|  |  | 

Көз қарас Руханият

Зайырлы қоғамдағы діндар әйелдің орыны

Qazaq ayeli

ҚМДБ-ның Өскемен аймақтық өкілдігі «Халифа -Алтай» мешітінің ұстазы, теолог, ШҚ облыстық «Әйел -қыздар» секторының жетекшісі Талшын Қожахметованың қатысуымен Күршім аудандық орталық мешітте «Зайырлы қоғамдағы діндар әйел тұлғасы» атты аудандық семинар өтті.

Аталмыш шараға, Күршім аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Арай Қасымбаева, Күршім аудандық Жастар ресрустық орталығының жетекшісі Шырақ Дабырбаева, мешіт ұстазы Айгүл Қансейітова қатысты.
Естеріңізге салатын болсақ, семинардың өтуіне орталық мешіттің бас имамы Тілейбек қажы Соянұлының тапсырмасына сәйкес наиб имамдары Ажы Шәмерхан және Жәнібек Айдархан ұйтқы болып отыр.

Өкілдіктен арнайы келген теолог маман, діндар әйелдің зайырлы қоғамдағы орыны мен отбасындағы атқаратын міндеті, туысқандарымен қарым-қатынасы, ата-енесін сыйлауы қатарлы тақырыптарға тоқталып, асыл дініміздің құндылығы, Ханафи мазхабының артықшылығы, пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистеріндегі ана туралы мазмұндардың ерекшелігі жайында кеңінен тоқталды. Экраннан тақырыпқа байланысты бейнеролик пен слайд көрсетілді.  Қазақ халқының тұрмыс тіршілігі, салт-дәстүрі мен ғұрып әдеті, ғибадат құлшылығының бір-бірінен ажырамайтындығын тілге тиек етті. Күнделікті өмірдежаңадан бас құрайтын жастарға некенің қасиетін түсіндіру керектігін атады.

Бабалардан жалғасқан тағылымда әйел аяулы ана, сүікті жар, сүйкімді қыз, ислам көзқарасымен қарайтын болсақ, пайғамбарымыздың хадисінде: «Жәннат ананың табанының астында», «Сендердің ең жақсыларың, әйелдеріңе жақсы қарым-қатынаста болғандарың»,- деп түсініктеме береді. Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кейін алғаш исламды қабылдап, дін жолында бүкіл мал-мүлкін сарп еткен әйел кісі Хадиша анамыз (р.а.) болатын. Сол себепті, Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ел менен теріс айналған кезде Хадиша маған сенді. Айтқандарымды ешкім қабылдамағанда, мені алғашқы болып растаған сол еді»- деп, оны өмір бойы ұмытпай, әркез жақсылықтарын еске алып отыратын. Тірі кезінде жәннаттағы үйімен сүйіншіленген әйел кісі еді. Дәлірек айтқанда, бірде Жебірейіл періште (а.с.) Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Раббым Хадишаға сәлем айтты. Менен де сәлем айта бар. Оған жәннатта шаршамайтын, шалдықпайтын үй тұрғызылды»,-дейді. Бұл қуанышты Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Хадиша анамызға (р.а.) келіп: «Уа Хадиша! Саған Алла мен Жебрейіл сәлем айтты», деп хабарды жеткізген кезде, Хадиша (р.а.) анамыз: «Алланың Өзі Сәлем, ал, Жебірейілге сәлем болсын» – деп, асқан көрегендік танытады. Аналар қоғамның мектебі, олардың қуанышы әлемнің қуанышы. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың: «Ел болам десең,бесігіңді түзе»,-деген өте терең мәнді,нақылы әйел затының қадірін меңзеп тұрған болса керек. Дін жолындағы нәзік жандыларға Алла жеңілдік берсін!

Ажы ШӘМЕРХАН,
Аудандық мешіттің наиб имамы.

Related Articles

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: