем артық емес.

Kazakhstan-Sairagul Saytbai court

Kazakhstan-Sairagul Saytbai court

 

Азаттық: Қазақстан соттары үкім шығаруда халықаралық шарттарға жиі сүйене ме, ескере ме?

Абзал Құспан: Саяси реңкі бар соттарға қатысып жүрген адвокат ретінде айтарым – Қазақстанда халықаралық шарттардың нормасын бұзатын жағдай жиірек болады.

Азаттық: Судья үкімде «адамгершілік қағидаттары» туралы айтты. Ал прокурор туралы сіз «Маған айтуға сөз қалдырмады» дедіңіз. Осы тұрғыдан алғанда сот үкімі аудандық сот деңгейінде ғана қабылданды дегенге келе ме?

Абзал Құспан: Менің ойымша, жоғарғы деңгейдегі саяси шешім қабылданды. Бірақ қалай болса да, [бұл үкім] судья мен прокурорға деген халықтың шатқаяқтап кеткен сенімінің нығаюяна үлес қосты. Бұл – мемлекетке деген халықтың сенімін оятатын фактор.

Азаттық: Азаматтық қоғамның әсері болды ма? Топ-топ белсенді Алматыдан 300 шақырым жердегі Жаркентте өткен сотқа барып жүрді. Бірақ жиналғандардың сот ғимаратының алдында кішігірім митинг өткізіп жібергеніне ешкім тыйым салмады.

Оқи отырыңыз. Сайрагүл Сауытбай: “Жыласам, сөзімнің құны болмас еді”

Абзал Құспан: Азаматтық қоғамның алғашқы нышандары деп ойлаймын. Мұндай процесс бізге керек. Тек Алматыдан емес, Атыраудан, Қостанайдан, Оралдан, Семейден келгендерді көрдім. Бұл да сот шешіміне әсер етті деп ойлаймын. Ешқайсысына жеке шығып, «бізді қолдаңыз, сотқа келіңіз» деп өтініш айтқаным жоқ. Көбі мені тауып алып, осы мәселеге алаңдаушылық білдіріп жатты. Әлемнің әр еліндегі қазақтар да хабарласты. Бұл процесс Жапониядан бастап, Германия, Франция, Түркия мен Ұлыбританияда тұратын, әлемге тарыдай шашылған қазақтардың да басын біріктірген болар. Мені таңқалдырды. Мұндай дәрежеде көмек күткен жоқ едім.

Азаттық: Көрермендердің ішінде «Бұл сот шешімі Қытайдағы этникалық қазақтарға жеңілдік әпере ме?» деп сұрап жатқандары бар.

Абзал Құспан: Бұл – көпшілікті мазалайтын сұрақ. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі қыспақ 2016 жылы басталды. Бұл жағдай [оған дейін] Тибетте болды. Бұл жағдай Шыңжаң ұйғырларының басында әлдеқайда бұрыннан болып жатты. АҚШ-та бұл мәселені вице-президент Майк Пенс пен мемлекет хатшысы Майк Помпео қадағалап отыр. Бірқатар сенатор мен БҰҰ өкілдері шілденің 26-сында үлкен жиын өткізді (Сенатор Марко Рубио төрағалық еткен бұл жиын «Шыңжаңдағы адам құқықтары дағдарысы бойынша комиссия отырысы» деп аталады – ред.). Шыңжаңдағы саяси үйрену лагерьлерінде этникалық азшылықтарға жасалып жатқан қысым туралы мәселе біз көтерген материалдар негізінде АҚШ-та қаралып, Қытайға қатысты бөлек қарар дайындалып жатыр.

Азаттық: Сайрагүл Сауытбай ісіне қатысты Қытайдың ендігі талабы не болмақ?

Үш ай ішінде «босқын» деп тану немесе танымау статусы белгілі болуы тиіс. Сайрагүлдің Қазақстан азаматтығын алуға толық құқығы бар.

 

Абзал Құспан: Қазақстан «елден шығармаймыз» деп үкім шығарды. Енді екінші мәселе, экстрадиция. [Сайрагүл Сауытбайдың] Қытайда жасаған қылмысы (шекараны заңсыз кесіп өту – ред.) бойынша, Қытай тарабы сұратуы мүмкін. Бұл – бөлек продцедура. Бірақ, соттың үкімі заңды күшіне енген соң жақсы әсері болуы керек. Ең бастысы, құпияны білетін адамның [шетке] шығуға [қатысты] тыйымы бар. Қытай заңдарына сәйкес, шығып кеткен жағдайда қылмыстық іс қозғалады. Бұл мәселені алдын-ала ойландық. Кешегі «пана іздеуші тұлға» деген куәлігіміз – халықаралық нормаларға сәйкес, елден шығаруға да, сұратқан елге беруге де тыйым салады. Үш ай ішінде «босқын» деп тану немесе танымау статусы белгілі болуы тиіс. Қазақстан азаматтығын алуға толық құқығы бар. Оны біз «босқын» статусы белгілі болған соң қарастырамыз.

Азаттық: Бұл оқиға Қытайдан Қазақстанға келгісі келіп отырған этникалық қазақтарға әсер ете ме?

Абзал Құспан: Бұл оларға үміт сыйлайды. Қазақстан халқына, билігіне сенім артады. Екіойлы болып жүргендер «елім, жұртым» деп келуге тырысады. Бірақ, сол елдің заңдарын оқып жүрген адам ретінде айтарым, [Қытайдың этникалық қазақ азаматтары] шекарадан заңсыз өтіп жатса, Қытайда ұсталған жағдайда ату жазасына кесілуі мүмкін. Бұл [Қытай билігінің көзімен қарағанда] ауыр қылмыс екенін ескерткім келеді.

Ескерту: Адвокат Абзал Құспанмен Азаттық өткізген онлайн-конференцияның толық видео нұсқасын мына сілтемеден табасыздар.

Азаттық

Related Articles

  • Қытайлар Ғұндарға 80 жыл бағынған

    Ғұндардың әскери мемілекетінің құрылуыБіздің заманымыздан бұрынғы 215 жылы Ғұндардың кошпенді-әскери мемлекеті құрылды. Ұлыстың қағаны Түмен болды. Түменнің Бақтұғ( Модон) атты тах мұрагері болды, Түмен оны тах мұрагерлігінен қағып көршілес Нүкүз(月氏)дерге аманатқа жіберді, артынан екі ел жауласқанда Нүкүз ханы Модонды өлтірмек болды, Модон Нүкүздердің бір жүйірік атын қолға түсірдіде ұстатпай Ғұндарға қашып келді. Түмен тәңірқұт оған түмен(10000) жасақты басқартты, Модон ысқырма жебені жасап шығып жасақтарына: «Мен жебені қалай атсам сендерде солай атасыңдар атпағандардың басы кесіледі !» деп әмір етті. Бір жолы өзінің сайгүлігіне қарата оқ атты, өзімен қосыла атпағандарды сол майданда шауып өлтірді. Тағы бір жолы тіпті өз бәйбішесіне қаратып оқ атты, қосыла атпағандарды тағы да өлтірді. Түмен тәңірқұтпен бірге аңға

  • Иманипедагогиканың қажеттілігі және алғышарты

    Педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесі. Осы негізде педагогика тəлім-тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс-əрекетін (педагогикалық қызметті) жəне оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін нақтылап, ашып отырады. Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін — тәрбиелеу қажет. Дәл осы тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл үдерісті кәсіби білімді адамдар басқарады. Тәрбие жөнінде

  • Бойыңа ойың сай болғыр, дәудің аты дәу ғой қашанда 

    Batyrkhan Kurmanseit Аргентинаның Буэнос-Айресында өткен “Үлкен жиырмалық” (G20) елдері басшыларының саммиті нәтижелеріне қатысты қабылданған ортақ мәлімдемеде бүгінгі таңдағы ең маңызды әлемдік мәселелердің бірі болып отырған АҚШ-тың протекционизм саясаты жайында ештеңе айтылмады. Оның орнына тараптар “Ең алдымен Америка” дегенінен қайтпай отырған президент Трамптың талабымен Дүниежүзілік сауда ұйымын реформалауға қатысты келісімге қол жеткізді. “Біржақты саясатты қолдауға емес, көпжақты әріптестік жүйесін күшейтуге күш салу керек” дегенді бүгінге дейін қайталап келген G20 елдері басшылары осы жолы өз позицияларын қорғап қала алмады” деп жатыр көп эксперттер. Саммиттің жабылу рәсімінен кейін өткен пресс-конференцияда “Еркін сауда қағидасын сақтап, протекционизм саясатын жүргізбеудің маңызды екені туралы бірлескен мәлімдемеде неге ештеңе айтылмады” деген сұраққа ұйымдастырушы ел Аргентинаның президенті Маурисио Макри

  • Қытай туралы бір жұтым ой

    Eldes Orda Ақш-Қытай текетіресі қытай қоғамын екі жікке бөлуі бек мүмкін. Жалпы бұл қытай xалқының Ақш-қа қарсы пиғылы ма әлде билік басындағы қытай коммунистерінің Ақш-қа қарсы текетіресі ме? Меніңше бұның арасында айырмашылық бар. Ондай болса мынадай болжау жасауға болады: Біріншісі, Ақш-қа қытай компартиясы бақталас болса, Ақш міндетті түрде қытай компартиясына саяси балама бола алатын кез-келген анти-компартияшыл қытай топтармен жаңа саяси мақсаттар қоя бастайды. Бұның соңы қытай қоғамындағы коммунист партияға қарсы іштей тісін қайрап жүрген топтардың күшін біріктіреді. Сондай-ақ, қытай коммунистік партиясының саяси оқшаулануын жыл сайын асқындыра береді. Тіпті, ең соңында компартия саяси қажетінен айрыла бастайды; Екіншісі, Ақш-Қытай саяси һам экономикалық дағдарысы қытай олигарxына немесе кландық топтарына күрделі таңдау жасауға жәжбүрлейді.

  • Алғашқы теңгеге Назарбаев бейнесі қалай түспей қалды?

    Асылхан МАМАШҰЛЫ Серікболсын Әбділдин.  1993 жылы қарашаның 15-інде Қазақстан өзінің ұлттық валютасы – теңгені айналымға шығарды. Сол кезде елдің Жоғарғы кеңесін басқарған Серікболсын Әбділдин теңгенің қалай басылғаны жайлы, дизайны қалай дайындалғаны туралы айтып берді. Теңге айналымға шықпас бұрын Қазақстан соңғы сәтке дейін Ресейдің рубль аймағында қалуға тырысты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Ғасырлар тоғысында” атты кітабында рубльді сақтап қалуға деген ұмтылысын “рубль аймағының бұзылуы (ортақ валюта – ред.) ТМД елдерінен алшақтауды тездетер еді. Ал Қазақстан бұған дайын емес еді” деп түсіндіреді. Кітапта Назарбаев “1992 жылы Ресейде барлық баға босатылды. Сол кезде іске кірістік. Мен Қазақстан валютасын шығаруды бастау туралы құпия жарлыққа қол қойдым” деп жазды. Алайда Азаттық тілшісімен сұқбаттасқан Жоғарғы кеңестің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: