|  | 

Әлеумет

«Адал жол – Честный путь» марафоны қазыналы Қарақия ауданынан

Жаңаөзен қаласына табысталды

3

Айта кету керек, «Адал жол» марафоны сәуір айында Ақтау қаласынан бастау алған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара осыған дейін Түпқараған, Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия аудандарында болып, енді міне Жаңаөзен шаһарына табысталды.

 

Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында өткен шара кезінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Байгебаев және Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Ержан Кұмісқали сөз сөйлеп,іс-шараның маңыздылығына тоқталып өтті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру баршамызға ортақ парыз. Марафон жоғары деңгейде өткізіліп келеді. Барлық аудандар барын салуда. Енді алда Мұнайлы ауданы күтіп тұр. «Адал жол» кітабына өздеріңіздің ұсыныстарыңыз немесе тілектеріңізді қалдыра аласыздар. Мұның тәрбиелік мәні зор, әсіресе жастар үшін. Баршаңызды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға шақырамыз. Ең маңыздысы оның салдарымен емес, себебімен күресу қажеттігін еске саламыз», - деді Қайрат Байгебаев.2

Марафон Жаңаөзен қаласына табысталған соң, ерікті жастар би билеп, аудан өнерпаздарының ән шашуына жалғасты. ҚР Конституциясы күнімен тұспа тұс келген марафонға халық көп жиналды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері, кәсіпорын басшылары, аға буын, белсенді жастар мен студенттер және аудан тұрғындары бар.

Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Болат Байбузов, эстафета туын және өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы мәліметтер мен тілектер жазылған кітапты салтанатты түрде қабылдап алды.1

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған марафон аясында түрлі шаралар енді Жаңаөзен қаласында өткізілмек, атап айтқанда спортық сайыстар, автошеру, дөңгелек үстелдер, конференция, пікірталас алаңдарын ұйымдастыру, лекция және т.б.

Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір топ мемлекеттік қызметшілерді және құқық қорғау органдарының өкілдерін алғыс хатпен марапаттап, көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдарын табыстады.

Айта кету керек, «Адал жол – Честный путь» акциясы еліміз бойынша барлық өңірлерде өтіп жатыр. Шара желтоқсан айында қорытындыланады деп жоспарланған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 
агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша 
департаментінің баспасөз қызметі

Kerey.kz

 

 

Related Articles

  • Қарақалпақтар жаппай қазақ боп жазылып жатыр

    Өзбекстан Республикасының құрамына кіретін Қарақалпақстан азаматтары жаппай қазақ болып жазылып жатыр. Бұл туралы  IWPR басылымының тілшісі Ольга БОРИСОВА хабарлайды.. Жуырда Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласында біздің тілмен айтқанда ХҚО сияқты мекеменің басшысы тұтқындалған. Ол пара алып адамдардың ұлтын өзгертіп отырыпты. Яғни қарақалпақтарды қазаққа айналдырған. Жергілікті полицияның айтуынша, соңғы кездері осындай қылмыстар көптен тіркелуде. Демография және миграция агенттігінің ақпаратына сүйенсек 1991 жылдан бері Қарақалпақстаннан Қазақстанға 100 мың адам көшіп кеткен. Халықаралық Аралды құтқару қорының мәліметінше соңғы жеті жылдың ішінде 250 мың адам Қазақстанға қоныс аударған екен. 1 млн 842 мың халқы бар Қарақалпақстан үшін бұл үлкен көрсеткіш. Сондай-ақ, қазір ол жерге өзбектер санының артып келе жатқанын да ескеру қажет. 2018 жылғы статистикаға сүйенсек

  • Грант 2019: Білім гранты иегерлерінің тізімі

    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу үшін білім беру гранттарын беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 341 бұйрығына сәйкес білім беру гранттары иегерлерінің тізімін ұсынады. 1_Гранттар_(негізгі)_қаз 2_Жетімдер_(негізгі)_қаз 3_Мүгедек_(негізгі)_қаз 4_Әскери_(негізгі)_қаз 5_Диаспора_(негізгі)_қаз 6_Серпiн_(негізгі)_қаз egemen.kz

  • Қазақ тілі тек кедейлерге керек…  

        Еліміздегі жалпы  отбасының саны 2,3 млн-нан астам деседі.Жарияланған деректерге сүйенсек олардың  сексенге таяуы  әлемдік бахуатты байлармен теңесе  алатын шамалы  екен.Жалпы ұлттық буржуйлардың  негізі қаланған тәрізді.Екінші жағынан кедейлер де оларға сай, қалыспай өсіпті.Білікті уәлидің  сөзіне қарағанда әлеуметтік жағынан аз қам-тылған отбасы- 600 мыңға таяу көрінеді.Оларды тақыр кедейге санайтындар да бар екен. Қазақ қоғамының өткен тарихына  көз жүгіртсеңіз,өлкемізде,жалпы аумақта, тыныштық орнап,адамдар алаңсыз өмір сүріп, тірлік кешкен, «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған да», аштықтан қырылып-жойылып,тентіреп безіп,ауып-көшіп,зар еңіреген заман  да болыпты. Бірақ,қай-қайсысы да ұзаққа созылмапты.Елбасына жақсылықты орнатып,басын біріктіріп,мемлекет  құрып,халықтың әл-ауқатын қалпына келтіруде, хандардың,билердің,сұлтандардың,батырлардың,ойшыл-ғұлама ақылмандардың , күрес-керлердің,қайраткерлердің салихалы саясаты шешуші рөл атқарыпты.Ал,қырылып жойылу,тентіреп безу,басқаның қол астына еніп,бодандыққа айналу жауларымыздың жымысқы саясаты,ұлы державалық шовинистік пиғылы

  • Жекешелендірдік. Жетістік пе?

      Халықтың хал-ахуалын жақсарту үкіметтің алдындағы ең бірінші міндет. Ол үшін халықтың нақты табысы артуы керек, алайда оның өсуі мүлде мардымсыз. Халық қаражатының шығыс құрылымына қарасақ, адамдар қазір барлық табысының жартысынан астамын тамаққа жұмсауға мәжбүр. Өйткені, бәрі қымбат және баға күннен күнге арта түсуде. Ал әлеуметтік қызмет көрсету сапасы қандай десек, бұл бағытта да тілді тістететін мәселелер көп. Осы мәселелерді айта келіп Мәжілістегі «Халықтық коммунистер» фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында жекешелендіруге берілген әлеуметтік нысандардың жай-күйі туралы сұрау салды. «Бүгінгі таңда жекешеге берілген әлеуметтік нысандар саны 500-ге жетіп қалды. Соның жартысы коммуналдық меншікке жататын емханалар, сауықтыру кешендері, диагностикалық орталықтар, диспансерлер, санаторийлер, спорттық клубтар, музыкалық және

  • Қаңыраған қала, қираған ғимараттар һәм күшейген күзет

    Асылхан МАМАШҰЛЫ Арыстағы өртеніп жатқан ғимараттың бірі. 25 маусым 2019 жыл.  Арыстағы жарылыстан кейін қала көшелері бос қалған. Жарылыстан қалада біраз үй мен ғимарат қираған. Арыс қаласына барған Азаттық тілшісінің көргендері. “ЖАРЫЛЫС БОЛҒАНДА БӘРІН ТАСТАЙ ҚАШТЫҚ” Арыстың кіреберісінде күзет күшейген. Полицейлер мен қару ұстаған әскерилер қалаға тұрғындарды кіргізбей тұр. Сол маңда “үйіме барсам” деген екі жүзге жуық адам келген. Солардың бірі Садық Оразгелді жарылыс болғанда “алды-артына қарамай қашқандарын” айтады. – Құжатымды алуым керек. Қорада малдар қалған, соларды суару керек. Жаяу болса да, кіріп шығуым керек. Кеше жарылыс болғанда құжаттарымды, бәрін тастай қаштық ғой, – деді Арыс тұрғыны. Ауылға кіреберісте тұрған тағы бір тұрғын “жолға шығуым керек, үйде құжатым мен пойыз

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: