|  |  |  | 

kerey.kz TV Жаһан жаңалықтары Көз қарас

Энергетиканың болашақ жолдары

DSC01701

Украина астанасы Киев қаласында, 2018 жылдың 16-19 қазанының
аралығында «Орталық және шығыс Еуропаның тұрақты энергетикасы» атты
10-шы Халықаралық форумы мен көрмесі (Sustainable Energy Forum and
Trade Show, SEF 2018 Kyiv) өтуде. Осы жиынға 35 астам елдердің шамамен
500 өкілдері қатысуда. 80 астам мамандар баяндамаларын оқиды, 100-ге
жуық компаниялар өз жетістіктерін көрсетуде. Бұндай шараның шеңберінде,
«Әлем жел энергетикасы қауымдастығы»-ның Бас хатшысы Стефан Ксангер
(Stefan Gsänger) бізге сұхбат берді. Неміс қайраткерінің жауаптарына назар
аударайық.

Тұрақты энергетикада Қазақстанның мүмкіншіліктері туралы: күн, жел
энергетикасында. Мысалы, еліміздің оңтүстік-шығысында таулы аймағы
Жоңғар Қақпасы жел энергетикасы үшін өте тиімді. Осы тақырып
жайында сіздің пікірлеріңіз қандай?

Қазақстан жел энергетикасының болашағы – зор! Теориялық түрде, еліңіз
бүткіл әлемді жел энергетикасымен қамтамасыз етпекші. Бірақ, қазіргі таңда
сіздер ойлануға тиіссіздер: қалай күн мен жел қуат мүмкіншіліктерін тиісті
дәрежеде пайдалануға болады? Тек қана өздеріңіз үшін емес, сыртқа шығару
жолдарын пайымдауын жөн. Өте қызық жоспарлардың бірі – жел газын
өндіруі. Жерден алынатын табиғи газдың өндіруі орнына, сіздер сутегіні
желден өндіре аласыздар, одан метан жасай аласыздар. Қазіргі газ
құбырларыңызды пайдаланып, жаңа газ өнімдерін тапсырыс берушілерге
тасымалдауыңызға болады. Қоры шектелген қазба газдың орнына,
жаңғырмалы газды пайдалана аласыздар. Тапсырыс берушілер үшін де бұл
тиімді ұсыныс. Оны жүзеге асыруы үшін инфрақұрылымы да баршылық. Тек
қана, жел газдың өндірісін дамыту керек.

Сіз Қазақстанға бірнеше рет бардыңыз. Сіздің пікіріңізше, неге елімізде
тұрақты энергетиканың көздері тиісті дәрежеде дамыған жоқ? Мүмкін,
кейбір қателіктеріміз жоқ емес. Құлағымыз сізде.

Ең алдымен, осы саланы реттейтін мекемелер маңызды. Үкіметіңіз тұрақты
энергетиканың дамуына мүдделі, бірақ осы салаға одан да көп ден
қойылғаны дұрыс болар еді. Әрине, еліңізде мұнай мен газдан түсетін пайда
мол болса, онда осы жағдайды өзгерту үшін жетекшілік керек. Саясаттың
ықпалы өте күшті, онсыз бұл саланың дамытуы – екіталай. Әрине, сіздер
қысқа мерзім ішінде мұнай мен газдың тәуелділігінен құтыла алмайсыздар.
Бірақ, тұрақты энергетиканың он-жиырма жылдық стратегиясын
қарастырсаңыздар – артық болмас.

Енді, соңғы сұрағым. Сіздің пікіріңізше, қазақтарға не істеу керек?
Қандай компаниялардың құрал-жабдықтарын сатып алғаны жөн?
Жаңғырмалы және тұрақты энергетиканың саласында, қандай
мемлекеттермен ынтымақтастықты орнату қажет? Нені ойлайсыз?
Қандай мемлекеттер жақсы?

Менің ойымша, тәжірибелі мемлекеттермен байланыс орнатыңыздар.
Олардың саны көп емес. Шығыс бағытында, Қытайдың үлесі зор. Батыс
бағытына қарасаңыздар, менің елім – Алмания бай тәжірибенің иесі. Бірақ,
менің пайымдауымша, сіздерге бір ғана әріптес керек жоқ. Нарығыңызды
ашыңыздар. Осы адамдарды шақырыңыздар. Сосын, сіздер кімнің кім екені
көре аласыздар – қандай фирмалар тиімді істейді, қандай ұйымдар
сенімдірек. Бірнеше ойыншыларға бәсеке түсуге жағдай жасаңыздар.
Олардың кейбіреуі жеңбек, кейбіреуі ұтылмақ.

Бір сөзбен айтқанда – әртараптандыру.

Иә, әртараптандыру.

Расында, еліміздің энергетика саласы жаңа серпіліске зәру. Беларусь пен
Өзбекстан сынды көршілеріміз атом электр станцияларын салуда. Әзірше,
атом энергетикасы – ең арзан әрі қауіпсіз қуат көздерінің бірі болып
табылады. Нидерланды секілді дамыған мемлекет жел энергетикасы
саласында бізден көш ілгері тұр. Әйтеуір, әлем бойынша үлгі аларлық
дүниелер – жетерлік. Адамзаттың алдыңғы қатарындағы елдердің арасында
көрінуі үшін – қазіргі заманға сай технологияларды дер кезінде игергені
құба-құп болар еді.

Данияр НАУРЫЗ

Украина

Киев

Kerey.kz

Related Articles

  • ҮСТІРТ МАУГЛИІ ЖӘНЕ ТАҒДЫРЫ

    1957 жылы тікұшақпен шыққан бір топ геологтар Үстірт жазығында (Түркіменстан мен Қарақалпақстанның шекарасындағы Сарықамыс көлінің жанында) қасқыр атумен айналысқан. Геологтар қасқырларды ізінен қуып келе жатып олардың арасында шамамен бес жасар қалыспай жүгірген баланы көріп таң қалады. Бала қасқырлармен бірге аспаннан төнген жаудан қашуға тырысып келеді. Олар барлық қасқырларды атып, баланы құтқаруды ұйғарады. Тікұшақты жерге қондырып баланы ұстауға әрекеттенеді. Алайда бұл ойлағандай оңайға соқпады. Бала қасқырдың бөлтірігі құсап адамдарға қарай тістеніп айбат көрсеткен. Дегенмен геологтар оны қолға түсіріп , дәрігердің қарауына тапсырады. Баланың қасқыр үйіріне қалай түскенін және ата-анасы кім екені беймәлім. Ауруханада оған олигофрения диагнозы қойылып, Ташауздағы психиатриялық ауруханаға орналастырылған. Оның өмірінде адам қатарына қосылудың қиын және қайғылы кезеңі басталады.

  • Совет кезінде қуғындалып, Назарбаев тұсында диссидентке айналған Кәрішал Асанов

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ Диссидент Кәрішал Асановтың 2006 жылы ақпанда қастандықпен өлтірілген Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күніне арналған еске алу шарасында тұрған сәті. Алматы, 12 қыркүйек 2006 жыл.  Нұрсұлтан Назарбаевты өмір бойы сынаған диссидент Кәрішал Асанов осыдан бес жыл бұрын өмірден озды. СССР кезінде билікті сынағаны үшін қудаланған Асанов постсоветтік Қазақстанда «президенттің абыройы мен беделіне нұқсан келтірді» деген айыппен екі рет жауапқа тартылты. Кәрішал Асанов 2015 жылы 26 наурызда Алматыда дүниеден өтті. Қайтыс боларынан бірнеше күн бұрын, наурыздың 10-ына Асанов демократияны дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан оппозициялық ұйымдарының «Еркіндік» сыйлығын алды. Кәрішал Асанов Нұрсұлтан Назарбаевты көп жыл ашық сынады. Жақындары мен достары Асановтың саяси жүйеге қарсы сыни көзқарасы өзгермегенін айтады. Кәрішал Асанов —

  • Ит басына іркіт төгілді ме?

      Атам заманнан бері, жеті қазынаның бірі ит саналады. Есті жануар қазақ тұрмыс-тіршілігінің шаруашылық пен аңшылық салаларында маңызды серіктеріміздің бірі болатын. Алайда, кейбір азиат халықтарындай  біз ит етін жемейміз. Кейбір еуропалық халықтардай біз итпен төсектес жатып, оны отбасы мүшесі деп санамаймыз. Демек, біз осы жануарды пір тұтпаймыз. Дегенмен, кейбір қазақстандықтар аяулы жазушыларымызды кемсітіп, лас хайуанды мадақтауда. Мысалы, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік Комитетінің арнайы бөлімшесі – «Арыстан» қызметінің сапында лақап аты «Шерхан» деген ит бар. Демек, офицер погонын таққан мәңгүрттер Шерхан Мұртаза атты танымал қаламгерімізді иттің дәрежесіне төмендетті. Бәлкім, иттерге ғашық кинологтарда «Шарик», «Жучка» немесе «Тузик» лақап аттары таусылған шығар. Сондықтан, олар қазақ мәдени қайраткерлерінің есімдерін пайдалана бастады. Он төрт жыл

  • Елордалық филармонияның әртістері ақ халаты абзал жандарға ән арнады.

    https://youtu.be/scqqgINrA6U   Елордалық филармонияның әртістері Қазақстанның және Татарстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткерлері Естай Мұқашев, халықаралық байқаулардың лауреаты Ақбота Құснадин ақ халаты абзал жандарға ән арнады.  ​ Короновируспен алдыңғы қатарда күресуде өз уақытын өз-өзіне немесе жақындары мен туыстарына емес, науқастарға арнай отырып,  үлкен ерлік пен батылдық танытқан  қазақстандық дәрігерлер де болды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының    әртістері ақ халатты абзал жандардың ерлігін жырлап “Дәрігерлер” әнін жазды және оны дәрігерлерге арнады. Жаңа әннің мәтінін Қуат Ежембек, музыкасын Мәдениет қайраткері, “Қорқыт” этно ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек жазды. Қуат Ежембек осы шығармашылығы арқылы науқастар палатасында ұйқысыз түндер өткізіп, ауыр ауыртпалықты

  • Математика

    Математика бір жағынан өте абстракты ғылым. Сондықтан оған құмареместер жеткілікті. Тәжірибеші математикке жүгінген кезде нақты бөлшектер туралы мүмкіндігінше аз сөйлегені абзал. Себебі математик техниканың немесе физиканың бөлшегтерін ескермейді. Математик ондай ұсақ-түйектерге қызықпайды. Оны қызықтыратын тұтынушының мәселесінің логикалық байланыстары, сулбелік ішкі лабиринттер. Математик ішінәла емес, жалпы тұжырым жасауға тырысады. Екінші жағынан математика қалай болғандада өмірдің, табиғаттың қажеттілігінен алыстамайды. Мысалы, Ньютон мен Лейбниц бір айнымалыға тәуелді функцияларға дифференциалдық қисапты ұсынды. Аталған зертеулер дифференциалдық теңдеулердің маңыздылығын көрсетті. Олар практикалық қолдану туралы ойланбады. Кейін Ай мен алманың қозғалысы бірдей дифференциалдық теңдеумен сипатталатыны белгілі болды. Теңдеуге алманың массасын қойсаң алманың траекториясы шығады. Теңдеуге айдың массасын қойсаң айдың траекториясы шығады. Осылайша айдың тұтылуы есептеледі. Көптеген салалар үшін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: